Технология пәніСабақтың тақырыбы: Қол тігістері.

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сабақтың тақырыбы: Қол тігістер. Мақсаты:
а)білімділігі: оқушыларға қол тігіс түрлерімен таныстыру, тігуді үйрету, тігістің түрлерін тігуге жаттықтыру;
ә)тәрбиелілігі: ұқыптылыққа, іскерлікке, шыдамдылыққа баулу;
б) дамытушылығы: қол тігіс түрлерін тұрмыста қолдана білуге, тиімді пайдалануға үйрету, қызығушылықтарын дамыту.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын, сарамандық жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: слайд, қол тігіс түрлерінің суреттері
Сабақтың құрал-жабдықтары: ине, жіп, қайшы, мата
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі.
а) Сәлемдесу
ә) Сабаққа дайындық, оқушыларды түгендеу
б) Оқушыларды топқа бөлу
2. Сабаққа дайындық.
1,2,3
Бойға жинап күш
Жалқаулықты тастаймыз
Жаңа сабақ бастаймыз.
3. Үй тапсырмасын тексеру
1.Мақта талшықтарының табиғи түсі кандай болады? (ақ, сонымен қатар қоңыр сарғыш, жасыл түстері де кездеседі.)
2.Зығыр матаның беті қандай болады? (жылтыр, тегіс, мықты, ашық сұр,)
4. Жаңа сабақ
Ой қозғау (жұмбақты шешу)
Кірш – кірш етеді
Ішіне кіріп кетеді
(ине)
Бір тышқанда екі құйрық
(ине мен жіп)
Қылыштасты ағайынды екі батыр
Кескілесті екеуі шатыр-шұтыр
Ағайынды екеуінің кескілесі
Тігіншіге пайдасын тигізіп жатыр(қайшы) Кіріспе сөз. Қазіргі кезде қолмен іс тігетін тігіншілерді өте сирек кездестіреміз.
Өйткені олардың орнын тігін машиналары алмастырады. Алайда бұйымның бөлшектерін уақытша біріктіруге және әшекейлеп, көркемдеу үшін, сондай-ақ тігін машинасымен орындалуы қиын жағдайлар болған кезде қол тігістерді қолданылады. Тігіс –деп бөлшектердің біріккен орнын айтамыз. Тігім –деп бір неше рет қайталанған инешаншым орнын айтамыз. Қол мен іс тігушінің негізгі құралдарына ине, жіп, қайшы, оймақ жатады.
Кез келген бұйым тігу үшін матаның қалыңдығына қарай қол инесі мен жіпті дұрыс таңдау қажет. Көктеу, жөрмеу, тепшу,қиғаш сәндік,қайып тігу, тышқан із тігіс, торлау.
(слайд)
Көктеу тігіс. Бөлшектерді уақытша бекіту үшін қолданады. Тігіс солдан оңға қарай орындалады.
Айқас тігіс. Ине матаның теріс бетінен тік, ал оң бетінен қиғаш шаншылады, ине шаншымның арақашықтықтары 1 мм шамасында болады. Тігіс солдан оңға қарай, келесі тігіс солдан оңға қарай айқасады.
Тор тігіс матаның шеті сетінемес үшін және түймелікті торлау үшін қолданады. Тігісті солдан оңға, оңнан солға қарай да орындауға болады. Тігістің арақашықтығы мен биіктігі матаның қалыңдығына байланысты. Бұл тігістің ине шаншымдары тігінен түседі.
5. Жаңа сабақты бекіту. «Бақытты сәт» ойыны топтарға 3 сұрақтан беріліп оларды талдауға 3 минут бөлінеді. Топтардың бір өкілі жауап береді.
Тапсырма: 1-топ Ине
1. Тігім-деген не?
2. Қай тігіс кестеде көп қолданылады? (Тышқан із)
3. Матаның шеті сетінеп кетпес үшін қандай тігіс қолданылады?(тор)
2-топ Жіп 1. Тігіс-деген не?
2. Тігістің түрлерін ата? (Көктеу, жөрмеу,қиғаш, ілмек) 3. Бөлшектерді уақытша бекіту үшін қолданылатын тігіс? (көктеу)
6.Мазмұнына қарай мақал-мәтелді жалғастыру.
1- топ. 1. Жіп жіңішке (жерінен) үзіледі
2. Жіптің ұзыны жақсы
Сөздің (қысқасы) жақсы
2-топ
1. Тігінші кем істейді (үтік) тегістейді 2. үйренгенің (өзіңе) құт Істегенің еліңе құт.
7.«Көсемдікке ұмтылу» сұрақтарына барлық ойыншылар жауап береді. Ең көп дұрыс жауап берген топ ұтады.
1. Қандай тігіс түрлерін білесің? (жөрмеу,көктеу,торлау)
2. Іс тігу үшін қандай құралдар қажет?(ине, жіп, қайшы,оймақ)
3. Ине не үшін қажет? (іс тігу үшін)
4. Мата түрлерін ата?(жібек,шыт,мақпал)
5. Кестелеуге қандай жіп қолданамыз? (мулине)
8. Сарамандық жұмыс.
Қауіпсіздік ережесі.
Инемен жұмыс жасағанда, инені аузыңа салма.
Ине жерге түсіп кеткенде мұғалімге ескертіп, мұғалімнің көмегімен ал.
Қайшыны досыңа сілкілемей бер.
Тігіс түрлерін матаға орындап, альбомға желімдеу.
9.Үйге тапсырма беру.
Тігіс түрлерін жаттау. Қол тігіс түрлерін тігіп қолдарын жаттықтыру.
Бағалау
Сабаққа белсене араласып отырған оқушыларды бағалау.