Технология пәнінен Ағаш түрлерін бедерлеп және жұмырлап ою (7 сынып)

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


[pic]

Алматы облысы Көксу ауданы

Ж.Егінбаев атындағы интернаты бар орта мектеп







Жоба жұмысының тақырыбы:


Ағаш түрлерін бедерлеп және жұмырлап өңдеу технологиясы

«Ортеке»








Орындаған: Ж.Егінбаев атындағы интернаты бар орта мектептің

технология пәнінің мұғалімі Т.Ж.Абилов






Көксу ауданы

2016ж.



[pic] Кіріспе


Ағаш оюдың бірнеше тәсілдері бар . Негізінен оларды бедерлеп ою және жұмырлап ою деп шартты түрде екіге бөліп топтауға болады . Бедерлеп ою деп тегіс тақтаның бетіне өрнек салуды , шығыңқы етіп мүсіндік бейнелерді жартылай көлеммен мүсіндеуді , яғни , ағашқа бедерленетін барельефті атауға болады . Ал мөлтек ағаштан тұтас шабылатын келі-келсап , аяқ-табақ , саптаяқ , ожау сияқтыларды жасау тәсілін жұмырлап оюға жатқызамыз .

Бедерлеп оюдың өзі де орындалу әдіс-тәсілдеріне қарай тарқатуға келеді . Егер тақтаға өрнек жосығын тіліп түсірсең жосықтау деп , қашау ізін тік салсаң қиып ою деп , қашау жүзін көлбеу салып нұқи ойсаң кертіп ою деп атағанымыз дұрыс болады .

Енді ағаш оюға кірісу үшін арнайы құрал-саймандар керек . Ал ағаш ою үшін шеберхана температурасы тұрақты , жел соқпайтын , ауасы ылғалсыз , құрғақ болуы керек . Ағаш оюға жарық құйылымның да әсері бар . Жарық ағаш оятын орынға қарсы алдыңнан немесе сол жағыңнан түспесе бедердің көлеңкесі молайып назарыңды шатастырады . Мүмкін болса , арнайы ағаш шеберлігі үстелі (верстак) болғаны жөн .

Оның үстіне өткір құралдарды ұстаудың қауіпсіздік ережелері бар . Ол ережелерді де бұлжытпай орындамасаң саусағыңды кесіп алуың ібден мүмкін . Себебі бедерлеп ою тікелей қолдың күшімен жасалады . Сондықтан бос қолыңды пышақ жүзі жүретін бағытқа апаруға болмайды .


[pic] [pic]


[pic] [pic]

[pic] [pic] [pic]




Мақсаты: Ағаш материалдарымен жұмыс жасай білу және конструкциялық материал ретіндегі қасиеттері, ағаш ұқсату шеберлігі туралы білімдерін кеңейту.
а) білімділігі: ағаш ұсталығымен айналысатын кәсіптер туралы мағлұматтар бере отырып,кәсіптік бағдар беру, мамандыққа деген ынтасын арттыру.
ә) дамытушылығы: оқушылардың ойын еркін жеткізуі мен пікір айту дағдыларын қалыптастыру,тиянақтылық пен жылдамдыққа машықтандыру.
б) тәрбиелігі: еңбекқорлыққа, шеберлікке, ұлттық салт-дәстүрімізді құрметтеуге баулу.

Түсініктеме.

Музыка аспаптарын әзірлеу , шеберлікті шыдамдылықты қажет ететін өнер . Ең алдымен ағашты таңдау , дайындау , сақтау сияқты шараларды дұрыс меңгеру қажет . Су ағашты бабымен кептіру үлкен жауапкершілікті талап етеді . Ол үшін ағаштың қабығын аршып , егер ағаш діңінің диаметрі 10-15см жуандықта болса , оны құрғақ лапастың астына ағаштың жуан жағын (түп жағын) жоғары қаратып тігінен тұрғызып қойып кептіреді . Көлденең кесіндісіне сыр жағып кесілген жерінен бір-екі елідей шегіне сым темірмен буып бұрап қойған дұрыс .

Домбыра қандай бөліктерден тұрады ?. Олар қалай аталады ?. Әр бөлігінің атқаратын қызметі қандай ?. Осы сұрақтарға жауап іздеп көрейік .


[pic]

[pic] Домбыраның бізге белгілі бірнеше түрлері бар , олар: шіңкілдек , қос ішекті домбыра , үш ішекті домбыра , кең шанақты домбыра , әмбебап домбыра , бүктемелі домбыра т.с.с. болып түрлене береді . Домбыраның әшекейіне , сыртқы пішініне т.б. қарап үкілі домбыра , қоңыраулы домбыра , қызыл , қара домбыра деп те атай береді .

Әр шебер домбыра жасағанда өзіндік бір үлгіні ұстанып , домбыра үнін жетілдіруге , әдемі етіп әшекейлеуге белгілі үлесін қосып отырған .

«Ортеке»

Жоғарыда аталған домбыраларға қосып ойнайтын «Ортеке» атты қуыршақ туралы , оның жасалу жолдарын қарастырып өтелік .

Домбыраның сүйемелдеуімен қозғалысқа келіп , орындалған ән , күй ырғағымен билейтін «Ортеке» кезінде халық арасында кең тараған , кейін ұмыт болып , бұл күндері өзінің заңды орнын тауып , ортамызға қосылды .

«Ортеке» бар тұлғасы он екі бөлшектен құралып , әр бөлшегі бір-біріне жіп арқылы түіндеп жалғастырылған таутеке бейнесіндегі ағаш қуыршақ .


[pic]


Оны қимылға келтіретін ағаш тақтаға бекітілген қамыстың өзегіне кигізілген ағаш өзек (таяқша) . Сол жіңішке таяқшаның төменгі басына жіп байлап , жіптің екінші ұшын қамыс буынының орта тұсындағы ойықтан өткізіп алып , оң қолдың сұқ саусағына іліп тартқанда , жіп қамыстың ішіндегі өзек-таяқшаны жоғары төмен қозғайды . Таяқшаның жоғарғы жағына бекітілген болат сымның екінші ұшы «Ортекенің» бауырына бекітіледі .

Таяқша жоғары – төмен қозғалған сайын ортеке секеңдеп билей жөнеледі . «Ортеке» қозғалған аяғының астындағы тақтайға (оны майдан деп атайды) тұяғы тиіп , көрерменге ортеке тақтайды теуіп , күй ырғағымен билеп тұрғандай әсер етеді . Осыған ұқсас тағы бір ойыншық туралы деректі ел аузынан естідік . Айтуынша Исатай батырдың ағайыны Қараұлы Боғда деген күйші әрі қолынан әр түрлі өнер тамған кісі болыпты . Үйіне Исатай қонақ болып келгенде , Боғда қатқан тулақтың үстіне ағаштан жасалған сегіз лақты күй ырғағымен билетіп , Исатай батырдың көңілін көтерген екен .

[pic] [pic] [pic]



[pic] [pic]


Суреттер мен сызбадан көріп отырған жұмыс «Ортеке» ойыншығында аталған бедерлеп және жұмырлап оюдың әдіс-тәсілдерінің барлығы қолданып жасалған . «Ортеке» ойыншығы Қазақ халқының қолөнер шебері , өнер зерттеуші – этнограф Дәркембай Шоқпарұлының ұзақ жылдар бойғы қолөнер саласында атқарған тындырымды еңбегі мен талмай ізденуінің нәтижесінде кейінгі кездерде ұмыт болып кеткен , байырғы шеберлердің ағаш өңдеу әдіс-тәсілдерін , артындағы ұрпаққа мирас болып қалған еңбегі «Домбыра жасау» атты кітабы бойынша жасап келешек жастарға үйретіп келемін .



Қолданылған әдебиеттер .

  1. Домбыра жасау - авторы Д.Шоқпарұлы Алматы «Мектеп» баспасы 1996ж.

  2. Ағаш ою – авторы А.Нәлібаев Алматы «Өнер» баспасы 1994ж.

  3. «Ою - өрнектер» жинағы