ҚМЖ. Матадан аппликациялық жұмыс

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сыныбы: 4 "Г"

"Еңбекке баулу"

Әбжанова Г.М.

Тақырыбы

Матадан аппликациялық жұмыс

Мақсаты

Аппликация ұғымын білу;

Аппликациялық жұмыстың түрлері мен жасалу жолын түсіну;

Аппликациялық жұмысты өз қолдарымен жасауды үйрену

Күтілетін нәтиже

Аппликация ұғымы- "жабыстыру, қиыстыру" деген мағынаны білдіретінін біледі;

Аппликациялық жұмыс қағазбен, матамен және жіппен жасалатынын түсінеді;

Аппликациялық жұмысты өз қолдарымен жасауды үйренеді;

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, "Ыстық картоп", "Сәйкестендіру тесті", "Эссе"

Қолданылатын ресурстар

Мата, қайшы, жіп, желім, постер, тақта, презентация, үлестірме парақтар., маркерлер.

Сабақ кезеңдері

Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

Қызығушы-лықтарын ояту

3 минут

"Ыстық картоп"

Үй жұмысын шеңбер бойында тұрып "ыстық картоп" арқылы сұрақ-жауап ретінде сұралады.

Шеңбер бойында тұрып, картопты алған оқушы күйіп қалмас үшін тезірек жауап беруге тырысады.

Білім

2 минут




2 минут

Топқа біріктіру

Түстер арқылы біріктіріп, келесі бетінен қандай құралдар құрастырылғаны сұралады. Жауап алынған соң тақырып ашылады.

Табыс критерийлері жасалады

Түстер арқылы бірігеді, келесі бетін құрастыру арқылы тақырыпты ашады.




Оқушылар табыс критерийін құрады

Түсіну



4 минут

Бейне жазба

Экранда бейне жазба арқылы аппликациялық жұмыс түрлері және жасалу жолдары көрсетіледі

Бейне жазбаны бақылайды, талдау жасайды, сұрақтарға жауап береді.

Қолдану

13 минут







Сергіту сәті

2 минут

Постер-мен жұмыс






Жұмбақ-тар

Оқушыларға бағыт- бағдар береді, баяндамашыларға түсіну дәрежесін анықтау мақсатында қосымша сұрақтар қояды.





Айқасқан құшақтары 
Кесетін пышақтары (қайшы)

Ерні жырық

Кішкене сырық (ұршық)
 Тұтқасыз тобатай
 Ұнатар көп апай (оймақ)

 Танауында арқаны
  Бір батып бір шығып
  Алға қарай тартады     (ине)

 Гүлдері бар құлпырған
 Кең жазықтан аумайды
 Оған әркім ұмтылған
 Киім киер оңтайлы      (мата)

1 топ- матадан құмырадағы гүл;

2 топ - Түрлі-түсті қағаздан көрпеше;

3 топ - Жіптен күшік

Аппликациялық жұмыс жасайды.

"Басбармақ" арқылы бірін-бірі бағалайды

Талдау

3 минут

Слайд


Мата түрлері мен жіктелуіне байланысты слайд көрсетіледі

Слайдқа зейіп қойып қадағалайды.

Жинақтау

7 минут

Сәйкес-тендіру тесті

Алған білімдерін жинақтай отырып, сәйкестендіру тестін үлестірме парақшалар арқылы береді

1.Сырт киімдік бағалы маталар..

1.Қарапайым және күрделі

2.Мата түсіне байланысты қалай жіктеледі?

2.Зон, ақсұт, зәріп, бомази, зәріп, саржа

3.Мата пайдалануына байланысты қалай жіктеледі?

3.Баршын, атлас, маңлық, тапта, күлдіргі

4.Жібек маталарды көрсет

4.Тұрмыста және техникалық

5.Мата тоқылуына байланысты қалай жіктеледі?

5.Түкті және түксіз

6.Мата әшекейленуіне байланысты қалай жіктеледі?

6.Барқыт, дыраб, мақпал, сылаң

7.Арзанқол маталарды көрсет

7.Ләмбік, діке, үлдірік, шыт, бөз

8.Жұқа маталарды көрсет

8.Біртүсті және ала түсті


Сәйкестендіреді, жұптарда өзара дайын үлгі жауап арқылы бағалайды.

Бағалау

7 минут


Эссе

"Аппликацияны болашақта қайда, қалай қолданамын?" эссе жазуға 3 минут уақыт береді

Эссе жазады, топтың ішінен үздігін таңдап оқылады.


"Отшашу" жасалады

Рефлексия

2 минут



"Күн" бейнесі



Оқушыларға стикер толтыруды ұсыну

"Табыс критерийлеріне оралу"

Ұсынылған стикерді жабыстыру

Сабақтың мақсатына қаншалықты қол жеткізгендіктерін анықтайды, өлшейді.