Қағаз кесінділерінен құрамақ дайындау. 3 сынып

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Қызылорда облысы

Шиелі ауданы

Бірлестік ауылы. №142 орта мектеп

Технология пәні мұғалімі: Мадиева Жеңіс Серікбаевна

Күні: 7. 11. 2016ж Сыныбы: 3 Пәні: Еңбекке баулу

Тақырыбы: Қағаз кесінділерінен жасалған құрамақтар

Мақсаты: Қағаз тілшелеріне әшекейлер жасауды үйрету. Білімін, ой – өрісін дамыту. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақ типі: Жаңа білімдерді меңгеру сабағы.

Әдісі: Түсіндіру,әңгімелеу

Көрнекілігі: Суреттер, әр түсті қағаз кесінділерімен, қайшы,желім.

Сабақ барысы:

I Ұйымдасу кезеңі:Сабаққа дайындық

II Мақсатын қою кезеңі:Тақырыбын,мақсатын хабарлау

Қағаз кесінділерінен құрамақтар жасау.

IIІ Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: Қағаз – әр түрлі бұйымдар жасауға ыңғайлы материал. Ол жақсы желімделеді. Қағаз кесінділерінен сопақша, үшкір немесе шеңбер тәрізді пішіндер құрастыруға болады. Оларды бір – біріне жалғап желімдесе және бояса, әдемі сәндік композиция шығады. Мұның бәрі сенің шеберлігіңе байланысты. Қалың қағаздан немесе жұмсақ қатырма қағаздан құрастырылған композиция майысып, мыжылмайды. Егер ақ қағаздан жасалса, онда ол өте әдемі көрінеді. Қызықты, сәнді композиция жасау үшін алдымен оның нобайын сызып алу керек. 1. Қағаз тілшелерінен әшекейлер жасау тәсілін түсіндіру.- Қағаз тілшелерін не істеуге болады?(кесуге, өруге, бұрауға, әртүрлі құрастырма заттар жасайды). 2. Сурет бойынша жұмыс 33-34 бет. 3. Тілшені қалың қағаздан, жұмсақ қатырма қағаздан жасаса, ол майысып мыжылмайды. Егер ақ қағаздан жасалса, тілшелер әдемі көрінеді. Қағаз тілшелерінен шеңбер тәрізді, сопақша бұрыш пішіндер жасауға болады.

Қызықты, сәндік композицияларды ойша да құрастыра аламыз. Әсіресе әр түрлі механизмдер мен тасымал құралдары әдемі жасалады.

Сергіту сәттері.

ІV. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі: 1. Оқушыларға оқыту: іштей, дауыстап-тізбектей 33 – 34 бет. 2. Сұрақтарға жауап алу. – Қағаз деген не? - Қағазды қалай жасайды? - Қағазбен қандай операцияларды жасай аласыңдар? - Қағазды немен кеседі? - Қағаз тілшелерін не істеуге болады? Оны қалай жасайды?

Техника қауіпсіздік ережелерін қайталау (қайшы, пышақ):Қағаз тілшелерінен әшекейлер жасау.

V. Үйге тапсырма беру. Қағаздан құрамақ түрлерін дайындау

Пайдаланылған әдебиеттер: Еңбекке баулу, 3 сынып