Сабақ жоспары Электр қол машиналары және білдектер. Банктік қызмет

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Пән:________Технология Сынып: ____9______ Күні:_______________________

Сабақ тақырыбы: Электр қол машиналары және білдектер.

Банктік қызмет

Мақсаты: білім беру: Электр қол машиналары және білдектер пайдалану.

тәрбиелеу:Өзбетінше ҚТЕ сақтауға тәрбиелеу.

дамыту: Электр қол машиналары және білдектер туралы білім кеңейту.

Сабақ түрі:аралас

Пәнаралық байланыстар: Математика, физика экономика

Материалдық-техникалық жабдықтау: Электр-лобзик, бейнефильм.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру бөлімі:

Амандасу, сабаққа қатысуды бақылау, жұмыс киім және сабаққа дайындықтарын тексеру.

Өткен материалды қайталау:

Жаңа тақырыпты мазмұндау:

Электрлі құралдармен жұмыс істеу алдында нұсқау оқу. Пайдалану параметрлері, басқару бастырмалары т.б. Электрлік құралдар 220 Вт жұмыс істейді. Жұмыс алдында өткізгіштердің тұтастығын тексеру, Дайындығын тексеру. Толық айналым күшін алғаннан кейін жұмыс бастау. Кесу жерден қолын алысырақ ұстау. Электр құрал күшін тексеру. Бір келкі жылдамдықпен жұлқымай істеу. Шығару кезінде толық тоқтағаннан кейін босату. Сақтау, жинау кезінде өз орнына қою, майлау қауіпсіздік және көмек. Тоқты ажырату. Тоқ өткізбейтін материалмен пайдалану. Дәрігер шақыру немесе 103 телефонмен жәрдем шақыру. Күйген жерге май жағу. Демі тоқтағанда тілінің қалпын тексеру, қолмен орнына келтіру. Демі қалпына келгенше қолдан дем алдыру ауыздан ауызға керек.

Банктік қызмет — бұл банктік операцияларды жүзеге асырумен байланысты қызметті білдіреді.

  1. заңды тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банктік шоттарын ашу және жүргізу;

  2. жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банктік шоттарын ашу және жүргізу;

  3. банктердің және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспондентік шоттарын aшy және жүргізу;

  4. заңды және жеке тұлғалардың металдық шоттарын ашу және жүргізу;

  5. кассалық операциялар: банкнота мен монетаны қабылдау, беру, қайта санау, айырбастау, ұсату, сорттау, қаптау және сақтау;

  6. аударым операциялары; заңды және жеке тұлғалардың ақшаны аударумен байланысты тапсырмаларын орындау;

  7. есепке алу операциялары: заңды және жеке тұлғалардың вексельдерін және өзге борыштық міндеттемелерін есепке алу (дисконт);

  8. заемдық операциялар: ақы төлеу, мерзімін белгілеу және қайтару шартымен ақшалай нысанда несиелер беру;

  9. заңды және жеке тұлғалардың, оның ішінде корреспондент- банктердің тапсырмаларына байланысты, олардың банктік шоттары бойынша есеп айырысу операцияларын жүргізу;

  10. сенім (траст) операциялары: сенім білдірушінің тапсырмасы бойынша және оның мүддесіне сай, ақшасын, құйма бағалы металын және бағалы қағаздарын басқару;

  11. клиринттік операциялар: төлемдерді жинау, тексеру және растау, сондай-ақ олар бойынша өзара есепке алу операцияларын жүргізу және клирингке қатысушылардың таза ұстанымын анық- тау;

  12. сейфтік операциялар: клиенттердің құжатты формада шығарылған бағалы қағаздарын, құжаттарын және бағалы заттарын сақтау қызметін керсету, сондай-ақ жәшіктерді, шкафтарды және бөлмелерді жалға беру;

  13. ломбардтық операциялар: тез іске асатын бағалы қағаздар мен жылжитын мүліктерді кепілге алып, қысқа мерзімді несиелер беру;

  14. төлем карточкаларын шығару;

  15. банкнот пен монеталарды және бағалы заттары инкассациялау және жөнелту;

  16. шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдасытыру;

  17. төлем құжаттарын инкассоға қабылдау (вексельден басқаларын);

  18. чек кітапшаларын шығару;

  19. бағалы қағаздар нарығындағы клирингтік қызмет;

  20. аккредитивті ашу, растау және ол бойынша міндеттемені орындау;

  21. ақшалай нысанда орындалуды көздейтін, банктік кепіл-хаттарды беру;

  22. үшінші тұлғаның атынан ақшалай нысанда орындалуды көздейтін банктік кепілдеме беру.

Нәтижесі: Электр құралдармен падалана білу.

Кіріспе нұсқа: ҚТЕ қайталау, жұмыс реттігімен танысу.

Оқушылардың өз бетінше жұмысы:Қарапайым жөндеу жасау

Күнділікті нұсқау-негізгі мақсат түрі:

Қортынды нұсқау:

а) ерекше қателерді және оның себептерін талдау; ә) әрбір оқушы жұмысының бағаларын қорыту;

б) үй тапсырмасы: Ағаш қасиеттерін қайталау Жұмыс орнын жинастыру.