Сабақ тақырыбы: Ағаш сүрегін қолмен сүргілеп өңдеу

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Балқаш аудандық білім бөлімінің [pic]

«Топар орта мектебі мектепке

дейінгі шағын орталығымен»

мемлекеттік коммуналдық мекемесінің

Технология пәнінің мұғалімі Аскербекова Сымбат



Сабақтың тақырыбы: Ағаш сүрегін қолмен сүргілеп өңдеу

Білімділік: өткен тақырыптар бойынша оқушының алған білімін шығармашылық жоба тарауларында жаңа тақырыптармен байланыстыру.
Дамытушылық: оқушының кәсіптік бейімділігін, іскерлігін, икемділігін дамыту.
Тәрбиелік: шығармашылық қабілетін арттыру, эстетикалық талғамын ұштау.
Сабақтың көрнекілігі: сызба, техникалық карта.
Қажетті құрал- саймандар: ара, балға, сүргі, бұрыштама, сызғыш, карандаш, ағаш материалы.
Пәнаралық байланыс: сурет, сызу, математека.
Сабақтың түрі: сарамандық және теориялық.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
I. Өткен сабақты қайталау
1. Ағаш бөлшектерінің қандай түрлерін блесіңдер?
2. Араның түрлерін атаңдар ?
3. Ағаш қасиетіне тоқталамыз ?
4. Балташының негізгі құралдарын атаңдар?

ІІІ. Жаңа сабақ.

Сүргілеу – бұл ағаш сүрегінің бетін өңдеуде қолданылатын негізгі операциялардың бірі. Сүргілеу арқылы дайындаманың бетіндегі жұқа қабатты жоңқа түрінде жонып алады.

Сүргілеудің негізгі үш түрін ажыратады: талшық бойымен сүргілеу; талшық бойына көлденең сүргілеу; шетжақтауларын (бүйір жақтауын) сүргілеу. Көбіне талшық бойымен сүргілейді.

[pic]







Қолмен сүргілеу үшін ағаш сапты немесе металл сапты сүргіні пайдаланады. [pic]





Дайындаманы бірінші рет сүргіленгенде шерхебель сүргісі қолданылады. Кескіш пышағыдөңгелектеніп келген ұзын алмас тәрізді болады.

[pic]





[pic]


Жұмыс бастамас бұрын сүргі пышағының дұрыс

орналасқандығына көз жеткізіп алған жөн:

пышақ жүзі сүргіде 0,1 – 0,3 мм; ал шерхебель

де 1-3 мм шығып тұру керек.

Сүргілегенде сүргіні оң қолыңмен кескіш-пышақтың артқы жағынан алақан қалыптың артқы жоғарғы жағына келіп тірелетіндей етіп ұстайды. Жұмыстың жеңіл жүруі және сапалы шығуы үшін жұмыс барысында ыңғайлы және дұрыс тұру да маңызды. [pic]










Жонғылау барысында оң және сол қолмен сүргіні басып ұстауды реттеуге ерекше көңіл бөлу керек. IV.Сарамандық жұмыс.
1. Жұмыс орнын даярлау. 2. Құрал-жабдықтар ара, сүргі, сызғыш, карандаш, бұрыштама, сүргілейтін тақтай. 3. Ағашты сүргілегенде, ол жұмыс үстөлінің үстіне тегіс жатуы тиіс. 4.Сүргілеу барысында өз денеңді, аспапты дұрыс ұстауды үйрен.
Оң аяғыңды сол аяқтан сәл алшақтатып (арасы 65- 70 см), трек етіп ал. Сүргіленген бұйымның сапасын сызғышпен немесе арнайы бұрыштамамен тексереді. Егер бұйымның беті тегіс болса, оның барлық қабырғалары бір жазықтықта жатады.

V.Сабақты қортындылау.
1. Әр оқушы өздері жасаған  жұмысына талдау жасайды.
2. Жұмыс барысында өзіне қандай жаңа әдіс-тәсіл меңгергенін, қандай құрал-сайман пайдаланғанын айту, өздері істеген жұмысын қорғау.
3. Істеген жұмысына қарай бағалау.
VI. Үйге тапсырма. Құралдардың аттарын жаттау.
VII. Жұмыс орнын тазалау.