1-сыныпқа дайындықты анықтауға арналған әдістемелер жинағы

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


1-сынып оқушыларын диагностикалауға арналған әдістемелер

  1. Сөздік тест

Мақсаты: оқушылардың мектептік көзқарастарын бақылау, олардың білімге ынталарын, қоршаған ортаға бейімделулерін анықтау.

1. Қай жануар үлкен - ат немесе ит (Я.Йерасек)

Сұрақтары Жауаптары

  1. Қай жануар үлкен- ат немесе ит

Ат-о б,қате жауап - -5 б

  1. Таңертең таңғы тамақ ішеміз, ал күндіз ...

Түскі тамаққа ет жеп сорпа ішеміз- 0, кешкі тамақ ішеміз, ұйықтаймыз, т.б қате жауап – -3 б

3.Күндіз жарық, ал түнде ....

Қараңғы- 0 б,қате жауап - -3 б

4.Аспан көгілдір, ал шөп ...

Жасыл- 0 б, қате жауап- - 4б

5.Алмұрт, өрік, алма, шие- бұл ...

Жемістер- об,қате жауап- - 1б

6.Поезд өтерде неге шлагбаумды жауып қояды?

Поезд машиналармен соқтығысып қалмас үшін, біреу поездің астына түсіп қалмас үшін – о б, қате жауап- - 1 б

7.Астана, Алматы, Өскемен – бұл нелер?

Қалалар- 1 б, станциялар- 0 б, қате жауап – -1б

8.Қазір сағат неше ( сағаттан көрсету)

Дұрыс жауап- 4 б, білмейді- 0 б, сағаттың жартысын көрсетіп, сағатын дұрыс көрсеттсе – 3 б

9.Сиырдың төлі – бұзау, иттің баласы – бұл ..., қойдың төлі- бұл ..

Күшік, қозы- 4 б, тек бір дұрыс жауап -0 б, қате жауап- -1 б

10.Ит қауыққа ұқсай ма, әлде мысыққа ұқсай ма, нелерімен ұқсайды, нелері бірдей

Мысыққа, өйткені, оларды 4 аяғы, жүні, құыршығы, тұяқтары бірдей-0 б, мысыққа ұқсайды(ұқсас белгілерін ашып көрсете алмады - - 1б, тауыққа- -3б

11.Неге барлық автомобилдерде тормоз (бөгелту) бар?

2 себебі бар (өрден түскенде тежеу, бұрылыстан өту үшін, соқтығып қалмас үшін тоқтатады, жүріп келген соң тоқтайды)-1 б, 1 себебі- 0 б, қате жауап (ол тормозсыз жүре алмас еді)- -1 б

12.Балға мен балта несімен ұқсас?

2 жалпы белгісі- 3 б(темірден, ағаштан жасалған, сабы бар, құрал, шеге шегелеуге болады.1 ғана ұқсастық- 2 б, қате жауап- 0 б

13.Тиін мен мысық бір-біріне несімен ұқсас?

Олар жануарлар, 4 аяғы, құйрығы, жүні, бар, екеуі де ағашқа өрмелеп шыға алады-3 б, бір ғана ұқсастық -2 б, қате жауап- 0 б

14.Шегенің винттан айырмашылығы қандай, көз алдыңда жатса қалай ажырататын едің?

Екеуінің әр түрлі белгілері бар: винтта бұранда бар, бұранда сызығы бар, кертігі бар- 3 б, винт- бұралады, шеге қағылады, шегеленеді- 2 б, қате жауап- 0 б

15.Футбол, биіктіктен секіру, теннис, жүзу- бұл ...

Спорт, дене шынықтыру- 3 б, ойын, гимнастика, жарыс- 2 б, қате жауап- 0 б

16.Қандай транспорт түрлерін білесің?

Жердегі 3 транспортты, ұшақ немесе кеме- 4б, , тек транспорт бір жерден екінші жерге бару үшін қажет деп түсіндіргеннен кейін, жердегі 3 транспорт немесе барлығын айтса, ұшақта немесе кемені бірге айтса- 2б, қате жауап- 0б

17.Қарт адам мен жас адамның қандай айырмашылығы бар?

3 белгісін(ақ шаш, шашаының жоқтығы, әжімс, енді бұрынғыдай жұмыс істей алмайды, нашар көреді, нашар естиді, жиі ауырады, жасқа қарағанда тез өледі,!- 4б, 1 немесе 2 айырмашылығы- 2 б, (онда таяғы бар, ол темекі тартады деген сияқы қате жауап-0 б

18.Адамдар неге спортпен шұғылданады?

2 себебі: дені сау болуы, шынықтан, күшті болу үшін, рекорд жасау үшін, толып кетпес үшін- 4 б, 1 себебін- 2 б, қате жауап- 0 б

19.Біреудің жұмыста бұлтаруы неліктен жаман?

Басқалары ол үшін жұмыс істейді, ол жалқау, аз жалақы алады да ештеңе сатып ала алмайды- 2 б, қате жауап- 0 б

20.Неліктен конверттің сыртына марка жапсыру қажет?

Сөйтіп посылка, не хатқа ақы төлейді- 5 б, хатты алушы айып тұл төлемес үшін- 2 б, қате жауап- 0 б

1 топ + 24 және одан жоғары

2 топ + 14тен 23ке дейін

3 топ- 0 ден 13 ке дейін

4 топ- -1 ден -10 ға дейін

5 топ- -11 төмен емес

Бастапқы 3 топ жарамды деп саналып +23 тен +13ке дейін ұпай жинаған балалар мектепке дайын.

2 Графикалық диктант әдістемесі

Д.Б.Элконин құрастырған бұл әдістеме ересектерді мұқият тыңдау, нақты нұсқауын орындауға, берілген параққа дұрыс түсіруге, ересектердің тапсырмасын өз бетімен орындауға дағдаландыруға бағытталған.

Алдымен балаларға клеткалы дәптер беттері таратылады, психолгтың айтуымен тордың бойымен әр түрлі өрнек түсіреді. Балаларға дауыстап айтқанда әр тапсырмадан кейін біраз кідіріс жасау қажет. әр өрнекті жасауға 1,5-2 минут беріледі. өрнекті жасауда қолды дәптер бетінен алмау қажет. Балаларға оң қолы қайсысы екенін ескерту қажет. Соңынан балаларға «ал енді өздерің жалғастырыңыздар» деп тапсыру қажет

Нәтижесін бағалау

Жаттықтырып орындаған өрнек бағаланбайды, тек өздері жалғастырған өрнекті және қалай орындағанын бағалаймыз.

Дәл орындалған өрнек – 4ұпай(қисық сызық, сызықтың дірілі, кір жазу бағасын түсірмейді.

Бір сызықтағы қате – 3 ұпай

Бірнеше қате -2 ұпай

Кейбір белгілерінің ұқсауы- 1 ұпайтіпті жеке белгілерінің ұқсамауы- 0 ұпай.

Өз беттерімен орындаған өрнектерде осылай бағаланады.

3 «Үлгі және ереже» әдістемесі

А.Л.Венгер құрастырған бұл әдістеме бейнелі-образды ойлауын дамыту үшін жүргізіледі.

Баланың мектепке дайындығын тексету мақсатында мына әдістемелер алынды.

  1. Қоршаған ортаны бағдарлауы мен мектеп жайлы білімін тексеру

Мақсаты: қоршаған орта жайлы бағдар деңгейін, жектілікті білімін, оқуға деген құштарлығы мен мектеп жайлы жағымды көзқарасының қалыптасу деңгейін анықтау

Әдістеме: Баламен әңгімелесу арқылы жүргізіледі. Алдымен баланы жаңа жағдайға мұқият дайындап алу қажет. Баламен сенімді, ресми емес жағдайда әңгімелесу керек. Сондықтан сұрақтарды арнайы парақтан оқып тұрудың қажеті жоқ.

Жобамен ұсынылатын сұрақтар:

  1. Атың кім?

  2. Неше жастасың?

  3. Әке-шешеңнің аттары кім?

  4. Сен тұратын қала (ауыл) қалай аталады?

  5. Қандай үй жануарларын танисың ? Қандай жабайы аңдарды танисың?

  6. Жылдың қай мезгілінде ағаштар көктейді?

  7. Жаңбырдан кейін жердің беті қандай болады?

  8. Күн мен түннің қандай айырмашылықтары бар?

  9. Мектепке барғың келе ме?

  10. Сенің ойыңша мектеп несімен қызықты, жақсы?

  11. Сенің ойыңша, мектепте мұғаліммен оқыған жақсы ма, әлде үйде мамаңмен оқыған жақсы ма?

  12. Үлкендер, оқушылар, балалар немен айналысады?

Нәтижені бағалау:

Әр сұрақтың жанына «+» немесе «-» белгілерін қоясыз. «+» белгісін нына жағдайда қоясыз:

  • 1-4 сұрақтарға дұрыс жауап болғанда

  • 5 сұрақта 2-ден кем емес үй жануарымен 2-ден кем емес жабайы аңдарды атаса

  • 6 сұрақта«көктем» десе

  • 7 сұрақта «шалшық», «балшық» десе

  • 8 сұрақта «күндіз жарық», «түнде қараңғы» десе

  • 9 сұрақта келісімді (жағымды) жауап болса

  • 10 сұрақта «сабақ оқиды, білім алады» десе

  • 11 сұрақта үйдегі оқуды мектептегі оқудан артық бағаласа

  • 12 сұрақта дұрыс жауап берсе

  1. Ақыл ойы мен сөйлеуінің дамуы

  1. Грамматикалық конструкцияны дұрыс түсінуі.

Тексеруші сөйлемде асықпай 2 рет оқиды. «Болат киноға кітап оқып болған соң барды». Содан кейін сұрақ қояды «Болат алдымен кино көрді ме, әлде кітап оқыды ма?»

  1. Ауызша тапсырма орындау

Стол үстінде ретсіз қарындаштар шашылып жатыр, тексеруші балаға «Қарындаштарды жинап қорапқа сал, оны сөреге қой» деп тапсырма береді. «Ал енді қарындаштар қайда тұр, оларда қайдан алып едің?» деп сұрайды.

  1. Зат есімнің көпше түрге өзгеруі

Тексеруші балаға «Мен саған бір затты айтамын, сен оның көпше түрін айт» . Мысалы: қарындаш- қарындаштар. Берілген зат есімдер: кітап, қаламсап, шам, үстел, терезе, қала, орындық, құлақ, аға, жалау, бала.

  1. Суретті әңгіме

Баланың алдына балаға таныс әңгіме желісі бойынша ретсіз қойылған 4 сурет көрсетіледі. Тексеруші балаға суреттерді әңгіме желісі бойынша ретімен қоюын сұрайды. Сонымен қатар бала неге олай қойғанын түсіндіруі керек.

Нәтижені бағалау:

Орындалған әр бір тапсырма «+», «-» белгілерімен бағаланады.

1 тапсырма: «+», «-» белгілерімен

2 – 4 тапсырма: «+», «+», «-»

3 тапсырма : 2 қате «+»; 7 қате – «-»; аралас нәтиже- «+» деп белгіденеді. Ойлау мен сөйлеудің қорытынды деңгейін «жоғар» деп, егер барлығы «+» болса, « нашар» деп, егер барлығы «-», немесе 4 суреттің үшеуі, 2 тапсырма «-», 2 тапсырма «+» болса, аралық есеп «орташа» деп бағаланады.

3. Ойлау

  1. «Қима суреттерді құрастыру»

Мақсаты: Топшылауға үйрету

Балаға бөліктерден сурет құрау тапсырылады. Тексеруші балаға « байқайсың ба сурет сынып қалыпты, құрастырып көрші деп айтады. Не бейнеленіп тұрғанын айтуға болмайды. Егер бала құрастыра алмаса одан жеңіл нұсқа беріледі.

Нәтиже бағасы.

Дұрыс орындалған 1 тапсырмаға «+», егер 2 тапсырма «+». Егер дұрыс құрастырылмаса «-» деп бағаланады.

  1. «Лабиринт»

Мақсаты: баланың шартты белгілермен, схеманы қолдана білуін, бейнелі-схемалық ойлауын тексеру

Материал: ашық алаңқайда жолдар мен бекіністер көрсетілген және «хат» өзінің қай бекіністегі үйшікке бағытталған. « Алдарыңда алаңқай көрстеілген, онда жолдар мен бекіністер көрсетілген. Қай үйге келу қажеттігін «хаттан» көруге болады.»

Нәтиже бағасы.

1-6 тапсырманың әр қайсысындағы дұрыс бұрылыс 1 ұпай (жоғары баға 4 ұпай) 7-10 тапсырма 2 ұпайдан (жоғары ұпай: 7,8- 4 ұпай, 9,10-6 ұпай). Барлық баға қосындысы - 44 ұпай.

4. Керн-Ирасек тесті

«Ер адамның бейнесін сал»

Мақсаты: Жалпы психикасының дамуын анықтау

Әдістеме

«Қандай да бір ер адамның бейнесін сал». Қандай да бір белгісі, түсіндіру айтылмайды.

Нәтижесін бағалау.

1 ұпай- бейнеде басы, денесі, аяғы бар. Басын денесімен мойыны жалғастырып тұр. Басында шашы бар (құлақшын, шляпа) құлағы, бет келбетінде –көзі, мұрыны, аузы. Қолында 5 саусағы бар. Ер адамның киімі бар.

2 – ұпай- барлық талаптардың орындалуы, мүмкін 3 бөлігінің болмауы(мойын, шашы, 1 саусағы, қолы, құлағы), бірақ бет келбетінің барлық бөліктері болуы қажет.

3- ұпай- басы, денесі, аяғы бар. Қолы, аяқтары таяқшалармен бейнеленген. Мойыны, құлағы, шашы, киімдері, саусақтары жоқ.

4- ұпай- басы мен аяқтары таяқшалармен бейнеленген.

5- ұпай- анық бейне көрінбейді, бұйра-бұйра бейнелер, шимай.

«Үлгіге қарап көшіру»

Мақсаты: қимыл- көру және қимыл дағдыларын үйлестіруінің дамуын анықтау

Әдістеме

«Қарашы мына жерде бірдеңе деп жазылып тұр, сен әлі жаза алмайсың, сонда да мына жазуды дәл сондай етіп көшіріп көрші».

Нәтижені бағалау.

1- ұпай- анық және толық көшірілген үлгі, көлемі кішкене 2 еседей ғана үлкейтілген. Жазу жолдары 30°-ке ғана ауытқып кеткен.

2-ұпай- анық, жазу мөлшері жақынырақ, әріптердің әдемі болуы міндетті емес.

3- ұпай- әріптер 2 топқа бөлінген 4 әріпке дейін оқуға болады.4 –ұпай- 2 әріпке дейін бөлінген

5-ұпай- бұйра-бұйра, шимай жазулар

«Нүктелер тобын көшіру»

Әдістеме

«Мына жерде нүктелер бейнеленген, дәл осындай етіп көшіріп бер.

Нәтижені бағалау

    1. ұпай- үлгіні дәл етіп түсірген. Нақты нүктемен белгілеген(дөңгелектер емес). Пішіннің көлденеңнен, тігінен симметрия сақталған, жартысынан көбі аздап не үлкейтіп, не кішірейтіп көрсетілуі мүмкін

    2. ұпай- аздап симметриядан қателескен . мүмкін 1 нүкте рамкадан шығып кетуі .нүктенің орнына дөңгелектермен белгілеген

    1. ұпай- дөрекі ұқсастық,барлық фигурадағы бұзылу. Мүмкіндігінше үлкен не кішкене нүктелер (7-ден 20-ға дейін)

    2. ұпай- көлемі мен саны жағынан елеулі өзгерген, бір-біріне қабаттап белгілеген, нақты бейнені көру мүмкін емес.

    3. ұпай- шимай-шимай

Бұл тапсырмалар Керн-Ирасектің «мектептік жетілгенін бағдарлайтын тест» деп аталады.9 және одан жоғары ұпай жинамаса сонымен қатар ауызша айтуында кемістік бар баланың мектепке дайын еместігі анықталады. Соңғы нәтиже жасау үшін стандартты медициналық сәйкестіктерді де ескеру қажет.

  1. Кеңістікті бағдарлау

«Графикалық диктант»

Мақсаты: үлкендердің тапсырмасын мұқият тыңдап, дәл орындауларын, берілген сызықты парақта дұрыс белгілеуін, өз бетімен үлкендердің тапсырмасы бойынша әрекет етуін тексеру.

Әдістеме.

Әр балада 4 нүкте белгіленген торлы парақ. « Қазір біз сендермен әр түрлі өрнектер саламыз. Олар әдемі, ұқыптыетіп салуға тырысу керек.ол үшін мені мұқият тыңдау қажет- мен қай жаққа неше торға сызық сызу керектігін айтамын. Сызықты сызғаннан кейін, келесі сызықты қалай сызу керектігін мен айтпайынша тыныш күтеміз. Ол сызық қай жерде тоқтасақ сол жерден басталуы керек. Оң және сол қол қайсы екенін қайталап көрсетеміз.

1- өрнек: 1 тор төмен, 1 тор оңға, 1 тор жоғары, 1 тор оңға, 1тор төмен, 1тор оңға, 1 тор жоғары. Ары қарай өздерің жалғастырыңдар

2 - өрнек: 1 тор жоғары, 1 тор оңға, 1 тор жоғары, 1 тор оңға, 1 тор төмен, 1 тор оңға, 1 тор төмен

3- өрнек: 3 тор жоғары, 1 тор оңға, 2 тор төмен, 1 тор оңға, 2 тор жоғары, 1 тор оңға, 3 тор төмен, 1 тор оңға, 2 тор жоғары, 1 тор оңға, 2 тор төмен, 1 тор оңға, 3 тор жоғары

4- өрнек: 3 оңға, 1 жоғары, 1 солға, 2 жоғары, 3 оңға, 2 төмен, 1 солға, 1 төмен, 3 оңға, 1 жоғары, 1 солға, 2 жоғары

Нәтиже қорытындысы.

1 өрнек бағаланбайды. Диктант және өз беттерімен орындаулары бағаланады.

4 ұпай- дәл орындауы (кір, қисық сызықтар ескерілмейді.

3- ұпай-1 сызықтағы қате

2 ұпай- бірнеше қате

1- ұпай- тек кейбір ұқсастық

Дәл осылай 2 тапсырмада бағаланып, 3 ұпайды қосып ортасын аламыз