Өзін-өзі тану сабағының жоспары
Бекітемін: _______________ Оқу ісінің меңгерушісі: А.Шарафеден
Күні: 11.02. 2016ж
Тақырыбы: Мейірімділік-асыл қасиет
Құндылық : Риясыз сүйіспеншілік.
Қасиеттер : адамгершілік, мейірімділік, қайырымдылық, сыйластық, ізгілік
Пән мұғалімі: К. Айжарикова.
Сынып: 3 «а»
Оқушы саны: 20
Сабақтың мақсаты: балалардың «мейірімділік», «қайырымдылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейтіп, психологиялық ой-өрісін, ойлау қабілеттерін дамыта отырып, өз ойларын еркін жеткізе білуге үйрету; Міндеттері:
-Жақсы тілек, ізеттілік, ізгілік пен ренжіту,зиян келтіру жайлы түсініктерін қалыптастыру;
-қайырымды қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту;
-мейрімділікке, қайырымдылыққа, кішіпейілділікке, ізгілікке тәрбиелеу.
Ресурстар:
Оқулық, дәптер, стикерлер, күн суреті, қағаздан қиылған жүрекшелер, отбасы суреттері.
Сабақ барысы
Ұйымдастыру бөлімі.
Бес «Т», бес «Құндылық» .
Тыныштық сәті. Нұрға бөлену.
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын да таза әсем гүл сіздің ойыңызды, сезіміңізді, тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын… Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын… Нұр менің ішімде… Мен Нұрмын».Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз…Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.Жаймен көзіңізді ашуға болады.Рахмет.
Үй тапсырмасын тексеру.
М.Төрежанов «Сары тауық пен балапандары» әңгімесін мазмұндау, сұрақтар арқылы жауап беру.
- Сары тауық өз балапандарын қандай жақсы қасиеттерге баулыды?
- Сары тауық өз аналық мейірімін қалай көрсете білді?
-«Күн ашылып, ана жүрегіндей жадырады» дегенді қалай түсінесіңдер?
-Сендер біреуге мейірімділік танытқан кезде қандай сезімге бөлендіңдер?
Сабақ барысын талдау
Дәйексөз.
«Мейірімділікті анадан үйрен».
Халық мақалы
-Балалар, сендер осы дәйек сөзді қалай түсінесіңдер?
Мұғалім сыйы: Қандай тілек жақсы?
Сол күні Амантайдың апасының қас қабағы келісіңкіремей отырды.-Балам, бүгін мазам кетіпғ шаршап тұрмын. Шайды өзәі қамдап қоямысың?Күнде қапырық болды ғой. Мен аздап жантайып тұрайын. Амантай зыр жүгіріп, шай әзірлеп, апасының бетіне де жалтақ қарап қояды. Бүгін олар күндегіден ертерек жатты. Амантай апасының әр қозғалысына, тыныстағанына құлағын түріп, елеңдей берді. Кейде жүрегі жиі- жиі соға жөнеледі. Өстіп жатып ұйықтап кетті. Жарқ- жұрқ найзағай жарқылдап,күннің күркірегенінен оянып кетті. Апасы әлі ұйықтамапты,күбір күбір сөйлеп жатыр, Амантай тағы тың тыңдай қойды. «-Жасағани ием,құлындарым ер жеткенше қуат бере гөр. Жарым жан көңілдерінің жұбанышын көпсін бе, жасаған. Қос құлынымды кім мүсіркеп, кім маңдайларынан сипар екен дегізіп, көздерің жіутеңдете көрме!»-деп апасы терең күрсініп, аунап жатты. Амантайдың бетін ағыл тегіл жас жуып, үнсіз егілді. Өткендегі жаман ойы көңіліне оралып, бүкіл денесі дір ете түсті. Жүрегі қайта дүрс- дүрс соғып, зәресі ұшты. Әне бір жолы Ерболат Жанұзақ ағайды әкелеп жүргенінде мұның іші әлем жәлем қызғанышқа толып, көңіліне көпіршілік келген. Сол есіне түсіп, мазасызданып кетті. -Апа ,біреуге жаман тілек ойлаған жақсы емес, ә? -Әрине балам. Досың түгілі қасына да жаман тілек тілеуге болмайды -деді анасы. -Апа енді сол қызғанып барып, ойлаған жаман тілекті қалай қайтарып алуға болады? -Балам тн ұйқыңды төрт бөліп, ағаттығыңа өкініп жатқанының өзі сол адамға ақ ниет тілегенің.Қызғаншақтық жақсы қасиет емес, ол адамды жаман іске жетелеп, жаныңды жаралап, тас жүрек етеді. Осыны ұмытпа , балам!
-Амантайдың әрекеті туралы не айта аласыңдар?
-Неліктен жаман тілек тілеуге болмайды?
-Сендер Амантайдың орнында болсаңдар қандай тілек тілер едіңдер?
Сергіту сәті:
«Шөжелер биі»
Тапсырма:
-Сары тауық өзінің бойында бар, қандай жақсы қасиеттерді балапанына үйретті? Сол жақсы қасиеттерді балапанның бойына жабыстырамыз, ал қандай жағымсыз қасиеттер балапанның бойында болмау керек соларды себетке саламыз.
Шығармашылық жұмыс
«Ана» сөзіне топтастыру
кішіпейіл мейірімді бауырмал
сыпайы Ана кешірімді
әдепті жақсы жанашыр
Алдарында тұрған күн мен жүрекке өздері қандай мейірімді істерін жасай алады, сол туралы жазады.
«Болады-болмайды» тренингі
Оқушылар шеңберге тұрады, болатын нәрселерді айтқанда оқушылар қолдарын үш рет шапалақтайды, ал болмайтын нәрселерді айтқанда қолдарын бір рет шапалақтайды
-Мейірімді болуға .... (болады),
Кешірімді болуға .... (болады),
Қатыгез болуға .... (болмайды),
Тәртіпті болуға .... (болады),
Әдепті болуға .... (болады),
Ұрысқақ болуға.... (болмайды),
Сыпайы болуға .... (болады),
Қайырымды болуға .... (болады),
Бұзық болуға .... (болмайды),
Бауырмал болуға .... (болады),
Ақылды болуға ..... (болады),
Мақтаншақ болуға .... (болмайды),
Шыншыл болуға .... (болады),
Арам болуға .... (болмайды),
Маман болуға .... (болады),
Жаман болуға .... (болмайды),
Айтпақшы, жаман болуға ....! (болмайды).
Топпен ән айту.
«Көңілді күн»
Үй тапсырмасы.
Енгін Көсеоғлұ «Жан Ана» түрік тілінен аударылған әңгімесін оқып талдау.
Соңғы тыныштық сәті.