Бекітемін: Кужанова С.Х.
Пәні:еңбекке баулу:
Сабақтың тақырыбы: Тігіс түрлері.
Сабақтың мақсаты:
а)Оқушыларды тігіс құралдарымен таныстырып, тігін түрлерімен таныстыру.
ә)Оқушылардың ойлау,есте сақтау қабілеттерін,сөздік қорларын,қиялдарын Шығармашылық қабілеттерін дамыту.
б) Табиғатын, тазалыққа, ұқыптылыққа, әдемілікке, эстетикалық талғампаздыққа,еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі:әңгімелеу, түсіндіру, көрнекілік,машықтану.
Сабақтың көрнекілігі:суреттер,техникалық карта.
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушылармен амандасу, зейіндерін сабаққа аудару, психологиялық тренинг жасау.
II Өткенді қайталау.
1.Матаның қандай түрлерін білесіздер?
Оны слайд арқылы көрсету.
2. сұрақ-жауап алу.
Жұмбақ шешу. (жұмбақтың шешімдері тігін құрал -саймандары.).
III Негізгі бөлім.
Оқушылар тігін құрал-саймандарын атай отырып, тігіс түрлерін көрсету . Тігістің түрлі жолдарын көрсету. Жұмыс барысын оқулық материалынан таныстыру.
Оқулықпен жұмыс:
а)Сөздікпен жұмыс.
ә) Мұғалімнің оқуы
б)Оқушыларға оқыту.(тізбектеп,тұтас оқыту.)
IY Практикалық жұмыс.
Мұғалім оқушылардың жұмыс орындарын дайындауларын қадағалайды. Тігіс түрлері туралы сұрау,әңгімелету.Жұмыс барысында балаларға көмек беру.
Қуіпсіздік ережесі:
а)Жұмыс орнын ретімен дайындау.
ә) Алдына алжапқыш тағу.
б)Инені бос тастамау.
в)Қайшыны сап жағымен беру.
Y Қорытынды ,бағалау : сұрақ-жауап алу.
1.Қандай тақырыпта әңгіме жүргіздік?
2.Қалай тіктік?
3. Жасалған бұйымнан көрме ұйымдастыру.
YI Үйге тапсырма: мата, ине-жіп әкелу.