Баяндама Күйзеліс кезінде психологиялық тұрғыдан қолдау және сүйемелдеу

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Күйзеліс кезінде психологиялық тұрғыдан қолдау және сүйемелдеу

Осы заманнның талғам-талабына сай болуы үшін адам баласына көп күш керек. Оған әркім төтеп бере алмай қалатын кездері де болады. Ал ғасыр талабы өте жоғары. Заманымыз дамыған сайын, оқушыларымыздың бойында немқұрайлық, сабаққа қызықпаушылық, ойлау қабілеттерінің төмендеуі байқалады. Бұл оқушылардың күйзелісі, оған бірден бір себепші ересектер екендігін баса айту керек. Отбасы мен мектеп, мектеп пен қоғам арасындағы қарым-қатынасты жөнге салмайынша, мұндай балалардың жақсаруы екі талай. Олай дейтініміз көп жағдайда жеткіншектің психологиялық ерекшеліктеріне мән бере бермейміз. Мысалы: мектепте ертең бақылау жұмысы десе бір бала күні бойы қайғырып, қиын есеп келсе қайтем, төрт алып қалсам, мамам ұрсады ғой деген ойлармен басы қатып жүреді. Ойындағысы болмаса іші не басы ауырып қалады. Бұл – жеке бас қобалжушылығы. Ал реактивті қобалжушылықққа бейім баланың көңіл-күйі уақытша ғана бұзылады. «Енді қайттім?» деп ойлағанмен тез ақ ұмытып кетеді. Әрқашан қобалжып жүретін баланы емдеуге тура келеді. Ал кейбіреулер қорыққанынан өтірік айтуы мүмкін, мұндайда ең бастысы психологтың кеңесі керек және баламен ашық әңгімелесу керек. Бір-біріміздің ойымызды, сөзімізді тыңдамауымыздың салдарынан түсінбеушілік, келіспеушілік, реніш туындайды. Соның салдарынан адам стреске ұшырайды. Стрестік жағдайлар адамды ауыруға ұшыратады. Тіпті өзіне-өзі өлім тілейтін жағдайға ұшырайды. Басына түскен қиындыққа шыдай алмай, морт үзіліп кетеді. Өмірдің ауыртпалығынан құтылуға жол жоқ деген сезім мен күрделі құбылыста өзін жоғалтып, күш-қуат, ой-өрісін мүжіп алады. Ата-аналарының дұрыс қарамауынан, дос жарандары дұрыс түсінбеуінен, денсаулығының жоқтығынан, ақшасы болмауынан, тұрмысы төмен, жанұяның жылуы жоқтығынан, туа біткен кемшіліктерге байланысты жасөспірімде ішкі күйзеліс пайда болады. Күнделікті күйбең тіршілік, кейбір ауру белгілері жақын адамдарды жоғалту, осының бәрі баланы қажытады. Бірақ жігерімен қайратқа сүйенген кісі барлық кедергілерді жеңе алады. Ал, жасөспірімдерге қалай көмектесуге болады деген сұрақ туындайды.

Ең алдымен өзіңді өзгертуің керек. Басқаша ойлау, мидағы бағдарламаны жақсы арнаға бұру керек. Өмір – ойын, сіз – ойыншысыз. Сондай-ақ, өз мақсатын,өз ісін сүюі тиіс. Сонда ол мақсатты іске асыру оңайға түседі. Жасөспірімдердің шұғылданатын үйірмелері көп болуы керек.

Адам өзін мына жағдайда еркін сезіне алады: Денсаулығы болса, махаббаты баянды болса, үйі – жанұясы болса, жұмысы, оқуы дұрыс болса. Ақшасы, достары, қоршаған ортасы жақсы болса. Бұрын психикалық ауруларды ғана қара ойлардың салдары деп білсек, қан қысымы, жүрек, ішек, асқазан тәрізді аурулардың бәрінің бастауы ойдан, ойдың уытынан шыққан дейміз. «Ойы саудың – жаны сау». Жүректі тазарту, тәрбиелеу арқылы, көзге көрінбейтін бірақ үлкен ойлар арқылы өз өмірімізді жақсарта аламыз.

Оқушылардың өз-өзіне сенімділігін арттыру арқылы күйзелістің алдын алу. Психологиялық жаттығулар арқылы топтық және жеке түзету тренингтері арқылы бала бойындағы қорқыныш, күйзеліс, уайымшылдық, агрессияны, күмәншілдік, немқұрайлық, үрейлік т.б. сезімдерді төмендету және игере білуге үйрету.

Күйзелісті басатын тыныс жаттығулары:

1. Денені бос ұстап тұрып, екі аяқ иық тұсында, кеудені тік ұстап барынша терең әрі баяу тыныс аламыз. Одан әрі тыныс алуды жылдам әрі тереңдетеміз. Онға дейін тыныстап, соңғы демімізді іште ұстап тұрып жаймен жібереміз.

2. Жарық бөлмеде өзімізге жайлы жерге жұлдыз пішінде, яғни аяқ-қолымызды жан-жаққа созып жатамыз. Көзімізді жұмып, жай ырғақты музыка үнімен бірге демімізді ішке тартып, жаймен музыка ырғағымен сыртқа шығарамыз. Барлық жағымсыз ойларды тоқтатып, тек жағымды музыканың үңіне қосылып ыңылдаймыз.

Күйзелісті басатын дене жаттығулары:

  1. Өзіңізге жайлы кең жарық жерде денеңізді төмен қарай иіп еңкейіңіз. Екі қолыңызды ары-бері теңселту арқылы терең тыныс ала отырып, жиырмаға дейін санаңыз.

  2. Бір орында тұрып жоғарыға секіріңіз. Өзіңіздің дене салмағыңызды жеңілдетуге тырысып, биігірек секіруге тырысыңыз.

  3. Жеке қалғанда немесе топпен би арқылы дене агрессиясын шығаруға болады. Ол үшін жағымды ырғақты әуенге қойып барынша билеп ырғаққа қосылу керек. Сөзін білгендер дауыстап айқайлап әннің сөзін айтса да болады.


Кез келген жаттығуды орындап болған соң оның әсерімен бөлісіп отыру керек. Және де барлық тапсырмаларды шын ықыласпен, ережеге сай орындағанда ғана түпкілікті нәтиже беретініне сеніңіздер.