Көңілді жүрудің 10 құпиясы
[pic]
[link] Мектеп психологы: Мурзагалиева.Э.Г.
Жас маманға арналған сауалнама.
1. Педагогикалық жұмысқа Сіз қалай келдіңіз?
1) саналы түрде
2) өзге салалардан жұмыс таппағандықтан
2. Сіз жұмысты қалай іздедіңіз/таптыңыз?
1) бітірген жоғары оқу орнынның жолдауымен
2) аудандық, қалалық білім бөлімдерінің жолдауымен
3) мақсатты түрде ауданның/қаланың ең үздік мектебін іздедім
4) достарымның/әріптестерімнің ұсынымдары арқылы вакансия таптым
5) мектеп әкімшілігі шақырды
6) Өзім іздеп таптым.
3. Сізде тәлімгер-мұғалім бар ма?
1) иә, және оның көмегі тиімді
2) жоқ, бірақ ол маған керек
3) жоқ, мен оған мұқтаж емеспін
4) иә, бірақ оның көмегі тиімсіз
4. Өзіңіздің жеке педагогикалық қызметіңізден кейін Сіздің мұғалімнің жұмысына деген көзқарасыңыз өзгерді ме, егер өзгерсе қалай?
1) өзгерген жоқ
2) жақсы жағына қарай өзгерді
3) жаман жағына қарай өзгерді
4) жауап беруге қиналамын
5. Өзіңіздің мектептегі жұмысыңыздың сапасына қаншалықты көңіліңіз толады?
1) толық қанағаттанамын
2) жоқтан гөрі, иә
3) иәден гөрі, жоқ
4) нақты жоқ
5) жауап беруге қиналамын
6. Сіз мектеп тәжірибесінде қандай проблемалармен жиі кездесесіз:
1) сабақ беретін пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуі
2) екі және одан да көп пәндерден сабақ беру
3) тәлімгерлік жүйесінің болмауы
4) педагогикалық ұжымдағы қарым-қатынастар
5) мектеп әкімшілігінің жұмыс стилі
6) оқушылардың мұғалімге деген қарым-қатынасы
7) оқушылардың оқуға ынтасының жоқтығы
7. Мектепте жұмыс істеу кезінде Сіз жоғары оқу орнында алған біліміңіздің тәжірибелік пайдасын жалпы қалай бағалайсыз?
1) өте жоғары
2) айтарлықтай жоғары
3) аса жоғары емес
4) төмен
8. Сіздің ойыңызша, жоғары оқу орындарының педагогикалық мамандықтарының оқыту мазмұнында не жетіспейді?
1) сабақ беретін пән бойынша мазмұны мен білім ауқымы
2) кәсіптік тәжірибе бойынша уақыт көлемі мен мазмұны
9. Өзіңіздің негізгі педагогикалық біліміңізді жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін мектеп қабырғасында алғандығыңызбен келісесіз бе?
1) келісемін
2) келісемін,бірақ толығынан емес
3) ішінара келісемін
4) келіспеймін
10. Алдағы бірнеше жылда өзіңіздің педагогикалық мансабыңыздың дамуын қалай бағамдайсыз?
1) жұмыс істеп жүрген мектебімде, пән мұғалімі ретінде біліктілігімді біртіндеп арттыру
2) мансаптық өсу (оқу меңгерушісі, мектептің құрылымдық бөлімінің басшысы) оған қоса пән мұғалімі ретінде біліктілігімді біртіндеп арттыру
3) өзге беделді, кәсіби тартымды мектепке ауысу
4) магистратураға түсу, ғылыми-педагогикалық қызметті бастау
5) екінші жоғары білім алу
11. Мамандықты ауыстыру туралы ойыңыз бар ма?
1) иә
2) жоқ
12. Мамандықты ауыстыру ойыңыз болса, оның себебі
1) мамандықтан түңілу
2) ұтымды ұсыныс түсу
3) жеткіліксіз кәсіби деңгейіме байланысты
4) мектептегі психологиялық жағдайға байланысты
Соңында, өзіңіз туралы шағын ақпарат
Тегі, аты–жөніңіз (толық)________________________________________________
қала, аудан, область_____________________________________________________
Сіз бітірген жоғары оқу орнының аты _____________________________________
диплом бойынша біліктілігіңіз _____________________________________________
жоғары оқу орнын бітірген жыл __________________________________________
жүргізетін сабатарыңыз _________________________________________________
Мектеп психологы: Мурзагалиева.Э.Г.