Урок Өмір, қымбатсың маған

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


 Өзiн- өзi  тану  сабағының жоспары

Мектеп: «Бейнеу ауданы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі» ММ

Тақырып: Өмір, қымбатсың маған!

Класс: 7 «г»

Күні: 9/03/2016

Мұғалім: Аралбаева Рысбике Асылбекқызы

Құндылық:  Дұрыс әрекет, ақиқатты тану

Қасиеттер:  Адалдық, сенімділік, жауапкершілік

Сабақ мақсаты: оқушылардың өмір құндылығы туралы түсініктерін одан әрі тереңдету.

Міндеттері:

  • оқушыларға өмір құндылығы туралы тереңірек білім беру;

  • өмірге құштарлықтарын дамыту;

  • өмірдің мәнін түсінуге тәрбиелеу.


Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)өлеңнің аудиодискісі, видеоролик слайд.

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу.

Оқу құралдарын тексеру.


2. Тыныштық сәті. Баяу әуен қойылады.

«Су асты патшалығына ойша саяхат». 
-Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ- қолыңызды айқастырмаңыз. Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.
 
-Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз, жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз, ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жануар, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасына жайланып отырып, өзіңізді қауіпсіз сезініп, су астында жүзу қандай керемет екендігін түсініп отырсыз. Жан-жағыңызға қараңыз, мұнда әсем қалқыған балықтар өте көп. Ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты, әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңызба? Мұнда неткен тұңғиыққа толы тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.
 
Ал қазір жоғарыға өз әлеміңізге кері қайтуға дайындалыңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Енді дельфин кері қарай жолға шықты, сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажайып саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңз.
 
Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көздеріңізді жайлап аша бастаңыз. Осы тыныштықты бойыңызда сақтауға тырысыңыз.
 

Сабақ барысын талдау:

3. Әңгімелесу.

  1. Өмір дегенді қалай түсінесіңдер?

  2. Өмірдің мәні неде деп ойлайсың?

  3. Өмір адамға несімен қымбат?

  4. Адамға өмірде нелер кездеседі?

  5. Бақыт дегеніміз не? Өмірімізге қатысы барма?

  6. Өз өміріңді өзгерткің келеме? Қалай өзгертер едің?

  7. Уақыттың адам өміріне ықпалы барма?

  8. Адам өмірінің мәні уақыты өткен соң өзгеруі мүмкін бе, ол неге байланысты?


4.Дәйексөз.

Адам боп оңай туғанмен,
Адам боп қалу көп қиын.

Қ.Мырза Әлі

 

5. Мәтінмен жұмыс.

Ш.Сариевтің «Өмір деген тұриайды қап-қарадан» өлеңімен таныса отырып, оқушылар өмір тек бақыт, қуаныш, шаттықтан ғана емес, оның көлеңкелі жақтары да болатындығын ұғынады.

  • Ақын «ақ» және «қара» деп нені меңзеп отыр?

  • Қай уақытта адам өмірі «аққа» толы болады?

  • Адам өз бақытын табу үшін не істеуі керек?

 

6. Жаңа ақпарат

Адам өмір бойы өзін-өзі тану,құндылықтарды пайымдау,жақсы қасиеттерді өз бойына дарыту арқылы кемелденуге талпынады.
Халқымыз:
«Жақсының жақсылығын айт - нұры тасысын,
Жаманның жамандығын айт - құты қашсын» - дейді.
Адам жаман - жақсыны ажырата біліп,жаманнан бойын аулақ ұстап, бойына жақсы қасиеттерді дарыта алғанда ғана дұрыс өмірлік айқындамасын таба алады.



Шығармашылық  жұмыс, топтық жұмыс.

1 «Уақыт» тобы нақыл, даналық сөздер айтады

2 «Үміт» тобы жағдаятты шешеді

3 «Достық» тобы «Өмір симболы» постер құрайды

4 «Мейірімділік» тобы «Өмір сүрудің ең жақсы жолы» көрініс

 

6. Видео ролик

«Өмір мектебі»

7. Кері байланыс

«Білім ағашы»

 

8.Үй тапсырмасы.

  «Өмір, қымбатсың маған!» эссе жазу

 

9.Соңғы тыныштық сәтi.

Баяу әуен қойылады.

Көзімізді жұмып, еркін жайғасайық. Енді, бүгінгі өткен сабағымыздан нені түсіндік, қандай жақсы нәрселерді үйрендік, өзімізге нені алдық сол жөнінде ойланайық. Осының барлығын жүрегімізге салып, көкейімізге түйіп алайық.  Жайлап, көзеріңізді ашуға болады. Бүгінгі керемет сабақ үшін сіздерге көп рахмет!