Тест сұрақтары 6-7 сынып

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...



Тест сұрақтары.

Өсімдік шаруашылығы технологиясы. 6-сынып ұл балалар.


1 Көкөністің кайсысы екі жылдық өсімдікке жатады?

а. асқабақ

ә. қызылша

б. қызанақ

в. бұрыш

2. Көкөністердің кайсысы бір жылдық өсімдікке жатады?

а. қияр

ә. сәбіз

б. пияз

в. қызылша

3. Құлпынайдың көбейу жолдары

а. тамырлары арқылы

ә. мұртшалары арқылы

б. Тұкымы арқылы

в. Сұлатпа сабақ

4. Ұрығы арқылы көбейетін гүл

а. раушан

ә. жауқазын

б. бақытгүл

в. Астра

5.Телу арқылы көбейту қай айда жүргізіледі?

а. наурыз айының соңынын сәуірдің соңы

ә. қыркүйек айында

б. шілде айының ортасынын тамыз айының ортасына дейін

в. сәуірдің соңы

6. Сорттық алма ағашын калай көбейтеді?

а. телу арқылы

ә. сұлатпа сабақ арқылы

б. қалемше сабақ

в. тамыры арқылы

7. Сәндік ағаштарға жататын өсімдіктер:

а. алма, алмұрт

ә. қайың, талшын

б. таңқурай, қарақат

в. грек жаңғағы, қайың

8. Алма, алмұрт жеміс ағаштарының пісу уақыты неге байланысты?

а. сортына

ә.жемістің түсіне

б. жемістің ірілігіне

в. ауа райына





9.Жидек бұталардың (таңқурай, қарақат) көбейу жолдары.

а. тамырлары арқылы

б.қалемше арқылы

ә. мұртшалары арқылы

б.сұлатпа сабақ арқылы

10. Азот, фосфор, калий қандай тыңайтқыштарға жатады?

а.органикалық

ә. бактериялық

б. минералды

11.Шөптерден дайындалған тұнбалар калай аталады?

а. инсектицид

ә. гербицид

б.пестицид

12.Қандай жұмыс шаралары өсімдіктерді зиянкестерден, ауырулардан қорғайды?

а.Өнімді уақытында жинау

ә. химиялық, агротехникалық

б.топрақты өңдеу

13. Топрақты қопсытуға пайдалы жәндік

а. аяққұйрықты құрт

ә. жауынқұрты

б. ақбас құрт

14. Жеміс – жидек ағаштарының жоғары жағын кесуді не деп атайды?

а. шырпу

ә. сындыру

б. отау

в. кесу

15. Жеміс – жидекті жылдың кай мезгілінде шырпыйды?

а. жазда

ә. күзде

б. кыста

в. көктемде


Жауаптары:

  1. ә 9. а

  2. в 10. б

  3. ә 11. а

  4. в 12. ә

  5. б 13. ә

  6. а 14. а

  7. ә 15. в

  8. а






7 сынып «Тігін бұйымдарын модельдеу»


1. Иық бұйымдарынға қайсысы жатады?

а. шалбар

ә. шапан

б. белдемше

2. Кеуде, бел,иық бүкпелері қай киімнің үлгісінен көруге болады?

а. әйел киімінен

ә. ерлер киімінен

б. балалар киімінен

3. Иығы кең , түймеліктің орны солдан оңға қарай орналасқанын кай киімнің үлгісінде көруге болады?

а. баланың киімінен

ә. ерлердің киімінен

б. әйелдер киімнен

4.Киімнің конструкциялық ерекшелігін көрсет

а. пішім

ә. силует

б. сән

5. Қолданылуына қарай киімдер неше түрге бөлінеді?

а. 3

ә. 4

б. 2

6. Жапсырмалар , түймелер, желбіршектер, шілтер, таспалар бұл...

а. қосымша мөлшерлер

ә. негізгі қажеттілігі

б. әшекей бұйымдар

7. Иық бұйымдарына жататын қазақтың ұлттық киімдерінің бір түрі

а. камзол

ә. тақия

б. сәукеле

8. Матаны таңдаған кезде неше қасиетіне назар аудару керек?

а. 1

ә. 2

б. 3

9. Пайдалы қасиетіне қайсысы жатады?

а. тігістін түзу түсуі

ә. денсаулыққа пайдасы

б. матаның созылуы

10. Сәндік қасиетіне қайсысы жатады?

а. матаның сапасы







ә. жылу устағыштығы

б. матаның түсі

11. Қандай маталар адам организмне экологиялық әсерін тигізеді?

а. зығыр маталары

ә. мақта маталары

б. синтетикалық маталар

12. Сәнді кім шығарады?

а. пішуші- тігінші

ә. көркемдеуші – сәнгер

б. суретші – тігінші

13.Түнгі көйлектің өлшемдерін дұрыс бағыттап бер

1. МойЖо 1. Кеуденің жартылай орамы

2. Бұ 2. Қолдың орамы

3. Кжо 3. Бұйымның ұзындығы

4. Қо 4. Мойынның жартылай орамы

14. Жеңнің, етектің төменгі жақтарын қандай машина тігісімен өңдейді?

а. жабық қиықты жөрмеп тігу

ә. ашық қиықты жөрмеп тігу

б. қайып тігу

15. Басты, мойынды, кеудені, иық пен жауырынды жауып тұратын бас киім

а. сәукеле

ә. кимешек

б. тақия


Жауаптары:

  1. ә

  2. а

  3. б

  4. а

  5. а

  6. б

  7. а

  8. ә

  9. ә

  10. б

  11. б

  12. ә

13. 1-4 2-3 3-1 4-2

14. а

15. ә





7-сынып. «Тамақ әзірлеу технологиясы»



1.Қазақ ұлттық тағамдардың аспаздық өнерінің ерекшелігі неге байланысты?

а. аспаздық өнері өте дамыған

ә. егін өндіріс жағы өте дамыған

б. мал мен егін шаруашылығы өте дамыған

2. Балық етінде ең негізгі бағаланатын минералды затты белгілеп бер.

а. кальций

ә. фосфор

б. магний

3. Қамырдың барлық түрін әзірлеудің негізгі шикізаты.

а. жұмыртқа

ә. ұн

б. ашытқы

4.Қамырдың үгілуін күшейтетін компанент

а. ұн

ә. құмшекер

б. май

5. Суда тез еритін, химиялық қопсытқыш

а. ванилин

ә. крахмал

б. ас содасы

6. Торт жасау үшін қандай қамырды пайдаланады?

а. ашытқы

ә. үгілмелі

б. тұщы

7. Құймақ әзірлеу үшін қандай қамырды әзірлейді?

а. тұщы

ә. сұйық

б. үгілмелі

8. Тұшпараның қамыры қандай?

а. сұйық

ә. ашытқылы

б. тұщы

9. Самсаның қамыры қандай?

а. қайнатпалы

ә. бисквитті

б. қаттамалы

















10. Бауырсақтың қамыры қандай?

а. ашытқылы

ә. тұщы

б. сұйық

11. Үгілмелі қамыр неше тәсілмен әзірленеді?

а. 2

ә. 4

б. 1

12. Қай дастарханның ыдыстары топтап қойылады?

а. мерекелік

ә. фуршет

13. Фуршет пен мерекелік дастарханды кім әзірлейді?

а. аспазшы

ә. даяшы

б. менеджер

14. Қай өнімде 40-70% май мен ақуыз бар?

а. жұмыртқа

ә. жеміс-жидек

б. жаңғақ

15. 1-ас касық желатинге неше ас қасық су қосу керек?

а. 5-6 ас қасық

ә. 3-4 ас қасық

б. 1-2 ас қасық



Жауаптары:

  1. б 6. ә 11. ә

  2. ә 7. ә 12. ә

  3. ә 8. б 13. ә

  4. б 9. б 14. б

  5. б 10. а 15. а