Семинар-тренинг Менің отбасым-менің мақтанышым

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Семинар тренинг «Менің отбасым-менің мақтанышым»

Мақсаты: оқушыларға отбасы туралы мағлұмат бере отырып, отбасын құрметтеуге , мақтан етуге, ата-анасын сыйлауға, кішіге қамқор, тату болуға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:

Тренинг бағдарламасы:

1.Есімдер аллитерациясы

2. «Қуанышты отбасы» тыныштық сәті

3. Миға шабуыл

4. «Егін алқабында» ойын-жаттығу

5. «Мен отбасымды мақтан етемін» оқушылар шығармашылықтары

6. «Тілек шамы» оқушылар тілегі

Тренинг барысы:

  1. Есімдер аллитерациясы

Мақсаты: тренингке қатысушы оқушылармен жағымды қарым-қатынас орнату және танысу

Шарты: әр оқушы өз отбасындағы өзі жақсы көретін адамын айта отырып, оның бір еркелеткен сөзін өз есіміне қосып айту. Мысалы: мен отбасымда анамды жақсы көремін. Мен анамның ерке қызы Жайнагүлмін.

  • Еркелеткен есімдеріңді айтқанда қандай сезімде болдыңдар?

  • Қазіргі көңі-күйлерің қандай?



  1. Тыныштық сәті

Мұғалім: «Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Енді көз алдарыңызғаөз отбасыларыңыздың қуанышты сәтін елестетіңіздер. Сол қуанышты сәтте сіздердің қолдарыңызда өте әдемі айна бар. Абайлаңыз, абайсыз қимыл, асығыстық бұл әсемдікті бүлдіруі мүмкін. Отбасы арасындағы бауырмалдық, сыйластық, қарым-қатынас осындай жұқа әрі нәзік. Олар қамқорлықты, сүйіспеншілік пен түсіністікті, мейірімділікті, бауырмалдықты талап етеді. Сынған айнаны қайта қалпына келтіру өте қиын, тіпті мүмкін емес. Сондықтан отбасыңыздағы адамдарға мейірімділікпен, байыппен, сабырмен қарап, көңілдерін қалдырмауға тырысуыңыз қажет. Отбасыңызды әрдайым мақтан тұтып, өткен қуанышты сәттеріңізді естен шығармаңыз. Сіздің балалық бақытыңыз өзіңізбен әрқашан бірге болсын! Осындай қуанышты және тыныштық күйінде  отыра тұрыңыз...Енді осы қуанышты сәтіңізді жүрегіңізге орналастырыңыз. Қуанышқа толы бүкіл әлем  сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.Жаймен көзіңізді ашуға болады.»


  1. Миға шабуыл. Оқушылардың өз бетімен жұмыстары.

1-топ: «Отбасы құндылықтары» мағынасын ашу

2-топ: «Отбасы қарым-қатынасы» мағынасын ашу

3-топ: «Отбасылық мерекелер» мағынасын ашу


[pic] [pic]



  1. Ойын-жаттығу «Егінші »

Шарты: Қатысушылар шеңбер құрап тұрады , жаттықтырушы шеңбердің ортасында тұрады.

Нұсқаулық: «Ал енді қазір бәріміз егін алқабына егін егуге барамыз. Сіздерге музыка қойылады сол музыканынң ырғағымен егін алқабын егін егуге дайындаймыз. Егін еккенде көңіл-күйлеріңіз көтеріңкі болу керек. Ал кеттік!»

Егін алқабын дайындау қиын болды ма? Қатысушылардың ойымен бөлісу.

[pic] [pic]

  1. «Мен отбасымды мақтан етемін» оқушылар шығармашылықтары

Шарты: оқушыларға сөздер жазылған карточкаларды үлестіре отырып, сол сөздерді қолданып шағын эссе немесе тақпақ шығаруларын өтінеміз. Қолданылатын сөздер: «Отбасым», «Менің жанұям», «Менің анам»,

«Менің әкем»

Мысалы:


Менің жанұям!

Отбасы таусылмайтын бақыт екен,

Ешқашан ескірмейтін жақұт екен,

Қашанда тату тұрған адам болса,

Ағайын , бұның өзі бақыт екен.

[pic] [pic]



  1. «Тілек шамы» оқушылар тілегі

Шарты: оқушыларға жүрек тәрізді шамдар таратып беріп, олардың отбасыларына деген тілектерін тыңдау.

[pic] [pic]





Қорытынды : оқушылардың тренингтен алған әсерлерімен бөлісу және «Мәуелі ағашқа» стикерге жазылған кері әсерлерін жабыстыру. Арнайы дайындалған сыйлықтарды табыс ету және қоштасу.

[pic]



Көксу ауданы

Кеңарал ауылы

С.Қырықбаева атындағы мектепке дейінгі

шағын орталығы бар орта мектеп

Педагог-психолог: Ш.Н.Нұртаева