ДҰРЫС МАҚСАТ ҚОЮДА - ӨНЕР

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


ШҚО ББ [pic] «Шәкәрім атындағы облыстық дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын мамандандырылған мектеп» КММ

[pic]

Cемей қаласы

Технология пән мұғалімі: Рахимжанова М.М.



ДҰРЫС МАҚСАТ ҚОЮДА - ӨНЕР


Тіршілік үшін ауадай қажет,онсыз бір күн өмір сүруге болмайтын заттың бәрін адам баласы өз қолы,өз еңбегімен жасайды. Адамның өз қолымен жасайтын еңбек, сарқылмас жігерімен құдіретті. Адамның өзін де дамытқан еңбек, еңбектің арқасында адам жетіліп дами бермек. Еңбек адамның денесін шынықтырып қана қоймай, мінез құлқын қалыптастырып, заманына қарай даму инстиктерін ашып береді. Еңбек ету-адам баласына тапсырылған іске деген табандылықпен ынта жігерді, жауапкершілікті, ізденісті, тындырылымдықты, тиянақтылықты талап етеді.

«Желкенді қалай қойсаң, қайық солай жүзеді»- дегендей, оқушыларды заман талабына сай, қоғамның сұранысына, ұсыныс бере білетіндей етіп тәрбиелеуде технология пәнінің рөлі үлкен.

Технология пәні оқушылардың шығармашылық қаблетін, ойлау өрісін дамыта отырып іскерлік пен дағдыны қалыптастырады. Білім беруде, ұлттық қолөнер түрлерін үйретуде, халықтық педогогикамен байланыстыра отырып оқытумен ғана шектелмей, жаңа ақпаратты технологияларды пайдалана отырып, ескіні жаңаша түрлендіреміз. Оқушылар құрақ, ою-өрнектерді компютерде COREL DRAW бағдарламасы бойынша құрастырады.

Paint графикалық жолымен сынақ мүйіз, жұлдызша, аққу т.б. өрнектерді жаңаша өз талғамдарымен іске асырады.

Технология пәні оқушылардың эстетикалық сезімін және әсемдікті түсіну қаблетін дамытып, өнерге деген сүйіспеншілігін, қызуғышылықтарын оятады. Сондай-ақ дұрыс мамандық таңдауға, сүйген кәсібімен шұғылданып, өмірде өз жолдарын дұрыс таңдай білуге, өз бойларындағы патенциялды ашып көрсетіп, табысқа жете білуге, мақсаттармен тапсырмаларды үнемі талдап, белгілеп отыруға, мақсаттарды жүзеге асыруға, одан әрі биік, жаңа мақсаттарды белгілеуге үйретіп, тәрбилейді.

Табыс алға қойған мақсаттардың үнемі жүзеге асуы. Табыс-бұл қозғалыс. Көп жағдайда біз табысты басқалардың жетістіктерімен, өзіміздің жетістігімізді салыстыра отырып өлшейміз. Бірақ, әркімнің табысы өзін-өзі үнемі жетілдіру арқасында қол жеткізген жемісі, яғни, сіздің табысыңыздың өлшемі-мақсаттар мен тапсырмаларды және қол жеткізген нәтижелерді салыстыру болып табылады. Нарық заманның талабы осы. Болашақта лайықты өмір деңгейіне көтерілу үшін оқушыларлы жеке кәсіпкерлікке, бизнес пен экономикаға үйрету, ынталандыру қажеттілігі туып отыр. Осы мақсатта технология пәніне қосымша тарау «экономика негіздері» енеді. Бұл оқушылардың өз бойындағы потенциялдарын ашуға зор мүмкіндік береді.

Біз, адамзат, білімнің көлемі әрбір он жылда екі есе көбейетін құбылмалы әлемде өмір сүреміз. Бүгінгі күн өз-өзіне сенетін энергиялы, талантты адамдардың, арманы бар және оны орындауға жігері жететін жандардың уақыты. Тек ең жылдам, жаңа нәрсені тануға, сынақтарға, жасампаздыққа, ең бастысы дамуға және жауапкершілікті өзіне қабылдауға әрдайым дайын қасиетке ие болуға, бірінші болуға қабілетті жандардың уақыты.

М. Әуезовтығң: «Ел болам десең бесігіңді түзе»-деген ұлағатты сөзін ұранғып ұстап, оқушылардың бойына ұлттық өнеріміздің рухын сіңіре отырып, жаңа қоғамның жаңа азаматтарын , саналы, халқын, тарихын, салт-дәстүрін, өнері мен мәдениетін сүйетін етіп тәрбиелеп, еліміздің мақтанышы болатын ұл-қыздарды өсіру, біздің ең үлкен парызымыз.Ата-баларымыздың бізге жеткізген ұлағаты мұраларын, келешек ұрпаққа мүлтіксіз жеткізейік.