Психологиялық тренинг- сабақтың қысқа мерзімді сабақ жоспары
Дайындаған педагог-психолог: Гульайм Ергешева Тақырыбы: Достық жылы күлуден басталады Мақсаты: жағымды эмоциялық көңіл-күйді орнату,қарым-қатынас дағдысын дамыту, оқушылардың мектепке бейімделуін қалыптастыру, психологиялық жетелеу. Күтілетін нәтиже: құрбылармен жағымды қарым-қатынас қалыптасады, мектепке бейімделу кезеңі жұмсарады
Сәлемдесу 5 мин
Қане, балалар, бір –бірімізге күлімдеп қарап, көршіміздің есімін айтып, мен сенімен дос болғым келед,і деп айтамыз. Мысалы: «Сәлем, Айнұр, мен сенімен дос болғым келеді !»
Балалар бір- біріне күлімдеп қарап амандасады
Негізгі бөлім ұйымдастыру-іздену
«Аңшы» жаттығуы
10 мин
Мақсаты: оқушылардың бұлшық еттерінің босаңсуына көмектеседі.
Бір күні аңшы аң аулауға шығады. Бас киімін киеді, аяқ киімін киеді, қаруын алады...
Жол бойымен жүреді (аяқтарыңмен еденді ұрады)
Құмнан өтеді (алақандарын уқалайды)
Көпірден өтеді (төсін жұдырықтап ұрады)
Батпақтан өтеді (қол шапалақтайды)
Өткелден өтеді- («У-ф-ф» шаршадым) Ағашқа отырып, жаң жағына қарап ағаш арасынан аюды көріп, қорқып кейін қарай қашады.
Балалар сендерге аңға шығу ұнады ма? Егер балалар шаршамаса жалғастыруға болады.
оқушылар жүргізушінің нұсқауы бойынша сөзбен қимыл- қозғалысты қайталайды.
Оқушылар өз ойын айтады.
«Тоты құс» жаттығуы.
10 мин
Мақсаты: қысқа мерзімді есті, зейінді, фонетикалық естуді дамытуға көмектеседі (жақсы нәтиже болып – 5 буыннан көп есте сақтау б.т).
Өту барысы: Бір ыстық елде сиқырлы тоты құс өмір сүрген,ол барлық дыбыстарды жатқа білген. Енді балалар менің артымнан қайталаңыз тоты құс сияқты:
То-ца
То-ца-му-дэ
То-ца-му-дэ-ни
То-ца-му-дэ-ни-зу
То-ца-му-дэ-ни-зу-па
То-ца-му-дэ-ни-зу-па-ки
То-ца-му-дэ-ни-зу-па-ки-ча
Оқушылардан жаттығу туралы ойын сұрау қажет. Балалар сендерге буындарды қайталау қиын болды ма? Егер ия болса қай буындар қайталауға қиын болды? Оқушылар ойы әр кезде ескерілу қажет. Жаттығу барысында оқушыларды жалықтырып алмау керек.
балалар жүргізушінің артынан қайталайды
Балалар жауабы тындалады
«Паровоз» жаттығуы
5мин
Мақсаты: Баланың зейінің анықтауға көмектеседі.
Өту барысы: Оқушылар екіге бөлінеді. Жүргізуші қолын көтергенде оң жақта отырған оқушылар қол шапалақтайды, сол жақта отырғандар алақандарын «қайықша» жасап қол соғады. Екі қолды көтерген балалар «ту-ту!!» деп айқайлайды. Мұнда балаларға сіз жазғы демалысқа бара жатып жолда болған оқиғаны айтып бастауға болады.
«Асқардың қатесі» жаттығуы 5 мин
Мақсаты: оқушылардың зейінің дамыту. Балалар ,менің үстелімде сөмке жатыр. Оны маған қоңырау кезінде 1 сынып мұғалімі әкеліп берді. Оның сыныбында Асқар деген оқушы мектепке оқуға кейбір керек емес заттарды әкеліпті. Осыны анықтау үшін сөмкені бәріміз бірге тексерейік. Мектепке керек зат болса сендер алақандарыңмен шапалақтаңдар, ал егер керек емес зат болса аяқтарыңмен еденді ұрасыңдар. (Әліппе, доп, қаламсап, жұмсақ ойыншық, дәптер, секіргіш, санау таяқшалары, математика, түрлі-түсті қаламдар және т.б.)
Оқушылар заттарға зейінін аудара отырып, қимылдарды орындайды
Жаттығу «Күн шуақты
алаңқай»
5 мин
Мақсаты: Қатаюдан арылу, жылы достық қарым – қатынасты қалыптастыру.
Нұсқау: Елестетіңдер, күн шуақты көк шалғын алаңқайда демалып отырмыз. Күн шуағы қөздеріңе қарайды. Көздеріңен беттеріңе қарай жылжиды. Алақандарыңмен сипалаңдар. Ол ары қарай маңдайларыңа, мұрындарыңа, ауыздарыңа, беттерінің ұшына, иектеріңе түсті. Одан кейін мойындарыңнан, қолдарыңнан, денелеріңнен, арқаларыңнан сипап өтті. Күн шуағы сендерді жылытты.
«Күн шуақты аланқай» қызыл – сары, қош иісті, әсем гүлдерге толы. Өздерің ұнатқан гүлді түйіп, жылы лебіздеріңді, тілектеріңді білдіріңдер.
Баяу музыка қосылады
Рефлексті-қорытындылаушы
Кері байланыс
5 мин
Қорытындылау
Балалар сендерге не ұнады? Не ұнамады? Өздеріңді қалай сезініп тұрсыңдар? Ал енді ,балалар ,осындай жақсы көңіл-күймен тренингімізді аяқтаймыз.
Балалар жауаптары
Мақсаты:
Мектеп табалдырығын жаңа аттаған бүлдіршіндерге психологиялық жетелеу қажет және бейімделуін қалыптастыру үшін тренингтер жүргізу қажет.
1 тренинг
Өту барысы:
Келесі жаттығу
Ал балар енді жаттығуын орындаймыз.
Тренинг соңында балалардың көңіл күйін сұрап, қоштасу керек!!!