Урок Шындық шыңы - ақиқат

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Өзiн- өзi  тану  сабағының жоспары

Мектеп: «Бейнеу ауданы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі» ММ

Тақырып: Шындық шыңы - ақиқат

Класс: 6 «д».

Күні: 13.04.2016ж

Мұғалім: Аралбаева Рысбике Асылбекқызы

Құндылық:  Дұрыс әрекет, адамгершілікке

Қасиеттер:  Адалдық, сенімділік, жауапкершілік

Сабақ мақсаты: : Оқушылардың шындық туралы білімдерін кеңейтіп , ақиқаттың құндылық ретіндегі мәнін ашу.
Міндеттері:

  • адами қарым қатынастағы бүкпесіз шынайылық, қоршаған ортадағы шындық пен ақиқат туралы түсінік беру:

  • оқушылардың шындықты жасырмай айта алу, өтірік пен шындықтың ара – жігін дұрыс ажырата білу біліктіктерін дамытуға ықпал ету;

  • оқушыларды шындыққа, адалдыққа, шынайылыққа тәрбиелеу.


Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)өлеңнің аудиодискісі, слайд.

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу.

Оқу құралдарын тексеру.

2. Тыныштық сәті. Баяу әуен қойылады.

Нұрға бөлену 
Жаздың жайма-шуақ керемет бір күні,мен судың жағасында дем алып отырмын.Күн қапырық болып, ысып кетті. Суға секіріп түсіп, рахаттана шомылдым. Не деген керемет!Өзімді судағы балықтай еркін, жайлы сезіндім.Су астына сүңгіп тереңдей бердім. О, ғажап! Мына сұлулықты қалайша көрмегенмін. Айналам сондай әсем, сұлу дүниеге толы. Өте әдемі өсімдіктер, ағаштар, көздің жауын алатын лағыл тастар, інжу маржандар. Балықтың небір әдемі түрлерін көрдім. Осынау сұлулыққа тоймай қарап тұрған кезімде, балықтардың арасынан басына тәж киген, жан-жағына жарық шашып келе жатқан «алтын балықты» байқадым.Қызығып кетіп, оны ұстап алдым. Мына кереметті қара, дәл ертегідегідей сөйлеп қоя берді: «Әй, жас өркен, мені жібер, айтқанымды істесең, үш тілегіңді орындаймын». Мен ойланып, толғанып, алтын балықты жөніне жібердім. (ішімізден үш тілек ойлаймыз) Ішімнен үш тілегімді ойлап, су бетіне жүзе жөнелдім». 
Қане, бәріміз көзімізді ашамыз. Ішімізден ойлаған тілектерімізді болашағымызға ала кетейік.
Тілеген тілектеріңіздің толық орындалуын шын жүректен тілеймін! 

Сабақ барысын талдау:

3. Әңгімелесу

Шындық дегенді қалай түсінесіңдер?
♦ Кез келген істің растығын қалай анықтауға болады?
♦ Істің байыбына жету үшін қандай әрекет жасау керек деп ойлайсыңдар?
♦ Адам ақиқатқа не үшін талпынады?
♦ Адамды қандай қасиеттеріне қарап шыншыл адам дейміз?
♦ Қандай қасиеттер адамды ақиқатқа жетелейді?
♦ Ақиқатқа жетудің қандай жолдары бар деп ойлайсыңдар?
♦ Адамды қандай қасиетінек қарап шыншыл дейміз?
♦ «Шындық шыңы - ақиқат» дегенді қалай түсінесіңдер?



4. Жаңа ақпарат

Әр адам әділдікті өмірінің басты бағдары етеді. Күнделікті тұрмыстағы, өмірдің әр қилы қалтарысындағы көптеген жағдайлардың байыбына зер сала отырып, қандай да болмасын мәселенің анықтығын шындық арқылы шешуге болады. Шындықты бағалап, айта білу адамгершілікті білдіреді.



5. Мәтінмен жұмыс.

Оқушылардың танымдық белсенділігі мен іскерлік әрекеттерін дамытып, олардың шындық пен ақиқат туралы түсініктерін мәтінді оқу арқылы дамытуды көздейтін бұл әдістің сабақтағы орны ерекше. «Сөздің атасы мен анасы» атты мәтінді оқуға ұсынылады. Мәтінді оқушылардың өздеріне кезекпен оқытып, мазмұнын мұқият тыңдауын ұйымдастырады.

Тақырыптың мазмұнын ашатын төмендегі сұрақтарға жауап беру арқылы ой пікірлерімен бөліседі.

  • Саудагер Қазыбектен нені білгісі келді?

  • Саудагердің қойған сұрағынан нені байқауға болады?

  • Бұл сұраққа өздерің қалай жауап берер едіңдер?

  • Неліктен шындықты сөздің анасы дейміз?.

 

6. Дәйексөз.

Шындық шырағы дауыл соқса да ошпейді.

Ғ.Мұстафин


 

7.Шығармашылық  жұмыс, топтық жұмыс.

Шындық, Ақиқат, Адалдық болып 3топқа бөліп тапсырма беріледі

1 Шындық тобы «Менің түсінігімдегі ақиқат» атты шағын шығарма жазу

2 Ақиқат тобы «Ақиқат» туралы сахналық қойылым

3 Адалдық тобы «Шындық, ақиқат, адалдық» тақырыбына постер құрау


 Бұл жұмыста оқушылар ұжымдық,топтық әрекетке түседі, өзара сыйластықтары нығаяды.Оқу ақпараты туралы түсініктері бекиді

8.Үй тапсырмасы.

Оқулықтың 99 –беттегі «Ақиқат ауылы» (жаттау)

 

9.Соңғы тыныштық сәтi.

Баяу әуен қойылады.

Көзімізді жұмып, еркін жайғасайық. Енді, бүгінгі өткен сабағымыздан нені түсіндік, қандай жақсы нәрселерді үйрендік, өзімізге нені алдық сол жөнінде ойланайық. Осының барлығын жүрегімізге салып, көкейімізге түйіп алайық.  Жайлап, көзеріңізді ашуға болады. Бүгінгі керемет сабақ үшін сіздерге көп рахмет!