Жаға, жең манжетка т.б. ұсақ бөлшектерді өңдеу

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


10 сынып Технология (қыздар)
Сабақтың тақырыбы: Жаға, жең манжетка т.б. ұсақ бөлшектерді өңдеу.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды қатаң технологиялық жүйелікпен, техникалық жағдайларды сақтай отырып, жеңді, жағаны және манжеткаларды өңдеуге және оларды қолтық ойындысымен біріктіруге үйрету.
Сабақтың түрі: кешенді жұмыстарды орындау
Құрал - жабдықтар мен көрнекіліктер: Жаға түрлері, жең түрлері, манжеткалар, ине, жіп, қайшы.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ Өткен материалды қайталау.
Біз өткен сабақтардан бері ылғалды жылу мен өңдеу арқылы ұсақ бөлшектерді дайындау бойынша жұмыс жасап жатырмыз.

Үй тапсырмасын қайталау сұрақтар:

  1. Ылғалды – жылулық өңдеуді жүргізудің реттілігі қандай?

  2. Электр үтігін қолданған кезде қандай ережелерді сақтау қажет?

  3. Декатирлеу не үшін жүргізіледі?

  4. Баса үтіктеу дегеніміз не?

  5. Әрлеп үтіктеу дегеніміз не?

  6. Жатқыза үтіктеу дегеніміз не?

  7. Айыра үтіктеу дегеніміз не?

Оқушыларға бірнеше жеңіл сұрақтар беру арқылы, олардың назарларын бүгінгі өтілетін сабаққа аудару.
Пысықтауға арналған сұрақтар:
1. Киім дегеніміз не?
Киім дегеніміз - адам денесін мүшелеп немесе тастай бүктеп тұратын жабындылар жиынтығы.
2. Киім жалпы белгілері бойынша неше түрге бөлінеді?
Тұрмыстық, спорттық, өндірістік, формалық
3. Маусымдық белгілері бойынша киімді қалай бөлеміз?
Жазғы, қысқы, барлық маусымға бірдей көктем мен күзгі маусымдарына арналған киімдер деп бөледі.
4. Киім неге иық бұйымдары және бел бұйымдары болып бөлінеді?
Себебі бел киімдерін адам мүшесінің белі, ал иық киімдерді мүшенің иығы ұстап тұрады.
5. Иық киімдер қатарына қандай киімдер жатады?
Блузка, кофта, костюм, көйлек.
Осы киімдердің барлығында жаға, жең, манжеткалары болады.

Біздің бүгінгі өтетін жаңа сабағымыз «Жаға, жең манжеткалар т.б. ұсақ бөлшектер» деп аталады.

III. Жаңа сабақ.

Жаға киімнің мойын және иық тігісіне жатады.

Қазіргі киімдерде ол ажырамас бөлік емес, кейде мүлдем болмайды. Жаға үнемі сәнді тігісті және айқын пішінді болуы керек. Пішініне қарай жағаның сан алуан түрі болады және негізгі бес топқа бөлінеді:

1.Тік жағалар

2.Мойын оймасына тігілетін жағалар,мұндай жағаларға тік қайырма, жартылай қайырма, жайпақ жағалар жатады.

3.Ашық мойын оймасына орналастырған жағалар, бұл апаш немесе пиджак типті ашық қайырма жағалар.

4. Тұтас пішілген, шәлі және матрос жағалар.

5.Жай және ашық мойьн оймасына тігілетін әр түрлі жағалар (қамыт жаға, фантази, жұмсақ қатпарлы жағалар).

Жең ең керекті киім бөлігі. Оның пішінінен, жабылуынан және өңделуінен бұйымның кигенде ыңғайлылығы оның жалпы түрі байқалады.

Түрлі пішінді қазіргі жеңдер жасауда, манекенге мақта қол қадайды, содан соң кеудешенің макетін кигізіп, нақтылап көрнісін тексереді. Бұндай жағдайда, әрбір жетіспеушілік жеңмен кеуденің келбетінен тез көрінеді ( бүгілген жері, қиғаш), бұлар кигенде ыңғайсыздық тудырады ( жең тартылып, қолды көтеру қиынға түседі, қолды бүккенде ыңғайсыз). Жеңнің ұзындығы — қолдың кеудемен жоғары нүктесімен білекке дейін біріктіріледі.

IV. Сарамандық жұмыстың алдында техника қауіпсіздік ережесімен таныстырып өтіледі. «Қиып пішу» тобы; жаға ойындысы мен жең, манжеткаларды қиып пішеді. «Көктеп тігу» тобы; жаға ойындысы мен жең, манжеткаларды көктеп тігеді.
V. Қортынды.
1. Салыстыра тексеру.
2. Қол тігістерінің сапасын тексеру.
Қателіктерін анықтау.
VI. Бағалау.
Үйге тапсырма. Қателіктерін жөндеп. Жұмысты аяқтау