Сабақ жоспары Қол жұмыстарын орындауға арналған жұмыс орны (7 сынып)

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Қол жұмыстарын орындауға арналған жұмыс орны.

Техника қауіпсіздік ережелері.

Сабақтың тақырыбы: Қол жұмыстарын орындауға арналған жұмыс орны. Техника қауіпсіздік ережелері. 
Сабақтың мақсаты: 
Оқушыларға қол жұмыстары кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау тәртібімен таныстыру. 
Жұмыс орнын дұрыс ұйымдастыра білуге дағдыландыру. 

Еңбек мәдениетіне, ұқыптылыққа тәрбиелеу. 
Сабақтың түрі: кіріспе 
Сабақтың әдісі: әңгімелеу, сұхбаттасу. 
Көрнекілігі: « Қол жұмыстарына пайдаланатын құрал-саймандар» суретті плакат 
Сабақтың құрылысы: Ұйымдастыру бөлімі; 
І. Кіріспе бөлім; 
ІІ. Негізгі бөлім; 
ІІІ. Қорытынды бөлім 
Оқушылармен амандасу, жоқ оқушыларды белгілеу. Класс бөлмесіне кезекшілікті белгілеу. 
ІІ. Жұмыс орнын ұйымдастыру. 
Қол жұмыстарын орындауға арналған жұмыс орны- бұл өңделетін бөлшектерді, құрал-саймандар мен құрылғы аспаптарды орналастыратын жұмыс үстелі. 
Оқушыларға технология сабағына қажетті құрал-жабдықтармен таныстыру және олардың үстел үстінде орналасу тәртібін айту. 
Қол жұмыстарын орындаудағы дұрыс отыру тәртібі: 
1. Аяқтарың еденге тіреліп, табандарың жайлы жату керек. 
2. Бас сәл ғана алға иіліп, көз бен бұйым арасындағы ара-қашықтық шамамен 30 см 
болуы керек. 
3. Шынтақтармен үстел бетіне сүйенбе. 
4. Қолдарың денеңнен 10 см шамасында арақашықтықта болсын. 

Қол жұмысы барысында қауіпсіздік ережелерін сақтау 

Жұмыс барысындағы қауіпті жағдайлар: 
-инемен, түйрегішпен немесе қайшымен, саусақты, қолды немесе көзді жарақаттап алудан сақтану керек. 
Жұмыс басталғанда: 
-инешекте қанша ине, қанша түйрегішбар екенін санау; 
-құрал-жабдықтарды арнайы бөлінген жерге қою. 
Жұмыс барысында: 
-мұқият болу; 
-саусақты инемен немесе түйрегішпен шаншып алмау үшін оймақ кию; 
-инені, түйрегішті пайдаланғаннан кейін қайтадан инешекке немесе арнаулы қорапшаға салу; 
-қайшының ұшын өзіңнен бұрып, оң жаққа қою. 
Жұмыс соңында: 
-инешектегі ине мен түйрегішті санау, түгелдеу; 
-жұмыс аяқталғаннан кейін бұйымдарды, құрал-саймандар мен аспаптарды арнаулы орындарына жиыстырып қой. 
ІІІ. Оқушылардың күнбе-күн орындалатын жұмыс кезіндегі тәртіп пен ережелерді сақтаудың негізгі шартын жасау. Кабинеттегі қауіпсіздік ережелері туралы дәптерге қол қою. 
Үйге тапсырма: Өткен материалды қайталау.