Өндірістік оқыту шеберінің іс-тәжірибесінен: Қағаздан жасалған көркем заттар.

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Қағаздан жасалған көркем заттар

Қағаздан жасалған жасанды заттар әр түрлі елдердің халық өнерінде кездеседі, ал соңғы жылдары қағаз көркем қолөнерде, әсемдеу өнерінде, дизайн және сәулетте құрал ретінде көп қолданылып жүр.

Қағаз өзінің қарапайымдылығын өңдеу үшін арнайы құралдарды талап етпейтін, алгашқы технологиялық әдістерді үйренуге тиімді болып табылады. Онымен жұмыс істеу құрастырушылық және үйлесімділік ой-өрістің, көркемдік дәм-сезімнің қалыптасуына үлкен көмек көрсетеді.

Бұл құралдың рөлі өте үлкен, ол көркем және техникалық құрастырушылардың теориялық негізі болып табылады. Қағаздан жасалған модельдермен жұмыс істеу -кеңістік үйлесімнің және кеңістік құрылымдық шешімді дамытудың құны жоқ тәсілі. Қағаздан жасалған заттың бәрін темірден жасай беруге болмайды. Сондықтан әр құралдың өзіне тән кеңістік бейне түрі бар, осы бейне арқылы оның нағыз қасиеті көрінеді. Қанша дегенмен қағаздан жасалған бейне басқа құралдардан жасалмақ заттардың ізденіс тәжірибесі болуы әбден мүмкін.

Қағаздың өзгеруі әдістің әр түрлі (бүгілу, кесілу, майысу) өзіне тән технологиялық қызметін анықтайды, мұның негізі парақтың құрылысы болып табылады. [pic]










2-сурет. Қагаздың өзгеруі

Қағаздың бүктелуі. Бұл тәсілдің көмегімен цилиндрлік, домалақтанып келген жазықтықтар құрылады. Осындай парақты майыстырған кезде оның қаттылығы мен мықтылығы, әсіресе перпендикулярлы берілген кезде арта түседі. Бүтін бітілген цилиндрлік жазықтықтар өте мықты.

Жұмысты орындаудың екі әдісі бар:

1. Қағаздың екі шетін күштеп біріктіру, мұндай жағдайда құралдың серпінділігі басылады. Бұл тәсіл әдемі, тегіс жазықтықтан болады, алайда оның нақты бірігуін талап етеді (мысалы, желімдеу арқылы). Күрделі жазықтық бетін құрау өте қиын іс.

2. Алдын ала беті тілінген және сызғыштың көмегімен майыстырылған, тығыздыгы азайған қағаздар күрделі жазықтықтарды құрауға мүмкіндіктері бар.

Парақты кесу. Бұл тәсілді қолданысымен жазықтық беті жалпақ болып қалғанына қарамастан, ол қолданылған құралының түрімен және басқа әдістердің көмегімен жаңа кеңістік құрылыстарды құра алатындықтарымен қызықты.

Түзу сызықтарды біркелкі кушпен баса отырып, өзіне қарай бағыттап кеседі. Кесу кезінде қағаз бен кескіш пышақ арасында 30°, ал егер картон болса, 70' болуы тиімді. Кесілмелі қағаздың астына тақтайша немесе қатты картон төсеген жөн. Пышақ темір сызғыштың қырымен белгіленген бағыт бойынша жүргізіледі.

Қагазды түзу сызық бойымен буктеу. Бұл - екі қырлы бұрышты құрайтын тәсіл. Қағаз құрылысының түзуленбес созылуында, бүгілу сызығында түзу қыр пайда болады, ол екі бұрыштың топсасы болып келеді. Қағазды екі бүктейтін қыр түзу болуы үшін оны алдымен пышақтың көмегімен тілу керек.

Қагазды қисық сызықтыц бойымен бүктеу. Бұл да алдыңғы тәсіл тәрізді, бірақ қисық қырды құраушы тәсіл болып табылады. Осыған орай, заттардың қырлары қисаяды.

Жалпақ заттарды модельдеу. Халық қолөнерінде қағазды кесу арқылы жасалған заттарды кездестіруге болады, оларға жапсырмалы, өрнекті және өрілген заттар жатады.

[pic]












3-Сурет. Қағазды бүктеудің әдістері.


Аппликация дегеніміз - түсті қағаздың, басқа да журнал, мотокөлік билеттері, жапырақтар сияқты заттардың кесінділерін жапсыру арқылы құралған көріністер.

Ойылмалы кесілген заттар. Бұл Еуропа, Азия, Америка елдерінің халық өнерінде ертеден қолданылып келе жатқан әдіс. Шығарманың бұл түрінін, өзгеше үйлесімдік тәсілдері бар, мысалы симметрияның түрлері.

Ойылмалы заттармен жұмыс істеу суретшілерді қарапайым бейнелердің көмегі арқылы ритмикалық өрнекті құрау мүмкіншілігімен қызықтырады және студенттерді өнер, ғылымдағы маңызды түсініктердің бірі - симмет-риямен таныстырады.




[pic]












[pic]