Разработка урока по трудовому обучению в начальных классах

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...




[pic]


Шапанова Марзия Башарқызы

технология пәні мұғалімі санаты жоғары

Бұлдырты жалпы білім беретін орта мектеп

Сырым ауданы БҚО



Сабақтың тақырыбы: «Сегіз қырлы бір сырлы.»

3 сынып.

Мақсаты: Оқушылардың білімін, жан-жақты ойлау қабілетін, эстетикалық талғамын, шеберлігін дамыту. Еңбекке бауылу пәні бойынша алған білімдерін ұштастыру. Өз ойын еркін жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру.
Қажетті құрал- жабдықтар: мата, ине, жіп, қайшы, ілгек, желім, түрлі-түсті қағаз.

Пәнаралық байланыс: Әдебиет, математика, бейнелеу өнері.


Көрермен жиналған бұл тамашаға
Құр қарап тым отыру жараса ма?
Туыс дос сыныптас дос танысқа емес
Соқ қолыңды білімді жас талапқа
Қолыңды бекерге бос соға берме
Ойсыз соқыр сезімнің соңына ерме
Зерделеп сұрақ жауап санаңа түй
Сонда ортақ боласың бұл жеңіске.

Бүгінгі сайысымызға оқушылардың ішіндегі алғырлары мен білімділері күш сынасуға келіп отыр,ортаға сайыскерлерімізді шақырамыз. «Алғырлар» және «Тарқырлар» тобы. Сайыскерлерімізге сәттілік тілей отырып біздің күнделікті іс-әрекеттеріміз білімге,оқуға,үйренуге бағытталған, бірақ менің ойымша бұл қасиеттерге қоса шапшаңдық, тапқырлық қажет деп ойлаймын.Дұрыс па, балалар?

Ендеше,оқушылардың білім мен өнеріне баға беретін әділ-қазыларды таныстырып өтейік:
1.Бастауыш пәнінің мұғалімі.
2.Мектеп директорының тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары .
3.Ұйымдастырушы- педагог.

1-кезең: Сәлемдесу өз топтарын таныстыру (топ аты,ұраны, эмблемасы).
2-кезең: Жарнамалау. Қоржынның ішінен таңдап алынған бір затқа жарнама жасау қажет.Сонымен,жарнама бөлімін бастайық.
3-кезең: Жұмбақ сайысы. Жауапты екі тілде беру керек.


  1. Отқа қойсаң елпілдеп, быж - быж етіп тұншығар.

Тақиясы селкілдеп, танауынан бу шығар (Шәйнек,чайник,)
2. Жұдырықтай қамырды, жаулықтай ғып жаяды
. (Оқтау, скалка)
3. Құрғақ жерде сақтайсын, онсыз тамақ татпайсын (
тұз, соль)
4 . Сабы бар басы шатыр, табысын өлшеп әкеп,
Құдыққа тасып жатыр
(Қасық,ложка)
5. Қимылдаса қос шебер, қыруар-қырауар іс өнер (қол,рука)

6.Жарқылдаған қос қылыш,қолға тисе жоқ тыныш. (қайшы,ножницы)

7. Өсе-өсе болды елдің ас тамағы,турасаң көзіңнен жас тамады (пияз,лук)

8.Сылдыр сұйық су емес, ішсең сусын қанады,

Ақ болса да қар емес, шешуін кім табады.(сүт,молоко)




[pic] [pic]


[pic] [pic]



4-кезең: «Жорға» сайысы. Жорға сайысының шарты 1-минут ішінде сіздерге арнап сұрақтар қойылады,дұрыс жауабын шешу сіздердің еншілеріңізде.

Ендеше іске сәт,сайыскерлер.


1. Картада жер бедері қандай түспен бейнеленеді? (түрлі – түсті)

2.Сүттен дайындалатын тағам түрі?(айран,қатық,кілегей т.б)
3.Екі бөлшекті біріктіретін зат? (желім)
4.Қалталы аң?(коала, кенгуру)
5. Тігін машинасының қандай түрлерін білесіндер?

(аяқпен, қолмен, тоқпен тігетін)
6. Көкөністерден жасалған тағам?(салат)
7.Қамырдан ас дайындау үшін не қажет? (ұн)
8.Қалыңдықтың бас киімі? (сәукеле)
9. Бақша тазалығын келтіретін құрал (тырнауыш)

10. Кірді кетіретін зат (сабын)

11. Матаның оң және теріс беттерін қалай ажыратуға болады? (суретіне,жылтырлығына,тегістігіне қарай)
12. Шебер көп жерде (өнер) көп.
13. Ер адамның ұлттық аяқ киімі? (мәсі,етік т.б)
14.
Бәрін тойдырады,ал өзі жемейді? (қасық)
15. Жарқылдаған қос қылыш,қолға тисе жоқ тыныш. (қайшы
)

1.Үшкір және өткір заттарды басқа біреуге берген кезде қалай беру керек? (ұш жағын өзіңе қаратып беру керек.)
2. Үйді тазартатын құрал (шаңсорғыш)
3. Киіз үйдің төбесі (шанырақ)
4.Қол тігісінің түрлерін атаңыз.(көктеу)
5.Әшекей бұйым жасайтын адам (зергер)
6. Биылғы жыл қандай жыл? (мешін)
7.Қалдық матадан тігілетін бұйым (құрақ)
8.Матаның қыртысын жазатын құрал? (үтік)
9.Жіңішке, жылтыр көзі бар темір зат? (ине)
10. Еңбек қылсаң ерінбей (тояды қарның тіленбей)
11.Кесте тігу үшін қандай еңбек құралдар ы қажет?

(мата,кергіш,ине ,жіп,қайшы.)

12. Ас үй құрал –жабдықтарын атаңыз. (қасық,пышақ,шанышқы,тақтай,т.б.)
13.
Саусаққа киетін құрал? (оймақ)
14. Жазда киетін бас киімі? (тақия)
15.Қой терісінен тігілген ер адамдардың сырт киімі? (тон)

5- кезең: Түйме тағу. Бұл сайысымызда ортадан бір сайыскер шығып өз шеберлігін ортаға салып түймені тағып көрсетеді.

Ал қалған сайыскерлер түрлі - түсті қағаздан ашық хат жасау, қарсыластарына сыйлау.



Ендігі кезекті әділ-қазыларға береміз.


Білім деген байлық бар
Еш байлық оған жетпейді
Жасыңда оқып жиып ал
Тепкілесең кетпейді –
деген өлең шумағымен сайысымызды аяқтаймыз.


Рефлексия: Оқушылардың іс-әрекетін бақылау мақсатында, тақтадағы жасылған нақыл сөздерге стикер жапсыру.

«Білімді мыңды жығар,

Білікті бірді жығар»

«Он саусағы майысқан шебер болар ұрпақпыз.»

«Шебердің қолы ортақ, шешеннің сөзі ортақ»


[pic] [pic]