Сабақтың тақырыбы : «Тапқыр достар»
Сайысқа 8 сынып оқушыларынан іріктелген екі топ қатыстырылады.
Сабақтың мақсаты
а) оқушылардың ақыл – ойының оқушылар арасында бәсекелестікті туғызып, жадында сақтау мен ойлау қабілетін арттыру
Б) оқушыларлдың білімге деген құштарлығын, дүниетанымдығын, ұжымшылдық қасиетін дамыту
Сабақтың түрі : Сайыс сабақ
Көрнекілігі : Слайдтар,үлестірмелі карточкалар
Сабақтың барысы :
Сайыс сабақтың жоспары
1.Кіріспе
2. Таныстыру
3. «Ойшылдар» сайысы
4. «Жұбын тап» сайысы
5. «Сиқырлы тізбек» сайысы
6. «Құрал - жабдықтар» сайысы
7. «Ауыстырмақ» сайысы
8. « Сөз зергері» сайысы
9. Әділқазылар бағасы
10. Жеңілген топ өз өнерін көрсетеді.
11. Қорытындылау
Сайыс ережесі
Сайыс басталудан бұрын әділқазылар алқасын сайлап алу қажет
Әр сайыстан ұпай саны есептелінеді.
1) Кіріспе
Құрметті көрермендер бүгінгі «Тапқыр достар» сайысына қош келдіңіздер! 2) Таныстыру
Топ басшылары топтың құрамы мен мүшелерін таныстырады.
Әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан есептелінеді.
3) 1 тур «Ойшылдар»
Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін қандай деңгейде білетіндіктерін тексеру үшін қағаз бетіне сурет тапсырмалар беріледі.
Кітап, дәптер, мұғалім,
4) 2 тур «Жұбын тап»
Екі бағанда тұрған сөздердің жұбын тауып, қағазға дұрыс жауабын түсіру.
Қауіпсіздік ережесі
Ою
өрнек
Технологиялық
карта
Жұмыс
үстелі
5) 3 тур «Сиқырлы тізбек»
Әр топқа ішіне ақпарат, ұзындық, салмақ өлшемдері жазылып, төртбұрышталып қиылған 5 қағаздан беріледі. Әр өлшем бірліктерін 10 секунд ішінде өсу ретімен орналастыру керек.
-- 1.Миллиметр; 2.Сантиметр; 3.Дециметр; 4.Метр; 5.Километр
-- 1.Бит; 2.Байт; 3.Кило байт; 4.Мега байт; 5.Гига байт
-- 1.Милиграм; 2.Грам; 3.Килограм; 4.Центнер; 5.Тонна
6) 4 тур «Құрал - жабдықтар»
Құрал – жабдықтардың суреті салынған карточканы суыру арқылы, ненің бейнесі , қандай қызмет атқаратынын баяндап беру.
Ара, рулетка, штангенциркуль, сүргі, қашау, бұрғы,
7) 5 тур «Ауыстырмақ»
Бұл сайыстың шарты орны ауысқан сөздерден дұрыс сөз құрастыру
Қошқармүйіз Шекімелеу Технология Верстак
8) 6 тур « Сөз зергері»
Технология пәні бойынша 2 сөз беріліп, сол сөздің құрамына кіретін әріптерден бірнеше сөздер жасап шығарулары қажет. Берілетін уақыт 2 минут.
9) Әділқазылар алқасы жеңіске жеткен топты жариялайды.
10) Жеңілген топ өз өнерін көрсетеді.
11) Қорытындылау