Қамқорлық акциясында» жүргізілген жұмыстар

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


«Қамқорлық акциясында» жүргізілген жұмыстар

Қазақ өз ұрпағының тәрбиесіне көп көңіл бөлген халық.Ел болып егемендігімізді алғалы бері де жан жылуына зәру қандастарымызға Елбасынан бастап барша азаматтар барынша демеушілік жасауда. Осыған байланысты түрлі акциялар ұйымдастырылып оң нәтижелер көрсетуде.Елбасының оқушылардың мектепке толық қамтамасыз ету туралы штапсырмасын орындау мақсатында «Қамқорлық» акциясы жыл сайын өтетін қайырымдылық шаралардың біріне айналып отыр. Басты мақсаты тұрмысы төмен, көп балалы және жетім , мүгедек ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға әлеуметтік көмек және қолдау көрсету болып табылады.Сонымен қатар әлеуметтік себептерге байланысты мектепке баруға мүмкіндігі болмай қалатын балаларды алдын ала анықтап, оларға жәрдем беру. Жалпы бұл акцияның өзектілігі мен қажеттілігін өмірдің өзі дәлелдеп отыр десем болады. Атап айтсақ мектеп жасындағы барлық балаларды орта біліммен қамту проблемаларына жұртшылықтың және тұрғын халықтың назарын аударып,міндетті орта білім алуға барлық азаматтардың құқығын қамтамасыз ету жөнінде ақпараттық және түсіндірме жұмыстары жүргізілген.

Мектебімізде «Қамқорлық акциясын» өткізу туралы бұйрық шығарлып,жоспар құрылды,акцияны ұйымдастыру комитетінің құрамы бекітілді.Әлеуметтік көмекті қажет ететін отбасы балаларына және басқа санаттағы балаларға қайырымдылық жасау,0-18 жас аралығындағы балаларды жаппай оқумен қамту және әлеуметтік көмекпен қамтамасыз ету жұмыстары ұйымдастырылды.Атап айтатын болсақ ,бюджет қаражат есебінен 43 балаға жыл бойы тегін ыстық тамақтануларына 1 200 000 теңге көлемінде ақша бөлінді.Баланың бір уақыт тамағы 300 теңге құрайды.Мектеп асханасын жүргізіп отырған Досанова Гүлжан өз қаражатынан 3 әлеуметтік жағдайы төмен оқушыны ыстық тамақпен қамтамасыз етеді.Асханадан берілетін ыстық тамақтың сапалығын,гигиеналық талаптарын бақылау үшін арнайы комиссия құрылып қадағаланады. Сынып сағаттарында «Адамгершілік- асыл қасиет», «Рухани құндылық-адамгершілік негізі» тақырыптарына арнаған әңгімелер өткізілді.


[pic] [pic]

Әлеуметтік жағдайы төмен оқушыларға киім тарту сәтінен


«Нұр Отан» партиясының тапсырмасы бойынша ұйымдастырылған «Мейірімді жүрекпен» атты қайырымдылық көмекке мектеп ұжымындағы жомарт жандар түгелдей атсалысып,әлеуметтік жағдайы төмен,көп балалы отбасы,мүмкіндігі шектеулі жандарға,тыл ардагерлеріне киім-кешекпен,аяқ-киімдермен,күртешелермен көмек көрсетіп,жан жүректерінің жылуымен бөлісті.Жиналған киім-кешектер Әуезов ауданындағы «Сайран автобекетінде орналасқан орталыққа өткізілді.Осындай көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын беріп,рақымшылық көрсеткен азаматтардың қатары көбейсе нұр үстінен нұр болар еді.

Кәмелетке толмағандардың бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру және олардың бей-берекет жүрмеулері үшін мақсатты жұмыстар жүргізіп,олрадың мәдени көпшілік іс-шараларға қатысулары,спортпен шұғылданулары әр алуан үйірмелер мен спорт акцияларына қатысулары жоспарлы жұмыстар атқарылуда.








































А.Байтұрсынов атындағы №139 мектеп-гимназиясы















«Қамқорлық акциясы»











Алматы қаласы ,2016 жыл