Сабақ жоспары Үшкіл бас орамалдың негізгі және арқау қиықтарын өңдеу 7 сынып

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...



Еңбек — ырыстың бұлағы,
Еңбек — бақыттың шырағы

(мақал-мәтел)
 

Сабақтың тақырыбы: Үшкіл бас орамалдың негізгі және арқау

қиықтарын өңдеу


Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: оқушыларға бас орамал туралы түсінік беру, негізгі және арқау қиықтарын өңдеуге үйрету;

  2. Дамытушылық: оқушылардың ой-өрісін, ойлау, сөйлеу, есте сақтау, өз бетінше жұмыс істеу қабілеттерін дамыту;

  3. Тәрбиелік: оқушыларға теориялық білім бере отырып, өнерге деген құштарлығы, көркемдік шеберлігін, дүниетанымын дамыту, ұқыптылыққа, іскерлікке, үнемділікке тәрбиелеу.


Сабақтың өтілуі түрі: аралас


Оқыту әдісі: сұрақ- жауап, түсіндіру, сарамандақ жұмыс


Құрал – жабдықтар: жұмыс қорабы, ине, жіп, қайшы, үшкіл бас орамалдың пішімі, сантиметрлік таспа, дәптер


Көрнекіліктері: нұсқаулық карта «Негізгі және арқау қиықтарын өңдеу», бас орамалдың суреттері


Пәнаралық байланыс: тарих, бейнелеу өнері, сызу, математика.


Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі;

II. Өткен сабақты қайталау;

III. Жаңа тақырыпты түсіндіру;

IV. Кіріспе инструктаж;

V. Сарамандық жұмыс;

VI. Ағымдағы инструктаж;

VII. Бекіту инструктаж;

VIII.Жұмыс орнын жинақтау


  1. Ұйымдастыру кезеңі: - амандасу; оқушыларды түгендеу, психолого-педагогикалық дем беру.


Сәлеметсіздер ме, оқушылар! Сендер маған сабаққа келдіңдер, көңіл күйлерін жақсы, жұмыс етуге дайынсындар. Сендердің қолдарынан бәрі келеді, үйткені бүгін сендердің сәттілік күні! Сендерге бүгінгі сабақта мен мынадай жақсы көңіл күйлерді сыйлаймын!


  1. Өткен тақырыпты қайталау:


Оқушылар сұрақтарға жауап береді

  1. Үшкіл бас орамалдың пішіні қандай болады?

  2. Үшкіл бас орамалды қандай маталармен тігеді?

  3. Бас орамалды не үшін қолданамыз?

  4. Қолмен орындалатын тігістерді атаңдар?


Жауаптары:



















  1. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Бүгін балалар,  үшкіл бас орамал  деген тақырыппен  танысып,  жұмыстанамыз. Ол бас киімді қалай тігіп, қандай тігістермен тігіледі, қайда қолданамыз, осылардың барлығын қамтимыз.

Ой шақыру

  • Сендер қандай бас киімдерді білесіңдер?

  • Қандай бас киімді жиі қолданып, киіп жүрсіздер?





ХХ ғасырдың алғашқы ширегіне дейін қазақтың ұлт ретіндегі бір ерекшелігі бар. Ол – қазақтың ешқашан жалаң бас жүрмегені. Қазақта әйел болсын, еркек болсын бас киімімен жүрген. Тіпті балаларға дейін тақия кигізіп, үкілеп қоятын болған.

Балалар, қалай ойлайсынадр, неге бас киімді тастамай киіп жүрген?

  • Күн тимес үшін.

  • Шашы  кірлемес үшін

  • Әдемілік үшін.

Дұрыс айтасыздар. Жалаңбас жүрмеудің эстетикалық, экологиялық негіздері бар. Мыңжылдық тарихында аттан түспеген халық үшін денсаулық аса қажет. Қысқы үскірік аяздан, жазғы ыстықтан осы баскиімдер сақтап келді.


Бас орамалдар әр түрлі болады. Мысалы: ас үйге арнаған, тойларға киетін бас орамал, тігіншіге арналған бас орамал, кішкентай балаларға арналған бас орамал, т.б.


Бүгін қыздар біз ас үйге арналған үшкіл бас орамалды тігеміз. Қыздар алдарында ненің суретті? Сендер тауды көрдің дер ме? оған шығып көрдің дер ме? міне бүгін біз сабақта тауға шығып көреміз. Тауға шығу үшін біз сарамандық жұмысты рет ретімен орындайық. Осы тапсырманы орындап біз таудың ең биік шыңына жетеміз!


  1. Кіріспе инструктаж:

  • Бұйымның жасалу реті:

  1. Арқау қиықты 1см 5мм-ге бүгіп көктеу, бүгілген қиықтан 10мм-ге тағы екінші рет бүгіп көктейміз.

  2. Негізгі қиықты 1см 5мм-ге бүгіп көктеу, бүгілген қиықтан 10мм-ге тағы екінші рет бүгіп көктейміз.

  3. Ылғалды-жылулықты өңдеу.

  • Жұмыстың тәсілін көрсету

  • Техника қауіпсіздік ережесін қайталау:


Қауіпсіздік ережелерін қайталау

  1. Қайшыны жолдасыңа үшкір ұшымен берме.

  2. Қайшыны арнайы қолташықта сақтау керек.

  3. Инені киімге қыстыруға болмайды.

  4. Инемен жұмыс істегенде оймақ киген дұрыс.

  5. Инені тістеп ауызға салуға болмайды.

  6. Тігін машинасының үстінде артық киім жатпау керек.

  7. Қозғалатын және айналатын машина бөлшектеріне жақындамау керек.

  8. Үтіктеу алдында өткізгіштің үзілген, желінген тексеру керек.


  • Қателіктерді ескерту


  1. Сарамандық жұмыс: «Негізгі және арқау қиықтарын өңдеу»


  1. Ағымдағы инструктаж:

  • жұмыс орнын, құрал-жабдықтарын тексеру

  • жұмыс тәсілінің жалғасуымен дұрыс орындалуын бақылау

  • қателіктерді табу және жою

  • сергіту сағатын өткізу:

Жаттығу :

Ормандағы аюдың

Құлпынайы көп екен

Теріп-теріп алайық

Қалтамызға салайық


  1. Бекіту инструктаж:

  • оқушылардың жұмыстарының сапасын анықтау;

  • тақырып бойынша сұрақтарды қою: арқау қиықты қалай табу болады? Қандай тігісті қолданамыз? Үшкіл бас орамал қай түрлерге бөлінеді?осы сабақта сендер қандай әсер алдыңдар?

  • сабақты қорытындылау.


VIII.Жұмыс орнын жинақтау.























Нұсқаулық карта «Негізгі және арқау қиықтарын өңдеу»


Бұйымның жасалу реті:


1.Арқау қиықты 1см 5мм-ге бүгіп көктеу, бүгілген қиықтан 10мм-ге тағы екінші рет бүгіп көктейміз.


2.Негізгі қиықты 1см 5мм-ге бүгіп көктеу, бүгілген қиықтан 10мм-ге тағы екінші рет бүгіп көктейміз.


3.Ылғалды-жылулықты өңдеу.














1.Үшкіл бас орамал қандай пішімінде болады?


2.Үшкіл бас орамалды қандай маталармен тігеді?


3.Бас орамалды не үшін қолданамыз?


4.Қолмен орындалатын тігістерді атаңдар?









Жаттығу:


Ормандағы аюдың

Құлпынайы көп екен

Теріп-теріп алайық

Қалтамызға салайық



[pic]



1 арнайы (түзету) мектеп-интернаты









Ашық сабақ

Сабақтың тақырыбы:

«Үшкіл бас орамалдың негізгі және арқау

қиықтарын өңдеу»

7 «А» сынып



Өткізген: Қусаинова Э.К.

іс тігу пәні мұғалімі




[pic]




Петропавл қ., 2013ж