Мунайлы ауданы
Басқұдық селосы
№9 орта мектеп
технология пәні мұғалімі
Кулжанова Чинар Джусупбековна
15.12.2015 8 «в»
Сабақтың тақырыбы: Металл түрлері
Сабақтың мақсаты: металл түрлерімен таныстыру. Мыстан төрт мезгілдік тал жасау, технологиясын үйрету;
Дамытушылығы: қолөнерге деген қабілеттерін шыңдай отырып, іскерлікке икемділігін, ой – өрісін дамыту;
Тәрбиелік: оқушылардың белсенділігі мен қызығушылығын арттыру. Алған білімдерін дұрыс әрекетке пайдалана білуге тәрбиелеу;
Сабақтың көрнекілігі: плакат, буклет, құрал – жабдықтар;
Сабақтың барысы:
1. Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
2. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
II. Үй тапсырмасын тексеру:
III. Жаңа сабақ:
Металл таза күйінде өте сирек кездеседі. Металдар микроскопиялық түрде теңіз суында өсімдік жасушасында, жануарлар ұлпасында кездеседі. Техникада 10 мыңнан астам металл қорытпалары қолданылады. Ондай қортпаларды алу үшін 40-тан астам химиялық элементтер пайдаланылады. Металлдар қара және түсті металдар болып екі негізгі топқа бөлінеді.
Қара металдар – механизмдер, тетіктер, машиналар әртүрлі құрылымдар жасаудағы негізгі материалдар болып табылады. Дүние жүзінде өндірілетін барлық металдың 94%-ын қара металдар құрайды. Қара металдардың қасиетін өзгертуге әсер ететін негізгі элемент көміртек болып табылады. Қара металдар қорытпаның құрамындағы көміртегі мөлшеріне қарай шойын және болат деп бөлінеді.
Түсті металл.Мектеп шеберханасында түсті металдар мен олардың қоспалары қара металдармен салыстырғанда аз мөлшерде қолданылады. Түсті металдарға: алюминий, қола, мыс жатады.
Оқушылар бүгін мен сіздерге «Төрт мезгіл» деп аталатын туындым туралы қысқаша мағлұмат беріп өтейін. Осы туындыма зер салып қарасаңыздар, төрт мезгілдің өзіне тән ерекшеліктерін байқай аласыздар. Осы бұйымның көктем мезгіліне зер салсақ, табиғаттың жаңарып, ағаштардың бүршік атып және жердің жасыл түске боялып келе жатырғанын байқаймыз. Ал жаз мезгіліне келсек, ағаштың жапырақтарының өсіп жетілгенін, табиғаттың өзгергенін көреміз. Әрине одан соң күз мезгілі. Күз мезгілінде ағаштың жапырақтарының сарғайып, жерге тускенін, табиғаттың ұйқыға кетуіне дайындалып келе жатырғанын байқай аламыз. Ал қыс мезгіліне қарасақ, ағаштың қурап, жапырақсыз, қармен жамылғанын көреміз. Ал енді осы біліміміз бен өткен білгенімізді қорыта отырып, бүгін сіздермен осы «Төрт мезгіл» деп аталатын тал жасап үйренеміз.
IV. Керекті құралдар: сары, ақ, жасыл, қызғылт сары(оранжевый) қоңыр жіптер (травка), мыс, кафель желімі, гуашь, ыдыс.
[pic] [pic] [pic]
[pic] [pic]
V. Сабақты қорыту, бағалау:
VI. Үй тапсырмасы: сабақ арысында аяқталмаған жұмыстарын, үйде аяқтау.