Ұлттық тәрбие түзету дамыту бағдарламасында
Әрін Ж.Қ.
Павлодар облыстық Лебяжі ауданды педагогикалық-психологоиялық түзету кабинеті
Аққу ауылы
Біздің қоғам «ұлттық тәрбие» деген сөзтіркесті жиі әңгіме арқауы, басты тақырып ретінде қолданып жүр. Дегенмен ұлттық тәрбиенің бастау алатын қайнар көзін қайдан табуға болады. Дүниеге сәби келгенде тағы бір қазақтың қара домалағы халқымыздың санын көбейтіп жатыр деп қуанамыз. Ал сол баланың нағыз қазақ болып өсуіне барлығымыз бірдей ат салыса аламызба?[1.б,52]
Орыстың ұлы педагогі К.Д. Ушинский «Тәрбиенің көзін халықтың жақсы –жаман дәстүрінен іздестіру керек, ол тілі және әдетғұрпы арқылы көрініс табады»-дейді. [2,б,12]
Ұлттық тәрбие – халқымыздың халқымыздың сан ғасырлар бойы сұрыпталып қалыптасқан өмір сүру үрдісі. Осы қалыптасқан ұлттық тәрбиені өскелең ұрпақтың бойына ұлттық болмыс, ұлттық келбет, ұлттық мәдениет, ұлттық намыс құндылықтарымызды сіңіру мақсатында 2010 жылы Лебяжі аудандық педагогикалық-психологоиялық түзету кабинеті БҰҰ шағын гранттар бағдарламасының әлеуметтік проектісін іске асыру үшін «Менің Қазақстаным, менің тарихым, менің мәдениетім» атпен қазақ бөлме жабдықтарын грант ұтып алған болатын. Проект мүмкіншіліктері шектеулі балалардың есте сақтау қабылеттерін, қиялын, ұсақ моторикасын, зейінін, шығармашылық ойлау қабылеттерін, қозғалу функцияларын көріп қабылдауын жақсарту, қорқыныш сезімін, басқыншылықтың алдын алу жұмсақ модульдер арқылы дамытуға бағытталған. Бөлме жабдықтарын ұсынған «Семей-поролон» фирмасы. Ұлттық бөлме жабдықтары әр түрлі толтырғыштар және жасанды теріден арнайы поролондардан жасалған олар балалардың денсаулығы мен өмірінің кауіпсіздігіне барлық талаптарына сай. Модульдер сабақ барысында кауіпсіздікті қамтамасыз ететін полимер материалдардан жасалған. Жайлы, жылы түстермен боялған. Барлық жабдықтар- эпидеииялогиялық норма талаптарына сай. Үй жиһаздары сандықтың әр түрлері, құрақ көрпелер, ас үй жабдықтары астау, ет табақ, саба, қазан ошақ , ер тұрман, қалқан найза, қазақ әріптері басылған жұмсақ текшелер, сенсорлық құм салынған алашалар бар.
Біздің педагогикалық-психологоиялық түзету кабинетіне мүмкіндігі шектеулі 19 бала түзету-дамыту сабақтарына келеді. Олардың ішінде әр түрлі жастағы сал ауруына шалдыққан, ауыр, жеңіл ақыл – ой даму тежелуі, тіл дамуының тежелуі балалар бар. Кабинет қазақ халқының тілі, салт-дәстүрлерін қол өнерін таныстыра отырып Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында оқыту мен тәрбиелеу міндеттеріне білімділік, дамытушылық, тәрбиелік бағдарлама бойынша жұмыс істеуде. Біздің міндеттеріміз балалардың жемісті ойлау қабылеттері мен дағдыларын дамыту, адамгершілігі мол парасатты, ұлттық рухты тұлға тәрбиелеу. Ұлттық бөлме - бұл ұйымдастырылған түрде жан-жақты бағдарлау мақсатында жұмыс жасап келеді. Ұлттық бөлмеге енген кезде
- көңіл күйді жақсартады,
бала бойында еркіндік, қарым-қатынас жылылық,
жүйке жүйесінің тынышталуы
қорқыныш үрейдің басылуы,
белсенділік сезіледі.
Оған дәлел ретінде қазақ халқының әлеуметтік тұрмыстық жағдайына байланысты қалыптасқан қастерлі дәстүрлердің түрі қонақжайлылық, салт- дәстүрлері, мерекелер аталмыш бөлмеде өтеді. Арнай оқыту сабақтарымен қоса спорттық сайыстар, сергіту жаттығулары да өткізіледі. Алғаш кабинетке енген кездегі бала түрінде бұртиған кескіннің сабақ барысында бірі де қалмайды.
Қазақ халқы әрдайым әсемдікті іздеді, қолдан жасады және өмірде еңбекте бекітуге тырысты. Әдемілікті сезіну үшін, оған түсіну ең алдымен бейнелеу өнері. Бөлме үй жиһаздары жасауынан және оны әсемдік сезінуіндегі тәрбие құралы ретінде сабақтарда оюлардың түрлерімен таныстыру, ою-өрнек туралы мақал-мәтелдер арқылы сөздік қорын байыту, халық өнерін қастерлеуге үйрету, көркемдік өнеріне сүйіспеншілікпен қарауға тәрбиелеу мақсатында, ал дамытушылық бағытында бояу мен қылқаламмен, жұмыс істеу, іскерлік дағдыларын қалыптастыруда жұмыстар жасалуда.
Ұлттық бөлмеде баланың сабақ барысында өзіндік еркін қимылдарын дамыту, жан-жағын бағдарлау икемділіктерін дамытуда алдыға қойған мақсатымыздың жете алғаны қуантады. Мысалы үшін сабақ барысында балаларға қазан ошағымен таныстыру сабағы болатын. Менің мақсатым бала қызығушылығын артырып, бірнеше бөліктен тұратын қазан, қақпағы, екі тағанын құрастырып жинауды өз еркімен дамыту. Көрсету, қайталау әдістерді қолдана отырып, балаларды еркіндіке өз қалауымен жинау міндеттерін қоямын. Осы тұрғыда бала бойына қазан ошақсыз қайнамайтын ұғымды ескере отырып бала дамуының көзін аша түсемін.
«Тәрбие тал бесіктен» басталады. Олай болса өсіп келе жатқан жас ұрпақты намысын қайрап, жігерін арттырып, ұлттық тәрбие беру арқылы өмірде өз орнын таба білетін ұрпақ тәрбиелей білейік.
Пайдаланған әдебиеттер
baby boom Журнал маусым-тамыз 3/12.2010 ж
Сайдахметов Б.С. Халық дәстүрлері-тәрбие негізі. Қазақстан кәсіпкер.
Ғылыми-әдіскерлік журнал. Алматы, 2008.-1/56
Отбасы және балабақша журнал қырқүйек-қазан 5/2005 ж