Дамуында кемістігі бар балаларды әлеуметтік тәрбиелеу мен оқыту

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Дамуында кемістігі бар балаларды әлеуметтік тәрбиелеу мен оқыту.


Дамуында кемістігі бар балалармен жұмыстың қағидалары – бұл тәрбиенің негізгі бағыт бағдарлы тәрбиелі оқытылуын бірнеше этаптарға бөлуге болады.

Бірінші этап.

Мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшелігіне сай мақсат міндеттерін қарау. (4 тен 8 жасқа дейін)

1. Тазалыққа қалыптастыру

2. Ұсақ моторикасын дамыту.

3. Заттық іс- әрекеттерін дамыту.

4.Топптағы балармен қарым-қатынасы.

5.Қоршаған орта туралы түсінігін дамыту.

6. Сөйлеу мәнерінің дамуы.

Екінші этап. ( 8 ден 16 жасқа дейін)

1.Тазалық барысындағы жеке өзіндік қызмет дағдыларын дамыту.

2. Сөйлеу мәнерінің тазалығы.

3. Әлеуметтік, тұрмыстық бағдарлауын дамыту.

Үшінші этап. (16 дан 18 жасқа дейін)

1.Әлеуметтік еңбекке бейімделуі.

2.Ауыр ақыл-ой тежелуі балармен тереңдете еңбекке бейімдеу ( желім, қағаз, тігу, қайшымен жұмыстар).

3.Әлеуметтік бағдарлауы. (қоғамдық орындарда, көліктерде)

Дамуында кемістігі бар балалармен жұмыстың түзету дамыту бағдарламалары

бала дамуына бағытталған оқыту, дамыту болуы керек. Мүмкіндігі шектеулі балармен қарым-қатынас ата-ана үшін де үлкен роль атқарады. Ата-аналар арналған әдіскерлік әдебиеттер бар. Баланың дамуына жан-жақты оқыту, тәрбие берілсе, бала дамуының өмірге деген өзіндік орнының табуының бірден бірі көзі. Түзету дамыту бағдарламасының бағыттары шаруашылық тұрмыстық еңбекке үйрету. Ол дегеніміз: киім күтімі, тазалығы, бөлме тазалығы, жеңіл киімдерді жуа білуі, үтіктей білуі, тамақтану күн тәртібі, ыдыстар, ыдыс тазалықтары, тамақ ішер столын дайындауы, тоқ біліктерін қолдана алуы, кауіпсіздік ережелерін білуі. Балалардың жас ерекшеліктерін , категорияларын ескере отырып баламен орындалатын оқыту дамыту сабақтарының мақсат міндеттеріде сай болуы керек. Әлеуметтік тұрмыстық еңбекке баулу дамыту мақсаттары заттық ойын іс-әрекеттерін дамыту, қалыптастыру міндеттерімен жалғасады. Дамуында кемістігі бар балармен жұмыстың негізгі көзі баланың тілінің дамуы. Дамыту, оқыту бағдарламасындағы байланыс тілімен байланысты.Ауыр ақыл ойының тежелуі бар балар көбінесе сөйлемейді. Негізгі бағыт тіл дамуының қалыптасуы. Байланыс қарым-қатынас тіл, ұсақ моторика әлеуметтік тұрмыстық тәрбиелеу оқыту, дамытудағы мақсатқа жетудің, міндеттердің орындалуының басты кағидалары болып табылады.