Ашық сабақ. Бұйым тоқу, шұлық тоқу.

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


«Бекітемін»:

9 мектеп-гимназиясының директорының

оқу-ісі жөніндегі орынбасары:



Мерзімі: 17. 04. 2010 жыл.


Сыныбы: 8«А»


Сабақтың тақырыбы: Бұйым тоқу, шұлық тоқу.


Сабақтың мақсаты: Ұлттық қолөнеріміздің бір түрі

тоқыма тоқу түрлерімен танысу,

шұлық тоқып үйрену.


1. Білімділік: Оқушыларға қолмен тоқу өнерін жан-жақты таныстыру, тоқыманың тұрмысқа қажеттілігі мен қазіргі өмірде алатын орнын әңгімелеу.


2. Дамытушылық: Оқушыларға қой жүнінен әр түрлі

бұйымдар жасауды үйрету, қол

шеберлігін, икемділігін, өнер

сүйгіштігін дамыту.


3. Тәрбиелік: Оқушыларды еңбекті сүюге,

әсемдікке, , ұқыптылыққа, жылы, сәнді

киіне білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.


Сабақтың әдісі: сарамандық жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: нұсқау карталар, плакат, әр түрлі

жүндер, мода журналы, альбом.


Қажетті құрал-жабдықтар

мен материалдар: жұмыс дәптері,біз,темір, ілмек біз, жіп

түрлері.

Пәнаралық байланыс: тарих, математика, биология.

Сабақтың барысы:


І. Ұйымдастыру кезеңі:


1. Оқушылармен сәлемсдесу.

2. Кезекшімен сұхбат

3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.


ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:


1. Үйге берілген бұйымдарын тексеру.

2. Карточкамен жұмыс


а). Малдан қандай өнім алынады ?

б). Төрт түліктің қайсысын жақсы көресің ?

г). Ұршық не үшін қажет ?

д). Тоқу дегеніміз не?

е). Оң және теріс шалу дегеніміз не?



3. Үй тапсырмасын қорытындылау.





Оқушылардың өткен сабақты жақсы меңгергендігін байқадық. Сонымен тоқыманың біздің өміріміздегі маңызының зор екендігін білдік. Оқушылар өз ойларымен бөлісті.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Енді, оқушылар менің сіздерге дайындаған жұмбағым бар.

1. Жұмбақ

а). Бес ін, бес іннің, аузы бір ін.

Шешуі: шұлық.

б). Күндіз тоқ, түнде аш.

Шешуі: шұлық.

Дұрыс балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбының шешуін өздерің айтып отырғандай шұлық тоқу.

2. Түсіндіру

Төрт түліктің барлығының да адам үшін тигізер пайдасы зор. Баға, күте білсең өнім де көп. Соның ішінде төрт түліктің бірі- қой. Адам баласының қой түлігінің қолда баға бастағанына тоғыз мың жылдай уақыт болыпты. Үй қойы Оңтүстік Европа мен Азияда тараған жабайы тау қойы – муфлоннан келіп шықты.

Қойдың 150-ден аса тұқымы бар. Қойды қолға ұстаудың адам үшін зор маңызы болды.Адам оның етін, майын, сүтін қорек етіп, терісін, жүнін киім – кешекке жаратты. Қой терісінен аяқкиім де тігеді. Алайда үй қойының беретін өнімінің ең құндысы жүні.Одан пима басып, кілем, кеудеше, сырмақ, алаша, баскиім, қолғап, шұлықтар тоқиды. Қазақстанда биязы жүнді қой, роман қойы жатады.

ІV. Сергіту сәті.

V. Сарамандық жұмыс.

Жүннен әр түрлі бұйымдар тоқып алу үшін тоқыма өнерін білу керек. Тоқуға жіп дайындау үшін:

1. Жүнді жу;

2. Жақсылап майдалап түт;

3. Ұршықпен біркелкі етіп иір;

4. Жіпті шумақтап төгіп ал;

Шұлықтар қонышты және қонышсызболып келеді. Шұлық тоқу үшін үлкендерге 150 г, ал балаларға 70-100 г. жүн жіп қажет. Шұлықтың қонышы ұзыны жақсы. Ал етікпен қию үшін қонышсыз шұлық керек . Оған 100г. жүн жіп қажет.

Біздің мақсатымыз шұлық тоқып үйрену. Әр оқушы өзіне қонышты ма, қонышсыз шұлық қажет пе қалағанын тоқып алуына болады. Қалай бастап тоқу керектігі жөнінде әр оқушыға нұсқау картадағы кестелер мен суреттер арқылы түсіндіріп шығамын. Бұл нұсқау карта барлық оқушыға бір-бірден таратылады.


[pic]


Резеңкеге 4 бізге 9 жіптен 36 жіп аласың. 1 оң, 1 теріс шалумен 1-2 см-дей етіп резеңке тоқы. 4 қатар бірыңғай оң тоқып сосын 2 бізді оң-теріс 12 рет айналып тоқып шық та әр бізге 3х3-тен жіп тастап 2х2 жіпті бірге алып өкшені жауып шығасың. Сосын 4 бізді қайтадан алып басын тоқисың. Шұлықтың ұзындығы әр адамның аяғының тұрқына байланысты. Өз мөлшеріңе жеткен кезде қонышсыз шұлықты табиғи және синтетикалық жіптерден тоқуға болады.

1. Нұсқау карта.


2. Нұсқау карта.


Шұлықты 4 бізбен тоқы. Әр бізге тоқитын шұлықтың размеріне қарай жіп санап аласың. Ер адамға 64 жіп, әйел адамдарға 54 жіп. Бір жіпті оң шалу қелесі бір жіпті теріс шалу арқылы 18-20см мөлшерінде қоныш тоқисың. Одан әрі 5-6 рет бірыңғай оң тоқып шық та екі бізге 12-12 жіптен санап алып өкшені 12 см етіп тоқып шығасың да екі шетінен 2х2 жіптен тарылтып отыр. Ортадан 3-3-тен 6 жіпті тоқып отырасың. Бас жағына келгенде бірыңғай 4 бізді де оң тоқып шық. Ең ұшына келгенде екі біздің шеткі жібін 2х2 біріктіріп алып жауып шығасың. Дайын шұлықты жақсылап жуу керек.



3. Нұсқау карта.



Екі бізге жиыны 31 жіп аласың. Бір бізге 15, екінші бізге 15 жіп ортада 1 жіп оң тоқылып отырады сол жіптің екі жақ шетінен 1 жіп бос ілініп келесі жолы тоқылып кетеді. Шұлықтың биіктігі 8 см. Болған кезде екі жақ шетінен 2х2 жіптен тарылтып шығасың. Ең басына 6 жіп тастап, екі бізге шетінен іліпотырыптабанды артқа қарай тоқып шық та резеңкеге жеткенде жабасың. Ортада 1 жіп оң тоқып, екі жағынан жіп іліп алып тоқы. Екі жвғы тең болу керек. Бұл шұлық 2 бізбен тоқылады. Резеңкені 6 рет тоқып өтесің .

31 жіп – 38 – 36 размерге

25 жіп – 32 – 30 размерге




VI. Техникалық қауіпсіздік ережесі:


1. Бізді абайлап ұста, кез келген жерге тастама!

2. Тот басқан бізбен тоқыма!

3. Жүн жіпті тіспен үзбе!



Есіңде сақта!


1. Бізге жіпті санап төгерде жіптіңжуан не жіңішкелігіне қара.

2. Жүнді иіргенде шөп-шаламы болмасын.

3. Жіп буылтықсыз біркелкі болып иірілу керек.


VII. Сабақты бекіту.


Венн диаграммасы арқылы табиғи және жасанды жіптер болатындығын салыстырып, оқушыларды олардың қасиетімен таныстырамын.





[pic]




VIII.Сабақты қорытындылау.


1. Тоқу тұрғысында қателіктер болмауы қажет.

2. Бұйымды тоқу барысында, сапасы мен әдемілігі өлшемнің нақты алынуына байланысты болады.

IX. Бағалау.


Бұйымды тоқуына және қосымша сұрақтарға жауап беруіне байланысты бағалау.


X. Үйге тапсырма беру.


1. Шұлық тоқуды аяқтау.

2. Қолдан тоқылған бұйымдардан альбом жасау.


XI. Жұмыс орнын жинастыру.

















[pic]





1. Нұсқау карта.




[pic]



Резеңкеге 4 бізге 9 жіптен 36 жіп аласың. 1 оң, 1


теріс шалумен 1-2 см-дей етіп резеңке тоқы. 4 қатар


бірыңғай оң тоқып сосын 2 бізді оң-теріс 12 рет айналып


тоқып шық та әр бізге 3х3-тен жіп тастап 2х2 жіпті бірге


алып өкшені жауып шығасың. Сосын 4 бізді қайтадан


алып басын тоқисың. Шұлықтың ұзындығы әр адамның


аяғының тұрқына байланысты. Өз мөлшеріңе жеткен кезде


қонышсыз шұлықты табиғи және синтетикалық жіптерден


тоқуға болады.



2. Карточкамен жұмыс



а) Малдан қандай өнім алынады ?


б) Төрт түліктің қайсысын жақсы көресің ?


г) Ұршық не үшін қажет ?


д) Тоқу дегеніміз не?


е) Оң және теріс шалу дегеніміз не?



Білемін


Білгім келеді


Үйрендім