Сыныбы: 7 «А»
Уақыты: 11.04.2016
Сабақтың тақырыбы: «Қолөнер тарихынан қысқаша мәліметтер, ілмек бізбен тоқуға арналған материалдар мен құралдар, ілмек біздерді таңдау»
Сабақтың мақсаты: Халқымыздың ұмытылып бара жатқан мәдени мұрасы- тоқыма өнерін жаңғырту және халқымыздың ежелден келе жатқан көне де, ізгі дәстүрі арқылы қазіргі заманымызға лайықты сапа түр беріп сәндік қолөнерді дамыту.
Білімділігі: Қолөнер тарихынан мәлімет, ілмек біз туралы толық ақпарат беру. Оның күнделікті өмірде пайдасының бар екенін түсіндіру. жұмыс жасау жолдарын үйретіп, өзіндік жұмыстар арқылы меңгеруіне көмектесу.
Дамытушылығы: Саусақ икемділігін, ептілігін, жұмыс барысында оқушының шеберлігін, есте сақтау байқағыштық қабілеттерін арыттыру, қол, саусақ бұлшық еттерін дамыту,қауіпсіздік ережлерін орындау
Тәрбиелігі: Өз бетімен жұмыс жасауға, оқушыны жауапкершілікке, оны сезіне білуге, алған өнерін нәтижеге жетуге ұмтылдыру, өзіндік шығармашылық, ізденімпаздыққа ерінбей еңбек етуге және ұлттық ерекшеліктердің құндылығын күнделікті өмірде қолдауға тапсырмалар беру арқыл тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Көрнекілік,баяндама,сарамандық жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: Таратпа материалдар,қабырға қағаз,тоқылған бұйымдар,тоқыманың түрлері
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі
Жаңа сабаққа дайындық
Жаңа тақырыпты түсіндіру
IV. Практикалық жұмыс
Сабақты бекіту
Үй тапсырмасы
I.Ұйымдастыру кезеңі
II.Жаңа сабаққа дайындық
Сұрақтарға жауап бер.
1. Қолөнер туралы не білесіңдер? Жауабы: Қолөнер ежелден келе жатқан кәсіп.
2. Қолөнердің тіршіліктегі пайдасы қандай? Жауабы: Қолөнердің ең көп қолданылатын орны үй интерьерінде, киім сәндеу кезінде, бас киім сәндеу кезінде көп қолданылып жүр.
3. Қолөнерде тоқудың ерекшелігі қандай?
Ұлттық ерекшеліктерге байланысты тоқу технология әдістерімен орындалады. (орамал, шалғы, ойыншық, шұлық, қалпақ, т. б. жіптің түрлерін қолдану арқылы жасалады)
4. Ілмек біз дегеніміз не? (слайдта көрсетілген)
III.Жаңа тақырыпты түсіндіру
Қолөнер халық өмірімен, тұрмысымен бірге жетіліп, біте қайнасып келе жатыр. Сан алуан түрлі қолөнер бұйымдар әсемдігі, өрнегі тұрмысқа мән берумен адамдарға рухани ләззат әкелген. Қазақ қолөнерінің түрі, сапасы, өрнегі, бояуының өмірге келуі көшпелі өмірмен тығыз байланысты. Өз ұрпағының «сегіз қырлы, бір сырлы» өнегелі, өнерлі болып өсуін мақсат еткен ата- анамыз өз бойындағы бар асыл қасиеттерін ұрпақтан ұрпаққа үйретіп келген. Тоқу өнері- қазақ халқының ежелден келе жатқан қолөнер саласының бірі. Тоқыма үшін қажетті құралдар: 1. Біз. 2. Жіп.
Біздің өзі әрқалай бөлінеді. Мысалы: 1. Қарапайым сым темірден жасалған біз. Бұл көбінесе шұлық тоқкға, мойын орағыш тоқуға, баскиім, т.б. тоқуға арналған. Оны қазіргі таңда пластмассадан, ағаштан, бамбуктен, сүйектен жасауға болады.
Ілмек біз. Аты айтып тұрғандай іліптоқуға арналған біздің бір түрі. Ілмек біздің әр түрлісі болады. Ата- бабаларымыздың бізді қойдың кәрі жілігінің басындағы кішкентай бөлініп шығатын сүйегінен жасалады.
Бірінші шалуды кім және қашан ойлап тапқанын ешкім білмейді. Бірақ таңғажайып шалу біздің дәуірімізден бұрын пайда болған.
Египетте мазарлардың бірінен баланың тоқылған аяқ киімін тапқан. Археологтар оған 4мың жыл болғанын анықтаған. Ал келесі бір мазардан тоқылған шұлықты тапқан, бір қызығы үлкен бармағы бөлек тоқылған. Ол кездегі киетін аяқ киімге ыңғайлы екен.
Ең қызығы тоқу алғашында ер адамдардың кәсібі болған. Онымен аңшылар, балықшылар айналысқан. Олар торлар мен аулар тоқыған. Уақыт өте келе бұл іспен әйелдер айналыса бастаған. Климаты қатаң аймақтарда әйелдер үй ішіндегілерге түрлі жылы киімдер тоқыған.
Ал оңтүстік аймақтарда күн көзінен қорғану үшін түрлі қолшатыр, шляпа, шәлі, қолғаптар тоқыған.
Қазіргі кезде тоқыма адамның «хоббиына» айналған. Егер қазіргі сән үлгісіне салып өзің тоқып кисең өте әдемі көрінеді. Оның үстіне дайын бұйымдарға қарағанда ол өте арзанға түседі. Ілмек бізбен түрлі жиде, көйлек, сөмке, шұлық, жайма және пәтер интерьерлерін тоқуға болады.
Ілмек бізбен тоқудың тағы бір ерекшелігі басында тоқылған бұйымды тарқатып – сол иірімжіпті қайтып бірнеше рет қолдануға болады. тоқылған заттың сапасы иірімжіпке байланысты. Алуан түрлі иірімжіптер бар. Жіпті де бұйымға қарап таңдау керек Басында ілмек біздер ілмексіз тегіс таяқшалар болған. Қазіргі кезде ілмек біздер әртүрлі материалдан жасалады: болат, алюминий, сүйек, пластмасса, ағаш. Диметрлері 1-8мм дейін қалыңдықта болады. Тоқу үшін ілмек біздің басына назар аударған жөн. Егер басы үшкір болса тоқу барысында саусақты жаралайды. Егер жаңа ілмек біздің басы бұдырлау болса, ұсақ егеумен егеу керек.
Ілмек бізді ирімжіптің жуандығына қарай таңдайды. Қанша жіп жуан болса ілмек бізде сонша жуан болуы керек. Егер жіп жіңішке болса, ілмек бізде жіңішке болуы керек.
Ілмек бізбен іліп тоқудың негізгі элементтері:
1.Бос шалу
2.Шалмасыз бағанша
3.Шалмалы бағанша
Ілмек бізді қалам сияқты оң қолға ұстайды. Сұқ саусақ шамалы алдыға шығып ілмек бізде жатады. Жіп алақан ішімен саусақтар арасымен өтеді. (слайдта көрсетілген)
Қауіпсіздік ережесі.
Жұмыс орнын ұйымдастыру. Ілмек бізбен тоқығанда сақталатын қауіпсіздік ережесі:
1.Жұмыс орны жақсы жарықтандырылған болуы керек.
2.Орындық арқасына сүйеніп, тік отыру керек.
3.Тоқу кезінде арқасы бар орындықта басты сәл иіп отырады.
4.Ілмек біздің ұшы қауіпсіз, шектелген болуы крек.
5.Тоқып жатқан жайма бүлінбеуі үшін және қолда иірімжіптің қиқымдары қалмас үшін тоқып бастағанда және аяқтағанда қолды жуу қажет.
6.Жұмыс соңында барлық құрал-жабдықтарды жәшікке жинап салу керек.
7.Ілмек бізді қорабымен алып жүру қажет. (слайдта көрсетілген)
IV.Практикалық жұмыс
[pic] [pic] [pic]
[pic] [pic]
(слайдта көрсетілген)
V.Сабақты бекіту
1. Тоқуға арналған ілмек біздерді қандай материалдардан жасайды?
2. Ілмек бізді қолда қалай ұстайды?
3. ілмек бізбен жұмыс жасағанда қауіпсіздік ережесі қандай? (слайдта көрсетілген)
VI.Үй тапсырмасы
Төсенішті аяқтау, шаршы шеңбер арқылы түрлі- түсті тоқыма жіппен тоқу . Қолөнер тарихы бойынша реферат жазып, оны қорғпу.
Егіндібұлақ ЖОББМ
Сабақтың тақырыбы:
«Қолөнер тарихынан қысқаша мәліметтер, ілмек бізбен тоқуға арналған материалдар мен құралдар, ілмек біздерді таңдау»
Сыныбы: 7 «А»
Орындаған: Технология пәні мұғалімі
Қуаныш Ақтолқын Закарияқызы