Өзін-өзі тану пәнінің сабақ жоспары
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ертеден келе жатқан халық даналығы, ата - баба, салт - дәстүрінің, көсем сөздер мен шешен сөздердің рухани тағылымы, адамгершілік құндылық, даналық ретінде түсінік беріп, оның ұрпақтар сабақтастығындағы маңызын ұғындыру. Міндеттері:
-ата кәсіптің күн көріс, табыс көзі ғана емес, оның атадан балаға қалатын мамандық екендігін түсіндіру;
-қалаған кәсіппен айналысу үшін адам бойындағы өзіндік ерекшеліктерді, табиғат берген дарынды, іскерлік қабілетті дамытуға ықпал ету;
-ата кәсіпті үйреніп, оны құрметтей білуге тәрбиелеу.
Ресурстар (құралдар, мәліметтер):
Оқулық, дәптер, ақ қағаздар, стикерлер, күн суреті, жүрекше, шарлар, слайдтар
Ұйымдастыру бөлімі
Тыныштық сәті. Нұрға бөлену.
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын да таза әсем гүл сіздің ойыңызды, сезіміңізді, тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын… Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын… Нұр менің ішімде… Мен Нұрмын».Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз…Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.Жаймен көзіңізді ашуға болады.Рахмет.
Үй тапсырмасын тексеру.
Өз жанұяларындағы ұстанатын салттар туралы айту.
«Серпімді әдіс».
-Халықтың өмір тәжірибесі ұрпақтан ұрпаққа қалайша жетіп отырған?
-Халық даналығының мақсат мүдесі неде?
-Халықтық дәстүрден қандай өнеге үлгі алуға болады?
-Өзің үшін маңызы бар халқымыздың игі дәстүрлері туралы айтып беріңдер?
-Халқымыздың салт-дәстүрін жалғастыру неліктен қажет деп ойлайсыңдар?
Сабақ барысын талдау.
Дәйексөз
«Ата салтың-ұлттық қалпың».
Халық нақылы.
.
Мұғалім сыйы
Н. Айтұлының «Күлтегіннің көк тасы» атты өлеңі оқылып, талдау жасалады.
- Неліктен автор «Исі түркі жұртының тұмарындай Көктасым», деп толғанады?
- Тасқа түскен жазулардың рухани күші неде деп ойлайсыңдар?
- «Елтаңба мен Көк байрақ, Әнұранда ғана емес, Күлтегіннің тасында Елдігімнің нышаны!- деген жолдарды қалай түсінесіңдер?
«Кім көп біледі»
«Жаман болады» деген атпен өздерінің жанұяда ата-анасынан, үлкендерден естіген ырым мен тыйым сөздерден айтып жарысу.
«Сандар сырын кім біледі?»
-Үш санына байланысты: Үш жүз - ұлы жүз, орта жүз, кіші жүз. Үш арсыз -күлкі, ұйқы, тамақ. Үш тоқтам - ой, ақыл, шешім, Үш із-бала, байлық, бақыт. Үш қасиет – өлі де аруақ, мал да кие, ас та кепиет. Үш қадірсіз - жастық, денсаулық, жақсы жар. Үш қадірлі - ырыс, бақ, дәулет. Үш тәтті - жан, мал, жар. Үш қуат - ақыл, жүрек, тіл.
-Төрт санына байланысты: Төрт түлік-түйе, жылқы, қарамал, қой-ешкі. әлемнің төрт негізі- от, су, ауа, топырақ. Төрт құбыла- батыс, шығыс, оңтүстік, солтүстік. Төрт мұхит-Үнді, Атлант; Тынық, Мұзды. Төрт тоқсан- көктем, жаз, күз, қыс.
-Алты санына қатысты: Алты алаш, алты айлық, алты арыс, алты құлаш, алты қанат, алты батпан, азуы алты қарыс,
-Жеті санына байланысты бірнеше атаулар бар: Жеті жұрт- Үрім, Қырым, Қытай, тұран, шам, Мысыр, Шын - Машын. Жеті қазына - ер жігіт, сұлу әйел, ілім -білім, жүйрік ат, құмай тазы, қыран бүркіт, түзу мылтық. Жеті жетім- тыңдалмаған сөз, иесіз жер, киюсіз киім, басшысыз ел, жерінен айрылған ер, замандасы жоқ адам, аққу-қазсыз көл. Жеті ата - әке, бала, немере шөбере, шөпшек, немене, туажат. Жеті қат жер - тұңғиық, жылан, су, қос балық, қара тас, көк өгіз, жер. Жеті қат көк - Ай, Күн, Меркурий, Шолпан, Сатурн. Жеті жұт - құрғақшылық, мал қырылуы, өрт, оба ауруы, соғыс, топан су., зілзәла. Жеті жоқ - жерде өлшуіш, аспанда түйреуіш, тасбақада талақ, Аллада бауыр, жылқыда өт, таста тамыр, құста сүт жоқ. Жеті жаста баланың тісінің түсуі, бала жетіге келгенше жерден таяқ жейді. Табиғаттағы жеті қазына: көк аспан, Күн, От, Су, Ит, Жер., Ай.
-Бес санына қатысты: бес қару- садақ, найза, қылыш, айбалта, шоқпар. Бес саусақ- басбармақ, сұқ саусақ, ортан саусақ, аты жоқ саусақ, шынашақ.
-Тоғыз санына қатысты: Үйлену салтындағы тоғыз беру салты, тоғыз – бас бәйгеге тігіледі, тоғыз - айыпқа төленеді
-40-санына байланысты нәресте өмірге келгенде қырқынан шығару, адам өмірден кеткеннен кейін қырқын беру деген дәстүрлер бар.
Шығармашылық жұмыс.
«Салт» сөздігін негізге алу. (топтастырыңдар)
«Әдет-ғұрып» сөздігін негізге алу.
«Дәстүрдің өзығы бар, тозығы бар» ой толғаныс.
Топпен ән айту.
«Ата салты» әні.
Сөзі жазған: Б.Тәжібаеев
Әнін жазған: Е.Хасанғалиев
Үйге тапсырма.
Ж.Дәулетбек «Ана-өмір тірегі» әңгімесі.
Соңғы тыныштық сәті.