Сабақ жоспары, тақырыбы:КЕСТЕ ТІГУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫНЫҢ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


КЕСТЕ ТІГУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫНЫҢ

ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ


Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: оқушылардың кесте тігудегі шеберлігін жүйелендіру, әсемдік пен сұлулықтың негізінде эстетикалық талғамын ұштап, өз бетімен безендіру әдістерін таңдай білуге үйрету;

Дамытушылығы: оқушыларға кестелеп тоқуды үйрете отырып, шығармашылық қабілетін дамыту;

Тәрбиелілігі: оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастыру, тиянақтылық пен жауапкершілікке баулу.

Сабақтың әдісі: сарамандық, аралас.

Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет, математика, сурет.

Кәрнекілігі: эскиздер, түрлі түсті жіптер және ине түрлері, панно.

Сабақтың барысы:

  1. Үйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды еңбектің әсем түрін талғаммен таңдауға даярлау.

  1. Үй тапсырмасы

  1. Киім туралы жалпы түсінік

  2. Сән туралы түсінік беру

  3. Блузкаға керекті өлшемдерді ата?

  4. Алғашқы өлшеу дегеніміз не?

  5. Екінші өлшемнен өткізу ережесі?

  6. Ылғалды жылумен өңдеу ережесін ата?

  7. Техникалық қауіпсіздік ережесін ата?


  1. Жаңа сабақ.


Кесте - қазақ халқының кенеден келе жатқан қолөнерінің бір түрі. Ол сан ғасырлар бойына халқымыздың көркем қиялы мен шеберлік құдіретін бейнелеген асыл қазынасы, сарқылмас мұхиты. Дана халқымыз «Кестені көңіл сызады, қол тігеді, көз сынайды» деп қорытқан. Кесте өнері қазақ халқында көз тартар, жан сергітер әсемдігімен, тұрмысқа қажеттілігімен ғасырдан ғасырға дамып, мирас болып келе жатқан асыл мұра.

Кесте түрлеріне келетін болсақ, қазақ халқының қолөнерінің тігілу әдісі мен мәнеріне қарай бірнеше түрге бөлінеді. Олардың әрқайсысының өз атаулары бар. Мысалы: түктеп тігу, шынжырлап тігу, таңдайтігіс, жермеу, саба тігіс, тепшу, шарбақтап тігу, айқас тігіс, бедерлеп тігу, жапсыру, маржан тігіс, қабу, торлау, тұмарша, т.б.

Біз халық тұрмысында күнделікті өмірде жиі қолданылатын көпшілікке ортақ саналатын тігіс түрлерін ғана аламыз. Тігіс түрлерінің сан алуандығын атап еткенмен, біз өз сабағымызда түктеп тігу, айқас тігіс және шынжырлап тоқу түрлерін таңдаймыз. Кестені тоқу үшін сызба кестемен жұмыс жасауды жоспарлап аламыз.

Кесте өнерінің үрдісінде: таңдау үрдісі, эскиздер, есептеу шарттары бар.

Қажетті заттар: мата, түрлі түсті жіптер, ине түрлері, қайшы, кергіш зат.

Құрастыру элементтері:

а) Іздену.

ә) Таңдау.

б) Бейнелеу.

в) Жіп таңдау.

г) Инені іріктеу.

д) Кергішке керу.

е) Эскиз бойынша кестелеу.

ж) Жұмысты дайындыққа шығару.

Сарамандық жұмыс

  1. Кесте тігуде кестелеудің шыншыр тігіс, айқас тігіс және түктеп тігу түрлерін қолданылады. Кесте әсем де, әдемі шығу үшін жіптің түсін эскиз бойынша талғаммен таңдай білуі қажет.

  2. Әрбір оқушы берілген эскиздеу әдістерімен кесте тігістерін тоқиды. Оқушыларға назар аудару, бағыттау, кемшіліктерді анықтау арқылы нұсқау беру.

Сабақты қорыту.

Қолөнердің бір түрі - кесте тоқу.

Бағалау: оқушылардың кестелеудегі шеберлікпен орындаған жұмыстарының сапасына қарай бағалау.

Үйге тапсырма: кесте тігу жұмысын үйде жалғастыру және кесте өнері туралы мәліметтер жинау.