ЖаттығуМамандық таңдауға бағыт беру жұмысының жоспары, мазмұны, нәтижесі

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Тақырыбы: Мамандық таңдауға бағыт беру жұмысының жоспары, мазмұны, нәтижесі

«Мамандықтың жаман жоқ, бірақ, мұның кез - келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе». (Ж.Аймауытов)

Қазақстан Республикасының президенті Әбішұлы Нұрсылтан Назарбаев «Қазақстан - 2030» стратегиясында «Мемлекеттің басты міндеті халық үшін шешім шығару емес, өскелең ұрпаққа құндылықтардың жаңа жүйесіне бейімделуге және мемлекеттің даму сатысымен бірге болашағын қалыптастыруға жол ашу» деп нықтай көрсеткен. Оқушыларға мамандық таңдату оңай шаруа емес. Сол себепті әр мектептің алдында оқушыларға кәсіби бағдар беру және болашақ мамандығын анықтауға ықпал ету міндеттері тұр.

Мектептегі педагог - психологтың негізгі атқаратын қызметтерінің бірі оқушыларды кәсіптілікке бағыттау болып табылады. Мұндағы ең маңыздысы әр оқушы өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйенуі керек. Қазіргі ғасырдың талабы қиын, нарық заманы, яғни әрбір оқушы өз - өзіне жауап беретін заман. Қоғамның талабы бойынша мамандық таңдау алдында ақыл таразысына салып, жан - жақты ойланып барып шешім қабылдауы тиіс. Таңдау жасалып, мақсат көзделгеннен кейін оған жету жоспарлары жасалып, іске асыруға белсене күресу керек екендігін психологиялық тұрғыда оқушының өзіне шешім қабылдатуға итермелеу арқылы, саналы тұрғыда өзіндік пікір қалыптастыру. Сондықтан да психология мен педагогикада аталған мәселеге көп көңіл бөлінуде.
2012 - 2013 оқу жылында атқарылған «Мамандық таңдауға бағыт беру» жұмыс жоспарын, жұмыс мазмұнын, нәтижесін ұсынамын.