Қызғалдақ әлеміне саяхат сыныптан тыс шара 5-7 сынып

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Тақырыбы:Қызғалдақ әлеміне саяхат.

Мерекелік шара. 5,6,7- сыныптар аралығында.

Мақсаты:Оқушылардың танымдылық және шығармашылық қабілеттерін эстетикалық талғамын,шеберлігін дамыту.Оздық дәстүрді білу.Әдемілік,инабаттылық,өнер секілді асыл қасиеттерді бойға сіңіру.

Ұйымдастыру бөлімі.

Армысыздар,құрметті ұстаздар мен оқушылар және аналармен, сіңлі-апалар жалпы халықаралық мейрамдарыңыз құтты болсын!

Бүгінде мектебімізде техналогия пәнінен апталыққа байланысты «Қызғалдақтар әлеміне саяхат» шарасы өтпек.Баршаңызда қош келдіңіздер!

Шараның барысы:

Жүргізуші:

Қыздарымыз сүйкімді болсын деп,

Өнер білімге икемді болсын деп,

Бәйтеректей бойшаң болсын деп,

Өрен-өршіл өркенді болсын деп,

Жақсы жолды таңдайық,

Жамандық тәлім алмайық,

Дарынды мектеп дәстүрін

Жаңалайық,жалғайық,

Ары адал,жаны жаз,

Арулар жолын таңдайық,деп «Қызғалдақтар әлеміне саяхат» атты шарамызды бастайық.Олай болса ортамызға қызғалдақтарымызды қол соғып шақырайық.Алдымен мерекелік шарамыздың шартымен таныстырып өтейін

Қыз балаларымызды әр уақытта сын көзбен баға беретіндігі белгілі,сондықтан әділ бағалаушы топты сайлап алайық.Баға бал жуйесімен бағаланады. Қыздар олай болса,кезекпен устел үстіндегі сандарды тандап алыңдар.



1.Мектебіміздегі музыка пәнінің мұғалімі Сайынова Альбина Нұршатқызы.

2.Мектебіздің техналогия,бейнелеу пандерінің мұғалімі Таубаев Саламат Ерболатұлы.

3.Мектебіміздегі 9А сыныбының белсенді оқушыларының бірі Хасан Ақгүлім Серікбайқызы.

Өтілу шарты.6 бөлімнен тұрады.

1-бөлім.Жүздесу.

1кезеңӨздерін таныстыру деп аталады»,қызғалдақтарымыз өздерін таныстырып өтеді.

2кезең.«Болашақ менің арманым»кезеңі.

2-бөлім.Кім жылдам.

1кезең.Ілгек қадау(Әр қайсысы өз шеберліктерін,икемділіктерін көрсетеді.)60секунд

2кезең.Салқын тамақ бетін безендіру(Көкөністермен безендіру.)

3-бөлім.Білімді мыңды жығар.(Әр түрлі сұрақтар қойылады)

4-бөлім.Ойлан тап.(Жұмбақ шешулері.)

5-бөлім.Өнерлі жас.(Өз өнерін көрсетеді. Ән, саз, би,тақпақ.)

6-бөлім.Ұлттық сән үлгісі.

7-бөлім.Қорытынды.

Қызғалдақтар әлемінің саяхатшыларына сәттілік тілейміз.

1-бөлім. Жүздесу.

1кезең.Қызғалдақтарымыз сымбатты,

Инабатты,салмақты

Таныстырып өтерсіңдер,

Жанып тұрған гүлсіңдер,деп «Таныстыру» кезенін бастайық.

2кезең.Армансыз адам болмайды,

Қиялсыз адам болмайды.

Сол үмітті жалғайтын

Болашақ қол былғайды,дей келе «Болашақ менің арманым» атты кезеңіне сайысымызды жалғастырайық.

2-бөлім.«Кім жылдам.»

1кезең.Үлгі болып олақпенен салақтарға,

Не жетсін, жамау тігіп ,жамағанға.

Не жетсін,шеше көріп, тон пішкенге,

Өз түймесін өзі біліп қадағанға,деп келесі кезекті «Ілгек қадау» кезеңіне береміз.(20секунд)

2кезең.Қыз балаға мәні толы жарасым,

Тәрбиені бала кезден аласын.

Дәмді тағам аспазшы бола алсаң,

Әрине, сен керемет боласын, деп «Салқын тағам бетін безендіру»

кезеңіне береміз.(10секунд.)

3-бөлім.Білім деген байлық бар,

Еш байлық оған жетпейді.

Жасыңда оқып,жиып ал

Тепкілесең кетпейді,деп «Білімді мыңды жығар» кезеңін бастайық.

Әр түрлі сұрақтарға жауап беру.



1.Малдың сүтінен дайындалатын,ұзақ уақыт бойы сақталатын тағам.(ҚҰРТ )

2.Үш арсызды ата.(ҰЙҚЫ,КҮЛКІ,ТАМАҚ)

3.Мойынға тағылатын әшекей бұйым.(АЛҚА)

4.Табиғи жүн неден алынады.(ҚОЙ,ЕШКІ)

5.Қамырдың негізгі шикізаты.(ҰН)

6.Көкөністерден дайындлатын салқын тамақ.(САЛАТ)

7.Тігін машинасының әкесі кім.(ЭЛИОС ХОУ)

8.Химиялық талшықтар.(ЖАСАНДЫ СЕНТЕТИКА)

9.Ежелден келе жаткан өнер кәсіп түрлерін ата.(ҚОЛ ӨНЕР,МАЛШЫ,ҰСТА,САУДАГЕР)

10.Кестелеу үшін қажетті құралдар.(КЕРГІШ, ОРМАҚ,ИНЕ-ЖІП)

11.Нанның кептірілген бөліктері.(СУХАРИ)

12.Шашқа тағылатын әшекей.(ШАШБАУ)

13.Уақытша тігістің түрі.(КӨКТЕУ)

14.Үш дана кім.(АБАЙ,ЫБЫРАЙ,ШОҚАН)

15.Қазақ әйелдерінің ең құрметті бас киімі.(СӘУКЕЛЕ)

16.Жеті жұт дегеніміз.(ҚҰРҒАҚШЫЛЫҚ,ТОПАН СУ,ЖЕР СІЛКІНУ,ӨРТ,ОБА,ЖҰТ,СОҒЫС)

17.Ұлттық өрнек(ОЮ)

18.Қазақтар киім тігуге өздері өңдеген қай материалды жиі қолданады.(ЖҮН ТЕРІ)





4-бөлім.Ал, қанекей,қызғалдақтар,ойнайық

Ойнайықта, тез ойлайық.

Қандай жұмбақ болса да

Шешпей оны қоймайық, деп айқандай «Жұмбақ шешу»кезеңімен жалғастырайық.

1.Бар екен дүниеде жалғыз көзі,

Сол көзбен дүниенің бәрін кезді.

Әлемді он сегіз мың киіндіріп

Дуниеден жап-жалаңаш өзі безді.(ИНЕ)

2.Құрғақ жерде сақтайсың,

Онсыз тамақ татпайсың.(ТҰЗ)

3.Екі темір айқасқан,

Оқта текте шайқасқан.(ҚАЙШЫ)

4.Арық ат қарны шайқасқан,

Бір көлді өзі ішіп тауысқан.(ҚАСЫҚ)

5.Дәмді-дәмді тағамдарды жинайды,

Қонақтардың көңіліне сыйлайды.(ДАСТАРХАН)

6.Бір сусын бар жұртымда,

Ішсең уыз ұртыңда.

Бәрі содан шығады,

Ірімшік, май ,құртыңда.(СҮТ)



7.Дастарханда шуылдап,

Күніне үш жиылар.

Жарты сағат қимылдап,

Жарты сағат жуылар.(ЫДЫС-АЯҚ)

8.Қимылдаса қос шебер,

Қыруар-қыруар іс өнер.(ҚОЛ)

9.Жүк жинайтын тұғыр ағаш,

Кіруге адам батпайды.

Текшелеген бұйымды

Аман-есен сақтайды.(САНДЫҚ)

10.Қуыста қызыл әтеш билейді.(ОТ)

11.Тұмсығы мықты,қырмен ойып,

Тегістеп шықты.(ҮТІК)

12.Көкткемде ақ гүлге оранады,

Күзге қолға доп болып оралады.(АЛМА)

13.Қос құлағы қалқиып,

Су ішкен сайын марқайып.

Күн ыссыса тон жинайды,

Доп болғанда ел жинайды.(ОРАМЖАПЫРАҚ)

14.Бұйра тұлымды,

Желмен ойнайды.

Қызыл мұрын

Жерге байланады.(СӘБІЗ)

15.Сырты қатты жап-жасыл,

Іші тәтті қып-қызыл.(ҚАРБЫЗ)

16.Қолың ішімді ұнатады,

Шешіңдірсең жылатады.



17. Беті үлкен тым-ақ үлкен денесінен,

Бұлаңдап түсіп шығар кемесінен,

Ішіне қарын-қарын су құйып

Шығады сүңгіп-сүңгіп денесімен.(ОЖАУ)

18.Бір нәрсе өзі білік,іші қуыс,

Ол заттың сүйегі көп айқыш-ұйқыш.

Көзі бар жарқыраған төбесінде

Жайса үлкен,жинағанда бір-ақ уыс.(КИІЗ ҮЙ)







5-бөлім.Ал, кімнің өнері бар қаншалықты,

Би билейік,өлең ақын, ән салады.

Бүгінгі шарамызда шын жүректен

Барлығы аянбай-ақ жан салады,дей келе кезекті «Өнерлі жас» бөлеміне берейік.

6-бөлім.

Қысың көзді қытай қыздан,

Қазақ қыздың ботадай көзі әдемі.

Қызыл-сары қызынан Европаның,

Қара –торы қызымның көзі әдемі.

Үнді қызы билейді мың бұралып,

Бәрібір қазақ қыздың белі әдемі.

Түріктің әлпештеген хатунынан,

Қазақтың келін деген шеңі әдемі.

Із мұрынды біздің қыз тұрған кезде,

Тал мұрынды тау қызы неге әдемі?

Орыстың бетіндегі секпілінен

Қазақтың бетіндегі меңі әдемі.

Жер жүзінің қыздарын қатар қойса,

Біздің елдің қыздары ең әдемі.

Сиқырлы сан қиялдың сәніменен

Қазақ қызына сән үлгісі тым жарасады,деп «Ұлттық сән үлгісіне» кезек береміз.

7-бөлім.Қорытынды.

Қыздарымыздың бойындағы қиялын,арманын,өнердің бар түрін көріп,баршаңызға біліктілік шеберлігімен таныстырып ортаға салып жатыр.Осындай тамаша шара ұйымдастыруға ат салысып келгендеріңе мыңда бір РАХМЕТ!

Әр уақытта қыз балаларымыз сырт көзге сыншы дегендей,енді кезекті бағалаушы сынаушы топқа берейік.номинация.

Сегіз қырлы, бір сырлы,

Өнер тамған бойынан,

Қалысам деп, қысылмай

Жоқ сияқты қалысар.

Бір-бірінен кем туспес

Өнер болса Жарқырап жатыр жолыңда,дегенде й өнердің кемесінен өрге жүзе беріңіздер.Мінекей, біздер қызғалдақтар әлеміне саяхатымыз тәмандалды.Назарларыңызға РАХМЕТ!!!