Разработка Сыйлайық жүрек жылуын

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Тақырыбы: «Сыйлайық жүрек жылуын»

(Ата-аналармен жұмыс)

Мақсаты: ата-ананың бала тәрбиесіндегі қарым-қатынасы (сенімділік білдіруі, қолдауы, үміт артуы) туралы түсініктер беру арқылы ата-аналардың білімін көтеруге көмектесу. 

Міндеттері:

- Шағын дәріс арқылы ата-аналарға бала тәрбиесіне қатысты ақпараттар беру;

- Ситуациядан шығу арқылы бала тәрбиесінде кездесетін қиыншылықтардың алдын алу;

- Ата-аналардың баламен қарым-қатынасында,  баланың үмітіне балта шабатын сөздерден аулақ болуға кеңес беру.



Шаттық шеңбері

Ата-аналар шеңбер бойымен тұрып, өзін таныстырып өзі туралы сын есім айтады.

Шағын дәріс “Бала тәрбиесінде ата-ана тарапынан қандай қасиеттер керек?”

Мақсаты: Баланы бағалауға, сезінуге, түсіне білуге баулу. 

Ата-аналар тәрбиеде шыдамдылықты талап ететіндігін мойындайды. Алайда оған арнайы білім қажеттігін жұрттың бәрі біле бермейді. Бүгінгі жиналысымызда ата-ана мен бала арасындағы психологиялық қарым-қатынасы жайлы әңгімелеп, оны жаттығулар арқылы көрсетуге тырысамыз.

Бала әрдайым ата-ананың аялы алақанын қажетсініп тұрады. Қиындықтар туған сәтте ата-анасының тарапынан қолдау тауып, үлкен сенім артылған бала ісі оңға басады.

Әрине, әр ата-ана баласына деген сезімін түрліше жеткізеді. Қандай жағдай болмасын, баланың өзіне деген сенімін тудырып, қолдап отыру керек. Бала бір істен қателескен жағдайда оған шыдамдылық көрсету керек. Мұндай сәтте өзге отбасыларымен салыстыруға әуестенбеу керек. Рас, кейде өзге біреудің балалары бойындағы қабілеті айрықша сияқты көрінеді. Бірақ, ол басқа бала. Сондықтан әр баланың өзінің жеке басының ерекшелігін, ешкімге ұқсамайтын кейбір қасиеттерін сезіну керек. Кейде бала бір сәтсіздіктерге ұрынады. Ата-ана қатты уайымдап, баланың еш нәрсеге икемі жоқ, қабілетсіз деген асығыс қорытындыға келеді. Осыдан баланың өзіне деген сенімі күрт жойылады, қолын қусырып, кездескен қиыншылықтарды жоюға дәрменсіз болады. Мұндай жағдайда ата-ана баласының жай ғана талпынысының өзін қолдап түсіне білуі керек. Ең бастысы, бала біздің оны қалай бағалайтынымызды және одан не күтетінімізді сезінуі және түсінуі тиіс.

Сіз қандай ата-анасыз?

Кез келген істі тастай салып баламен айналысасыз ба?

Балаңыздың жасына қарамай, онымен ақылдаса аласыз ба?

Балаңызбен қарым-қатынас барысында жасаған қателіктеріңізді мойындайсыз ба?

Өзіңіздің қателігіңіз үшін кешірім сұрайсыз ба? 

Балаңыз жасаған ісі ашуландырған кезде өзіңізді ұстап, ашуды жеңе аласыз ба?

Балаңыздың орнына өзіңізді қоя аласыз ба? 

Біт сәтте сізге мейірімді адам деп сенуге бола ма?

Өзіңіздің балаңыздан өткен балалық шағыңыздан өткен ескерілетін жағдайды айтасыз ба? 

Балаңыздың жүрегін жарақаттайтын сөздерді, сөйлем тіркестерін атамауға тырысасыз ба? 

Балаңызға уәде беріп, жақсы мінез-құлқын ескере отырып, уәдеңізді орындайсыз ба?

Балаға қалаған ісін жасауға, өзін ұстауға кедергі жасамай, бір күн еркіндік бересіз бе? 

Басқа бала сіздің балаңызға дөрекідік көрсетсе, себепсіз ренжітсе, көңіл аудармайсыз ба? 

Балаңыздың көз жасы, дөрекі еркелеуі уақытша екенін білесіз, соған қарсы тұра аласыз ба?

Жауабы:

Әрқашан жасаймын, келісемін – 3 балл. Кейде ғана келісемін – 2 балл. Келіспеймін – 1  балл.


Сауалнаманы бағалау:

0-16 балл.Бала тәрбиесі – сіз үшін үлкен проблема. Бала тұлғасын дұрыс қалыптастыру үшін педагог немесе психолог мамандардың көмегіне сүйеніңіз.

16-30 балл.Балаға қамқорлық жасау  - бірінші кезектегі маңызды іс.

Сіздің бойыңызда тәрбиешілік қабілет бар, бірақ тәжірибеде әрқашан бір қалыпты бағыттағы мақсатпен әрекет етесіз. Кейде қатал, кейде мүлдем жұмсақсыз. Сізге жауапкершілікпен ойлану керек.

30-39 балл. Бала сіздің өміріңіз үшін ең құнды болғаны. Сіз балаңызды тек түсініп қана қоймай, әрі ойын тануға сыйлы көзбен қарауға тырысасыз.





Ата аналарды екі топқа бөліп

Жағдаяттар шешу:

[pic]

1-жағдайдабаланың мектепке өкпесі зор. Ол шешесі тарапынан қолдау тапқысы келеді. Түсініп, жағдайын сұрар деп ойлайды.

2- жағдайда бала өзіне сенімсіз, ата-анасынан қолдау күтеді. Ата-аналар тарапынан «Сен мүлде дайындалмайсың, сондықтан еңбегіне қарай баға аласың! » немесе «Бүгін шаршап тұрмын» деген жауаптар болмағаны жақсы, бұндай жауаптардан немқұрайлықты, салғырттықты сезеді.

•      Кез келген шешімді қабылдауға асығыстық жасауға болмайды. Балаңыз сіздің оның ісіне немқұрайды қарамайтыңызды көретіндей, оны тыңдауға дайын екендігіңізді байқайтындай болсын.

•      Кейде бала бір сәтсіздіктерге ұрынады. Ата-ана қатты уайымдап, баланың еш нәрсеге икемі жоқ, қабілетсіз деген асығыс қорытындыға келеді. Сөйтеді де баланың өзіне деген сенімі күрт жойылады, қолын қусырып, кездескен қиыншылықтарды жоюға дәрменсіз болады.


Аяқталмаған сөйлем: екі топқа бірдей тапсырма кейін талқыланады.

–     Егер баланы үнемі сынап отырса, ...

–     Егер балаға үнемі күлсе, ...

–     Егер баланы үнемі мақтап отырса, ...

–     Егер бала төзімділікте өссе, ...

–     Егер бала адалдықта өссе, ...

–     Егер бала қауіпсіз жағдайда өссе, ...

–     Егер бала кекшілдікте өссе, ...

–     Егер бала түсіністікте және сүйіспеншілікте өссе, ...

Дұрыс жауаптары:

–     Егер баланы үнемі сынап отырса, ... (оның оқуғы құлқы болмайды).

–     Егер балаға үнемі күлсе, ... (ол бұйығы болып кетеді).

–     Егер баланы үнемі мақтап отырса, ... (ол өз қадірі үшін оқиды).

–     Егер бала төзімділікте өссе, ... (ол басқаларды түсінуге тырысады).

–     Егер бала адалдықта өссе, ... (ол адал болып жетеді).

–     Егер бала қауіпсіз жағдайда өссе, ... (ол адамдарға сеніммен қарайды).

–     Егер бала кекшілдікте өссе, ... (ол қатыгез болып өседі)

–     Егер бала түсіністікте және сүйіспеншілікте өссе, ... (ол әлемнен махаббат табуды үйренеді).


Видео ролик бала арманы.

Ұяда не көрсе ұшқанда соны іледі. Видео ролик

Алдын ала дайындалған видео оқушылар


Оқушылар кіріп ата-аналарының қасына келіп отырады.

Тапсырма

Баласы мен ата-анасына пантомимика яғни карточкадағы сөзді іс қимылмен ата-анасын түсіндіру, кейін керісінше.

Ата-аналар үшін

Сен бүгін неше алдың?

Үйден тамақ ішіп келдің бе?

Мен сені жақсы көремін

Мен шаршап тұрмын

Сендей бала әлемде жоқ

Сен бар болғаның мен үшін бақыт

Кәмпиттер көп жеме!

Сені сағынып қалдым

Мен асығып тұрмын

Қарным ашты

Сабақ оқыдыңба

Қалың киіндіңбе?

Сабаққа кешікпе

Сотканмен маған хабарласшы

Бестік баға алатын болды.


Оқушыларға

Мен сізді жақсы көрем

Сіздердей ата-ана жоқ

Мен бүгін бес алдым

Мен ылғи сабақ оқитын боламын.

Билеу қолымнан келмейді.

Ан айтқым келеді.

Сізге орын берем

Жарықты жағып қойшы

Мен адемі оқушымын

Мен дене шынықтыру ұнатамын

Бүгін күн салқын

Кеше жаңбыр жауды.

Телевизор бірге қарайық



Ата-аналар мен баласы бірге отырып сурет салу

Тақырыпты өздері таңдайды.

Қорытынды
Бала дегеніміз –болашақ. Балаларымызды қалай тәрбиелесек болашағымыз солай болмақ. Келешегіміздің қожасы балаларымызды білімді де мәдениетті, тәрбиелі де әдепті, кішіпейіл де қарапайым етіп тәрбиелеу өз қолымызда.
Ұлт тәрбиесі- ұлт болашағы. Егеменді еліміздің ертеңгі болашағы жас ұрпақ тәрбиесі. Білімді денсаулығы мықты азамат өсіру үшін, мектеп болып ынтымақтасып та ат салысуымыз қажет. Кейін опық жеп бармақ тістемеу үшін баланы қаршадайынан дұрыс тәрбиелеуге, бала бақытының шынайы бағбаны болуға атсалысқан жөн.
Бала бақытының кепілі-ата –ананың өнегелі тәрбиесінде.