«Бекітемін»
Мектеп директоры:
_______ Қ.Ү.Титанов
«___» _____ 2016жыл
«Жас мамандардың бейімділігін арттыру»
Өткізу мерзімі: __________
Өткізілетін орны: Психология кабинеті
Қатысушылар: Жас мамандар
Мақсаты: Өзіне деген қатынасы: психикалық қуат көзінің тасуы мәселелерді бөле алу, ішкі күштерді анықтау және осы бағытты түсінуі. Жұмысты жағымсыз эмоцияның, қысымның күшеюіне қарай психологиялық қолдауды алуы.
Танысу: «Бір – бірімізді білейік» жаттығуы.
Нұсқау: қатысушылар жұп жұбымен бөлінеді, бір – бірімен танысып, қысқа мәлімет алады. 3 минуттан кейін бір бірі туралы кезекпен кезек айтады.
«Мюнстерберг» әдістемесі.
Мақсаты: Зейіннің таңдамалылығын және кедергілерге аудармай іс-әрекетін тиянақты орындауын бағалау.
Орындау ережесі: Әріптерден тұратын текістің ішінде мағынасы бар сөздер кездеседі. Тексті мүмкіндігінше тезірек қарап шығып, әріптер арасындағы «жасырынып» тұрған сөздерді тауып, олардың астын сызып отыру керек. Орындау уақыты 2 минут.
Джунглидегі нөсер жаттығуы.
Мақсаты : денедегі қысымнан арылуға көмектесу.
Нұсқау: Барлығымыз тығыз шыңбер бойымен тұрамыз. Өздеріңізді джунглиде қалып қойдық деп сезініңіз. Ауа-райы өте тамаша, күн шуағын шашып тұр, өте ыстық, қапырық, жеңіл самал жел тұрды. Алдыңызда тұрған адамның арқасынан қолыңызды тигізіңіз де, жеңіл қимылдар жасаңыз. Жел үдей түсті (күшейту) дауыл басталды, арқаға қолды шеңбер бойымен дөңгелете жүргізу, сосын ұсақ жаңбыр жауа бастады (жеңіл соққылар) кенет қатты нөсер басталды, саусақтармен жоғары-төмен қозғалыста жасау. Найзағай жарқылдады, барлық саусақпен қатты соққы, тағыда нөсер қатты жел соқты. Нөсер біртіндеп басыла бастады. Табиғат толық тынышталды. Қайтадан біртіндеп басыла бастады. Табиғат толық тынышталды. Қайтадан жарқырап күн шықты.
Өз-өзіңді «Зат есімнің» атынан сөйлету.
Мақсаты: Жас маман өзін-өзі терең тануы, ашылып еркін сөйлесуі.
Орындау ережесі: Жас мамандарға ақ қағаз таратылады. Ақ қағазға өзін зат есімнің атынан жазып бейнелеп, баяндайды.
«Мұғалімнің ауытқушылығы бар баламен жұмыс жасауы» бейнебаян көрсету.
«Тілек шамы»
Мақсаты: тренинг туралы пікірлерін ортаға салу.
«міне, қоштасатында сәт жетті. Біз сіздермен «Тілек шамы» жаттығуын бір-бірімізге тілек айта отырып жүргізейік. Бүгінгі тренингтен алған әсерлеріңізді, өз ой пікірімізді ортаға саламыз.
«Бекітемін»
Мектеп директоры:
_______ Қ.Ү.Титанов
«___» _____ 2016 жыл
Мұғалімдер арасында қарым-қатынасты жақсарту
Өткізу мерзімі: __________
Өткізілетін орны: Психология кабинеті
Қатысушылар: Жас мамандар
Мақсаты: Психологиялық жаттығулар арқылы жас мамандардың біліктілігін жетілдіруін дамыта отырып жауапкершілікті сезінуге баулу. Жас мамандар арасында кездесетін жағымсыз педагогқа сай емес әдеттерді жою. Психологиялық анкеталық сұрақтарға жауап алу негізінде жас мұғалімдердің ой-танымына анализ жасау, тіл байлығын дамыту және қабілетін тұрақтандыруға жол ашу.
Психологиялық жаттығулар.
Педагогтың жеке басына қойылатын психологиялық талаптармен таныстыру.
Анкеталық сұрақтар.
Қорытынды.
Кіріспе.
Қай ұжымда болсын, психолог-маманға жүктелер міндет жауапкершілігімен маңызды. Ұжым мүшелерінің тұлғалық сапасы мен ерекшелігіне, құқығына, абыройы мен намысына нұқсан келтірместен, көздеген мақсатқа бағыттай білу шеберлікті қажет етеді. Ал, шеберлік тәжірибелер арқылы қалыптасады.
Психолог - маман сыныптағы оқушылармен ғана емес, ересектермен немесе педагогикалық ұжымның әр мүшесіне мәдени қарым-қатынаста болып, олардың пікірін бағалауға, іс-әрекеттерге қатыстыруға, сенімін нығайтуға, талдап-талқылауға, саралауға тікелей ұйытқы болып, тұлғалық мүмкіндіктерін ашады.
Психолог-маман ешкімге ақыл айтпайды, ешкімді емдемейді. Тек сол адамды позитивке шақырады, яғни түсінікті тілде айтқанда дұрыс шешім қабылдауға жөн сілтейді, шиеленісті жолдан шығуға көмектеседі.
Сондай-ақ жас мамандарға үлгі, көмек ретінде дайындаған психологиялық жаттығулармен « Бала тәрбиесі-басты мақсат» атты баяндамамды ұсынамын. Баяндамада жас мамандарды педагогтың ішкі дүниесін сезінуге, өз бейнесін сомдауға бағыттайды. Сонымен қатар өзіндік ерекшелікке және оқушыны өзін қалыптастыру арқылы тәрбиелеуге қол жеткізе алады. Бұл баяндама жас мұғалімдерге бала тәрбиесіне жауапкершілікпен қарау басты мақсат екенін ұғындыру негізінде туындады.
Топпен жұмыс жүргізгенде көбінесе орындауға жеңіл, еркіндікті талап ететін ойындар, жаттығулар қарастырылады. Әрине топпен яғни ұжыммен тест, сауалнама жүргізу, суреттер салғызуғада болады. Мен мейлінше көп уақыт алмайтын жеңіл, күрделі ойды қажет етпейтін, жаттығуды ұсынамын. Мұны психолог емес әр мұғалім өз сабағында мақсатына орай пайдалана алады.
Жаттығу: «Психологиялық дайындық»
Көзіңді жұмып, денеңді бос ұстап былай деп іштеріңнен қайталаңдар: «Мен өзіме сенімді, батыл адаммын. Менің қолымнан бәрі келеді және еш нәрседен қорықпаймын. Менің денсаулығым мықты және күштімін, қандай қиыншылық боласа да жеңіп шығамын!»
Талдауға арналған сұрақтар:
Сен өзің жайлы не айта аласың?
Сен өзіңнің жан-дүниең туралы не айта аласың?
Өз жан-дүниең болашақта саған қалай қызмет етеді деп ойлайсың?
Өз-өзіңе келісімге келе алдың ба?
Енді мамандарды педагогтың жеке басына қойылатын талаптармен таныстырамыз. Ол екі бөлімнен тұрады:
Оқушының жеке басындағы интеллектісі, жан дүниесінің мәдениеттілігі, басқа адамдармен қарым-қатынасы.
Жоғары біліктілік деңгейі.
Қорытынды бөлімде жас мамандарға арналған анкета, яғни сауалнама жүргіземіз. Олардың сауалнамаларына анализ жасау.
Р А Х М Е Т!