Жүн талшығының құрылысы, химиялық құрамы, қасиеті. Таза жібек. Таза жібектің алынуы.

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сабақтың тақырыбы: Жүн талшығының құрылысы, химиялық құрамы, қасиеті. Таза жібек. Таза жібектің алынуы.
Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Жібек және жүн талшықтары жөнінде білімдерін кеңейту, жібек және жүн талшықтарының құрылысы, химиялық құрамы, қасиетін меңгерту.
Дамытушылық: жеке тұлғаны қалыптастыруда дүниетанымын кеңейтіп, біліктіліктерін нығайту, шығармашылығың дамыту.
Тәрбиелілік: Студенттерді еңбекқорлыққа, шыдамдылыққа сондайақ ұлттық ата – баба дәстүрін қадірлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, теориялық білімді практикамен ұштастыру, слайд арқылы көрсету.
Сабақтың көрнекілігі: бұйым үлгілері, слайд, жүн түрлері
Пәнаралық байланыс: Химия, тарих.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. ( 2мин)
1. Студенттерді түгендеу.
2. Сабаққа даярлығын байқау.
3. Студенттердің көңіл күйлерін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Зығыр. Зығыр талшығының химиялық құрамы, қасиеті.








III. Жаңа сабақ

А) Сұрақ – жауап әдісімен

  1. Жүн дегеніміз не?

  2. Жүннің емдік қасиеттері бар ма?

  3. Жүн қалай алынады?

  4. Жүн қандай жануарлардан алынады?

  5. Таза Жібек дегеніміз не?

  6. Таза жібек матасы қайдан алынады?

  7. Жүннің қандай түрлерін білесің?

  8. Жүннен жасалатын қандай бұйымдар бар?

  9. Жібек маталарынан қандай бұйымар дайындайды?

  10. Жүн жібек өндірісі Қазақстанда бар ма?

Б) Баяндау әдісі

Жібек және жүн маталарды жануарлардан алынған табиғи талшықтардан дайындайды. Сондай ақ оларды химиялық жолмен де алуға болады.

ЖібекТабиғи жібек – тұт жібегі құртының қуыршақтарынан алынатын ұзын жіңішке жіп. Көбелек қуыршақтан шыққаннан соң жұмыртқа салады. Жұмыртқадан құрт пайда болады, ол құрттың қуыршаққа

айналатын мезгілі келгенде өзінен жіп шығарып, бұтаққа бекітіп, өзіне ұя немесе қуыршақ дайындайды. Қуыршақ жібінің

ұзындығы. Жібек құрты қуыршаққа айналар алдында арнаулы бездері бөлетін жібек жіпше – піллә түзеді. Өндірістік жібек, негізінен, тұт ағашының қолдан өсірілетін (асыранды) құртынан және жабайы [link] және т.б. елдерде өсіріледі.

Ұлы Жібек жолының пайда болу тарихы. Осынау тарихи жолдың жібек саудасына байланысты "Жібек жолы” атанғаны түсінікті. Ал "Ұлы” сөзінің оған қосылуы жолдың кең-байтақ Шығыс өлкелері мен Батыс өлкелерін байланыстырып жатуынан. Сондықтан да бұл жол "Ұлы Жібек жолы” болып тарихқа енді. Жібекті осы ұлы жолда халықаралық саудаға шығарған. Сөйтіп Ұлы Жібек жолының бойындағы сауданың дамуы арқасында бүкіл дүние жүзінде жібек шаруашылығы және басқа да шаруашылық түрлері дами бастайды

Жібектің алынуы:

Құрттарды өсіру және піллә алу уақыты. Жыл сайын наурыз айының соңы мен сәуір айының басында жібек құрттарды өсіру науқаны басталады. Бұл уақыт 45 тәулікке созылады. Құрттарды қоректендіруге көптеген тұт ағашының жапырақтары қажет болады.

Құрттар оранып жататын «кебіндерін» тоқығанша бағбандар оларды мәпелеп өсіреді. Құрттар көбелекке айналу үшін жібек «кебіндеріне» оранған кезде ыстық суға салып қайнатады да «кебіндерін» тарқатып, одан жібек жібін иіреді. Жібек өндірісі өте ауыр жұмыс. Жібек құрттарының бастапқы салмағы 30-40 грамнан аспайды. 40 грамм қораптан жапырақ жеуден басқаны білмейтін мыңдаған жібек құрты өсіп шығады. Бастапқыда олар қаламның ұшындай өте ұсақ болады. Түлеген сайын, қабықтарын тастап, тоқтаусыз үлкейе береді. Соңында олар 70 есеге дейін үлкейеді. Қуыршақтағы жібек талшығының ұзындығы 700-800 мм-ге дейін жетеді.

Жібек құрты суыққа, қатты жарыққа, айғай-шуға төзімсіз болғандықтан, ерекше күтімге мұқтаж, әрі тұт ағашының жапырағын тоқтаусыз жейді. Олардың қалдықтарын күнделікті тазалап отырмаса болмайды.  Алғашқыда құрттарды тойдыру үшін тәулігіне тұттың 2 килограмм жапырағы жеткілікті болса, соңына қарай олар 270 килограмм жапырақ жейді.

Жүн- Жүн дегеніміз кейбір жануарлардың тері жамылғысының мүйіз тірізді құрылымы дене түгі. Тоқыма өнеркәсібіндке қойдың, түйенің ешкінің, сиырдың жүні және қоянның түбіті қолданылыады. Жүн талшығы түбірден және сабақшадан тұрады. Түбір терінің астына жатады . Сабақша тері жамылғысының сыртында болады және кератин деген белоктан тұрады. Түктін сабақшасы үш қабаттан тұрады: Қабыршақты, қабықты, және өзекті.

Қабыршақты қабат: ( кутикула) түкті қоршаған мүйіз тәрізді өабыршақтан тұрады. Талшықтың түбіріне байланысты қабыршақтардың формасы сақина, жартылай сақина немесе пластика тәріздес болып келеді. Қабыршақты қабат түкті бұзылудан сақтайды оның жылтылдауы мен киіз болып ұйысу қабілетіне әсер етеді.

Қабықты қабат: Түктің тұрқын құратын ұршық тәрізді клеткалардан тұрады, талшықтың мықтылығын серпімділігін жіне басқада қасиетін анықтайтын негізгі қабат болып табылады.

Өзекті қабат: талшықтың ортасында болады. Ол ауа толған клеткалардан тұрады.

Жуандығымен құрылымына байланысты жүн талшықтарының мынадай типтері болады.

Түбіт: қабыршақты және қабықты қабаттан тұратын жіңішке ирек талшық

Қылшық: түбітке қарағанда дөрекілеу, әлдеқайда жуан және ирек болмайды.

Өлі түк: Нашар боялатын өңдегенде оңай сынатын дөрекі тік және қатты талшық. Ол қылшық жүнді қойлардың кейбір тұқымдарында кездеседі.

Жүндер үшке бөлінеді

Жабағы: Қойды қырқып алынған тұтас жүн Жабағы деп аталады.Жабағы жүнін тазартып жуып, түтіп, иіріп киімдер тоқиды.

Күзем: Бұл к үз мезгілінде малдан қырқылып

Қозы жүн

Қойдың жүн жамылғысын құрайтын талшықтың түріне байланысты, жүн мынадай түрлерге бөлінеді : түбіт талшықтан тұратын биязы жүн. Оны биязы жүн қойлардан алады да жоғары сапалы шұға маталарын тоқуға пайдаланады.

Жүн талшығы неғұрлым жіңішке болған сайын күн сәулесі әсеріне төзімділігі өсімдік талшықтарына қарағанда жоғары. Жанған кезде күйдірілген мүйіз немесе қауырсынның иісіне ұқсас иіс шығарыды, талшықтардың ұш жағында саусақпен жеңіл үгіп жіберуге болатын қара күйген түйіршік қалады.

Жүн талшығының ұзындығы 20-450 мм аралығында болады.

Жүн талшығының жуандығы: талшықтың түріне байланысты және оның иірілген жіп пен матаның қасиетіне ықпалы зор.

Жүн талшықтарының мықтлығы: Оның жуандығы мен құрылымына байланысты. Мысалы өлі жүн жун бірақ осал талшық. Яғни жуан жүнге қарағанда жіңішке жүн төзімді. Себебі жуан талшықтардың өзегінде ауа бар, ал ол талшықты жуан қылып көрсеткені мен мықтылығын арттырмайды.

Басқа талшықтарға қарағанда жүннің гигроскопиялық қасиеті жоғары, ылғалды жәй тартады , жәй шығарады. Жылумен ылғалдың әсерінен жүн талшығы 60 % - ке дейін оданда көп, ұзара алады. Жүннің қасиетін ескере отырып оған өтектеу, созу, декатирлеу сияқты операциялар жасай аламыз.

Киімді химиялық тазартудан өткізгенге қолданылатын барлық органикалық еріткіштердің әсеріне жүн төзімді.

Жүнде амфотерлік қасиеттер бар, яғни қышқылдармен де сілтілер мен әрекеттесе алады. Өсімдік талшықтарына қарағанда жарық пен ауа райы әсеріне жүннің төзімділігі айтарлықтай жоғары 1120 сағ тікелей түскен күн сәулесінен жүн талшықтарының мықтылығы 50% кемиді.

Тоқыма өнеркәсібіне арзан шұға маталарды жасағанда қоспаның құрамына малды қырыққанда алынған жүннен басқа заводық және қалпына келтірілген жүндер қосылады. Заводтық жүн мүйізді іріқараның терісінен алынған жүн. Қалпына келтірілген жүн бұрын пайдалануда болған жүн бұрын пайдалануда болған жүн матадан тігілген ескі киімдер кеске қиықтарды талшықтарға ажыратқанда алынады. Қалпына келтірілген жүннің талшықтары қысқа, себебі бұрын киімді киіп жүргенде немесе қиқымды өңдегенде үзіліп, қысқаруы мүмкін.

ІҮ. Сарамандық жұмыс: Теорияны практиркамен ұштастыру.

Мұнда қыздар практика жүзінде жүнді ақырғы өңдеу түту және шүйкелеу жұмыстарын жүргізеді.
Жұмысты бастамас бұрын техникалық қауіпсіздік ережесін естеріне салу.
Жұмыс барысында қадағалап отырып, көмек беру.
Y. Жаңа сабақты бекіту: ВЕНН диаграммасы Жүн және жібек маталарының ұқсастықтары,айырмашылықтары.

«Ой толғау» Бүгінгі тақырыпты қорытындылай келе Болашақ маман сендер Еліміздің экономикасын көтеруге қандай үлес қосар едіңіздер

ҮII. Оқушылардың білімін бағалау.
ҮІII. Үйге тапсырма беру. Жүн және жібек маталарынан жасалған бұйымдар және олардың жасалу жолдары.
YI. Қорытынды: Бабалардан қалған осындай өнерді қастерлеп, өзіміз үйреніп, әрі дамыту – біздің міндетіміз, сендер үлкен шеберлікке жету үшін, үлкен дарын, терең білім, іскерлік пен төзімділік, шыдамдылық керек. Елімізде бар шикі затты өзіміз пайдалана біліп эканомикамыздың өркендеуіне үлес қосуымыз керек