Тәрбие сағаты Менің болашақ мамандығым (9 сынып)

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Мен мамандық әлеміндемін


Мақсат: білімділік - мамандық туралы түсінік беру, оқушыларға қолдау көрсету, жоспарларын анықтау, мамандық таңдаудың қыр - сырларын меңгеру;
Дамытушылық: өз қалаулары бойынша мамандықты дұрыс таңдай білге баулу, мақсат қоя білуге икемділіктерін қалыптастыру;
Тәрбиелік: тұлғалық өсудің алғы шарттарын қалыптастыра отырып елімізге өз үлесін қоса білетін адал маман иесі болуға тәрбиелеу:

Қайырлы күн!
Құрметті Қазақстанның жарқын болашақтары!
«Мен мамандық әлеміндемін» атты кешімізді біз бастаймыз. Кешке қош келдіңіздер. Белгілі бір мамандық иесі болу әрбір азаматтың арманы. Маман иесі болған соң, әрбір адам өз мамандығы бойынша қызмет етіп еліміздің экономикасын дамытуға халықтың әл-ауқатын жақсартуға өз үлесін қосу керек.
Мамандық дегеніміз - адамның белгілі бір қызмет атқаруына мүмкіндік беретін материалдық не рухани өндірісте алған білімі мен өмірлік дағдысының жиынтығы.
Мамандық таңдау жасөспірімдік кезеңде қабылданатын жауапты шешімдердің біреуі болып табылады.
Мамандық таңдау басқа да таңдаулар сияқты көп мөлшердегі бірнеше нұсқа бойынша шешім қабылдау болып табылады және әртүрлі факторларды ескеру қажеттілігі болып табылады.

Ұстаз деген ұлағаттың шырайы
Қадірінің тиетұғын қайыры
Ұстаз деген шуағы мол шапағат
Шаршамайтын, шалдықпайтын тәйірі деп
Мектептегі барлық ұстаздарға

Сіздердің құрметтеріңізге ән:
Қазіргі таңдағы болашақ үлкен мамандық иелерімен таныстырып өтсек

Мамандық алғың келе ме?
Мамандық өзі немене
Айналаң толған мамандық
Айналаң толған өнеге
Тыңдайық кәне ойлайық
Білімге терең бойлайық
- деп мектеп директоры Шарапатов Габидулла ағайға сөз кезегін береміз

Талмасын қанат, сөнбесін үміт
Армандар алға жалғасын
Соқса да дауыл, өрт болсын өмір
Қанаттар балғын талмасын
Алдағы келешек өмірге қажет мамандықты таңдау әр шәкірттің арманы. Әркім өзінің жұмысын қызықты болуын қалайды.

Сондықтан да бүгінгі кеш қонақтарына сөз берсек деген ойымыз бар. Келесі кезекте оқушылардың сауалдарына береміз
Сұрақ менен, жауап сенен сауалнамасын оқушылар арасында жүргізіп көрейік

1. Өзіңнің болашақ мамандығыңды таңдадың ба?
2. Сен өз мамандығың туралы не білесің?
3. Кім мамандығын әлі таңдаған жоқ?
4. Сенің мамандық таңдауыңа кім әсер етті?
5. Қай жақта оқығанды ұнатасың?
6. Сен оқуға түскеннен кейін оқудың қиындығына төзе аласың ба?
7. Адамның мамандық таңдауы оның әлеуметтік жағдайына әсер ете ме?
8. Кім болғың келеді, қандай мамандықты таңдайсың?
9. Жоғары оқу - орнына түсуге өз күшіңе сенесің бе?
10. Болашақ мамандығы жайлы кіммен ақылдастың?
11. Өзіңді ҰБТ- ға байланысты мазалап жүрген ойлар туралы айт?
12. Сенің арманың не?
13. «Армансыз адам – қанатсыз құспен тең» деген сөздің мағынасын
ашып бер?
14. Сіз емтиханға кешігіп қалсаң не істер едің?

Ендігі кезекте Қазақстандағы ұлттық университеттермен таныстырып өтсек.

Келесі кезекте аты аталмайтын көп адамдар ескере бермейтін және бүгінгі қоғамға қажетті, сұранысқа ие болып жүрген мамандықтарға тоқталсақ

Аниматор - суретке жан бітіруші. Мультипликатор - мультфилмдерге арналған суреттер салушы. 3D - аниматор - үш деңгейлі графиканы өңдеуші дизайнер. Мұндай мамандар мультфильмдерді және арнайы эффектілер мен телевидениеге арналған заставкаларды жасайды. Қазіргі таңда шетелдік кинолар мен мультфильмдер, телеарналар осынысымен өтімді болып отыр.

Витражист - көрмедегі және дүкендердегі заттарды тартымды етіп орналастыра білетін мамандар. Олар сөрелердің және олардың бөлшектерінің дизайнын жасап, көрме кешендерін әрлендіреді.

Декоратор - түрлі мекемелерді, ғимараттардың ішін әсемдеуші. Театр түсірілімдеріне арнайы сурет, графика, сәулет туындыларын таңдап, техникалар жарықтандыру құрылғыларын орнатушылар. Бүгінде біздің театрларымыздың сахналары әлі ескі үлгімен жасалған.
Ал шетелдік театрлардың барлығы заманға сай көркемделуі арнайы мамандардың араласуымен жүзеге асады.

Интерьер дизайнері - үйіміздің кеңсеміздегі жиһаздарымызды талғаммен орналастыра білетін мамандар. Бұл да қазіргі заманның таптырмайтын мамандары.

Импресарио немесе продюсер – түрлі мерекелік іс-шараларды ұйымдастырушы. Бұларды белгілі бір өнер адамының агенті деуге болады. Аса бір қабілетті, ізденімпаздықты, тапқырлықты қажет ететін мамандық.
Көркемдік әрлеуші - көшелерде ілінген жарнамаларды, сауда орындарын, қоғамдық тамақтану залдарын әсемдеушілер.

Клипмейкер - бейне және дыбыс жазу маманы. Олар жарнама идеяларын ойлап, қысқа бейне хабарламалар жасайды.

Колорист - түстердің ұтымды қолданудың маманы.
Көркемдік суретші - басылымдарды көркемдік және техникалық жағынан әрлеуші маман.
Грим жасаушы суретші. Бұл мамандықтың құрамына төрт мамандық сыйып кетеді, яғни шығармашылық бірлестік деп те айтуға болады.
Бұл бірлікке қоюшы - режиссер, оператор, қоюшы - суретші және сахналық киім таңдау мен грим жасау суретшісі кіреді. Суретші кейіпкерге тән бет - бейнені жасап, режиссермен тығыз байланыста жұмыс істейді.

Мамандық таңдау кезінде ескеріңіз:
өзіңнің қызығушылығыңды, бейімділігіңді, құштарлығыңды, яғни осындай іс-әрекетті істегенді ұнатамын;
өз мүмкіншілігің - білімің, қабілетің, денсаулығың, яғни істей аламын;
еңбек нарығы сұранысы, кадрлардың қажеттілігі, яғни керек маман дегенді.

Ендігі кезекті апайлар мен ағайларға сұрақ бергіміз келіп отыр
Басшы болып елді басқару қиын ба? Әлде мансап па?
Сізді күнделікті бір сарынды мектептегі өмір жалықтырмай ма?
Сіз мектебімізде ұстаз болып ұзақ жылдар бойы қызмет етіп келесіз. Қызықты сәттеріңізді еске түсіріңізші?
Сіз ұстаздық қызметтен зейнеткерлікке шықтыңыз делік. Қайта мектепке келгіңіз келмей ме?
Осы мамандықты таңдағаныңызға өкінбейсіз бе?
Мамандығыңыз өзіңізге ұнай ма?

Келесі кезекте «Сергіту сәтіне» береміз. Бұл ойында кешке келген қонақтарымыз шақырылады.
Гүлдер таратылады. Гүл ішіндегі сұрақтар
1. Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін орындаңыз
2. Бір жаңылтпаш айтыңыз
3. Мұқағалидің өлеңінен үзінді айтыңыз
4. «Мамандығым - махаббатым» дегенді қалай түсінесіз
5. Болып жатқан сериалдың бір кейіпкерін сомдаңыз
6. Рахаттанып демалыңыз

«Жағдаяттық сұрақтар»
1. Сен өзіңе ұнаған мамандықты таңдадың, бірақ ол мамандыққа ата-анаң қарсы. Сен ол кезде не істер едің?
2. Ата-анаң саған бір мамандықты таңдап берді, бірақ ол мамандық саған ұнамады. Сен ата-анаңның шешіміне қарсы боласың ба?
3. Өз бойыңда қандай қасиеттер бар?
4. Егер таңдау шектеулі болса қандай мамандықты қалар едің? (моторист, аспазшы, даяшы, бағбан, жүргізуші, күзетші, электрик, дәнекерлеуші)
5. Сен мұғалім болуды армандайсың. Мұғалім мамандығын қатты ұнатасың.
Бірақ өзіңе ұнамаған мамандықтың грант иегері атандың. Ол мамандыққа жаның қас. Не істейсің?
Мен мамандық әлеміндемін» атты тақырыбындағы кешімізді қорытындылау үшін қонақтарға сөз береміз.
Кештен алған әсерлеріңізді бір-бір ауыз сөзбен жеткізсеңіздер.
Ән:
Құрметті апайлар, ағайлар, қонақтар, оқушылар бүгінгі біздің кездесу кешімізге келгендеріңізге көп-көп рахмет. Сау саламатта болыңыздар!