Ата-ананың алақаны – балаға айдынды қоныс

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Тақырыбы: Ата-ананың алақаны – балаға айдынды қоныс

Мақсаты: отбасы тәрбиесіндегі ата – ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттыру.

тәрбиенің ең тамаша жері отбасы екенін, олардың бала тәрбиесіндегі мүмкіндіктерінің

жоғары екенін, баламен қарым – қатынасты жақсарту,бала тәрбиесіне көп көңіл бөлудің маңыздылығын дәлелдеу.

Көрнекілігі: ұлағатты сөз: «Сіз ұлыңызды немесе қызыңызды тек қана өзіңіз ата – аналық қуанышыңыз үшін ғана дүниеге әкеліп, тәрбиелеп жатқан жоқсыз.Сіздің отбасы-ңызда болашақ азамат, болашақ қайраткер, болашақ күрескер өсіп келеді»

А.С.Макаренко,

түсті бояу , ақ парақ, қарандаш, т.б.

Тренинг бағдарламасы:

І.Кіріспе: а/мектеп психологының алғы сөзі; ә/ топқа бөлу;

ІІ.Негізгі бөлім:

1.”Мен үшін қымбат...”(Ой қозғау)

2.”Бала деген кім?”(Ой қозғау)

3.”Жүректен шыққан жылы сөз”:

А)”Мейірімділік шуағы”;

4.”Жағымсыз қылықтар”

5.”Жақсы қасиеттер”

6.Ата-аналарға арналған ситуациялық сұрақтар

7.“Кеш қалмаңыз”

8.Жаттығу “Тілек шырағданы”

9.Ойтолғаныс

І. Кіріспе бөлім:

- Сәлеметсіздер ме, құрметті ата – аналар!

Біз сіздерді көргенімізге қуаныштымыз.Бүгін сіздермен өткізілгелі тұрған тренингтің тақырыбы: «Ата-ананың алақаны – балаға айдынды қоныс» деп аталады.

Отбасы - өмірді кемеліне келтіреді, бақыт әкеледі. Отбасы – адам өмірінің тамаша жақтары жүзеге асатын .... адамның ең басты шаттығы болып саналатын, баланың өсіп, өмір сүретін орны.Екі адамның некелесуі толық отбасын құрамайды. Дүниеге шыр етіп нәресте келгенде ғана отбасы толық отбасы саналады. Қазіргі таңда ата – ананың бірінші мақсаты қаражат табу, балаларын еш нәрседен мұқтаж етпеу болып қалды. Бала – шаға-ның қамымен жүрген ата – ана бала тәрбиесіне де көңіл бөле алмай қалды. Ал бала тәр-биесі отбасынан басталады, қалыптасады. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» демекші жақсы – жаман әдеттерді бала отбасында үйренеді. Отбасындағы кикілжің ұрыстар баланың психикасына әсер етеді. Баланың мейірімді,еңбекқор, әдепті болып өсуі – отбасында жайлы,жақсы климаттың болуы. Баламыз өмірден өз орнын тауып, бақытты өмір сүрсін десек, бала тәрбиесіне көңіл бөлуді ешқашан естен шығармайық.

Әрбір ата-ана өз баласының тәрбиелі де, саналы, мәдениетті, жүрген ортасында сүйкімді болуы үшін алдымен тәрбиені өзінен бастағаны дұрыс.

Ендеше ата-ананың балаға ықпал ету әдістеріне тоқталар болсақ:

Көңілі өсіп марқаяды,

батылдық,өзіне сенімі, өмірге құштарлығы, қабілеттері ашылады

Теріс әрекетке түрткі болатын әдістер

Баланың ырқына көну, еркелету, балаға мән бермеу, бақылаусыз қалдыру,кінәлау,

мазақ ету, нашар үлгі көрсету;

Қырсық, өзімшіл, жалқау, рақымсыз,

ұқыпсыз,ынтасыз,

бірбеткей, қатыгез


ІІ.Негізгі бөлім:

1.”Мен үшін қымбат...”(Ой қозғау)

Адамдық негізі – ол - әйел”.

Ана – отбасының ұйытқысы”.






2.”Бала деген кім?”(Ой қозғау)




3.”Жүректен шыққан жылы сөз”:

а) «Мейірімділік шуағы»

Ғалымдардың айтуынша, баланың таңертеңгі ұйқыдан қандай көңіл – күймен тұруы –

бүкіл бір күндік көңіл – күйіне әсер етеді екен.

Сіз балаңызды таңертеңгі ұйқыдан қалай оятасыз?

Балаңызға ризашылығыңызды қалай білдіресіз?

Балаңыздың ұнамды қылықтары қандай?

Балаңыз сізге қандай көмек көрсетеді?

4. ”Жағымсыз қылықтар” /сақтандыру шаралары туралы пікір айту/

5. ”Жақсы қасиеттер” Бала – ата – ананың үміті, өмірінің жалғасы.

«Баламның табанына кірген шөңге менің маңдайыма кірсін» -деп перзентін әлпеш-теп өсірген ата – ананың жатса – тұрса тілейтіні -баласының алдыңғы қатарлы азамат болып өскені.

Ендеше сіз балаңыздың бойынан қандай қасиеттерді көргіңіз келеді? /постер жасау/

6.Ата-аналарға арналған ситуациялық сұрақтар:


1-топқа: «Балаңыз мектептен шағым айтып келді. Енді сабаққа барғысы келмей-тінін айтты. Сіз қандай әрекет етесіз?»

2-топқа: «Балаңыз ұялы телефон алып бер деп жылады. Сіз: «Шамалы шыдай тұр,

уақытында алып беремін» - дедіңіз. Балаңыз тыңдамай есікті тарс жауып кетіп қалды. Сіздің әрекетіңіз?»

3-топқа: «Балаңыз түнімен теледидар көріп, ұйқысы қанбай қалды. Балаңыз: «Басым ауырып тұр, сабаққа бармай – ақ қояйыншы», - деді. Сіздің әрекетіңіз?


7.“Кеш қалмаңыз” «Бала тәрбиелеудегі ата-аналарға арналған психологиялық

кеңес»

         Қай елде, қай кезде болмасын, бала тәрбиесін ерекше дамытушы да, ілгері апарушы да-балалар, яғни бүгінгі ұрпақ-ертеңгі елдің болашағы.

Шығыс ғұламасы Әл-Фарабидің сөзінде: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың хас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» делінген.

Осыған байланысты мектебімізде баланы өмірге бейімдеуде мектеп, мұғалім және ата-ананың орны бөлек.

Бала өнегелі болса, сөз жоқ, ол көрікті болады. Сіз, құрметті ата-ана, ұлыңыздың немесе қызыңыздың мектепте нашар оқығанын қаламайтыныңыз белгілі. Кейде, немесе, күнде балаңыз «2» деген нашар баға алса, онда оған ренжисіз, сөгесіз, тіпті тілдеп те жібересіз.

         Сондай кезде баламен ұрыс-керіс тудырмай-ақ түсінісіп, жөн сілтеуге бола ма? Әрине, болады.

 Ендеше психологиялық-педагогикалық тұрғыдан берілетін төмендегі 14 кеңеске құлақ түріңіз:

1. Таңертен (не түсте) сабаққа барарында баланы жайлап қана оятыңыз. Сіздің биязы үніңіз бен күлкіңіз-ақ ұйқысын ашуы тиіс. Кешегі бір теріс қылықтарын айтып, басқа түкке тұрмайтын нәрсеге жүйкесін жұқартпаңыз.

Тамағын ішпей жатып ұрыс-керіс ұйымдастырмаңыз.

2. Егер балаңыз сабақтан кешігетіндей болып жатса, онда «Бол да болдың!» астына алып айғайламаңыз. Оны ертерек оятпаған өзіңіз кінәлісіз.

3. Баланы сабаққа (әсіресе таңертен) ашқұрсақ жібермеңіз;

4. «Бұзық болма!», «Қисалаңдамай тыныш жүр!», «Бүгін 2 алсаң құртамын!» деген ескер-тулерді жиі айта бермеңіз. Керісінше, оған жылу сыйлап, жақсы баға алып келуіне тілек-тестік білдіріңіз;

5. Есіктен кірмей жатып, «Бүгін қандай баға алдың?» деп бас салып балыңызды сұрақтың астына алмаңыз. Мектептен келген балаңызды көңілді қарсы алыңыз, оның сабақтан шар-шап келгенін ескеріңіз.

Егер бала әлденеге ренжіп келсе, бірдеңені айтпақшы болса, «сені тындауға уақытым жоқ» демей, арнайы көңіл бөліп, мұқият тыңдаңыз;

6. Бала бірдеңеге ашуланып жүрсе, үндемеңіз. Сабасына түскен соң, ол болған жайды өзі-ақ айтады;

7. Баланың бір қылығы үшін мұғалім сізді шақыртып алса, өзара әңгімеге баланы қатыс-тырмаңыз;

8. Мектептен келе сала баланы отырғызып қойып сабаққа дайындалтпаңыз. Олар да 2-3 сағат ойнап, демалған жөн, түсте ұйықтап тынықсын. Бесін мезгілі-сабаққа әзірленудің сәтті кезі.

9. Бір мезгілдіе барлық сабаққа әзірленуді талап етпеңіз. Әр сабаққа әзірленген кезде үзіліс жасау дұрыс;

10.Сабаққа әзірленіп жатқан баланың желкесінен төніп тұрмаңыз. Дөрекі сөйлемеңіз. Одан да көмектесіп, бірлесіп дайындалыңыз.

11.«Егер, сен, осы сабақты орындамасаң!» деп басталатын тәртіпке шақыру баланың жүйкесіне әсер етеді. Одан да өзіңіз кірісіп, жайлап жетектеп отырыңыз.

12.Күнде жарты сағат ештеңеге алаңдамай балаларыңызбен емін-еркін, жақын

тартып  әңгімелесіп тұрыңыз.

13.Балаңыздың көңіл-күйі нашар болса, онда бірден назар аударыңыз. Ол сабақтан зорығуы мүмкін.

14.Егер балаңыз айтқаныңызды тыңдамайтын болса, онда ұстазымен, психолог маманымен, дәрігермен кеңесіңіз.

Халық даналығында:«Баланы 5-ке дейін патшаңдай көтер,15-ке дейін құлыңдай жұмса,

15-тен кейін досыңдай сыйла,» - деген керемет ұлағатты нақыл сөз бар. Соны әрдайым басшылыққа алыңыз.

         Бала бойындағы жағымсыз мінез-құлықтар үнемі есепке алынса;

ата-ана мен мұғалім бірлікте болып, баланың жақсы, жағымды істерін ылғи марапаттау қажет.

         Қоршаған ортадағы теріс әрекеттерден үнемі сақтандырып отырса, мұғалім мен ата-ана әрқашан сергектік, шыдамдылық танытып, жан жылуын беріп, шеберлік көрсете білсе, онда балаларымыз өзімшіл болмай, қиындықтан қашпай, міндетті мен парызын орындай-тын ұрпақ болары анық.

Ата-аналар кодексінде:

-Ата-ана ерекше жағдайда ғана емес, тәрбиемен ұдайы айналысуға міндетті;

-Баланы тәрбиелеу үшін ата-ана өзіміз тәрбиелі болуымыз керек. Тәрбие беру-ақыл айту емес;

-Баланы жақсы көргендізінізді мейірімді, жылы сөзбен жеткізіп отырыңыз;

-Мектептегі жағдайды жақсарту мақсатында ұсыныстар айтуға құқыңыз бар.

Сөз соңын ұлы ұстаз Макаренконың: "Баламен шындап сөйлесу үшін орын мен уақытты таңдай біліңіз. Кіре берістегі, жол-жөнекей айтылған сөз бала көңілінде керекті із қалдыр-майды деген", - парасатты ойымен түйіндегім келеді.      

Ата-аналарға арналған этикалық кодекс

 1. Мектеп білім ошағы екенін есте ұстаңыз.

2. Мұғалімнің қоғамдағы рөлін бағалаңыз,қолдау көрсетіңіз.

3. Бала тәрбиесі тек мұғалімнің ісі емес,ортақ іс екенін ұмытпаңыз.

4. Мектеп туралы,мектепте болған жағдай туралы анық-қанығына көз жеткізбей тұрып ,бөгде орындарға таратпаңыз.

5. Мектеп – балаңыздың екінші үйі екенін түсінсеңіз,өзіңізді де сол үйдің мүшесімін деп есептеңіз.

6. Мектепішілік және сыныптағы ата-аналар жиналысынан қалыс алмаңыз.

7. Өз балаңыздың мектептен тыс уақыттағы өміріне аса үлкен жауапкершілікпен қараңыз.

8. Балаңыз сапалы білім алсын десеңіз оған мектепке қажетті құрал-жабдықтарын уақытылы әперіңіз.

9. Балаңыздың денсаулығы мен жеке басының тазалығына және киіміне жауапты қараңыз.

10. Өз уақытымен балаңыздың оқу процесін,күнделігін,дәптерін қадағалап отырыңыз.

11. Егер мектепке сабақ уақытында келсеңіз, сынып жетекшісін немесе балаңызды арнайы күту орнында күтіңіз.

12. Өз мүмкіндігіңізге қарай мектепте өтілетін, қала көлемінде өтілетін мерекелік шара-ларға,байқауларға қатысыңыз.

13. Өз еріктерімен әрбір ата-ана мектепке ұйымдастырушылық,ақпараттық және материалдық көмек көрсете алады.

14.Мектеп ішінде, сыныпта бола қалған қиын  мәселелі жағдайларда оны мынадай тәртіппен шешуге тырысыңыз:

1.     Сынып жетекшісі;

2.     Пән мұғалімі (қажет жағдайда);

3.     Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;

4.     Әлеуметтік педагог;

5.     Мектеп басшысы.


8.Жаттығу “Тілек шырағданы”

Отбасы,ұшқан жанұя-жылылықтың,жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне үңілер болсақ,оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Ал ананың алақаны оттан да ыстық. Сондықтан оттың басы,ошағымыздың түтіні түзу болу үшін «Тілек шамы» жаттығуын бір-бірімізге тілек айта отырып жүргізейік.


9.Ойтолғаныс

Ата-ананың жеке басының әсері балаға күн сәулесімен бірдей,мұны басқа ешбір нәрсемен ауыстыру мүмкін емес .Құрметті ата-аналар, сіздерден баладан жүрек жылуын аямай балаға бір сәт болса да,бала көзімен қараңыз дей отырып бүгінгі тренингке қатысқандарыңызға көп-көп рахмет айтамыз!