Конспект по технология Пәнге қызығушылығын өздігінен даму технологиясы арқылы жүзеге асыру

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Пәнге қызығушылығын өздігінен даму технологиясы арқылы жүзеге асыру


«Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз» деген Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сөзі ұстаз қауымына үлкен тапсырыстарды артып отыр. Еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдер қатарына қосылуы, бүгінгі ұрпақ бейнесімен көрінеді. Дүниежүзілік озық тәжірибелерге сүйеніп, жаңа типті оқыту, яғни әр баланың табиғи қабілетін дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасай отырып, оны жан-жақты дамыту керек. Қазіргі білім беру мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас пайда болып, оқытудың жаңа технологиясы өмірге келді. Яғни педагогикалық технология ұғымы іс-әрекетімізге кеңінен еніп, қолданылуда.



Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы 1998 оқу жылынан бастап мектептің барлық сатысына, барлық пәндерге еніп, оқу үрдісін жандандыруға үлкен үлес қосып келеді.

Профессор Ж. Қараевтың деңгейлеп - саралап оқыту технологиясы жаңаша өзгерген мақсатпен оқушылардың өздігінен танып, іздену іс - әрекеттерін меңгертуді талап етеді. Бұл технологияда бірінші орында оқушы тұрады және өз бетімен білім алудағы белсенділігіне аса назар аударылды.

Деңгейлеп - саралап оқыту технологиясында жұмыс міндетті үш деңгейлік, қосымша шығармашылық деңгей талаптарынан тұрады. Оның басты мақсаты – сынып оқушыларын «қабілетті», «қабілетсіз» деген жіктерге бөлуді болдырмау.

Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы 1998 оқу жылынан бастап мектептің барлық сатысына, барлық пәндерге еніп, оқу үрдісін жандандыруға үлкен үлес қосып келеді.

Профессор Ж. Қараевтың деңгейлеп - саралап оқыту технологиясы жаңаша өзгерген мақсатпен оқушылардың өздігінен танып, іздену іс - әрекеттерін меңгертуді талап етеді. Бұл технологияда бірінші орында оқушы тұрады және өз бетімен білім алудағы белсенділігіне аса назар аударылды.

Деңгейлеп - саралап оқыту технологиясында жұмыс міндетті үш деңгейлік, қосымша шығармашылық деңгей талаптарынан тұрады. Оның басты мақсаты – сынып оқушыларын «қабілетті», «қабілетсіз» деген жіктерге бөлуді болдырмау.

Міндеттері:

1. Ақпараттық және деңгейлеп оқыту технологиясының тиімді әдістерін пайдалану арқылы білімге деген қызығушылығын арттырып, танымдық қабілеттерін дамытуға жағдай жасау. Деңгейлеп оқыту технологиясын қолдану нәтижесінде дарынды оқушыларды анықтау және олармен жұмыс істеу.

2. Оқушы жүрегіне жол табу арқылы сабақтардың әрбір сәтін қызықты, ұтымды өткізу. Оқушыларды тек берілген мәліметті тыңдаушы емес ізденуші, зерттеуші өз ойын еркін дәлелдей алатын, пікірін ортаға сала білетін жеке тұлғаны қалыптастыру. Оқушының бойындағы ынта-ықыласын жойып алмай, жеке дара қабілетінің дамуына мүмкіндік жасай отырып, қабілетін дамытып, шығармашылығын шыңдау...

3. Оқытудың жаңа технологияларын қолдана отырып, жеке, жұпта, топта жұмыс істеу барысында мұғалім мен оқушының ынтымақтастығын қалыптастыру, оқушылардың ойына ерекше құрметпен қарау. Оқушыларды өзін-өзі қадағалай алатын, іс-әрекетін ретімен орындап, өзін - өзі жетілдіретін шығармашыл, ізденімпаз тұлға қалыптастыру.

Ж.Қараевтің деңгейлеп саралап оқыту технологиясында төмендегідей 4 деңгей көрсетілген:

Бірінші деңгей «үйренушілік».( Репродуктивтік ) Оқушылардың жаңа тақырыптан алған білімдерін бекіту үшін, еске түсіріп, қайталау үшін және алған білімдерін практикада қолдана білуге жаттықтырады. Берілген есептер мен тапсырмалар өмірмен, қоршаған ортамен байланыстырылған болуы керек. Мұнда оқушының қызығушылығына, таным бірлігіне назар аударылады.

Екінші деңгей-«алгоритмдік». Мұнда кері байланысқан функцияларды орындау үшін тексеру тапсырмалары, іріленген  материалдарды жүйеге келтіруге, реттеуге арналған, мазмұны өзгертілген жағдайға тапсырмалар беріледі. Сонымен қатар ұлттық негізде құрылған, көбінесе танымдық және үйренушілік мәні бар тапсырмалар, мысалы, сөзтізбектер, ребустар, ойлауға арналған тапсырмалар беріледі.

Үшінші деңгей - «эвристикалық». Бұл  деңгейде оқушылар тақырып бойынша меңгерген білімдерін жетілдіріп, тереңдетумен қатар, ой қорытуға арналған, дағды қалыптастыратын, әртүрлі әдіс-тәсілдермен орындалатын тапсырмалар орындайды. Оқушы өзі ізденіп, материалды саналы түрде меңгеруі керек.

Төртінші деңгей-«шығармашылық», Оқушы өзіндік шығармашылық деңгейін көрсетеді.  Шығармашылық тапсырмалар – оқушылардың білімділігі мен дағдысын қалыптастыру және оны бағалау деңгейі болады. Өз бетімен талдау жасау арқылы шығармашылық тұрғыдан зерттеу жұмысын жүргізуге баулу. 
Осылай бір деңгейден келесі деңгейге өту үшін өз білімін, білік пен дағдысын толықтырып отырады. Нәтижесінде жоғары деңгейлік тапсырмаларды орындау әр оқушының мақсатына айналады.

Жетістіктерге жету үшін ең алдымен  оқушылардың   білім дәрежесін, ынтасын, ақыл–ой, еңбек дағдысын, өз жұмысына деген жауапкершілігін ескеру қажет. Деңгейлік тапсырмаларды қандай дәрежеде орындай алса баға біліміне қарай қойылады. 

Сабақ барысында топтағы барлық  оқушылардың   білім деңгейі анықталады. Бұл әдістің тағы бір тиімді жағы–оқушы өзінің білім деңгейін, нені оқу керектігін анықтап, өзінің ізденуіне болады. Өйткені ол білім сапасының дамуын қамтамасыз етеді. Білім сапасы білім, біліктілік, дағды және тұлғаның қасиеттері мен қабілеттерімен бағаланады.

Сабақта  оқушыларға  өз ойларын талдауға, айтуға, қорытындылауға көп көңіл бөлу қажет. Сабақ барысында өздігінен еңбектенуге, шығармашылықпен ізденуге, қорытынды жасауға машықтанады. Тапсырманы орындау барысында жіберілген қателер мен кемшіліктерді уақытында анықтап түзетуге мүмкіндік беру керек.  Оқытушы  білімі  төмендерге көмек беріп, қабілеттілермен жұмыс ұйымдастырып отыру арқылы  ирформатика пәнін оқуға деген қызығушылығын, белсендігін арттырады. Тақырыпты толық меңгере алмаған оқушылармен қосымша сабақтар, сыныптан тыс жұмыстар жүргізуі керек.

Деңгейлеп-саралап оқытудың негізгі бағыттары: оқушыларды қабілеті бойынша топтау, кәсібі бағдар бойынша топтау; сынып ішінде саралау. Жалпы білім беретін мектептерде саралап оқытуда әртүрлі әдістер қолданылады. Соның ішінде саралаудың маңызды түрі – деңгейлеп саралап оқыту. Бұның басты ерекшелігі – оқушыларға берілетін тапсырмалардың деңгейлерге бөлінуі және олардың меңгерген білімі мен іскерліктеріне қойылатын талаптардың саралануы материалды меңгерудің төменгі жеткілікті шегін қамтитын міндетті дайындық. Бұл деңгей – барлық оқушылардың шамасы жететін деңгей. Осы деңгейдің барысында курсты меңгерудің жоғары деңгейлері қалыптасады. Оқушылар бір сыныпта бір бағдарлама бойынша білім ала отырып,қабілеттеріне, қызығушылығына сай деңгейді талдауға мүмкіндік табады. Сонымен бірге оқушының төменгі деңгейден жоғарғы деңгейге ұмтылуын қамтамасыз етеді.

Деңгейлеп - саралап оқыту технологиясының оқушыларға тиімділігі:
• Сынып оқушыларының барлығы деңгейлік тапсырма орындауы;
• Білім көрсеткішінің нақты және сапалы болуы;
• Оқушының өз білімін өзі бағалап, білім деңгейін дамыта алуы
• Оқушылардың оқуға ынтасы мен пәнге қызығушылығының артуы;
• Оқушының іздену дағдысының, ұстамдылығының қалыптасуы;
• Оқушы белсенділігінің оянуы;
• Алға қойған мақсатына жетуге дағдылануы, қиындықтарды жеңуге ұмтылуы;
• Оқушының өздігінен жұмыс істеуі мен жауапкершілігінің артуы;
• Оқушы мен мұғалім арасындағы ынтымақтастық қарым - қатынастың орнауы.

Деңгейлеп - саралап оқыту технологиясының мұғалімдерге тиімділігі:
• Деңгейлеп - саралап оқытуда білім игерудің үш деңгейінің қарастырылуы;
• Оқушылардың сабақ үстінде бірнеше деңгейде жұмыс жүргізуі;
• Білім дәрежесі бірдей топтарды тексеру ісінің жеңілдеуі;
• Оқушылардың жұмыстары әділ бағалануы;
• Оқушы мен мұғалімнің белсенді шығармашылық қызметін дамытуы;
• Дарынды оқушыларды анықтап, олармен тұрақты және жүйелі жұмыс істеу мүмкіндігінің орнауы;
• Олимпиадалық, шығармашылық жұмыс жеңімпаздарының саны артуы.

Деңгейлік тапсырсмалардың ауқымы өте кең.Оқулықтағы жаттығулар – өтілген ережелер бойынша қайталау,пысықтау,бекіту жұмыстарына арналған тілдік, грамматикалық жұмыстар жүйесі.Деңгейлік тапсырмалар құрамында мәтіндер, сөзжұмбақ,қызықты грамматика,тестік сұрақтар,іскерік ойындар мен тренингтер жүйесі қамтылады.Бұлар оқытудың деңгейіне сәйкес оқушыны саралап оқытуға ыңғайлы,әрі оқу бағдарламасы бойынша оқушының жас ерекшелігі мен білім деңгейіне сай құрылып, оқулыққа қосымша пайдалануға беріледі.

Оқушыны деңгейге бөліп оқыту үшін сабақ жаңаша жоспарланады.Оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беру арқылы сан түрлі жұмыс жүргізіледі.Оқушының алған білімін жүзеге асыра алатындығы тексеріледі.Өз бетімен жұмысты орындауға бейімділігі бақылауға алынады.Қорытындысына деңгейлік тапсырмалар арқылы жұмыс жасаудың тиімділігі байқалады

Сабақ үш кезеңмен жүргізіледі және оның мынадай тиімділіктері бар.

1-кезең. Тірек тапсырмалар мен жұмыс.

Мұнда жаңа тақырыпты меңгеруге қажетті бұрын өтілген материалдарды қайталау. Бұл үйде орындалып келетін тапсырма болғандықтан ,үй жұмысын талдауға барлық оқушыларды қатыстыруға және уақыт үнемдеуге мүмкіндік береді. Осы кезеңде әңгімелесу , көрнекілік мәселелік оқыту әдістерін қолдана отырып, оқушылардың бұрын алған білімін ескере сабаққа қызығушылығын арттыру және білімін қадағалау жүзеге асырылады. Осы жұмыстар арқылы оқушының сабаққа зейіні ауып, жаңа тақырыпты өздігінен меңгеруге дайындалады.

2- кезең. Жаңа тақырыпты өздігінен меңгеру.

Бұл кезеңде оқушыларға тақырыпты меңгеру жұмыстар беріледі. Алдымен оқулықпен жұмыс істеп тақырыптан керекті мәліметтерді таба білуге , ізденімпаздыққа үйренеді , әр оқушының танымдық қызметіндегі дербестікті дамытуға мүмкіндік туады . Оқытудағы іздену көзқарасы оқушының өнімді іс -әрекетіне негізделеді. Мұнда оқушы жаңа тәжірибені мүмкіндігінше өз бетімен меңгеруі тиіс. Оқу барысында оқушы өзін-өзі жетілдіреді . Одан кейінгі кезеңде оқушы тақырыпты оқып үйреніп топ болып талдауға уақыт беріледі. Оқушы тақырыпты оқып болған кезде мұғалімнің үй тапсырмасын тексеруге немесе жеке оқушылармен жұмыс істеуге уақыты бар. Мұнда оқушылардың барлығы қатысады. Тақырып тақтада талданады. Оқушылар жартылай ізденіс , мәселелік және зерттеу әдістерін қолданады.

3-кезең. Деңгейлік тапсырмалар тиімділігі.

Оқушылар білімін бағалау мен бақылау жүйесі арасындағы байланыс. Қоюшы әр сабақта жинаған ұпайларын «Даму мониторинг» кестесінде белгілеп отыру арқылы талдау жасалады.

Деңгейлік тапсырмалардың мақсаты:

  • жеңілден қиынға, қарапайымнан күрделіге қарай сатылы түрде орындалатын жұмыстар.

  • оқушы ізденіске, шығармашылыққа бөленеді.

  • дарынды оқушылар мүмкіндігі анықталды.

  • әр оқушы өзін -өзі бағалайды, өз білімін жоғары деңгейге жеткізе алады, материалды толық меңгереді.

  • жаңа тақырыпты жаңа әдіспен түсіндіріледі.

  • тест, диктант арқылы тақырып меңгеріледі.

  • өзіндік жұмыстар жүргізіледі.

  • бақылау жұмысы алынады.

  • бақылау парағы жасалады.

Қортынды

Қорыта келе, деңгейлік тапсырмалар ауқымы өте кең. Мектеп оқушыларына берілетін тапсырмалар оқушылардың ойлауына әсер етеді. Тасырманы орындау үшін бала жауапты өзі іздестіреді. . Оны шешуде ақыл – ойы дамиды , ойлануына жан – жақты әсер етеді деп түйіндеуге болады.

Деңгейлеп оқыту - оқылатын ақпараттың азаюы арқылы емес, оқушыларға қойылатын талаптардың әртүрлілігі арқылы жүзеге асырылады. Қазіргі заман талабы әр оқушының сабақ кезінде жаңа білім қосып қана қоймай, соны игеріп , ізденіп, талап – пікір таластыру деңгейіне жету мақсатын көздейді.

Ж. Қараевтың деңгейлеп оқыту технологиясы бойыша деңгейлік тапсырмалар дайындауға қойылатын талаптар