«Қарабалық ауданы әкімдігінің білім бөлімі №3 Қарабалық орта мектебі» ММ [pic]
Мұғалім: Исаева А.А.
2015-2016 оқу жылы
Технология сабағынан тест жинағы
Түсінік хат
«Технология» пәнінен 5-9 сыныптарға арналған технология пәнінен бақылау өлшеуіш материал сұрақтардың барлығы оқу бағдарламасына сәйкестендіріліп жинақталып, барлық бөлімдерді толық қамтиды. Технология пәні бойынша ұсынылып отырған бұл көмекші құралда оқушылардың білім сапасы мен деңгейін тексеруге маңызы зор.
Тест сұрақтары арқылы оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге баулып, алған білімін, икемділігі мен дағдыларын жаңа жағдайларға тап болған кездерде шығармашылықпен қолдана білуге, машықтандыру көзделеді. Оқушылардың жалпы дүниетанымын кеңейту мақсаты жүзеге асады.
Тест тапсырмаларының мазмұны оқушыларға технология пәнінен алған білім, білік дағдыларын тексереді.
Оқушы тестіге жауап беру барысында өзінің алған білімдерін бір жүйеге келтіріп, бірнеше жауаптың ішінен жалғыз дұрыс жауапты таңдап, нақты сұраққа нақты жауап береді. Тестің сұрақтарына дұрыс таңдау жасап, дұрыс жауап бере білу – үлкен білімділік.
Тестілеу әдісін пайдалану оқушылардың өз еркімен таңдау жасау, еркін ойлау, еркін шешім қабылдау, нәтижені болжау қабілетін дамытады.
Мақсаты:
Әдістемелік құралдың мақсаты - оқушылардың ой - өрісін кеңейту, алған білімдерін одан-әрі тереңдету. Өтілген тақырыптарды қаншалықты меңгерілгендігін анықтап және шығармашылық қабілеттерін, интеллектуалды жан-жақты тұлға етіп тәрбиелеу.
Тест жинағында әр сыныпқа тарау бойынша сұрақтар жинақталып алынған. Әдістемелік жинақтың білімділік, тәрбиелік мәндерінің жоғары болуымен қоса пәнаралық байланыс жағы қарастырылды. Тақырыптық тестік тапсырмаларды орналастырғанда оқулықтардағы тарау реті сақталды.
5 сынып
1 нұсқа
Тақырып:Машинатану элементтері. Конструкциялық материалдарды өңдеу технологиясы.
1. Беріліс механизмдері қандай берілістерден тұрады?
а) тісті, үйкелісті, қайысты, тоғынды, шынжырлы ә) қысымды, рейкалы, үйкелісті, шынжырлы, тоғынды б) күш, қозғалтқыш, қайысты, тоғынды, шынжырлы в) ілініс, карданды, қайысты, тоғынды, шынжырлы
2. Механизмнің буыны деген не?
а) жұлдызшалар, диаметр, айналу жиілігі ә) доңғалақтар, жұлдызшалар, диаметр, б) жұлдызшалар, доңғалақтар, тегершектер в) доңғалақтар, тегершектер, диаметрлер
3. Металдар нешеге бөлінеді?
а) 1 ә) 2 б) 3 в) 4
4. Жұқа металды түзету үшін қолданылатын соққы құралы.
а) слесарлық балға ә) қыспақ б) ағаш балға в) төс
5. Машина жасауда қолданылатын болат түрі.
а) арнайы мақсаттағы болат ә) конструкциялық болат б) құрылыс болаты в) құрал - саймандық болат
6. Қысым арқылы өңдеуге және пісіруге келмейтін металл.
а) болат ә) шойын б) мыс в) мырыш
7. Әсемдік бұйымдар жасайтын шебер.
а) ұста ә) зергер б) ісмер в) шебер
8. Ыдыс - аяқ жасауда кеңінен қолданылатын металл түрі.
а) шойын ә) алюминий б) мыс в) қалайы
9. Болатты қалай алады?
а) мыстан балқыту арқылы ә) мұнайдан алады б) шойыннан балқыту арқылы в) түсті металдан балқыту арқылы
10. Қысымға төзімді, оңай өңделетін металл.
а) платина ә) болат б) шойын в) түсті металл
2 нұсқа
Тақырып:Ағаш өңдеу технологиясы.
1. Ағаш өңдеу жұмыстарымен айналысатын кәсіп.
а) зергер ә) орманшы б) тігінші в) балташы
2. Сүргі пышағы табанынан қандай мөлшерде шығады?
а) 0, 3 - 0, 5 ә) 0, 1 - 0, 3 б) 0, 2 - 0, 5 в) 0, 5 - 0, 7 мм
3. Жазық ағаш бетін неғұрлым дәлірек өңдейтін құрал.
а) шерхебел ә) рубанок б) фуганок в) балта
4. Ағаш өңдеу станогында (СТД) қолданылатын өлшеу құралдары.
а) сызғыш ә) бұрыштық б) микрометр в) штанген циркуль
5. Ағашты белгілі бір бұрыш жасап кесуге арналған көмекші құрал.
а) бұрыштық ә) жақтаулы ара б) қол ара в) стусло
6. Ағаш материалын қисық сызық бойынша кесуге арналған ара.
а) қол ара ә) жақтаулы ара б) бойлай кесетін ара в) көлденең кесетін ара
7. Жапырақты ағаштарға жатады.
а) қайың, шырша ә) терек, қарағай б) үйеңкі, жөке в) терек, самырсын
8. Графикалықсызбалардағыөлшемдер.
а) микрометр ә) милиметр
б) сантиметр в) метр
9. Ара төсемі кесу барысында қысып қалмас үшін не істейді?
а) ара тістері ажыратылады ә) ара тістері жұлынады б) ара тістері қайралады в) ара тістері тазаланады
10.Сызбада осьтік және орталық сызықтар қалай белгіленеді?
а) жіңішке тұтассызық ә) штрих сызық б) штрих - пунктир сызығы в) тұтас жіңішке сызық
11. Ағаш өңдейтін үстел не үшін қажет?
а) жұмыс жасауға ә) жазуға б) сызбасызуға в) құрал – саймандар үшін
12. Ағашты қандай құралмен көркемдеп ояды?
а) қашау, пышақ ә) сүргі, пышақ
б) қашау, сүргі в) балға, қашау
13. Шығармашылық жоба дегеніміз не?
а) бақылау жұмысы ә) тестік сұрақтар б) сарамандық жұмыс в) өзіндік жұмыс
3 нұсқа
Тақырып:Электротехникалық жұмыстар.
1. Ток өткізбейтін заттар.
а) ағаш ә) мыс б) су в) алюминий
2. Электр құрал – саймандарының саптары ағаштан, пластмассадан жасалады?
а) ұстауға ыңғайлы болу үшін ә) әсемдік үшін
б) ток өткізбес үшін в) мықтылық үшін
3. Электр энергиясы қандай қондырғыларды механикалық қозғалысқа келтіреді?
а) автомобиль ә) теледидар
б) СТД станогы в) жарықшамы
4. Электр жұмыстарымен айналысатын мамандықтар.
а) лаборант ә) токарь
б) монтер в) жүргізуші
5. Тұрмысқа электр энергиясын қабылдап және оны түрлендірушілер.
а) электр тұтынушылар ә) электр қозғалтқыштар
б) электршамдары в) генераторлар
6. Қарапайым электр тізбегі неше элементтен тұрады?
а) 4 ә) 2 б) 5 в) 3
Ауыл шаруашылық техникасы мен технологиясы.
7.Минералдық тыңайтқыштарды қайда әзірлейді?
а) үйде ә) заводта б) далада в) егістікте
8. Органикалық тыңайтқыштарға жатады.
а) калий, қарашірік ә) азот, фосфор
б) азот, күл в) көң, қарашірік
9. Топыраққа шашылған органикалық тыңайтқыштың әсер ету мерзімі.
а) 1 - 2 ә) 3 - 4 б) 4 - 5 в) 5 - 6
10. Пайдасы көл - көсір түлік.
а) түйе ә) жылқы б) сиыр в) қой
11. Шығанақ Берсеев өсірген астық дақылының түрі.
а) арпа ә) тары
б) бидай в) күріш
12. Гүлдерді көбейтудің қандай әдістерін білесің?
а) дәннен, өнімнен ә) көшетпен, гүлімен б) тамырдан, тозаңданудан
в) дәннен, вегетативтік жолымен
13. Жерді тыңайту үшін үй жағдайында не себуге болады?
а) әктің қалдығы мен ағаштың күлі ә) ағаштың күлі мен көмір шлагы б) ағаштың күлі мен қоқыстарды в) әктің қалдығы мен көмір шлагы
14. Тыңайтқыштар қалай енгізілуі керек?
а) жоспар бойынша ә) тәжірибе бойынша
б) ережені сақтап в) мақсатты түрде
15. Минералдық тыңайтқыштарға жатады
а) азот ә) фосфор б) калий в) барлығы дұрыс
16. Терең жыртуды не үшін жүргізеді?
а) тыңайтқыш себу
ә) ылғалдандыру
б) арамшөптерді құрту
в) ауа кіруі үшін
6 сынып:
1 нұсқа
Тақырып:«Жеміс - көкөніс дақылдарын өсіру технологиясы.
1. Көкөніс шаруашылығы...
а) Егіншіліктің бір саласы.
ә) жеміс - жидектің бір саласы.
б) мал шаруашылығының бір саласы.
в) көкөніс шаруашылығының бір саласы.
2. Көкөніс өсіруге неге үлкен мән беріледі?
а) Көкөніс адам ағзасына өте қажет.
ә) дәрумендерге бай.
б) минералды заттарға бай.
в) Барлық жауаптар дұрыс
3. Бақша дақылдарын жинау қалай жүргізіледі?
а) қатты суыққа дейін жиналады.
ә) қыркүйек айында жиналады.
б) толық техникалық пісуі жетілген кезде.
в) қазан айында жиналады.
4. Сәбіз неше жылдық өсімдік?
а) 1 жылдық
ә) 2 жылдық
б) 3 жылдық
в) көп жылдық
5. Тамыр жемістілер қай жерде сақталады?
а) топырақтың астында.
ә) қоймаларда.
б) заводтарда.
в) үйлерде.
6. Алынатын өнімге байланысты көкөністер қандай топтарға бөлінеді?
а) өнімдік.
ә) тамырлық.
б) сабақтық.
в) барлық жауаптар дұрыс.
7. Топырақты қандай мақсатпен өңдейді?
а) жақсы өнім алу
ә) ылғалды кетіру
б) тыңайтқыш себу үшін
в) дәндер себу үшін
8. Жеміс - жидектің жоғарғы жағын кесуді не деп атайды?
а) шырпу
ә) көшіру
б) сындыру
в) отау
9. Терең жыртуды не үшін жүргізеді?
а) тыңайтқыш себу
ә) ылғалдандыру
б) арамшөптерді құрту
в) ауа кіруі үшін
10. Көкөністі күннің қай мезгілінде суарған дұрыс.
а) таңертең
ә) кешке
б) түсте
в) бәрібір
11. Жеміс - жидекті жылдың қай мезгілінде шырпиды.
а) көктемде
ә) күзде
б) жазда
в) қыста
12. Топыраққа шашылған органикалық тыңайтқыштың әсер ету мерзімі?
а) 1 - 2 жыл.
ә) 3 - 4 жыл.
б) 4 - 5 жыл.
в) 5 - 6 жыл.
13. Шығанақ Берсеев өсірген астық дақылының түрі.
а) арпа.
ә) тары.
б) бидай.
в) күріш.
14. Тұқымдық дегеніміз не?
а) келесі жылы егілетін өнім.
ә) қыстай тамаққа пайдаланатын өнім.
б) сақтауға арналған өнім.
в) сатуға арналған өнім.
15. Топыраққа қандай тыңайтқыштар қосады?
а) қарашірік.
ә) калий тұзы.
б) көң.
в) барлығы дұрыс.
16. Өсімдіктерді зиянкестер мен аурулардан қорғаудың қандай әдістерін білесіңдер?
а) агротехникалық, физикалық, химиялық.
ә) мәдени, агорхимиялық, биологиялық.
б) агротехникалық, ветеринарлық, биологиялық.
в) агротехникалық, биологиялық, химиялық.
17. Қандай өсімдіктер инсектидті деп аталады?
а) түрлі шөптерден дайындалған үрейлендіруші, зәрлі тұнбалар, қайнатпалар.
ә) түрлі дәрілерден жасалған тұнбалар, қайнатпалар.
б) химиялық улы заттардан жасалған тұнбалар.
в) жемістік дақылдардың тұнбаларры, қайнатпалары.
18) Жеміс - жидек дақылдары қандай түрлерге бөлінеді?
а) цитрустік, бақшалық, жемістік, жаңғақтық.
ә) цитрустік, жемістік, гүлдік, жаңғақтық.
б) цитрустік, жемістік, сүйектік, жидектік,.
в) цитрустік, жемістік, жаңғақтық, бұталық, ағаштық.
2 нұсқа
Тақырып: Машина тану элементері негізінде конструкциялық материалдарды өңдеу технологиясы.
1) Техникалық сурет деген не?
а) бұйымның бейнесін төрт жағынан көрсетуі.
ә) бұйымның бейнесін екі жағынан көрсету.
б) бұйымның түрін көрсетеді.
в) бұйымның бейнесін үш жағынан көрсетеді.
2) Сызба деген не?
а) бұйымның сызу құралдарымен жасалған бейнесі.
ә) бұйымның сызу құралдарымен жасалған долбары.
б) бұйымның сызу құралдарымен салған сурет.
в) бұйымның түрлі - түсті суреті.
3) Долбар дегеніміз не?
а) Істеліп жатқан бұйымның техникалық суреті.
ә) Істеліп жатқан бұйымның қолдан жасалған алдын - ала суреті.
б) Істеліп жатқан бұйымның сызбасы.
в) Істеліп жатқан бұйымның макеті.
4) Бұрғылау білдегінде қандай жұмыстар атқарылады?
а) кеседі
ә) жонады
б) бұрғылап теседі
в) қайрайды
5) Егеу тістерінің жасалу түрлері.
а) Тістердің жасалу әдісіне қарай шапқымен кертілген, фрезамен жасалған, тапталық кертілген.
ә) Тістердің жасалу әдісін қарай фрезамен жасалған, пышақ пішінді.
б) Жалпақ пішінді.
в) Фрезамен жасалған.
6) Егеумен металдың жұқа қабатын алу қалай аталады?
а) егелеу
ә) қайрау
б) жөндеу
в) аралау
7) Шойын дегеніміз не?
а) Темір мен көміртек қоспасы.
ә) темір мен болат қоспасы.
б) Темір мен кокс қоспасы.
в) Темір мен жез қоспасы.
8) Қара металдың негізгі компоненті не?
а) көмірсу
ә) ванадий
б) магний
в) көміртек
9) Түсті металдың қара металдан ерекшелігі.
а) ауыр, тот басады
ә) жеңіл, тот баспайды
б) электр тогын өткізбейді
в) жылу өткізбейді
3 нұсқа
Тақырып:Сәндік - қолданбалы өнердің элементтері арқылы материалдарды көркемдеп өңдеу.
1) Сәндік - қолданбалы өнер бұйымдарын тұрмыста қолдануға бола ма?
а) Жартылай болады.
ә) Болады.
б) Болмайды.
в) Тек сәндік үшін болады.
2) Халық шеберлері ертеректе қандай материалдарды қолданған?
а) Ағаш, былғары, жүн, тері, металл.
ә) Ағаш, жүн, тері, әйнек, фарфор.
б) Ағаш, жүн, тері, пластмасса, саз
в) Ағаш, жүн, тері, металл, оргалит
3) Ағаш жону құралына жатады
а) қашау, балға
ә) ара, балта
б) сүргі, фуганок
в) қысқаш, балта
4) Қызылорда облысында өсетін ағаш.
а) қарағаш, терек
ә) қайың, самырсын
б) емен, шетен
в) қарағай, шырша
5) Фуганок не үшін қажет?
а) ағашты дөрекі жонуға
ә) қиғаш жонуға арналған
б) ағашты кесуге арналған
в) жалпақ ұзын ағашты сүргілеуге арналған
6) Қандай бұйым ұзаққа шыдайды?
а) Қатты материалдан жасалған.
ә) Станоктарда жасалған.
б) Қолмен жасалған.
в) Сапалы жасалған.
7) Интерьер дегеніміз не?
а) Көпшілік орындардың әсемдігі.
ә) Бөлмелердің әсемдігі.
б) Орынжайлардың ішкі кеңістігі, әсемдігі.
в) Орынжайлардың сырты әсемдігі.
8) Электр тогын өткізбейтін материалдарды ата.
а) шойын, қола
ә) пластмасса, құрғақ ағаш
б) әйнек, мыс
в) құрғақ ағаш, ылғал ағаш
9) Электр тізбегі қандай элементтерден тұрады?
а) Ток көзі, электр тізбегі, өткізгіштер, ажыратқыш.
ә) Ток көзі, ажыратқыш, тұтынушы, өткізгіштер.
б) Ажыратқыш, ток көзі, құрылғы, өткізгіштер.
в) Өткізгіштер, ажыратқыш, электр тізбегі.
10) Электротехникалық жұмыстар үшін не қолданылады?
а) Электр ажыратқыш, электр қысқы, штепсельдік аша, құрылғылық бекітуші.
ә) Электр ажыратқыш, құрылғы, электрлік қысқы, сым.
б) Штепсельдік, аша, түйіспі бұрамалар, электр ажыратқыш.
в) Электр қысқы, штепсельдік аша, құрылғылық бекітуші, фарфор өзекше.
11) Шығармашылық жобаны қалай түсінесің?
а) Тестік сұрақтарға жауап беру.
ә) Оқушының, мұғалімнің көмегімен орындалатын өзіндік жұмысы.
б) Оқушының, мұғалімнің көмегімен орындалатын сарамандық жұмысы.
в) Оқушының, мұғалімнің көмегімен орындалатын технологиялық карта сызбасы.
12) Шығармашылық жобаның жұмысы неше кезеңнен тұрады?
а) 2.
ә) 3.
б) 4.
в) 5.
13) Шығармашылық жоба жұмысының кезеңдерін ата.
а) Ұйымдастыру - дайындау, технологиялық, қорытынды.
ә) Ұйымдастыру - дайындау, мазмұндау, қорытынды.
б) Мазмұндау, қорытындылау, негіздеу.
в) Ұйымдастыру, қорытындылау, айқындау.
7 сынып.
1 нұсқа
1. Ағаш өңдеу өнеркәсібі немен айналысады?
а) Орман қорғаумен
б) Ағаш материалын өңдеу
с) Ағаш шабумен
д) Ағаш импортымен
е) Ағаш экспортымен
2. Қазақстан аумағында ежелден келе жатқан декоративті - қолданбалы шығармашылық бұйымдарын көрсет.
а) Матрешка, ожау
б) Текемет, сырмақ, торсық
с) шабата, пина
д) Домбыра, балалайка, кесеқап
3. Қыста өнім алу үшін көкөністерді қандай орында көктетіп өсіреді?
а) Жылыжайда
б) Ашық жерлерде
с) Гүлзарларда
д) Саябақтарда
4. Прокат профилі неге байланысты болады?
а) Құйманың көлеміне
б) құйманың түсіне
с) біліктердің формасына
д) біліктердің диаметріне
5. Ара полотносын кесу барысында қысып қалмас үшін не істеу керек?
а) ара тістері тазаланады
б) ара тістері жұлынады
с) ара тістері ауыстырылады
д) ара тістері ажыратылады
6. Көкөністі, жемісті жас кезінде қайта отырғызу қалай аталады?
а) шырпу
б) көшіру
с) сұрыптау
д) вегетация
7. Егеумен металдың жұқа қабатын алу қалай аталады?
а) жөндеу
б) аралау
с) қайрау
д) егелеу
8. Сүргі пышағы табаннан қандай мөлшерде шығып тұру керек?
а) 0, 1 - 0, 3мм
б) 0, 3 - 0, 5мм
с) 0, 2 - 0, 7мм
д) 0, 8 - 0, 9мм
9. Сұрыптық прокат қайсысына жатады?
а) фабрикаттарға
б) жарты фабрикатқа
с) дайын бұйымға
д) утильдік шикізатқа
10. Түсті металл шабатын кескіш ұшының үшкірлену бұрышы неше градусқа тең болуы керек?
а) 45 - 60
б) 60 - 75
с) 35 - 45
д) 60 - 90
11. Металл дайынмаға ойық, жырашық қашап салу үшін қолданылатын құрал
а) шапқы
б) слесарь арасы
с) егеу
д) крейцмейсель
12. №4 - ші және №5 - ші нөмірлі егеулер қайсысына жатады?
а) майда
б) түрпілік
с) әмбебап
д) дербес
13. Деталь кесігендегі тиекпен жалғастырылатын ойық қалай аталады?
а) ұя
б) құлақ
с) қуыс
д) жапсар
14. Металды суару оның қандай қасиетін арттырады?
а) көміртекті
б) көміртекті және конструкциялық
с) көміртекті және қоспаланған
д) қызуға төзімді және конструкциялық
15. Болат шабатын кескіш жүзінің үшкірлену бұрышы неше градусқа тең болуы керек?
а) 90
б) 45
с) 30
д) 60
16. Табиғи құрамдастарды қолдана отырып, жасанды орта жасаумен айналысатын дизайн саласы
а) графикалық дизайн
б) орта дизайн
с) ландшафты дизайн
д) өндірістік дизайн
17. Өсімдіктің өсуін тежеу үшін, оның жоғарғы ұшын алып тастау қалай аталады?
а) шырпу
б) көшіру
с) сұрыптау
д) транспирация
18. Орман шаруашылығы немен айналысады?
а) орман қорғаумен және өсірумен
б) ағаш материалын дайындаумен
с) ағаш шабумен
д) ағаш кесу жұмыстарымен
19. Өсімдіктердің өрмелеп өсуіне арналған байланатын қалқан немесе тор қалай аталады?
а) топырақ
б) жүйек
с) жылы жай
д) шпалер
20. Ағаш материалын табиғи жағдайда кебу үшін қандай тәртіппен жинап қояды?
а) тігінен
б) штабельдеп (қатарлап)
с) ұзынынан
д) қалай боса солай
2 нұсқа
1. Ағаштарды шырпу жылдың қай мезгілінде жүзеге асады?
а) күзде
б) қыста
с) көктемде
д) жазда
2. Көкөністі жемістерді күннің қай мезгілінде суарған тиімді?
а) таңертең
б) түсте
с) кешке
д) бәрібір
3. Сүректің физикалық қасиетіне жататыны қайсысы?
а) тығыздылығы, қаттылығы
б) серпімділігі, исі
с) ылғалдылығы, түсі
д) қаттылығы, жұмсақтылығы
4. Қазақ шеберлерінің қолынан шығатын барлық оюлардың алғашқы негізгі қандай элемент болып табылады?
а) «Қошқармүйізді» оюы
б) өсімдіктектес оюы
с) геометриялық оюы
д) жапырақ оюы
5. Химиялық құрамына байланысты болат қалай бөлінеді?
а) Көміртекті
б) көміртекті және конструкциялық
с) көміртекті және қоспаланған
д) қызуға төзімді және конструкциялық
6. Ағаш жону токарь білдегінде үлкен диаметрлі қысқа дайындаманы қайда бекітеді?
а) патронға
б) үшашаға
с) планшайбаға
д) шпиндельге
7. Шағын диаметрлі және ұзындығы 150мм - ге дейінгі дайындаманы бекітеді:
а) планшайбаға
б) шпиндельге
с) станинаға
д) патронға
8. Жұмсақ металды, сүйекті, ағашты өңдеуге арналған ірі, өткіртісті егеу:
а) кронциркуль
б) түрпі
с) кескіш
д) рейсмус
9. Бөлшектің ішкі, сыртқы көлемін, тесіктердің тереңдігін, ішкі көлемін немен өлшейді?
а) сызғыш
б) кернер
с) рейсмус
д) штангенциркуль
10. Транспортирмен нені өлшейді?
а) ұзындықты
б) диаметрді
с) бұрышты
д) көлемін
11. Сүректің механикалық қасиеттеріне жатады:
а) текстурасы, түсі
б) беріктігі, қаттылығы
с) исі, серпімділігі
д) ылғалдылығы, қаттылығы
12. Қылқан жапырақты ағаштар тобына жатады:
а) емен, үйеңгі
б) шырша, қайың
с) тораңғыл, жиде
д) қарағай, шырша
13. Берік ағаштар тобына жататын ағаштар:
а) қарағай, жөке
б) үйеңкі, шырша
с) шамшат, емен
д) шетен, сырталы
14. Жапырақты ағаштар тобына жататын ағаштар:
а) самырсын, шырша
б) қайың, қарағай
с) қарағаш, терек
д) қызылқарағай, емен
15. Болаттың қасиеттерін жақсарту үшін қандай элементтер қосылады?
а) хром, никель
б) вольфрам, ванадий
с) кремний, марганец
д) жауаптардың бәрі дұрыс
16. Киіз үйдің шаңырағы күмбезін не деп атайды?
а) кереге
б) желі
с) күлдіреуіш
д) уық
17. Шаңырақтың негізін не деп атайды?
а) күйдіреуіш
б) сағана
с) желі
д) тоғын
18. Шаңырақтың киіз жабуын не деп атайды?
а) туырлық
б) үзік
с) түндік
д) іргелік
19. Қазақтың азық - түлік сақтауға арналған (ыдысын) жиһазын не деп атайды?
а) сандық
б) жүкаяқ
с) кебеже
д) адалбақан
20. Тақтайшаны 45° және 90°- қа кесуге арналған айла бұйымның аты не деп аталады?
а) әмбебап қысқыш
б) кескіш
с) стусло
д) бұрыштама
8 сынып
1 нұсқа
1. Металдың механикалық қасиетіне жатады:
а) тығыздылығы, қаттылығы
б) түсі, иілгіштігі
с) беріктігі, балқу температурасы
д) серпімділігі, иілгіштігі
2. Металдың физикалық қасиетіне жатады:
а) тұтқырлығы, иілгіштігі
б) тығыздығы, серпімділігі
с) беріктігі, тоқ өткізгіштігі
д) балқу температурасы, тоқ өткізгіштігі
3. Металдың беріктігін, қаттылығын арттыратын термиялық өңдеу операциясын не деп атайды?
а) шынықтыру
б) босаңдату
с) қыздыру
д) нолмалау
4. Металдың қаттылығын төмендететін, ішкі кернеуін жоятын процесті:
а) суару
б) қыздыру
с) босаңдату
д) балқыту
5. Металл кесетін білдектер дәлдігі бойынша неше класқа бөлінеді?
а) 3
б) 5
с) 2
д) 4
6. Металдың бетіне ойық, жырашық қашап салу үшін қолданатын аспап:
а) шапқы
б) егеу
с) крейцмейсель
д) бородок
7. Шыңдалған болат, шойынды кесу үшін шапқының ең дұрыс қайрау бұрышы:
а) 40º
б) 60º
с) 70º
д) 35º
8. Болатты кесу үшін шапқының қайрау бұрышы:
а) 70º
б) 50º
с) 90º
д) 60º
9. Түсті металдар үшін шапқының қайрау бұрышы:
а) 90º
б) 60º
с) 70º
д) 35 - 45º
10. Тақтайшаны 45º және 90º етіп кесуге арналған айлабұйым:
а) рейсмус
б) бұрыштама
с) стусло
д) зензубель
11. Ағаш дайындамаға паралель сызықтар жүргізу құралы:
а) долото
б) қашау
с) рейсмус
д) сызғыш
12. Детальдердің ішкі, сыртқы көлемін, тесіктердің тереңдігін, биіктікті 0, 1мм дейінгі дәлдікпен өлшейтін құрал:
а) рейсмус
б) стусло
с) штангенциркуль
д) крейцмейсель
13. Өте дәл өлшем алуға арналған құрал:
а) микроциркуль
б) макрометр
с) микрометр
д) кронциркуль
14. Ағаш бөлшектерді байланыстыру үшін қолданылатын алмалы - салмалы тиек
а) шкант
б) штифт
с) шпунт
д) шуруп
15. Детальдердің байланысын нығайту үшін қолданылатын ағаш өзек:
а) шпунт
б) штифт
с) нагель
д) шпалер
2 нұсқа
1. Жұмсақ металды, ағашты өңдеуге арналған ірі, өткір тісті егеу:
а) цинубель
б) зензубель
с) түрпі
д) стусло
2. Ағаш жону білдегінде үлкен диаметрлі қысқа дайындаманы қайда бекітеді?
а) патронға
б) үшашаға
с) планшайбаға
д) шпиндельге
3. Транспортирмен нені өлшейді?
а) диаметрді
б) биіктікті
с) көлемді
д) бұрышты
4. Киіз үйдің шанырағының негізін не деп атайды?
а) күлдіреуіш
б) желі
с) уық
д) тоғын
5. Сүректің механикалық қасиетіне жатады:
а) текстурасы, түсі
б) исі, серпімділігі
с) ылғалдылығы, қаттылығы
д) беріктігі, қаттылығы
6. Шағын диаметрлі, ұзындығы 150мм - ге дейінгі дайындаманы бекітеді:
а) планшайбаға
б) станинаға
с) патронға
д) үшашаға
7. Берік ағаштар тобына жататын ағаштар:
а) терек, қайын
б) қарағай, жөке
с) шамшат, емен
д) үйеңкі, шырша
8. Орман шаруашылығы немен айналысады?
а) ағаш материалын дайындаумен
б) ағаш шабумен
с) орман қорғаумен және өсірумен
д) отын дайындаумен
9. Ағашты шырпу жылдың қай мезгілінде жүзеге асады?
а) қыста
б) күзде
с) көктемте
д) бәрі бір
10. Көкөністі, жемісті күннің қай мезгілінде суарған дұрыс?
а) таңертең
б) түсте
с) кешке
д) бәрі бір
11. Металды суару, шынықтыру оның қандай қасиетін арттырады?
а) созылымдылық, беріктілік
б) иілімділік, омырылғыштық
с) беріктік, қаттылық
д) жұмсақтық, иілімділік
12. Сүректің физикалық қасиетіне жатады:
а) тығыздылығы, қаттылығы
б) серпімділігі, исі
с) ылғалдылығы, түсі
д) қаттылығы, жұмсақтылығы
13. Киіз үйдің шаңырақ күмбезін не деп атайды?
а) желі
б) уық
с) сағана
д) күлдіреуіш
14. Азық - түлік сақтауға арналған жиһаз:
а) сандық
б) жүкаяқ
с) кебеже
д) адалбақан
15. Киіз үйдің шаңырақ жабуы:
а) туырлық
б) іргелік
с) үзік
д) түндік
тест
9 класс
1. Металл түрлері
А. Түсті, қара; Ә. Қара, сұр шойын; Б. Түсті, сұр шойын, қара.
2. Металдардың түсі, тығыздығы, балқу температурасы, тоқ өткізгіштігі
А. Металдардың химиялық қасиеті;
Ә. Металдардың физикалық қасиеті;
Б. Металдардың техникалық қасиеті.
3. Темір шеберін қалай атайды?
А. Ұста; Ә. Шебер; Б. Зергер.
4. Дәнекерлеуге арналған қорытпаның негізгі компоненттері болып табылады.
А. Қорғасын,алюминий; Ә. Қалайы, қорғасын;
Б. Қалайы, мыс.
5. Ағашты күйдәргіш әшекелеу қалай аталады?
А. Пирография; Ә. Графика;
Б. Триография.
6. Егіншіліктің интенсивті жүиесі XVIII ғасырдың басында қайелде шықты?
А. Ангияда; Ә. Германияда; Б. Францияда
7.Картоптың сабағы күшті өсуі үшін қолайлы температура.
А. +8 -10°С Ә. +17 -22°С Б. +25 -30°С
8. Ұлттық бас киімдердің ішіндегі еркектерге арналған түрі
А. Қалпақ, қасаба; Ә. Бөрік, сәукеле; Б. Бөрік, қалпақ.
9. Күйдіруге арналған ағаштарды қолданған тиімді
А. Қылқан жапырақты ағаштар(шырша,шие);
Ә. Жұмсақ жапырақты ағаштар (көктерек, жөке, қандыағаш);
Б. Жалпақ жапырақты ағаштар (жөке, шырша,қандыағаш).
10. Ағашты күйдіріп әшекелеу қалай аталады?
А. Пирография; Ә. Триография; Б. Графика.
11. Ақаулыэлектр приборларынан ұшқынның шығуы.
А. Қысқа тұйықталу;
Ә.Сақтандырғыш; Б.Тізбектің жалғануы
12. Тізбекті параллель немесетізбектейжалғаудыңқайсысытұрмыстатиімді.
А. Екеуінен де Ә. тізбектей Б. параллель
13. Күн, ай мүйіз, айтаңба, шолпан ою өрнегі қалай аталады?
А. Космогониялық; Ә. Символикалық; Б. Таңбалық.
14 . Тесуге арналған құрал
А. Қашау; Ә. Бұрғы; Б. Біз.
15. Ағаштарды біріктіру әдістері
А. Шегелеу, желімдеу, бұрғылау;
Ә. Желімдеу, бұрғылау;
Б. Шегелеу, желімдеу.
Жауаптары:
5 сынып
1 нұсқа 2 нұсқа 3 нұсқа
1. а 6. ә 1. в 6. ә 11. а 1. Б 6. ә 11. в
2. б 7. ә 2. ә 7. б 12. а 2. Б 7. в 12. а
3. ә 8. б 3. б 8. ә 13. в 3. б 8. б 13. а
4. б 9. б 4. в 9. а 4. а 9. в 14. в
5. ә 10. в 5. в 10. б 5. Б 10.а 15ә 16. в
6 сынып
1 нұсқа 2 нұсқа 3 нұсқа
1. а 6. в 11. а 16. в 1. в 4. а 9. а
2. в 7. а 12. б 17. а 2. а 6.а 5. в 10. ә
3. б 8. а 13. ә 18. б 3. ә 7.а 1.ә 6. в 11. ә
4. ә 9. б 14. а 4.б 8. в 2.а 7. б 12. ә
5. ә 10. ә 15. В 5.а 9. ә 3. б 8. ә 13. а
7 сынып
1 нұсқа 2 нұсқа
1. в 6. в 11. д 16. с 1. с 6. с 11. В 16. с
2. в 7. д 12. а 17. а 2. С 7. Д 12. д 17. д
3. а 8. а 13. а 18. а 3. с 8. В 13. с 18. с
4. с 9. а 14. с 19. д 4. а 9. Д 14. с 19. с
5. д 10с 15. д 20. в 5. с 10. С 15. д 20. с
8 сынып
1 нұсқа 2 нұсқа
1. в 6. б 11. б 1. б 6. б 11. б
2. в 7. б 12. б 2. б 7. б 12. б
3. а 8. в 13. б 3. в 8. б 13. в
4. б 9. в 14. а 4. в 9. б 14. б
5. ә 10. б 15. Б 5. в 10. б 15. в
9 класс
1а 2ә 3б 4ә 5а 6б
7ә 8ә 9б 10 а 11а 12б
13а 14ә 15б
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. «Технология» бағдарламалар. 5 - 9 сыныптар. Алматы. 2003ж.
2. «Технология» бағдарламалар. 8 - 9 сыныптар. Алматы. 2004-2012ж.
3. «Технология» 5 - 7 сыныптарға арналған оқулықтар.