Тақырыбы: Сүт және сүт тағамдары.
Сабақтың мақсаты:сүт және сүт тағамдарының құнарлылығы мен дайындалу ерекшеліктері жөнінде түсінік беру.
Білімділік:төрт түлік малдан өндірілетін сүттің өзіндік жеке қасиеттері,соның ішінде сиыр сүтінен жасалатын тағамдар,оларды дайындау жолдары жөнінде түсінік беру.
Дамытушылығы:сүт тағамдарының адам ағзасына қажетті заттарды (амин қышқылдары) қамтамасыз ететіндігін білу.
Тәрбиелігі:сиыр сүтінен дайындалатын тағамдарды ұлттық негізде жасап үйрену,сиыр малының дастарқан құты екендігін түсіндіре отырып,халқымыздың ежелден келе жатқан ата кәсібін жалғастыруға тәрбиелеу.
Сабақтың эпиграфы:
«Ата дәстүріне болайықшы біз ие».
Сабақтың түрі:саяхат сабақ,дамыта оқыту. Әдісі:топпен жұмыс,түсіндіру
Әңгімелесу,практикалық сабақ.
Сабақтың көрнекілігі:төрт түлік мал туралы буклет,осы төрт түлік малдың тек сүтінен даярланған тағам түрлерінен көрме,сабақтың эпиграфы,мақал-мәтелдер,сөзжұмбақ жазылған плакат.
Керекті құрал-жабдықтар:кішкене кастрюль,плитка,қасық,кесе.
Пәнаралық байланыс:тарих,биология,валеология,әдебиет.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі.
1.Оқушыларды түгендеу.
2.Сабаққа дайындықтарын тексеру.
3.Электрлі жүйемен жұмыс істеген кездегі техника қауіпсіздігі ережелерін еске түсіру.
ІІ.Өткен сабаққа шолу,пысықтау:
1)Тағамдық құндылығына қарай жармалар қандай топтарға бөлінеді?
2)Макарон пісірудің қандай жолдары бар?
3)Ботқа даярлаудың қандай ережесін білесің?
ІІІ.Жаңа сабақ.Мұғалімнің кіріспе әңгімесі.
Сүт – дәрумендердің көзі. Сүт тағамдары арқылы адам ағзасы А,В,С,Д тобындағы дәруменднрмен қанағаттанады. Халқымыздың ең қажетті де,пайдалы тағамы әрі сусыны төрт түлік малдан өндірілетін сүт болып табылады. Жылқының қымызы,түйенің шұбаты,қой ешкі мен сиырдың айраны,құрты тамақ пен сусын болумен қатар әрі қайсысының денсаулыққа пайда келтіретін дәрілік қасиеті болған.
-Ал,балалар, «Ата көрген оқ жонар,ана көрген тон пішер» демекші,енді біз «Жайлауға» саяхат жасайық.
-Жылқы сүтінен не дайындалады,оның адам ағзасына қандай пайдасы бар?
-«Шұбат» деген не,ол қандай жолмен дайындалады?
-Қой мен ешкі сүтінің емдік қасиеттері,жасалатын тағам түрлерін білесің бе?
-Сиыр сүтінен қандай тағам түрлері әзірленеді?
-Ірімшік даярлаудың қандай түрлерін білесің?
-Ақ ірімшік пен қызыл ірімшіктің қандай айырмашылығы бар?
-Сары май өндіру жолдары қандай?
-Қатық қалай жасалады,ал құрт ше?
-Шалап сусынын әзірлеуді білесің бе?
-Кілегей мен қаймақтың айырмашылығы қандай?
Қаны аз,денсаулығы нашар,өкпесі ауырған адамдарға бие саумалы мен қымызы мың да бір ем. Қымызды күздегі тұнбасын сүзіп алып,дәкеге орап қорыттық сақтаған. Көктемге құлын қарақұлақ болғанда желі бау керіп,құлынды ноқталап байлап,бие сүтіне қорыттықты қосып ашытады. Әр бие байлаған үй ағайын-туыс,көршілерін шақырып,алғашқы ашыған қымызды бір-бірін шақырып, «қымызмұрындық» мейрамын өткізген. Ата-бабамыз сонымен бірге ұзақ сапарға шыққанда зөімен бірге алып жүру үшін құрғақ сүт дайындай білгендігін де археологиялық қазба жұмыстары кезінде анықталған.
ІҮ.Сарамандық жұмыс.
-Ал,енді балалар,біз қазір айран ұйыту жолдарын айта отырып,айранды ұйытып көрелік. Оқушыларды екі топқа бөліп,ыдысқа сүтті жылытып,айранды ұйытып,жылы орап қоямыз. Айран ұйып жатқан кезде сиыр сүтінен қандай тағам түрлерін дайындауға болатыны сұралады.
1)Біз өткен сабақта түрлі жарма мен макароннан ботқа әзірлеуді өткен едік,енді осы ботқаны сүтпен қалай әзірлеуге болатынын білесіңдер ме?
2)Күріштен ботқа пісірген кезде қантты қай кезде қосады?
3)Сүт көженің пісірілу жолы қандай?
4)Ірімшіктен тұшпара жасауға бола ма?
5)Екі топтың ұйытқан айрандарының дәмін анықтау:не үшін ІІ-топтың ұйытқан айраны қышқыл болды да,ал І-топтың айраны тәтті болды,себебін өздеріне айтқызу. ІІ-топтың ұйтқан айранынан сарысу көрінбейді. Бұл сұраққа да өздеріне себебін айтқызу. Себебі,ІІ-топтың ұйтқан айранының дәмді,сарысуы аз бөлінгені,сүтті ұйытар кездегі температурасына байланысты. Егер сүт қатты ысып кетсе,ол ұйытқы қосқан кезде іріп кетеді де,айран қышқыл болып,одан сарысу да көп бөлінеді және сүттің сапасы ұйытқысына да байланысты.
Ү.Дәптермен жұмыс: «Қымызмұрындық», «іркіт», «мәйек», «ұйытқы», «қорыттық», «шалап» сөздерін дәптерлеріне жазғызу.
ҮІ.Сабақты бекіту. Біз енді ары қарай «Мақал-мәтелдер» еліне саяхат жасайық. Оқушылардан төрт түлік мал,оның қасиеттері жөнінде қандай мақал-мәтел білетіндіктері сұралады.
-«Мал басқсаң,әуелі өрісін тап»;
-«Далада бұзау емсе,үйдегі сүтке ти тиеді»;
-«Малды жисаң,қойды жи,қолың кетпес шарадан»;
-«Жылқының сүті шекер,еті бал»;
-«Ағайын тату болса,ат көп
Абысын тату болса,ас көп».
Осы салт-дәстүр,ата-кәсібімізге байланысты қазақтың ұлы ақыны Жамбыл атамыз:
-«Құтылғанда Шыңғыстан
Николай келді есіріп
Төрімізде жатты көсіліп,
Шұрқ-шұрқ жамбас тесіліп
Көгенім қалды шешіліп»,-деп халқымыздың қасіретін осылайша бейнелеген екен. Егемендік алып,ата кәсібімізді,салт-дәстүрімізді жаңғыртып,экологиялық жағынан таза,құнарлы тағамдарымызды жасап үйрене берейік.
ҮІІ.Сабақты қорыту. Сабақ бойы істеген жұмыстарын бағалау. Соңынан «Қазақтың дастарқаны» әнін айтқызу.
ҮІІІ.Үйге тапсырма:үйден ірімшіктен тұшпара жасау жолын үйренуді тапсырамын.
Тақырыбы: Бисерден ағаш жасау
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушылардың моншақпен тоқудағы білімін жүйелендіру, бисерден ағаш жапырақтарын тоқу технологиясын үйрете отырып, білімін жүйелендіру, шеберлігін арттыру.
ПЕРЕЙТИ НА САЙТ
Дамытушылық: өз бетінше жұмысты орындаудағы ептілігін дамыту, алған білімін өз бетінше қолдануын қадағалау, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: қолөнерге деген қызығушылығын арттыру, ептілікке, талғампаздыққа, шыдамдылыққа баулу.
Сабақтың типі: аралас сабақ.
Сабақтың түрі: сарамандық, топтық.
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, сұрақ - жауап, баяндау, сарамандық жұмыс, көрсету.
Пәнаралық байланыс: биология, тарих, химия, география, әдебиет
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, суреттер, дайын жасалған ағаштар, бұйымдар.
Қажетті құрал - жабдықтар: бисер, бисер салатын ыдыс, қайшы, сым
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі.
1. Оқушыларды түгендеу. 2. Дайындықтарын тексеру.
ІІ Үй тапсырмасын сұрау.
«Мен білемін стратегиясы» бойынша қайталау. Шығармашылық жұмыс (Бисердің шығу тарихы, пайдасы туралы деректер сұрау) Оқушылар өз ойларын ортаға салады, толықтырады. (слайд)
1. Бисер - ол кішкентай ортасында тесігі бар шариктер. Түстері әртүрлі. Құрамына қарай бисер шыныдан және металдан жасалған болып бөлінеді.
2. Стеклярус - шыны түтікше ( 5 - 10) қырлы немесе цилиндр пішінді.
3. Бисерді ең көп шығаратын жер, Жапония.
4. Бисермен кестелеу ұзақ уақытты, шыдамдылықты талап етеді.
5. Бисердің отаны Ежелгі Египет, бұл жерде түрлі түсті шыныдан үлкен моншақтарда жасаған.
6. «Бисер» сөзі арабтың «буера» сөзінен шыққан. Ол «ортасы тесік моншақ» деген мағына береді.
7. Бисердің түрлері: қарапайым жай бисер, стеклярус, рубка, богем бисері, Шорлот деп бөледі.
8. Әйелдердің, қыз - келіншектердің киімдерінің алдын, өңірін кестелеуге, киімдерге, әртүрлі бұйымдар жасауға қолданады.
III. Негізгі бөлім 1. «Адасқан әріптер» АҚЛА, ІЗЖҮК, АРҒЫС, ІБЛІКЗЕ
Бұл бұйымдарды қалай атауға болады. (Әшекей бұйымдар.) Әшекей бұйымдарды кім жасайды.(Зергер) Зергер туралы оқушылар өз ойларын айтады.
2.«Ой қозғау» Біздің ауылымыз несімен көрікті, тартымды? (жасыл желектер, орман) Жасыл желектерді қорғау оларға деген махаббаты жеткізу. Мұғалімнің сөзі. Қоршаған ортаны қорғау. Ағаштарды күту. Бисерден ағаштарды жасау арқылы, оларға деген өз сүйіспеншілігімізді көрсете аламыз. (слайдтар арқылы бисерден жасалған ағаштарды көрсету)
Мұғалім ағаштың жасалу технологиясын түсіндіреді. көрсетеді. Екі түрлі ағаш үлгісін жасаймыз.
Жасалу жолдары: а) Қиып алынған дайын сымдарға сумоншақтарды тізу(қажетті мөлшерде) б) Сумоншақтардан жапырақтар жасау технологиясын көрсету. в) Дайын болған жапырақ талдарынан біріктіріп орап ағаш жасау.
а) Сымның25 данасын дайындаймыз, екінші ұшын бекіту б) Әр сымның бойына ұсақ моншақтар болғандықтан 40 шақты моншақтарды тіземіз в) Моншақтарды орап жапырақтар жасау. г) 2 - 3түптен бекітіп, кейін бәрін қосып орап ағаш жасау
IY. Сарамандық топтық жұмыс. Жұмыс кезінде нені білуіміз керек? (ТҚЕ еске түсіру) (әр топ өз таңдаған жұмыс орындайды, қарау, тексеру. Әр топ өз бұйымдарын жарнамалайды. ( 6мин)
«Ғажайып жетілік» (Пәндер бойынша сұрақтар қойылады, өткен материалдарға шолу)
1. Биология – Таза табиғаттан алынатын талшық түрі.(мақта, жүн, зығыр, жібек)
2. Химия - Шынының химиялық формуласын білесің бе? Si O2 * 6H2O
Na2O CaO – 2SiO2 химия CaO6 K2 – 2SiO2
3. Әдебиет - Абай атамыздың шеберлікке байланысты өлең шумағын оқып бер.
4. География – Ағаш көп өскен жерді халық не деп атайды? (орман)
5. Тарих - Бисердің отаны. (Ежелгі Египет)
6. Технология – Бисер дегеніміз не? (Пластмассадан, әйнектен, інжу - маржаннан жасалған түрлі – түсті ұсақ моншақтарды бисер деп атайды.)
7. Орыс тілі – Ресейде бисерді өз тәжірибесінен жасаған кім? (М. Ломоносов)
Графикалық диктант. (Сұраққа жауап ия – немесе жоқ деп белгіленеді, жеке жұмыс)
1) Стеклярус домалақ ұсақ моншақтар
2) Бисер деген сөз ұсақ моншақтарға берілетін жалпы түсінік
3) Бисерді темірден жасайды
4) Моншақпен кестелеуге болады.
5) Кергіш киім тігу үшін керек.
6) Бисердің отаны Ежелгі Египет.
7) Бисерді ең көп шығаратын жер Жапония.
Жауабы:
Y Қорытынды. «Ізгілендіру» диаграммасы
YI Бағалау. YII Үйге тапсырма. Бисерден гүл жасау.
Сабақтың нәтижесі: - гигиеналық, қауіпсіздік - техникалық ережесімен
- бисермен жұмыс жасау техникасын меңгереді
- сұрақтарға жауап бере алады
- бисердің шығу тарихын біледі
- ағаш жапырағының жасалу технологиясын үйренеді
- байқағыштық қабілеттері артты.
Сабақтың тақырыбы: Моншақтан Алқа бұйымын жасау.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың моншақпен жұмыс істеудегі шеберлігін арттырып,
білімін жүйелеу.
Білімділік: Оқушылардың моншақпен тоқудағы білімін жүйелендіру, шеберлік деңгейін арттыру арқылы әсемдікпен сұлулықты бағалай білуге үйрету.
Дамытушылық: Өз бетінше жұмыс істеу дағдысын қалыптастырып, шығармашылық қабілетін дамытып, ой - өрісін кеңейту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ, Сарамандық жұмыс,
Көрнекіліктер: Моншақ түрлері, Моншақ кітабы.
Керекті құрал - жабдықтар: Домалақ моншақ, бисер, ине
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды түгендеу.
Сабаққа даярлығын бақылау.
II. Үй тапсырмасын сұрау.
III. Жаңа сабақты түсіндіру.
IV. Қауіпсіздік ережесін еске түсіру.
V. Сарамандық жұмыс.
VI. Сабақты қорытындылау.
VII. Оқушыларды бағалау.
VIII. Үйге тапсырма беру.
II. Үй тапсырмасын сұрау.
Тест сұрақтары.
1. Неолит дәуірінде моншақты неден жасаған?
А. Тастан және сүйектен.
Б. Ағаштан.
В. Қорғасыннан.
2. Моншақ қай дәуірде металдан жасалған?
А. Неолит дәуірі.
Б. Қола дәуірі.
В. Тас дәуірі.
3. Бисер өндіру әдісін ешбір мемлекетке жария етпей өте құпия ұстаған ел.
А. Венеция.
Б. Индия.
В. Болгария.
4. Моншақ ерте кезде қандай тастардан даярлаған?
А. Шыны.
Б. Хрустал.
В. Капрон.
Парақшамен жұмыс.
1. Моншақтың формасы қандай болады?
2. Шыныдан бисер өндіру кәсіпшілігі қай елдерде дамыған?
3. Венеция өндіріс орталығында қандай моншақтар өндірді?
4. Бағалы тастарға -------
5. Жартылай тастарға ----------
6. Әшекейлі тастарға -----------
Сөзжұмбақ
МОНШАҚ
1. Моншақты кестелеп тігетін қажетті заттың бірі?
2. сырмаққа не түседі?
3. бисерді тұңғыш ойлап тапқан ел?
4. Шашқа тағатын әшекей зат?
5. Бағалы тас?
6. Мойынға тағатын әшекей бұйым?
III. Жаңа сабақты түсіндіру.
Моншақ деген сөздің өзі ірі моншақтарға берілген жалпы түсінік.
Бисер – ұсақ моншақтарға берілетін түсінік.
Стеклярус – ұзындығы 3 мм түтікше тәріздес су моншақ түрі.
Моншақ сөзінің шығуы “Мойын - шақ” немесе
“Мойын - тақ” деген сөздерден құралған.
Қазақ зергерлері көбінесе қыз келіншектердің ажарын ашатын, сұлу етіп көрсететін зергерлік бұйымдар жасаған. Сол зергерлік бұйымдардың сәнін келтіруге моншақтарды кеңінен қолданған. Атап айтсақ әйел бас киіміне тағатын үлкен моншақ маржанды - былқылдақ сәукеленің екі жағына кеудеге төгіліп тұратын моншақтарды - жырға деп атаған. Шолпы, шашбаудағы алтын, күмістен жасалған зергерлік бағалы бұйымдарды тізілген моншақтармен өзара қосып әшекейлеген. Алқаны су моншақтан, алтын, күмістен соғып домалақтап, асыл тастардан тізіп салпыншақ етіп жасайды.
Моншақтың түрлері: домалақ, сопақша, таяқша,
Моншақты неден жасайды?
Шыны, керамика, хрусталь, металл
Моншақты қандай бұйымдарға қолданады
Кестелеу, киімдерге, аяқ киім, сөмке, әмиян, көз әйнектің қорабы,
V. Сарамандық жұмыс.
Нұсқау картамен жұмыс
Қауіпсіздік ережелерді еске түсіру
VI. Сабақты қорытындылау.
VII. Оқушыларды бағалау.
VIII. Үйге тапсырма беру: “Мәрмәр” алқасын тоқып, аяқтап келу.
Сабақтың тақырыбы: Қағаз бүктеу өнері - оригами (презентациясымен)
Сабақтың мақсаты: Оригами - қағаз бүктеу өнерінің тарихы, және аққу макетінің жасалу жолдарымен таныстыру.
Шығармашылық ойлау арқылы сұлулық пен үйлесімділікті қабылдай білуді, көзбен мөлшерлеуді үйрету.
Оқушыларды еңбекке деген сүйіспеншілігін, қызығушылығын арттыру және қағазбен жұмыс жасағанда бүктеуге, құрастыруға көңіл бөлу, шеберлікке, әсемдікке баулу.
Сабақтың түрі: сарамандық жұмыс
Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың әдісі: СТО технологиясын, сұрақ - жауап.
Пәнаралық байланыс: тарих, ән - күй, бейнелеу өнері, математика, әдебиет.
Сабақтың құрал - жабдықтары: Қайшы, желім, ақ қағаз, сызғыш, қарындаш.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Сәлеметсіздер ме, балалар!
Сабақ бастауға дайынсыңдар ма?
Құралдарың жинаулы ма?
Көңіл күйлерің қандай? (Сурет арқылы көрсету)
Ой шақыру
Өнерге, еңбекке байланысты мақал - мәтелдер айту.
Мағынаны ажырату.
Маған айт – мен естимін,
Маған көрсет – мен есімде сақтаймын,
Маған істеуге бер – мен түсінемін.
Жапон мақалы
- Балалар, бүгінгі сабақтың тақырыбы: «Қағаз өнері - оригами».
Ендеше, бүгін біз қағазды бүктеу арқылы оригами техникасын пайдалана отырып, аққу макетін жасаймыз.
Ал осы жерде бізге таныс емес сөз - оригами. Қағаздарды бүктеу арқылы жасалған бұйымдарды оригами деп атайды. Бұл өнердің өзіндік тарихы бар.
Қағаздың алғаш пайда болуы.
Қағаздың Қытайда пайда болуы ресми түрде б. э. д. 105 жыл деп саналады., Цай Лунь шенеулігі императорға осындай технологияның бар екендігі туралы ресми мәлімдеді. Қытайлықтар жүн мен жібекті арзан және қолда бар материалмен – өсімдік талшықтары, тұт ағашының қабығы және бамбук сабақтарымен алмастырды. Мүлде жаңа материал – қағаз пайда болды. VII ғасырдың басында буддалық монах Дан Хо Жапонияға жетіп қағаз жасау құпиясын ашады. Бастапқы қағазды Жапонияда жібек талшықтарының алды. Бертін келе қымбат шикізатты арзанымен алмастырды – бамбук сабақтарымен, ағаш қабығымен, кендірмен, шүберекпен. Ал жүз жыл өткесін жапондықтар өздерінің қағаздарын шығарады, бұл сапасы жағынан Қытай қағазынан асып түседі. Қағаздың Қытайда пайда болуы ресми түрде б. э. д. 105 жыл деп саналады., Цай Лунь шенеулігі императорға осындай технологияның бар екендігі туралы ресми мәлімдеді. Қытайлықтар жүн мен жібекті арзан және қолда бар материалмен – өсімдік талшықтары, тұт ағашының қабығы және бамбук сабақтарымен алмастырды. Мүлде жаңа материал – қағаз пайда болды. VII ғасырдың басында буддалық монах Дан Хо Жапонияға жетіп қағаз жасау құпиясын ашады. Бастапқы қағазды Жапонияда жібек талшықтарының алды. Бертін келе қымбат шикізатты арзанымен алмастырды – бамбук сабақтарымен, ағаш қабығымен, кендірмен, шүберекпен. Ал жүз жыл өткесін жапондықтар өздерінің қағаздарын шығарады, бұл сапасы жағынан Қытай қағазынан асып түседі.
Оригамидің Отаны - Жапония.
Жапонияда оригами Хэйан заманынан (794 - 1185ж. ж.) бастап келеді. Бұл заманда қағаз қолдан істеу әдісімен өндірілген, құнды және әсем материал болды, негізінен діни рәсімдерде қолданылды. «Ори» – «қағаз» және «ками» – «құдай» сөздерінің дыбысталуындағы ұқсастық маңызды роль атқаруы мүмкін. Оригами Жапонияда пайда болған. Жапон қағазы - айрықша қағаз. оны шығаратын кішкене зауыттарда электр қуатының орнына су, күн және жел қуатын пайдаланады. Оригамиді қайшыны пайдаланбай, бүктеу арқылы жасау тән. Соңғы уақыттарда тек Жапонияда ғана емес, сондай - ақ басқа елдерде оригами өнерімен айналысады.. Екінші дүние жүзілік соғыстан кейін тырна бүктеу тағыда бір мағынаға ие болды. Бейбітшілік символы Хиросимадағы атом бомбасының зардабынан жапа шеккен. Садако Сасаки 644 тырна бүктеп, (7 января 1943 — 25 октября 1955) дүниеден озды.
Оригамидің түрлері мен техникасы
Қарапайым оригами – оригамидің стилі, британ оригамисті Джон Смит ойлап тапқан, бұл бүктемелердің тек төбешік пен жазықтыққа жиналуымен ғана шектеледі. Айналдыра бүктеу – оригами диаграммаларының бір түрі, дайын модельдің бүкіл бүктемелері бейнеленген сызба Оригамидің танымал түрлерінің біріне модульдік оригами жатады, мұнда тұтас фигура көптеген ұсақ бөліктерден (модульдерден) жиналады, олардың әрқайсысы қағаз парағынан бүктеліп жасалады. Сулы бүктеме – бүктеу техникасы, Акира Иошизава ойлап тапқан және суланған қағазды фигуралардың түзу шығу үшін, көрікті болу үшін, сонымен қатар қатты болу үшін қолданады.
Бүгін біз сендермен аққу макетін қағазбен бүктеу арқылы жасаймыз.
1. Аққу туралы қандай аңыз білесіңдер?
2. Аққу қандай құс?
3. Аққу туралы қандай өлең жолдарын білесіңдер?
Аққу күйі, аққуға байланысты өлеңдер, видеоларды көрсету. Сарамандық жұмыс
1Қағазды қию, бүктеу әдістерін үйрету.
2. Модульдерді біріктіріп, аққу бейнесін құрастыру
Сергіту сәті.
Көз және қолға арналған жаттығулар.
Ой толғаныс кезеңі
Ал енді, балалар бүгінгі сабақты қорытындылай келе мына кестені толтырамыз. INSERT әдісі.
Білемін
Білдім
Білгім келеді
Оқушылардың білімін бағалау.
1. Оқушылардың сабақтағы белсенділігін атап көрсету.
2. Жасаған жұмыстарын бағалау.
Көңіл күйлерің қандай? (Сурет арқылы көрсету)
Үй тапсырмасы: Аққу макетін қағазды бүктеп жалғастыру.
Сабақтың тақырыбы: Кесте тігістерін тігу
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Халықтың қолөнерінің бірі кестелеу, көркем тігістері, қолөнері туралы ұғымды қалыптастыру, білімдерін кеңейту.
Дамытушылық: Кесте тігістерінің орындалу әдіс - тәсілдерін меңгерту, қол икемділігін дамыту.
Тәрбиелік: Қолөнерді үйрету арқылы атадан қалған салт – дәстүрімізді құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: аралас сабақ.
Сабақтың түрі: сарамандық.
Сабақтың әдісі: зерттеу, түсіндірмелі, сұрақ - жауап.
Пәнаралық байланыс: математика, бейнелеу, сызу.
Сабақтың көрнекілігі: 1. Дайын бұйымдар.
2. Слайдтар.
3. Нұсқау карталары.
Құрал - жабдықтар: ине, қайшы, кергіш, жіп.
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі.
1. Оқушыларды түгелдеу.
2. Оқу құралдарының дайындығын тексеру.
ІІ Үй тапсырмасын бағалау.
Қайталау сұрақтары:
1. Изонить - дегеніміз не?
2. Жіппен бейнелеу өнері қандай бұйымдарды безендіру үшін қолданылады?
3. Жіппен бейнелеу кезінде қандай құрал - жабдықтарды пайдаланамыз?
4. Бұрыштарды, дөңгелектерді қалай толтырамыз?
5. Бұрыштарды тігуде беткі жағында жіптер қалай тартылады, ал теріс жағында қандай сызықтармен көрінеді?
ІІІ Үй тапсырмасын қорытындылау.
ІҮ Жаңа материалды меңгерту.
1. Кестелеу өнері ертеден келе жатқан халық өнері. «Өнері таусылмас қазына, жұтамас байлық» дейді дана халқымыз. Қазақ қолөнері өзінің төлтума бітім қасиетімен, көркемдік мән - мағынасымен, шын мәнінде, халқымыздың ғасырлар талғамынан өткен асыл қазынасы, соның бірі кестелеу өнері. Ертеде халқымыз тұтынатын бұйымдарының бәрін кестемен әшекейлеп безендірген. Мысалы: ұлттық киімдерді, бас киімдерді, неше түрлі сувенир заттарды кестелеуге болады.
2. Кесте түрлері:
Біз кесте шығыс халықтарының арасында қазақ пен қырғыз халқында аса жоғары деңгейде дамыған.
Біз кесте - кергішке керілген арнайы мата бетіне түсірілген, бейнені ою - өрнек немесе бейнені сызық бойымен қармақ бізді матадан ары өткізіп, жіпті бері іліп шалып алу арқылы қайталанатын майда тігісті айтамыз. Біз кестеде матаға сызылған ою - өрнекті сызық бойымен кестелеп, сонан соң ішкі жағын түрлі өңді жіптермен толтырамыз.
Баспа кесте материалдың ашық жерін қалдырмай немесе ашық орынды аз қалдырып, тұтас кестеленген шымқай кестені айтады.
Әредік кесте Матаның әр жері әшекейленіп, бөлек-бөлек өрнек салынады. Тақия, балақ, өңір, жаға, етек, әйелдердің тымағы сияқты зат бөлігіне тігіледі.
Оюластырып кестелеу маталарды бөлек-бөлек кестелеп, оюластырып жапсыру. Бір матаның бетіне екінші матадан тігілген фигура салынып шет жақтары әртүрлі кесте тігістерімен тігіледі.
Маржандап, моншақтап кестелеу әйелдер бас киімдеріне, тақия, сәукеле, өңір, қол дорба қамзолдар және сән - салтанатты киімдерді маржандап, моншақтап кестелейді.
3. Кесте тігуге қажетті негізгі құрал - жабдықтар.
Инелер, дөңгелек және төрт бұрышты кергіштер, қайшы, оймақ, түйреуіштер, жіптер, маталар.
Ү Сарамандық жұмыс.
Жұмысты бастамас бұрын қауіпсіздік ережелерін еске түсіру.
1. Инені аузыңа салма
2. Тот басқан инемен жұмыс жасауға болмайды.
3. Инені кез келген жерге қадауға болмайды.
4. Қайшыны жолдасыңа үшкіл жағымен берме.
5. Жолдасың қайшымен жұмыс істеп жатқан кезде, көңілін бөлуге болмайды.
6. Қайшының ұшын жоғары қарай көтерме.
Нұсқау карта
р/с Жұмыстың орындалу реті Керекті заттар
1. Матаны кергішке керу
2. Матаға өрнекті салу
3. Матаға сызылған өрнекті сызық бойымен кестелеу
4. Ішкі жағын әртүрлі жіптермен толтыру Кергіш, мата
5.Мата, карандаш, ине, жіп, қайшы
1 - кезең. Тышқан із тігісі - тігілу әдісі жағынан көлемді біркелкі ілмектер шынжыр секілді бір - біріне тіркесе тігіледі. Жіпті бекітіп, оны матаның оң жағына шығарып алған соң, ілмек тәрізді етіп созып, оны сол қолымыздың басбармағымен басып тұрып, инені алғашқы шаншыған жерден дәлдеп, төмен қарай, яғни матаның астыңғы бетіне қарай шаншимыз.
2 - кезең. Шалып торлаудың түрлері.
3 - кезең. Таңдай тігіс әдісімен тігілген қабырға кесте.
4 - кезең. Жіп салып тігу.
5 - кезең. Айқас тігісімен тігу.
Ү Сабақты бекіту.
Мақал мәтелдер
1. Жеті рет өлшеп ------------------(бір рет піш)
2. Көз қорқақ ------------------------(қол батыр)
3. Өнер көзі -------------------------(халықта)
4. Ата көрген ------------------------(оқ жонар)
Шеше көрген ---------------------(тон пішер)
5. Қыз еркем --------------------------(кестесімен көркем)
6. Кестенің сыры ---------------------(түрінде)
Кілемнің сыры ---------------------(түгінде)
ҮІ Бағалау
ҮІІ Үйге тапсырма
Кесте тігістерін тігу