Тері өңдеу тақырыбындағы сабақ (6 сынып)

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Күні:

Пәні: Технология

Сыныбы: 6

Сабақтың тақырыбы: Тері өңдеу

Сабақ мақсаты: Тері өңдеу, тері илеу технологиясымен танысады


Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:


Білімділігі: Тері өңдеу, бой тұмар жасау течнологиясын меңгереді

Дамытушылығы: Оқушыларды топтық әңбек етуге өзара қатынасын арттыру, еңбекке іскерлігін икемділігін дамыту

Тәрбиелілігі: Оқушыларды ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, жауапкершілікке мақсатына жете білуге тәрбиелеу


Сабақ типі: Аралас сабақ

Сабақ әдісі: Түсіндірмелілік

Сабақ түрі: Топтық жарыс сабақ

Сабаққа қолданылатын стратегиялық әдістер: Топтастыру әдісі,СТО әдістері, Кубизм әдісі, Робин - роунд әдісі

Құрал саймандар: Қайшы, сызғыш, біз, пышақ

Көнекілігі: интерактивті тақта,плакат, нұсқау картасы, үлестірмелі карточкалар

Пән аралық байланыс: тарих, сызу, сурет,геометрия

Пайдаланған әдебиет: Д Шоқпарұлы, Д Дәркембайұлы «Қазақ халқының қолөнері», технология 6


Сабақтың барысы:


  1. Ұйымдастыру кезеңі

а) Оқушыларды түгелдеу

ә) Сабаққа әзірлік жүргізу

б) Оқушыларды топқа бөлу


1 топ «Ұсталар», «Ұсталы ел озар, ұстасыз ел тозар»

2 топ «Білімділер», «Халық пен халықты, адам мен адамды

теңестіретін нәрсе – білім»

Әр турда тапсырма орындағаннан кейін, бағалау парағына ұпай саны

есептелінеді.

  1. Үй тапсырмасын тексеру

Ағаш ою технологиясы

Графикалық диктант


«Топтастыру» әдісі

Ертеде шеберлер ағаштан қандай бұйымдар жасаған?

[pic]

[pic] [pic]

[pic]



[pic] [pic] [pic]

  1. Үй тапсырмасын бекіту.


«Кубизм» әдісі (сұрақтар)

«Мағынаны тану» (сөзжұмбақ)


1)Кіші қасықтың өлшемі немен сәйкес болуы тиіс? (темір шай қасық )

2)Қасықты оймас бұрын жобасын немен келтіреміз? (ермексаз)

3)Бұйымды кептіру үшін не жағамыз? (бор)

4)Қасық,ыдыс-аяқ,домбыра т.б.бұйымдар қандай өнермен

байланысты?(мүсіндеу)

5)Ағаштан ою,шабу арқылы жасалатын бұйымның бірі?(шөміш)

6)Қасықтың ішін немен оямыз?(ыңғыру)

7)Ағаштан ою, шабу арқылы жасалатын бұйымның бірі?(домбыра)

8)Ағаш қасық пен темір шай қасықтың айырмашылығы?(тереңдеу)

9)Ертеде шеберлер бұйымдардың көпшілігін ағаштан ою,... арқылы

жасаған.(шабу)


  1. Жаңа сабақты даярлау. Жаңа сабақ.

Қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінде, шаруашылық жайында қолөнер саласында тері өңдеу өнері маңызды орын алған.

Себебі негізгі тіршілік көзі мал шаруашылығы болғандықтан қазақ халқы малдың етін, сүтін азық етсе, терісі мен жүнін киім-кешек тігуге, тұяғы мен мүйізінен, сүйегінен әртүрлі қолөнер бұйымдарын әзірлеген, тіпті малдың тезегін де тастамай отын ретінде пайдаланған.

Ерте заманда қазақ жұртшылығы иленген мал, аң терілерінен киім түрлерін тігіп киген, сонымен бірге өздері илейтін немесе сатып алатын былғары түрлерінен киімнен басқа көптеген үй бұйымдарын жасады.Қазақ шеберлері ер-тұрман жабдықтарының ішінен тоқым, құйысқан, өмілдірік, жүген, қамшы, тартпа т.б. бөліктерін теріден жасаған. Тері қолөнер бұйымдарының ішінде айырбасталмайтын шикізатқа айналды. Оны саз аспаптарының ішінде қобызға, шертпеге, адырнаға, ұрмалы аспатарға қолданды. Көшпелі қазақ халқының қоламен байланысы аз болғандықтан, теріден ыдыс бұйымдарын жасады, мысалы, торсық, кесеқап, саба т.б.


[pic] [pic]

[pic] [pic] [pic]

[pic] [pic] [pic]

[pic]

[pic]

[pic]

[pic]

Теріден жасалған ыдыстарды дүркін-дүркін ыстап отырудың гигеналық маңызы өте үлкен.

Баппен ысталған ыдыс әдемі қоңыр-қызыл түске енеді, әрі ысталған ыдыста әр түрлі микроорганизмдер болмайды. Ыс сіңген ыдыста сақталған сүт тағамдарының иісі мен дәмі де ерекше жағымды болады әрі ұзақ уақыт бұзылмай сақталады.

Уақыт пен отынды үнемдеу мақсатымен тері ыдыстарды арнаулы күркеге аузын төмен қаратып іледі де, тобылғы, арша, қарағайдың бүрін, ермен, жусанның түбірін жалындатпай жағып 8-10 сағаттай ыстайды.

Кеуіп үлгірмеген жас теріге немесе су бүркіп жібітілген теріге іркіт жағып, ұн немесе кебек, тұз сеуіп, терінің бетіндегі иді араластырып, шеттерін үстіне қарай қайырып, жылы жерге бүктеп қояды. Мұндай әдіспен иленетін терінің иі қануы, яғни дайын болуы терінің түріне байланысты.Үлкен қой, ешкі, әсіресе құлын, жабағы немесе тай терілерінің иі қануы ұзақтау болады. Орта есеппен алғанда, 3-5 күн ішінде қандай тері болсын, иі қанып үлгереді. Иіден шыққан теріні көлеңкеде кептіреді. Оны талқыға салып жұмсартады, содан кейін қырғышпен қырып, іш майынан, сары етінен тазартады, жақсылап уқалайды.

Практикалық жұмыс


1)Қауіпсіздік ережесін сақталуын қадағалау

2)Жұмысты ұйымдастыруда оқушыларды керекті құралдарға көңіл бөлгізу

3) Бой тұмар жасау

4) Әрбір оқушының жасаған жұмысын тексеру, салыстыру, бағалау


  1. Жаңа сабақты бекіту

«Таза тақта» ойыны (сұрақтар)

1. Қазақ халқы ертеде теріден қандай бұйымдар жасады?

2. Мал терісін илеудің қандай әдістері бар?

3. Халықта кең тараған тері илеу әдістері қандай?

4. Теріні не үшін ыстайды, оның ерекшелігі неде?

5. Сырт киім, бас киімді қай түліктің терісінен жасайды?

6. Иі қануы деген сөздің мағынасы?

7.Неше күн ішінде қандай тері болсын иі қанып үлгереді?

8.Сырт киім,бас киім тігуге арналған қозы,лақ,құлын терілерін қалай

илейді?

9.Бой тұмар жасау технологиясын түсіндір?

10. Ешкі мен қой терісінен қандай бұйым жасалынады?


«Робин – роунд» әдісі бойынша оқушылар сабақтан не түсінгенін айтады


  1. Қорытынды


Қорыта келе бүгін тері илеу, тері өңдеу және бой тұмар жасау технологиясымен таныстық. Ендігі кезекте өздерін жасай алады деген ойдамын.

  1. Бағалау


  1. Үйге тапсырма беру


Пышақ қынын тігу

А. Жанпейісов атындағы № 105 орта мектеп

[pic]















[pic]





Тақырыбы: Тері өңдеу




Пән мұғалімі: Байдрахманов Ерсін










мамыр




1. Қазақ халқы ертеде теріден қандай бұйымдар жасады?




2. Мал терісін илеудің қандай әдістері бар?




3. Халықта кең тараған тері илеу әдістері қандай?




4. Теріні не үшін ыстайды, оның ерекшелігі неде?




5. Сырт киім, бас киімді қай түліктің терісінен жасайды?




6. Иі қануы деген сөздің мағынасы?




7.Неше күн ішінде қандай тері болсын иі қанып үлгереді?




8. Сырт киім, бас киім тігуге арналған қозы, лақ, құлын

терілерін қалай илейді?




9.Бой тұмар жасау технологиясын түсіндір?




10. Ешкі мен қой терісінен қандай бұйым жасалынады?