Тағам әзірлеу технологиясы 10 сынып, сабақ жоспарлар топтамасы

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сабақтың тақырыбы: Ас ішу әдебі: түрлері мен қазіргі сипаты.

Ас ішудің өзіндік әдебін құрайтын қағидалар;

Ас ішуде қойылатын талаптар, қазіргі сипаты;

Білімділік: тамақ ішу режимін дұрыс сақтауды үйрену.
Дамытушылық: тамақтанудың ұлттық дәстүрі мен мәдени деңгейін дамыту
Тәрбиелік: тазалық сақтауды, ас дайындау өнеріне тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру.
Көрнекілігі: бүктемелер, нақыл сөздер, мақал – мәтел, дастархан тағамдары
Пәнаралық байланыс: әдебиет, ән, бейнелеу, тарих
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Сабаққа әзірлігін тексеру

Жаңа сабақ. 1.«Ас – адамның арқауы» дейді дана халқымыз. Шынында, солай, бұған ешкімнің таласы жоқ. Өйткені, ол – тәннің азығы. Сол себепті күнделікті үш мезгіл тамақтануымыз бойға қуат сыйлайды. Бірақ, көп жағдайда дұрыс тамақтанбаудан ба, әйтеуір, асқазанға көрінгенді тығып, ақырында түрлі ауруларға жол беріп алатынымыз бар. Шыны керек, дұрыс тамақтанудың денсаулыққа берер пайдасы мол екенін бүгінгі медицина саласы ғылыми тұрғыдан дәлелдеуде.

Организімге қажетті қоректік заттардың тиісті мөлшерде және дер кезінде келіп тұруы үшін адам уақытында және дұрыс тамақтана білгені абзал, неге десеңіз организімге қажетті бүкіл энергия тамақ арқылы пайда болады. Оның үстіне адам денесіне қажетті заттардың бәрі бір тағамның түрінен табылмайды, сондықтан ол әр түрлі тағаммен қоректенуге мәжбүр. Егер де, адам тағамның тұрақты бір түрімен қоректенсе, ол түбінде әртүрлі ауруларға шалдығуы мүмкін. Сондықтан, тағамның әртүрлі болғаны өте маңызды, бірақ та бұл жыл маусымына, қолда бар мүмкіндіктерге және әр халықтың тамақтану дәстүріне байланысты.
Адам тамақтың қандай түрін, қай мезгілде және қанша мөлшерде ішу керек екенін жөнге салып отыратын физио-биологиялық сезімді тәбет дейміз. Әрине, біз тамақты тәбетіміздің тартқанынша ішеміз, бірақта біз ішкен тамағымызды бақылап отырмасақ, ол бізді қолайсыз жағдайға ұрындыруы мүмкін. Егер де біз тамақты мөлшерден көп ішсек, ол адамды семіртіп, салмағын шамадан тыс көбейтіп жіберуі де ғажап емес. Адам тым семіріп кетсе ол да денсаулыққа зиян екені хақ. Ал, тамақты уақытында және жеткілікті мөлшерде ішпесек, онда біздің организімге қажетті қоректік заттар жетіспей, дене бітіміміздің дұрыс қалыптасып өсуіне зиян келтіреді. Әр нәрсенің өзінің шамасы бар, адам не істесе де шектен шықпауы керек, сол сияқты, тамақ ішкенде де нәпсіге қарап тамақты шамалап, орта құрсақ болып ішкен дұрыс. Ол жөнінде Әл-Фараби: «Жеген тамақтың шамадан тыс артық, не кем болуы денсаулықты сақтамайды. Тиісінше еңбек ету денеге күш береді, ал шектен тыс артық немесе жеткіліксіз еңбек күшті қайтарады немесе әлсізді әлсіз халінде қалдырады...», - деген болатын.
Тәбеттің тым күшті болуы, немесе мүлде болмауы да жақсы емес, сондықтан тәбетің тым күшті болса, оны басу үшін тамақты аз-аздан жиілетіп ішу, егерде тәбетің жоқ болса қарынды ашырып барып ішу керек.
Бұл жерде адамға тамақ ішу режимін дұрыс сақтаудың үлкен маңызы бар. Оны шамамен төрт принципке бөлуге болады: 

  1. Бірінші, тәуліктің белгілі бір мерзімінде тамақтанып отыру. Тамақтанатын уақыт жеткенде адам организімінде реакция болып, сілекей, асқазан сөлі т.б. бөлініп шығады. Тамақтың иісіне, түріне, дәміне бөлінген сілекей мен асқазан сөлінің шартты рефлексті реакциялар ретінде ас қорыту процесінің де атқаратын рөлі өте зор.

  2. Екінші, тамақты тәулік ішінде бірнеше рет бөліп ішу. Егерде адам тәулігіне сирек (бір-екі рет), немесе жиі (бес-алты рет) тамақтанса мұның бәрі организмнің ас қорыту процесіне зиян. Сондықтан, бір тәуліктің ішінде үлкен адамдарға үш рет, балаларға төрт рет тамақтанған дұрыс деп саналады.

  3. Үшінші, тамақ ішкен сайын, оның ішіндегі адам организіміне қажетті белоктардың, майлардың, витаминдер мен минералды заттардың жеткілікті мөлшерде болуына көңіл бөлу керек. Бұл ішкен тағамның түрлеріне байланысты.

  4. Төртінші, тамақ мөлшерінің тәулік бойындағы тамақтану мерзімінде дұрыс бөлінуі. Мысалы, таңертеңгі ас пен түскі аста тәуліктік рациондағы калориялардың жалпы мөлшерінің үштен екісінен астамын, ал кешкі аста үштен бірінен кемірегін алуға тиіс. Себебі, еңбек күні аяқталғанан кейін кешкісін адамдар энергияны жұмыс уақытына қарағанда аз жұмсайды, ал түнде ұйықтағанда онан да аз жұмсайды, сондықтан кешкі жатар алдында тамақты көп ішсе, ішке барған көмірсутегінің дені толық қорытылмай, май тканьіне жиналып, адамның семіріп кетуіне себепші болады. 

Тамақтанудың дұрыс режимін сақтау балалардың денесінің дұрыс қалыптасып, организімінің жақсы дамуы үшін өте қажет. Бірақ та тамақтану режимін өзгермейтін қағида деп қарауға болмайды. Кей уақытта күнделікті тұрмыс жағдайында оны орындап отыруға мүмкіндік болмауы мүмкін. Ондай жағдайда тамақтану режиміндегі өзгерістердің тым көп болмауын қадағалау керек.
Адамның қалай тамақтануы, әрине, біріншіден, оның жасына, жынысына, денсаулығына, кәсібінің түріне және ауа-райына байланысты болса. Екіншіден, тамақтанудың ұлттық дәстүрі мен мәдени деңгейіне, әлеуметтік тұрмысы мен азық-түліктің жеткіліктілігіне байланысты.
Осының бәрі ас, тағамның адам өмірінде тек аштан өліп қалмау үшін ғана қажет емес екенін көрсетеді. Адамның биологиялық қана емес, рухани өмірінде, әр халықтың жанына етене жақын салт-сана, ғұрып-дәстүрінде астың алатын орны, мәні өте зор. Тамақтанудың шынайы әдептілік көрсеткіштерінің бірі екенін есте ұстап, жас жеткіншіктердің үйдегі, түздегі, оқу орындарындағы тәрбиесіне жете көңіл бөліп отырудың мәнділігі даусыз. Адамның тәні мен жанын кемелдендірудің жолын іздеген ұлы ойшылдардың, соның ішінде ақын-жазушылар мен медицина ғалымдарының тамақтану әдебіне ерекше мән бергендері тегін емес. Шығыстың әйгілі ақыны Сағади Шеразидің айтуынша, адам тамақ ішу барысында көп жақты сыннан өтеді екен. Оның: 
Артық жеп, аузыңнан шығып кетпесін,
Тым аз жеп, аштық өтіп кетпесін.
Шақтап жесең, тәнің көрер рақатын,
Сібелеп ішіп-жесең, келер зақым.
Көп ішіп, ішің ауырса тегі,
Дәрі-дәрмектің ондайда болмайды себі, –дегенде тамақты дұрыс іше білудің зияны мен әдепке жатпайтын жарамсыз жақтары өткір де орынды сипатталған.
Халықтарымыздың мыңдаған жылдар бойы тұрмыс-тіршілігінде тамақ ішудің өзіндік әдебін құрайтын қағидалары қалыптасып, ол қағидалар ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып отырған. Олар күні бүгін де тамақтану мәдениетіміздің негізін құрап, қазіргі заманғы тұрмысымыз бен өркениетіміздің жаңалықтарымен толықтырыла түсуде. Әрине, ұлттың, ұлыстың өмір сүру жағдайларына, тарихи даму кезеңдеріне, басқа халықтармен аралас-құраластық, сауда-саттық, мәдени қарым-қатынастарына байланысты олардың ұлттық тағамдарының құрамында өзгерістер болып тұрады, сондай-ақ, тамақтанудың дәстүрлі тәртіп-нормаларында жаңарулар болмай қоймайды. Бірақ оның ата салтымен, әдет-ғұрпымен, діни нанымдармен, ұлттық психикасымен біте қайнасып кеткен жанды өзегі, негізгі ұйытқысы сол халықтың немесе ұлттың өзіндік ерекшелігі болып қала береді. Тамақтану әдебінің табиғатын тануға қатысты біз енді оның нақты көріністеріне тоқталсақ.
Ауқаттану әдебі тамақ ішуге отырар алдында қолды жуудан басталады. 
Егер, үйде қонақ болса, үлкендер дастархан төңірегіне отырып қалса, онда жасы кішілер қонақтардан бастап қолға су әкеп құйып, сүлгі ұсынуы немесе қонақ кісіні қол жуғышқа бастап барып, ол қолын жуып болған соң, таза сүлгі беруі тиіс. Мүмкін болса, әр адамға жеке-жеке шағын сүлгі ұсынса, тіптен жақсы. Сондай-ақ жасы үлкендердің жасы кішілерге, ата-аналардың балаларының қолына су құйып, орамал әкеп беріп жатуы жарамайды.
Дастархан басында жиналғандар да қалай болса, солай отыра қалыспайды. Жасына, сый-құрметіне қарай әркімнің отыратын жері болады. Кішкентай нәрестелер, бүлдіршін бала ата-аналарының қасында отырады, өйткені, олар дербес, өз беттерімен тамақты ішіп-жеп, ас құйылған ыдыстарға иелік жасай алмайды. Ал, ер жеткен балалар ата-аналарынан, басқа да үлкендерден төмен орын алуға тиіс. Бірақ, бойжеткен қыз есік жаққа отырмайды. Ал, қонақ болса, үй иесінен жасының үлкен не кішілігіне қарамай төрде отырады. «Мейман атаңнан да үлкен» деген сөз содан шықса керек.
Дастархан жайылып, тамақ қойылғаннан кейін, алдымен жасы үлкен кісі дастарханға бата жасап, «бісмілла» деп табаққа қол созып, астан ауыз тиеді де, ет болса сүйектерін кесек етінен ажыратып, отырғандарға өзі үлестіріп береді немесе ондай қызметті атқарып, етті турауды ыңғайы бар жасы кіші ер адамға, әдетте, жігіттерге тапсырады. Бүгінде ондай дәстүр қалып бара жатқанымен, әр жігіттің әсіресе той-томалақта, басқа да бас қосуларда табақтағы етті саспай, сасқалақтамай, жөнін біліп турай алуы қажетті саналады. Ал мұндай қызмет тапсырылмаған жасы кішілер мен балалардың алдымен табаққа қол салуы әдепсіздікке саналады. Олардың үлкендер тамақ алып отырғанда, олардан бұрын «жеп болдым» деп қолдарын сүртіп, дастарханнан шегінуі де жөнсіз, тұрып кету, тіпті, сөкет іс болып табылады. Өйткені, мұндай қылықтары арқылы әсіресе сырт кісілерді ыңғайсыз жағдайға қалдыруы және үлкендерді сыйламағандық, елемегендік, көзге ілмегендік болып қабылдануы мүмкін. Сондықтан, жастар, дастархан басында қонақ, сырт отырған үйдің иесі табақтастарының жағдайын ойлап, қас-қабағын байқап қимылдағаны, ізет сақтағаны жөн. Сөйтіп, олар табаққа бата сұрап, содан кейін орындарынан тұрулары керек.
Дастархан жиналып, қол жуылған соң, қонақтар қайтуға ыңғай білдіргенде, үй иесі олардан бұйымтай сұрап, онан кейін хош айтысып, шығарып салғаны дұрыс.
Осы күні кейбір үй иелері дастархан жайылар-жайылмастан арағын ала жүгіретіні бар. Бұл – қонақты сыйлаудан гөрі, сыйлағандық емес, қайта сыйламағандық болады. Өйткені, сонысы арқылы қонаққа ас-тағамнан, дәм тұздан, үй иелерінің пейіл-ықыласынан, дастархан үстіндегі жағымды әңгімеден арақ мәнді дегендей болып қалуы ықтимал. Шынында да, арақ астан жоғары бағаланып, бірінші орынға шығарылған дастарқанда үй иелерінің бар пейілін салып, көп еңбектеніп әрі сыйлы қонақ жесін деп, өз ауыздарынан жырып берген дәмді-жұмсақ тамағының қадірі кетіп, жөнімен ішіп-желінбей қалады, әңгімелерінің де берекесі қашып, ықылас-құрмет далаға кеткендей болады.
Оның үстіне ішімдік қанша «жөнімен» ішілгенімен, бала-шағаның ондай дастарқан басында үлкендермен, қонақтармен бірге отыруы орынсыз. Сөйтіп, балалар ауыл ақсақалдарына, алыстан келген сыйлы мейманға қызмет көрсетіп, үлкенді сыйлау әдебіне үйренетін, әрі олардың өздерін танып-біліп, неше алуан қызықты да тағылымды әңгімелерін тыңдап, сабақ алатын аса бағалы ежелгі дәстүр де көмескі тартып бара жатқандай.
Қойылған тағамды ішіп-жеудің өзі әдеп-тәрбие талаптарының тұтас бір жүйесін құрайды. Мысалы, ет алдыға қойылысымен, оны тураушы үлестіріп берген сүйектерге бірден ауызды салып, тістеп жұлғылап жеу өте әдепсіздікке саналады. Оны шала мұжып, жұлым-жұлым етіп тастай салмай, пышақпен тап-тұйнақтай етіп тазалап жеу керек. Кейбіреулер тамақты тәрелкесіне үйіп салып алғанымен, тауысып жемейді, көбі артылып қалады – бұл да дұрыс емес. Тамақты өзінің аш-тоқтығына, тәбетіне қарай шамалап алып, тауысып жеу ләзім. Ал тамақ, сусын, т.б. жеке кісілердің бас-басына ұсынылатын жағдайда құюшы, үлестірушіден өзіне шақтап құйып беруді өтінудің зияны жоқ. Өйткені, ас ішу әдебі тамақтың өзіңе тиесілі бөлігін жеуді талап етеді.
Дастархан үстінде, онда да ауызды асқа толтырып алып, сөйлеу жараспайды. Мұның әдептілік тұрғысынан ғана емес, тәбеттің тамаққа ауып, сілекей бездерінің дұрыс бөлініп шығуы, сөйтіп, ішкен астың дұрыс қорытылуы үшін де маңызы зор. 
Жұтпай тұрып, шайнап ал, 
Сөйлемей тұрып, ойлап ал, – деген тамаша мақал бар. Тамақты апыл-ғұпыл, шайнамай жұту көргенді кісінің ісі емес. Сондықтан асты шайнап жеу керек. Ондай тамақ бойға сіңімді болады, сырт көзге сөлекет көрінбейді. «Көп шайнаған – көп жасайды» – деп, тегін айтылмаса керек. Сондай-ақ, тамақ ішкенде шашпай-төкпей, дастарханға немесе үстіге ағызып-тамызбай, шашыратпай ішуге үйрену, дағдылану, өзін-өзі қадағалап отыру қажет. Үлкендер балаларды мұның бәріне кішкентай кезінен бастап мұхият жаттықтырғаны жөн. Ал пышақ, қасық, шанышқыларды дұрыс ұстап, шебер епті пайдалану, қасықты ыдыстың түбіне тигізіп шақырлатпау да тамақ ішу мәдениеті тұрғысынан алғанда ұсақ-түйек нәрселер емес. Тамақ ішіп отырғанда кекіру өте әдепсіздік болып табылады. Басқа адамдардың арасында ғана емес, өз отбасыңмен бірге, тіпті жалғыз тамақ ішіп отырғанда да олай істеу жарамайды. Бұл жағын балаларға да қатты таптап айтып, ескертіп отыру міндет.
Тамақты дыбысын шығарып қатты сораптап ішу де ұят. Әлсін-әлсін мұрнын тартып, тісті шықырлатып тамақтану өзіне өзгелердің назарын аударып қана қоймай, жағымсыз әсер етеді, ыңғайсыз жағдайға қалдырып, тәбеттерін бұзады.
Кейбір кісілердің тамақ үстінде құлақ, мұрны мен иегін сипалап отыратын жаман әдеттері болады. Олай істеу – гигиеналық тұрғыдан зиянды, әдептілік тұрғысынан сын көтермейтін тұрпайылық. Ал, енді, тіс шұқу, аузына қос саусағын салып, тісінің арасына қыстырылған тамақтың қалдығын алу, оны дастарханға сүрту – барып тұрған әдепсіздік, өзін де, өзгені де, дастарқанды да сыйламағандық. Дыбыс шығармай, сораптамай ішіп-жеу дастарқан басында әдеп сақтаудың бірден-бір түрі. Тамақты қасықтың, шанышқының, пиаланың ұшынан ұстап, сорып ішпеңіз. Сұйық тамақты ыстықтай ішуге де болмайды. Аузыңызды тамаққа толтырып алып сөйлеуге тырыспаңыз, тамақты алдыңғы тістеріңізбен шайнамаңыз, сондай-ақ екі ұртты толтырып шайнамаңыз – адамға тіпті де жараспайды. Өзіңізден алысырақ тұрған бір тағамды, затты аламын деп қол созып, алдыңыздағы ыдысқа қарай төнбеңіз. Одан да, жақын отырған біреуге қол созып жіберуді өтініңіз.
Дастархан басында басқаларға кезек бермей, даңғырлап, ауыз жаппай сөйлей беру, тұрпайы сөз айту, өзінен жасы кіші, яки лауазымы төмен адамға зекіп немесе отырғандарға көз қылып кемітіп сөйлеу – дөрекілік, инабатсыздық болып есептеледі. Қолын қасындағы адамның иығына салу, арқасынан, тізесінен қағу, біреудің оны-мұны кемшілік ағаттығына өзінің, отырғандардың назарын аудартып, баға беру, сынау, күлкі ету, қатар отырғандарды не кейін, не ілгері жылжуға, еңкеюге мәжбүр етіп, басқа біреулерге бірдеңе ұсыну, қайта-қайта тіл қату, әсіресе қол беру – жөн білетін, тәрбиелі кісінің қылығы емес.

2. Ас ішуде қойылатын талапта
 Тамақтанудың алдында және кейін қолды жуу - тазалықтың және тән саулығының басты кепілі;

  • Мүмкін болса, тамақты көпшілікпен бірге ішу;

  • Тамақты үлкеннен кейін бастау;

  • Тамақты оң қолмен жеу;

  • Ортақ ыдыстан жегенде өз алдынан жеу;

  • Тамақты асықпай ішу;

  • Тамақты ұнатпау сияқты амалдан сақтану қажет;

  • Тоя тамақ ішпеу;

  • Тамақтан соң дұға ету. 


Қазақ халқының қатты қастер тұтатын дастарқан әдебін заман өзгерістеріне жарасқан жаңалықтармен байыта отырып, қайта түлету ұлттық болмысымыздың өңін кіргізіп, шырайландыра түсері анық. Ас ішу ережесіне сай айтылған бұл қағидалар бұрынғы кез бен қазіргі заманға ортақ деуге де болады. Дегенмен, қазіргі кезде ас ішу әдебі өте дамып кеткен. Қала адамдарының дастархан этикетін сақтауы өз алдына, ауыл дастарханының да бұрынғымен салыстырмалы түрде айтар болсақ, көп өзгеріске ұшырап, дамығандығын көзбен көріп жүрміз. Қазіргі кезде дастарханға бар тағамның бәрін қоймай екі бөлімге бөліп, оның ортасында үзіліс жариялау сәнге айналған, адамдар да оған тез қалыптасты. Бірінші дастархан мәзіріне көкөністерден жасалған түрлі салаттар мен суық тағам түрлері және басты үлкен ас кірсе, екіншісіне неше түрлі тәтті тағамдар, міндетті түрде сәтті сусындар және тәтті кондитерлік өнімдермен шай ұсынылады. Негізінен, дастархан мәзірін бұлайша екіге бөліп қою – өте дұрыс болып саналады. Асқазан бар тағамның бәрін бірден және араластыра қабылдаса, қорыту процесі жай жүруімен қатар, ас қорыту жүйесіне ауырлық етеді. Ас ішу әдебіне айналған бұл жаңалық өте орынды болғандықтан қазіргі кезде кез келген үйдің қонақ күтуінен көрініп жүр. «Ас біреудікі болғанмен, асқазан өзіңдікі» дегенді естен шығармаған да абзал. 


3.Ас ішуге байланысты айтылатын ұлағатты сөздер

«Ас – адамның арқауы» екендігін, әрине, жақсы түсінген халқымыз да сол асты дұрыс қабылдау керектігі жөнінде біраз есте ұстар қағидалар, ұлылардан қалған ұлағатты сөздер, ойлар аз емес. 
«Адамның денесінде қарнынан өткен жаман ыдыс жоқ. Адам баласы бірнеше асап жеген тамақпен шектелсе де болады. Егер, қажет болса, қарнының үштен бірін тамаққа, үштен бірін суға және қалған үштен бірін дем алып тұруға ажыратсын»
^ Мың бір хадис – 733.
Жомарт адамның берген тамағы – шипа да, сараң адамның берген тамағы – ауру шақырғыш
Мың бір хадис – 531.
Тоқ адамға семіз ет те дәмсіз
^ Сайф . 
Тоқ адамға семіз тоқтының еті де топырақ татыр
(Қазақ мақалы).
Шақтап жесең, рақатын көресің, 
Көп құнықсаң, кіріптар боп өлесің
^ Низами.
Тоқ адам көңілі шапқанын жейді,
Аш адам алдында жатқанын жейді
Жусіп Баласағұни.
Шақтап жесең, санаңды ашар,
Артық жесең, ұйқы басар
Ф.Бэкон.
Егер адамдар қарны әбден ашқанда ғана тамақ ішіп, таза да кенеулі, әрі жеңіл асты қорек етсе, онда олар ауру дегенді атымен білмей өтер еді, жаны мен тәнін ырқына көндірер еді
Л.Н.Толстой.
Денсаулыққа белгілі бір мөлшерде сақтанудың арқасында ғана жететін болғандықтан: мөлшермен ішіп-жесең — денің сау болады, мөлшермен еңбек етсең — күш қосылады...
Әл-Фараби.
Түскі тамақты аз же, ал кешкі тамақты одан да аз же, өйткені бүкіл дененің денсаулығы біздің асқазанымыздың ұстаханасында шыңдалады
^ М. Сервантес.
Ұлы адамдардың барлығы тамақты тарта ішетін болған
О.Бальзак.
Тарта тамақтанбау өмірді сақтауға арналған асты адамды өлтіретін уға айналдырады
Ж.Лабрюйер.

Саулығынды тілесең, артық ішіп-жеме
Ә.Науаи.
Артық ішсең — сай сүйегің сыздайды, 
Ал қанағат ұзақ ғұмыр сыйлайды
У.Шекспир.
Жұтпай тұрып, шайнап ал, 
Сөйлемей тұрып, ойлап ал
Қарақалпақ мақалы.
Ей, перзентім, тамақ дайын болғанда, табақтастарыңды шақыр, олар сенімен бірге тамақтансын, бірақ тамақты тез жеме, асықпай, ақырын же. Тамақ жеп отырғаныңда адамдармен сөйлес, бірақ басыңды төмен салып отыр, табақтастарыңның қолындағысына қарама.
Егер, сенің алдыңда тәуір тамақ тұрса, басқалардың алдында ондай тамақ болмаса, әлгі тәуір тамақтан басқаларға да бер. Тамақ ішкенде, қабағыңды түйіп отырма, тамақтың ұнамағанын айтып, аспазға кейіме; мына тамағың тәуір, ана тамағың нашар деме, өйткені тамақ ішіп отырып, олай деу жақсы емес
«Қабуснамадан».
Аталған қағидалардан ас ішу әдебі ерте заманда да келелі мәселе болғандығын аңғара аламыз. Даналық ойларымен ас ішу әдебін сақтау денсаулыққа зиянын тигізбейтіндігін сонау кезден-ақ айтып, өсиет еткен даналарымыз аз емес. Ойшылдарымыздың бұл ойларына қосылмау, соны негіз етіп ұстанбау біздің тарапымыздан надандықтың нышаны болары сөзсіз. 

ДҰРЫС ТАМАҚТАНУ ДӘСТҮРІ. АУРУДАН ҚОРҒАП, ӨМІРІҢДІ Ұ [pic] ЗАРТАДЫ

Кез-келген адам тамақтанбай өмір сүре алмайды. Адамзат ғасырлар бойы тамақ табу үшін күресумен келеді. Балаларының денсаулығы мықты, жаны, тәні күшті де қайратты болып өсуі, өздерінің жұмыс қабілетін сақтай отырып ұзақ жасауы үшін әрбір адам тиімді тамақтану тәртібін, тағамдардың емдік қасиетін білуге тиіс. Өкінішке орай, үйде де, оқу орындарында да, еңбек ұжымдарында да, емханаларда да адамдарды дұрыс тамақтануға үйретпейді.


Тамақтанудағы 10 қателік
Бірінші қателік.
Тамақты көп жейміз. Бізге күніне 2660 килокалория қажет болса, көбіміз оны 3020-ға жеткіземіз. Егерде Сіз бес жыл бойы күніне 90 килокалория артық тамақтансаңыз ғана онда салмағыңыз 18 келіге артады екен. Ал, енді күніне жаңағыдай 360 килокалорияны артық қабылдасаңыз ше? Оны санай беріңіз.

Екінші қателік. Қашанда майлы тамақты жақсы кө-реміз. Әр адамға күніне 80 грамм ғана май қажет. Біз оның орнына 132 грамм қа-былдаймыз.
Үшінші қателік. Қандай тағамды ішіп-жегеніміз жөн, оны таңдап – талғай білмейміз. Содан дастарханға не әкелсе, соның бәрін асаймыз.
Төртінші қателік. Әр түрлі сұйық асты көп ішеміз.
Бесінші қателік. Өз уа-қытында тамақтанбаймыз. Дастархан үстіндегі тамақты тез ішіп, тез жейміз. Тамақ-тану мерзімімен санаспаймыз. Негізінен, күніне 3 рет тамақтанған абзал.
Алтыншы қателік. Тәт-тіні көп жейміз. Қант, конфет, торт, т.б. асыра ішіп-жейміз. Жетінші қателік. Та-мақты жақсы әзірлеп, дұ-рыс сақтай білмейміз. Біз көбінесе қуырған тағамды, тұзы көп асты дайындаймыз.
Сегізінші қателік. Кеш- кілік теледидар көріп отырып тамақ ішкенді ұнатамыз. Тоғызыншы қателік. Тағамдардың құрамына кө- ңіл бөлмейміз. Бізге міндет- ті түрде әр тамақтың құра- мында қанша белок, май, кө-мір..., дәрумендер мөлшері бар екенін білген жөн.

Оныншы қателік. Тамақ- ты жасқа қарай ішіп-жеуге тиістіміз. Біздің бір жаман әдетіміз 6-10 жас аралығын- дағы баланы көп тамақтан-дыруға тырысамыз. Және де кәрі адамдар әліне қарай аз – аздап тамақтанғаны дұ-рыс.
Тиімді тамақтану дегеніміз не? Тиімді тамақтану дегеніміз – жақсы дайындалған, құрамында ағзаның дамуы мен қызмет атқаруы үшін қажетті алуан түрлі тамақ-тық заттардың толық мөл- шері бар тамақпен ағзаны дұрыс та уақытылы жабдық-тап отыру. Тиімді тамақтану дегеніміз – ағзаны оның құралуы үшін «құрылыс материалдарымен»: белоктармен, минералды тұздармен, липид- термен т.б. қажетті мөлшер- де жабдықтау. Яғни, ағза мен тіндердің үздіксіз жаң-ғырып отыруын, ағзаның жұмсаған қуатына тең қуат- тың (энергияның) ұдайы қо-сылып отыруын қамтамасыз ету.
Тиімді тамақтану дегеніміз – қалыпты тіршілік қызметін жүзеге асыру үшін қажетті дәрумендердің, мик-роэлементтердің және толып жатқан алмасу процесін реттеп отыратын басқа да нәзік реттегіштердің уақытылы түсуін қамтамасыз ету. 
Тиімді тамақтану дегеніміз – тамақтанудың белгі-лі тәртібін, яғни күн ұзағы-на тамақтың бөліп – бөліп ішілуін, тамақтың қолайлы температурасының сақталуын қамтамасыз ету. 
Тиімді тамақтану ағзаның физиологиялық қажетін уақы-тылы және толық қамтамсыз етіп, ол өз кезегінде адамның жұмыс қабілетінің мейлінше жоғары болуына, оның ұзақ жылдар бойы белсенді, сергек, жарқын өмір сүруіне кө-мектеседі. Тамақтану уақыты Тамақтану уақытының тәр-тібі ең алдымен, еңбек пен дем алу уақытының тәртібімен сәйкес болуға тиісті. Тәжіри- белік зерттеулердің, дәрігер-лік пайымдаулардың қорытын-дысы бойынша адамға күніне төрт рет тамақтанып, тағамды бөліп – бөліп ішіп, жеген тиімді. Төрт мезгіл тамақтану бы-лай аталады:
1. Жұмысқа дейінгі Тоқ таңертеңгі ас. Онда күндік та-мақтану құрамының жалпы қуаттылығының 25 – 30 пайызы бар.

2. Жұмыс аралығындағы Же-ңіл, екінші таңертеңгі ас. Онда күндік тамақтану құрамының жалпы қуаттылығының 10 – 15 пайызы бар.
3. Жұмыстан соңғы Тойып ішер түскі ас. Онда күндік та-мақтану құрамының жалпы қуаттылығының 35 – 40 пайызы бар. 4. Салыстыра алғанда Же-ңіл кешкі ас. Онда күндік та-мақтану құрамының жалпы қуаттылығының 15 -20 пайызы бар. Таңертеңгі ас 9 – 10 сағат үзілістен кейінгі алғашқы та-мақтану. Алда еңбек қызметі күтіп тұр. Ас мәзірі мынандай болуға тиісті: көкөніс немесе жарма гарнирі бар бір ет, немесе балық тағамы, бір стақан сүт, шай не кофе т.с.с.

Сәскелік ас жұмыстағы үзі-ліспен тұстас келеді. Ішілген тамақ оны қорытуға көп күш түсірмейтіндей болуға тиіс. Әйтпесе, ағзаның жұмыс қа- білеті төмендеп кетеді. Сәс-келік ас жеңіл болады: бутербродпен бір стақан шай. Түскі ас жұмыс күнінің ал-ғашқы жартысындағы сан алу- ан қуат шығынын толтыратын маңызға ие. Оның тағамдық қуаттылығы күндік тағам құ-рамының үштен бірінен асады. Түскі ас мәзірі: ыстық бі- рінші тағам – сорпа немесе борщ, екіншіге – ет, балық немесе көкөніс тағамы, үшіншіге – тосап, кисель, шырын. Түскі астың алдында тәбет ашу үшін винегрет, салат, не басытқы жейді.
Кешкі асты жұмыстан соң ішіп, жейді. Оған сүт, жарма, көкөніс тағамдарын пайдалан- ған жақсы. Жүйкесі жұқа жә-не оңай қозатын адамдарға кешкі аста қорытылуы қиын әрі қоздырғыш тағамдарды: ащы- лаған ет тағамдарын жеуге, кофені, какаоны, қою шайды ішуге болмайды. Жасы ұлғай-ған адамдар жатар алдында бір стақан айран ішуге тиіс. Кешкі кезекте жұмыс істей- тіндер таңертеңгі асты таңер-теңгі сағат 9 – 10 – да, кешкі асты түнгі сағат 11 – 12 – де ішеді. Әйелдің «косметикалық диетасы» Тұлғасы мен сыртқы сымбатын сақтағысы келген әйелдер үшін күніне аз мөлшермен 3 – 5 мезгіл тамақтану ұсынылады. Тамақтану аралығында қарны ашқанын сезсе, бір стақан көк сүт, бір шыныаяқ кофе немесе простокваша, т.с.с. ішуге болады. 
Американ мамандары әйел-дердің «косметикалық диета» ұстауына кеңес береді. Оның бір түрі мынандай: Ертеңгі ас 100 грамм жеміс шырыны немесе жас жидек, бір жұмыртқа (не сыр), бір жапырақ арық сүр ет пен бір жапырақ (50 грамм) қыздырған нан. Бір шыныаяқ шай немесе кофе, кофеге сүт қатып ішкен жөн. Сәскелік ас Салат. Сыр немесе жұмырт-қа. Бір жапырақ нан.
Шамалы ғана жас немесе консервіленген жеміс. Бір стақан шай немесе простокваша. 
Түстік ас Өсімдік майы құйылған са- лат, толыққұнды бір ет таға-мы. Жеміс немесе содан жа-салған тағам. Ұйықтар алдында Бір стақан жылы сүт.
Ескерту
: «косметикалық диета» денешынықтырумен белсенді айналысатын, денеге едәуір күш түсетін жұмыс істейтін қыз – келіншектер үшін емес.
Тамақтың шипалық қасиеті Адам ағзасына сүт, айран, ірімшік, құрттың шипалық әсе-рі күшті. Әсіресе, гипертонияға шалдыққандар күніне екі рет тамақ ішкеннен кейін жарты сағат өткенде бір стақан айранды асықпай, баптап ішетін болса, бірнеше күннен кейін қан қысымы төмендеп, өзін жақсы сезінетін болады. 
Сондай – ақ, ұйқы қашқан-да түнемелік жатар алдында 1 – 1,5 стақан жылы айран ішсе, оның жақсы ұйықтап шы- ғуға әсері мол. Гастритке ұшы- рағанда да айран өте пайдалы.
 
Қазақ емшілері ұзақ уақыт асқазан дертімен сырқаттан-ған адамға жас малдың етін сүтке пісіріп беретін болған. Асқазанға әрі күш түсірмей, тез қоритын, әрі қоректік зат-тарға өте бай бұл тағамды халқымыз «Сілме» деп ата-ған. Жасы 40 – тан асқан жандар, әсіресе әйелдер үшін ағзасында кальцийдің болуы өте маңызды. Өйткені, осы кезде адам ағзасына кальций жетіспейтін болса, сүйек нәзіктеніп, «үгітіле» бастайды.
 

Жалпы, ересек адамдар үшін кальцийдің тәуліктік мөлшері 800 мг. Ал енді ол аяғы ауыр әйелдер мен емізулі сәбиі бар аналар үшін 1000-1200 мг мөл- шерінде қажет. Осы орайда 100 грамм сүтте – 120-130, сүзбеде 150-175, сырда – 800 – 1000 мг кальций болатынын есте ұстағаныңыз жөн.
Тибет медицинасының тағлымдары бойынша

ет, сүт, май, судың мынандай емдік шипасы мен қуаты бар:
Қойдың еті – жылу мен әл-ауқатты арттырады, денедегі желді басады. Асқа тәбетті арттырады. Ешкінің еті – ауыр, салқын. Сиырдың еті – салқын, май- лы, желдің қызуын қайтара-ды. Жылқының еті – іріңді тоқ-татады. Бүйрек пен белді жел- ден тазартады.
Тауықтың еті – ұрықты көбейтеді. Жарақат алған кезде пайдалы.

Сиырдың еті – майлы, ауыр, қызулы, ісік кезінде жақсы, асқазан, бүйректен, бел мен бастан ұстаған суықты шыға-рады.
Балық – асқазан ауруларына ем. Тәбетті арттырады, көзге пайдалы, ірің мен жал-қыншақты тияды.
Жануарлардың аталықтрының кеуде жағының еті, ал аналықтарының бөксе жақ еті, буаздарының бар еті ауыр болады. Малда аналықтардың, ал құстарда аталықтардың еті жеңіл.
Сарымай, жұлын мен іш май дәмді, ішкі ағзаны жұмсартады. Әлсіреген, шаршаған, ұрығы мен қаны әлсіз қарттар мен балаларға іштерін тазартуға, желді шығаруға пайдалы. Жаңа сары май әл-қуатты арттырады. Дененің қызуын қайтарады.

Сүр май ақылынан адасқан, есінен айрылған, есі- нен танған адамдарға көмек-теседі, жарақаттың жазылуына жақсы. Шыжғырылған май ойды өт- кірлейді, жадты кеңейтеді. Жы лу мен күш-қуат береді. Өмірді ұзартады. 
Сүйектің майы желді қуып, қуаттандырады. 
Іш май буындардың сырқа-тын, күйікті жазады, құлақ, бас, жатыр сырқаттарынан арылтады.
Маймен тамақтанатын адам-дардың ішкі қызуы артып, ағ- засы тазарып, дене күші кемімей, сергек жүреді. Өңі де жақсы, әлді, қартайғанда да сергектігін жоғалтпайды. Қуы- рылған күріш іш өтуін тияды. Сынған сүйектердің бітуіне көмектеседі. Дұрыс өнбеген күріштен, не арпадан жасал-ған көже нәжісті қатырады. Сиырдың сүті несеп ауруларына пайдалы. Ойды ұшқырлайды.
 
Ешкінің сүті ентікпеге ем. Қойдың сүті желді қуады, бірақ жүрекке залалды. Сүт-тің соңғы сауыны /иіндісі/ шырынға тең. Салқын су есінен танғанға, арақтан басы ауырғанға, ба-сы айналғанға, құсқысы келгенге, дене қызуы артқанға, қан ауруына, уланғанға көмек- теседі.
Қайнаған су денені жылытады, асқазаннан жалқыаяқ-ты кетіреді. Тұзды тамақты көп жеу – шаштың түсуіне, ағаруына, әжімнің көбеюіне соқтырып, қуатты төмендетеді. Академик, Қазақ тағамтану академиясының директоры Төрегелді Шармановтың айтуынша, жылқының қымызы мен сүті жүрек - қан тамыры ауруларына, атероскерозға, ішектің, асқазанның қабынуы-на бірден-бір ем. Олардың ау- рудың алдын-алуға да, емдеп жазуға да әсері күшті. Қы-мыздың өкпе ауруын жазатын да қасиеті бар. 
Тамақтағы дәрумендердің пайдасы

КАЛЬЦИЙ. Ол сүт өнімде-рі, жаңғақ, қызылша, бұршақ, балықта бар. Тәнге шипалық әсері: сүйек-ті, тісті нығайтады, бұлшық ет- тің қызметін жақсартады, қан- ның түзілуі үшін қажет, тән- нің жұқпалы ауруларға қарсы- лығын күшейтеді.
ХРОМ. Алма, жеуге жарамды теңіз жәндіктерінде кездеседі. Тәнге шипалық әсері: қан-ның құрамындағы қанттың қа- лыпты деңгейде болуына кө-мектеседі.
МЫС. Оны жасамық (чечевица), шаян, бауыр, нан өнімдері, шай, кофе, картоптан табасың. Тәнге шипалық әсері: тән- ге темірдің сіңірілуіне көмек-теседі, қан түзілуіне, иммундық реакцияға қатысады.

ТЕМІР. Ол қызыл ет, әсіре-се күрке тауықтың қара еті, бидай жармасы, бұршақ, бауыр, көкөніс, жеміс, қарақұмықта бар. 
Тәнге шипалық әсері: қан-ның қызыл түйіршіктерінің от- тегімен қалыпты «тіркесуі» үшін және оттегінің бұлшық ет тіндеріне тасымалдануы үшін қажет.
 
МАРГАНЕЦ. Ананас, кү-ріш, сұлы, нан өнімдері, бауыр, бүйректе кездеседі. Тәнге шипалық әсері: ор- талық жүйке жүйесі мен реп- родуктивтік ағзалардың қыз- метін, сүйектің өсуін жақсар-тады.
ЦИНК. Бұл дәрумен бар тағамдар: мал еті, әртүрлі жармалар, шаян, басқа да жеуге жарамды теңіз жән-діктері, жұмыртқа сарыуызы, ірімшік, бұршақ. Тәнге шипалық әсері: репродуктивтік қызметке, сондай-ақ сүйек және шемір- шек тіндерінің қалыптасуына әсер етеді.
ФОСФОР. Қара нан, жаңғақ, бұршақ, жұмыртқа, майлы сүзбе, балықта бар. Тәнге шипалық әсері: ор- талық жүйке жүйесінің, со-ның ішінде мидың қалыпты жұмыс істеуі үшін қажет, зат алмасу процесіне белсенді қатысады.
ДӘРУМЕН А. Оның бай ортасы: бауыр, көкөніс, сә-біз, кәді, асқабақ, қызыл бұ-рыш, томат, шырғанақ. Тәнге шипалық әсері: көз- дің көру қабілетін жақсар-тады, сүйекті қалпына келтіруге көмектеседі, радиациядан қорғайды.

ДӘРУМЕН В6. Тауықтың ақ еті, мал еті, жұмыртқа, бауыр, жер жаңғағы, арқан балық, тас бұршақ, бұршақ-та кездеседі.
Тәнге шипалық әсері: зат алмасуға және майдың ыдырауына көмектеседі, тәннің қалыпты өсуін қамтамасыз етеді.

ДӘРУМЕН В12. Ол кездесетін тағамдар: балық, мал өнімдері, әсіресе бауыры мен бүйрегі.
Тәнге шипалық әсері: қан-ның қызыл түйіршіктерінің түзілуі үшін қажет. ДӘРУМЕН С. Мына та-ғамдарда кездеседі: бұрыш, томат, қой бүлдірген, итмұ-рын, қара қарақат, көкөніс. Тәнге шипалық әсері: те- мірдің сіңірілуіне көмектесе-ді, жұқпалы ауруларға тән-нің қарсылығын күшейтеді, жараның жазылуын жылдамдатады.

ДӘРУМЕН Е. Ол - өсімдік майы, бүршік жарған дән, көкөніс жапырағы, жұмырт-қада бар.
Тәнге шипалық әсері: бұл- шық еттің қызметін күшей-теді, қан тамырына және эн- докриндік жүйеге пайдалы әсер етеді.
Қай кезде қалай тамақтану қажет?
Қартайғанда тамақтану Адамның жасы ұлғайған сайын аз күш-қуат жұмсайды, жігері де төмендейді. Сол себепті олардың қуаты (ка- лориясы) аздау тамақ ішкені жөн. Керісінше, кейбір қариялар оған құлақ аспай, тамақтану мөлшерін, тәртібін сақтамайды, тоя тамақ ішеді. Содан барып олардың ағзасында қант диабеті, атеросклероз, холецистит тәрізді ғұмырды қысқартатын аурулар пайда болады. 

Асханалық ыдыстарды келесі тәртіпте жуу тиіс:
      1) тамақ қалдықтарын механикалық жолмен тазалау;
      2) суға жуғыш заттар қосып ваннаның бірінші секциясында жуу;
      3) ваннаның екінші секциясында судың температурасы 40оС-ден төмен болмай, бірінші ваннаға қарағанда жуғыш заттары екі есе аз қосылған суда жуу;
      4) ваннаның үшінші секциясында температурасы 65оС-ден төмен болмай, ағынды ыстық сумен ыдыстарды шаю;
      5) тор көзді сөрелерде, стеллаждарда ыдыстарды кептіру.
      Шыны ыдыстар мен асханалық құралдарды екі секциялық ванналарда келесі тәртіппен жуу тиіс:
      1) температурасы 40оС-ден төмен емес жуғыш заттар қосылған суда жуу;
      2) температурасы 65оС-ден төмен емес ағынды ыстық сумен шаю;
      3) тор көздердің, стеллаждардың үстінде кептіру.
      Ас бөлмелік ыдыстарды екі секциялық ванналарда мынандай тәртіпте жуу тиіс: тамақтың қалдықтарын механикалық жолмен тазалау; температурасы 40оС-ден төмен емес суға жуғыш заттарды қосып шөткемен жуу; температурасы 65оС-ден төмен емес ағын сумен шаю; еденнен 0,5 м биіктікте тұрған тор көзді сөрелерде немесе стеллаждарда төңкерілген күйде кептіріледі.

10-сынып

Сабақтың тақырыбы: Дастархан басында отыру мәдениеті Білімділік: тамақтану мәдениеті бөліміндегі алған білімдерін меңгеру мақсатында дастархан сәнін келтіретін ас дайындау өнерін үйрете отырып, дастархан әзірлеу.
Дамытушылық: Күнделікті алған білімдерін практикада қолдануды арттырып, қол шеберліктерін, іскерліктерін дамыту
Тәрбиелік: дастархан мәзірін жасау барысында, тазалыққа, ұқыптылыққа ұйымшылдыққа, шалттыққа, өзара көмек беруге, ас дайындау өнеріне тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру.
Көрнекілігі: бүктемелер, нақыл сөздер, мақал – мәтел, дастархан тағамдары
Пәнаралық байланыс: әдебиет, ән, бейнелеу, дүниетану,тарих
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Сабаққа әзірлігін тексеру

Жаңа сабақ.

[pic] Кіріспе әңгіме, оқушыларды топқа бөліп, сабақ жоспарларымен таныстыру.
Әрбір халықтың өз тарихы бар. Сол тарихтан халықтың тыныс тіршілігінен хабардар боламыз. Көшпелі тұрмыста бақша егіп, мал шаруашылығымен айналысқан халқымыз да этнографиялық салтына қарай дастарханының да өзіне тән ерекшелігі бар. Сол ерте заманнан бері қазақ халқы өздері баққан малдың терісін, жүнін, етін, сүтін және тары, сұлы, күріш, арпа сияқты бақша дақылдарын ретімен өз тіршілігіне пайдалана біліп, тағам жасау өнерін де жақсы игерген. Қазақ халқы үшін дастарханнан, дәмнен үлкен еш нәрсе жоқ.

Дастархан жақсы жасалған үстелдің негізі болып табылады. Ол таза, мінсіз үтіктелген болуы, жан жағынан кем дегенде 20 сантиметр салбырап тұруы тиіс. Дастарханның түсі кез келген болуы мүмкін. Алайда, ыдыс-аяқты дастарханның түсіне және өрнектеріне қарап таңдау керек. Егер ыдыс тегіс болса, дастарханның аса қызықты түрлерін, мысалы өрнектері бар, түрлі-түсті және т.б. түрлерін қолдана аласыз.

Майлықтар

Кез келген үстелде гигиеналық мақсаттарда ғанапайдаланылатын емес, сонымен бірге безендіру элементі болып табылатын майлықтар таптырмайтын зат болып табылады. Егер Сіз кездесудің жоғары деңгейін көрсетуді қаласақ, кенеп мата майлықтарды сатып алу керек.Олардың түсі мен түрі үстелді безендірудің басқа элементтеріне сәйкес мұқият таңдалуы тиіс.

Асхана құралдарын дұрыс орналастыру

А [pic] схана құралдарын тәрелкелердің жанына орналастырғанда, функционалдылықты басшылыққа алыңыз. Құралдарды пайдаланылу кезектілігіне сәйкес – бірінші кезекте - бірінші тағамға, ал соңында соңғы тағамға арналған құралдарды орналастырыңыз. Тәрелкенің сол жағына – шанышқылар, ал оң жағына тек қасық пен пышақтар қойылады. Пышақтың өткір жағы сол жаққа бағытталмауы тиіс. Тәрелкенің сырт жағына десертке арналған құралдар қойылады. Қасық шанышқының үстіңгі жағына қойылады, бұл кезде қасықтың сабы – оң жағында, ал шанышқының сабы сол жағында болуы тиіс. Ас ішкен кезде асхана құралдарын ауыстыруға немесе жаңасын әкелуге болмайды. Барлығы ас ішу басталғанға дейін үстелдің үстінде тұруы керек.

Ең маңыздысы қосымша элементтер болып табылады

Үстелдің жасалуымен байланысты негізгі әрекеттерді орындағанда, салтанатты түр беретін, қосымша элементтер болады. Гүлдерден жасалған композиция Сіздің үстеліңізге сұлулық пен стильді береді, ол тамаша және қызықты безендіру болатыны анық.

Олар әңгімелесушілердің көру өрісіне бөгет болмауы үшін, оларды үстелдің үстіне шағын ыдыстарда орналастырады. Үстелде шырағдандардың жетіспеуі болмауы керек, олардың жарығы кездесу деңгейін көтереді. Алайда, түтіндейтін немесе біркелкі жанбайтын шырағданнан аулақ болу керек. Дүкендерден үстелді безендіру үшін пайдалануға болатын көптеген әр түрлі толықтыруларды табуға болады, олар: кораллдар, малта тас, кептірілген жемістер, кептірілген гүлдер жапырақтары, қызықты маталар. Тек безендіруден басқа үстелде тағамдар қою үшін де жеткілікті орын қалуы тиіс .


Бокал мен майлық


Б [pic] окал

 Асадалыңыздың (сервант) ішінде қандай ыдыс болса, соның бәрін үстел үстіне шығарып қою мүмкін емес. Кез келген бокал мен стақанның қызметі, сусындар мен шараптардың құйылу реттілігі бар. Сол реттілікті есте ұстай отырып,  қай шарапқа қандай сусын құйылатынын талдап көрелік


[pic]

[pic] Қызыл шарапқа арналған бокал (коньяк) — көлемі сәл үлкендеу, томпақ пішінді болады. Бокалдың аузы кішірек болып келеді де, астыңғы тұсы кең болады


Аққайнарға арналған бокал — олар биік әрі жіңішке пішінді. Аққайнар көпіршектері жіңішке бокалдан жоғарыға  жақсы көтеріледі


[pic]

Қызыл шарапқа арналған бокал (красное вино) — оның аяғы бар, сәл биіктеу болады

[pic]



А [pic] қ шарапқа арналған бокал (белое вино) — жоғарыдағы бокалға ұқсас болып келгенімен, көлемі кішірек


М [pic] артини бокалы— бұл бокалдың қолданысқа енгеніне көп бола қойған жоқ. Көбінесе, арнайы коктейльдер мен Мартини сусынын құюға арналған


Хайболл (тумблер) – бұл стақан алкогольсіз сусындар мен жеміс шырындарына пайдаланылады

[pic]

Олд фешн (виски стақаны) – мұз салынып берілетін сусындарға қолданылады. Көбінесе, виски сусындары құйылатын стақан болып саналады

[pic]

Сыраға арналған стақан — атынан белгілі болғандай, сыра  құйылады




Сарамандық жұмыс

Майлық-үстел жабықтарының ажырамас бөлігі

[pic] Әдетте, майлық басты тәрелкенің үстіне орналасады. Майлықтың қай түрден және қалай бүктелуі өзіңіздің талғамыңызға байланысты болмақ. Егер әдемі етіп безендірілуді білмесеңіз, қарапайым жолдарын назарларыңызға ұсынамыз. Егер әрбір қонақтың алдына жекелеген қатты матадан тігілген майлықтар қоятын болсаңыз, үстелдің бір бұрышына қағаз майлықтары міндетті түрде қойылуы керек. Көп ханымдар түскі асқа майлықтарды екі қабаттап қояды. Себебі түскі асқа берілетін тағамдар ауыр және майлы болып келеді

Түскі асқа әзірленетін дастарханға майлықтар конус пішінде қойылады. Яғни, майлықты үшбұрышты етіп бел ортасынан бүктейді дағы,төменгі жағынан сыртқа бір қайырады

Мерекелік дастархан майлықтары небір пішінде сәнделеді. Төмендегі суретте сәндеудің бірнеше нұсқалары көрсетілген


Қортындылау: Сабақтың соңында екі топқа мақтау қағазы беріледі.

Дастархан, майлықтар, асхана аспаптары, шырағдан-дар – үстелді сәндеу ережелері


Үйге тапсырма: [link]  жойылуы жүрмейді. Осындай чипстердің орамасында көкөністер құрамындағы сияқты ағзаны қамтамасыз ететін қоректік құндылықтар бар деп айтуға болады. Жаңа әдіспен дайындалған чипстердің құрамында өнімнің 100 г. шамамен 250 ккал бар. Энергия, негізінен, көмірсулардан туындайды. Сонымен қатар, көп балласт заттар бар. Өз кезегінде, қуырылған чипстерде энергия майдан алынады.



Қаймақты кепкен нан

100 г

399

8,5

10,8

66,7



Кәдімгі білезік нан

100 г

317

10,4

1,3

64,1


Кәдімгі тоқаш

100 г

335

10,9

1,3

68,0


Майлы попкорн

100 г

518

9,0

28,1

57,1


Майсыз попкорн

100 г

397

12,0

4,2

77,9


Тәтті ши нан

100 г

373

9,7

6,0

69,2


Тұзды ши нан

100 г

385

9,9

4,9

75,2


Чипсы

100 г

549

6,0

40,0

50,4