Пікірталас кеші Әлемнің әміршісі-еңбек

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


«Әлемнің әміршісі – Еңбек»

/Пікірталас кеші/


«Болашақта ХХІ ғасырда тек Е Ң Б Е К қана [pic]

барлық қазақстандықтардың әл-ауқатқа және жаңа өмір сапасына қол

жеткізуін қамтамасыз

ете алады»

Н.Ә.Назарбаев

Мақсаты: Ел Президентінің Қазақстан халқына арнап жолдаған «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына 20 қадам» атты бағдарламалық мақаласын талдап, насихаттау, ауыл тұрғындарымен мектеп арасындағы байланысты нығайту, жас ұрпақты еңбексүйгіштікке, адалдыққа, елжандылық қасиеттерге баулу.


Пікірталас кешінің жоспары:

  1. Кіріспе

  2. Ширату сәті

  3. Пікірталас бөлімі

  4. Тренинг «Аялы алақан»

  5. Қорытынды

1.Кіріспе.

Құрметті ұстаздар, оқушылар, бүгінгі пікірталас кешіне қатысушы қонақтар! Елбасымыздың «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына 20 қадам» атты мақаласын талдап, насихаттау мақсатында және ұрпақтар сабақтастығы тұрғысында әр буынның еңбекке көзқарасын айқындап, ауылымыздың бүгінгі тыныс-тіршілігін сараптап, өз пікірлерін білдіру мақсатында ұйымдастырылып отырған «Әлемнің әміршісі – Еңбек» атты пікірталас кешіне қош келдіңіздер!

Бүгінгі кешімізге өздерінің ерен еңбекке толы өнегелі өмірімен жас ұрпаққа үлгі болып жүрген ауылымыздың ардақты жандарын, аға буын өкілдерін шақырған болатынбыз. Оларға қарап, Фариза ақынның:

Жақсы адам – елдің тірегі,

Байлығы туған халықтың.

Шапағын шашар үнемі

Көгінде тұрған жарық күн –

деген өлең жолдары ойға оралады.

Кешіміздің келесі қонақтары – ел экономикасын дамытуда өз үлестерін қосып жүрген, алып аграрий болмаса да, шағын шаруа қожалықтарына жетекшілік етіп, өз игіліктері мен ел игіліктері үшін ерінбей еңбек етіп, биыл төртінші жыл «Мектепке жол» акциясына қатысып, қайырымдылық шараларына ат салысып жүрген ауыл азаматтары . Оларға ақын Төлеген Айбергеновтің мына бір өлең жолдарын арнаса болғандай:

Бұл қазақта жігіттер бар нар қасқа,

Жарқылдаған алмас па.

Дейсің-ау , дейсің сен оны,

Айырып кетсе жол басқа.

Орны тіпті толмас та.

Бұл қазақта жігіттер бар қонаққа

Маңдайындағы бір атын

Жайратып салып, жарқылдап күліп тұратын

Көкірегінен күн сөнбей

Осы бір шаққтан білсең ғой

Тұратын тауып мұратын...

Ал, жас буын өкілдері – 11-сынып оқушыларына арнап:

Сендерсіңдер – халқымның армандары,

Сендерсіңдер – жырақта салған әні,

Сендерсіңдер – иесі кең даламның,

Сендерсіз бұл тірліктің жалған бәрі.

Сендерсіңдер – өмірдің жалғастары,

Аттанған алыс жаққа алғаштары.

Сендерсіңдер – қадірлі болашақтар,

Арайланған елімнің таңғы аспаны.

  1. Ширату сәті

Әлемнің әміршісі – Еңбек. Тек еңбекпен ғана жеміс өнбек, тек еңбек қана бар қиындықты жеңбек. Елбасымыз баршамызды ел игілігі үшін еңбекке шақырады. /Оқушылардың ел экономикасы жөнінде хабарламалары/

Ендеше, ең алдымен ширату сәтін ұйымдастырайық, еңбек жөнінде естігенде қандай ассосация туындайды.

  1. Пікірталас бөлімі.

Елбасы Үкіметке 20 тапсырма берді, сіздер алдарыңыздағы 20 сұраққа қалай жауап берер едіңіздер, ой тарқатып отырайық...

Пікірталас сұрақтары

  1. Елбасының «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына 20 қадам» бағдарламалық мақаласымен таныссыз ба?

  2. Елбасы тапсырмалары жөнінде пікіріңіз?

  3. Сіз үшін еңбектің маңыздылығы...

  4. «Аз жұмыс жасап, көп табу», «Ауадан ақша жасау» секілді көзқарастарға қалай қарайсыз?

  5. Адал еңбек етіп табысқа кенеле аламыз ба?

  6. Н.Хиллдің «Ойлан да, бай бол!» атты еңбегі біздің менталитетімізге келе ме?

  7. Жалқаулық - атадан қалған аманат па?

  8. Атакәсіп қайтсе алға басады?

  9. Сиыр сауып отырып, неге өзгенің сүтін ішеміз?

  10. Ауылымызды қалай ажарландырамыз?

  11. «Бүгінде қоғамда ЖББ мектептердегі тәрбие үдерістерін аса ерте кезеңнен бастап егу, мемлекет – шетсіз-шексіз донор емес, азаматтар әл-ауқатының өсуі үшін жағдай туғызатын әріптес деген ұстаным қалыптастыру маңызды.» /Н.Ә.Назарбаев/ Сіздің ойыңыз...

  12. Әлеуметтік масылдық, әлеуметтік инфантилизм деген не?

  13. «Бала еңбегін қанау» деген мәселеге қалай қарайсыз?

  14. Ауылымыздың еңбек озаттарын білеміз бе?

  15. Бүгінгі күннің ерен еңбеккері деп кімді танисыз?

  16. Сіздің өмірлік ұстанымыңыз

  17. «Өз игілігіңді өзің жаса» идеясына келісесіз бе?

  18. Бар игіліктің басы – еңбек деп түсінесіз бе?

  19. «Еңбек емген қоғам ғана бақытқа кенелтеді» деп ойлайсыз ба?

  20. Елбасы бағдарламасын қолдайсыз ба?


  1. Тренинг «Аялы алақан»


Елбасы Жолдауын қолдаған аялы алақандарыңызды алдарыңыздағы ақ параққа түсіріп, ортасына есімдеріңізді жазып қойыңыздар. Өз есімдеріңіздің бірінші әрпіне басталатын, өз бойыңыздан табылатын қасиеттерді жазыңыздар...


  1. Қорытынды


Беталысы күнде өзгерген алмағайып дүниеде адамзат үшін ешқашан өзгермеген, өзгермейтін темірқазықтар бар.

Ол – білім! Ол – еңбек!

Ел болашағының баянды болмағы баста бұлықсыған білім мен қолда ойнаған еңбекке байланысты.

Ендеше, еңбектеріңіз жансын!