«Сақтады олар елін жерін , қонысын, Ақтады олар азаматтық борышын » атты тәрбие сағаты
1.Мақсаты:оқушыларды отан сүигіштікке тәрбелеу,ардагерлерді құрметтеп сыйлауға үйрету, ерлік еңбек жолдарын үлгі ету.
2.Көрнекілігі: слаид ,суреттер плакаттар.
3.Барысы: 1.ән соғыстан қайтқан салдаттар.
4. Баяндама.
5. Келген қонақтардың, пікірлері.
6.оқушылардың мәнерлеп оқуы .
7.Майдангерлерге арналған би мен, әндер.
Құрметті ата-аналар оқушылар қонақтар бүгін міне Қазақстан республикасының тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында 7 мамыр Отан қорғаушылар күні мерекесіне орай ұйымдастырылып отырған «Сақтады олар елін жерін , қонысын, Ақтады олар азаматтық борышын » атты тәрбие сағатымыға қош келіпсіздер. марқұм соғыс ардагерлері ұлы аталарымыздың Бораныв Әбдіқожа атамыз Құлымбетов Әсен атамыз сонымен қатар Әнуар Абуталипов аталарымыздың майдандағы және ауыл шаруашылығындағы еңбектері жайлы айтылатын өнегелі тәрбие сағатымызға қош келіпсіздер. Тәрбие сағатымызды бастау үшін мектебіміздің деректоры Ф.Ниязова апайымызды тәрбие сағатын ашып беруге ортаға шақырамыз.
1.Өмірден қыршын кеткен боздқтарым,
Кеттіңдер жан - жүректің қозғап бәрін.
Мазасыз ойлар орап жатсам -тұрсам.
Сендерге арнап жырымды, сөз баптадым.
Соншалық тебірендім жырымды арнап,
Арман құсы бойымды кетті шарлап.
Сол бір күндер көзіме елестейді.
Еске алсам өткенімді енді барлап дей келе 1941-1945 жылдар арасындағы отан үшін от кешкен батыр, ата бабаларымыздың ерліктеріне шолу жасап отсек.
1941 жылы Алматыда генерал И. В. Панфилов 316-атқыштар дивизиясын жасайды. Осы дивизияны 28 панфиловшы-батырлары Мәскеу қаласын қорғауда өшпес ерлік көрсетті.
Волоколомск жолын қорғаған 28 панфиловшының 22-сі қазақстандықтар еді. Мәскеу түбіндегі шайқаста 316-атқыштар дивизиясы ( кейін 9-гвардиялық атқыштар дивизиясы) командирі, Кеңес Одағының Батыры Бауржан Момышұлы болған.
Төлеген Тоқтаров Мәскеу түбіндегі Бородино селосы үшін шайқаста неміс штабына ең бірінші болып кіріп 5 неміс офицерін жойып қаза болған. Кеңес Одағының Батыры атанған.
Мәлік Ғабдулин
1941 жылдың қыркүйегінен бастап соғыстың соңына дейін фашистік күштерден Отанды қорғау борышын абыроймен атқарады. Аға политрук болады. Майданда И. В. Панфилов атындағы 8-гвардиялық дивизияда жауға қарсы шайқасады. 1942 жылы Новгород облысына қарасты Холм қаласының маңында болған ұрыста Мәлік солдаттардың біразына басшылық етеді. Ол басқарған сарбаздар фашистердің тісіне дейін қаруланған әскеріне тойтара соққы береді. Кескілескен ұрыстың нәтижесінде жаудың екі таңкісін гранатамен жарып, жаудың 12 солдатын тұтқынға алады. Ұрыс кезінде Мәлік Ғабдуллин жарақат алады. алайда алған жарақатына қарамастан жауға қарсы оқ боратады. Осы ерлігі үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен (№ 1035) Мәлікке 1943 жылдың 30-қаңтарынан бастап Кеңес Одағының Батыры атағын береді. Бұл атақпен қоса Ленин ордені және «Золотая Звезда» медалі де қоса марапатталады.
Қаһарман қазақ қызы, 1943 жылдың тамыз айынан 2-Прибалтика майданында 26-атқыштар дивизиясының құрамында ұрысқа қатысып, мергендігімен көзге түсті. Новосокольники темір жол стансасы маңында болған ұрыста Молдағұлова жауынгерлерді шешуші шайқасқа бастап, қаһармандықпен қаза тапты.
Мәншүк Мәметова оның шын аты Мәнсия. Ол Орал облысы, Орда ауданында туылған, ал 1943 жылдың 16-шы қазанында қайтыс болды. 1944 жылдың 1 наурызында ержүрек қызға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Ұлы Отан соғысы басталғанда Мәншүк Алматы Медициналық университетінде оқитын. 1942 жылы өз еркімен майданға аттанған ол 21 атқыштар дивизиясының құрамында атысты. Аға сержант, пулеметші Мәншүк мергендігімен, ержүректігімен көзге түсті. Ол Невель қаласының түбіндегі шайқаста соңғы демі үзілгенше қолынын пулеметті тастамаған күйінде қаза болды.
Біз осындай апа аталарымызбен мақтанамыз.
Осындай сұрапыл соғыста елге оралып батыр атағын алып келген соғыста елім жерім деп еңіренген аталарымызға құрметіне арнап,
Убайдулла Нұрбанудың орындауында соғыстан кайтқан салдаттар әнін қабыл алыңыздар.
Жауға қарсы аттанды – үлкен кіші
Былайғы тіршілік пен болмады ісі бала-шаға кәрілер қала берді
Көтеріп ерлер жүгін жазы- қысы дей келе елін жерін қорғап қасық қаны қалғанша шайқасып елге оралған ереулі еңбек етіп батыр атағын алған аталарымызды айта кетсек
Әнуар Абуталипов Әсен Құлымбетов Боранов Әбдіқожа .
1.
Мұң басып көңіл сезімді
Қайғыдан жүрек езілді
Көктегі жұлдыз езіліп
Жердегі жұлдыз үзілді. дей келе
ұлы отан соғысында батыр атағын иемденген ардақ тұтар алтын қазыналарымыздың бірі Әнуар Абуталипов атамызды айтпау мүмкін емес. Сол атамыздың немересі Иманғалидің ортаға шақырып , баяндамасына кезек берейік.
. Әнуар атамыздың немересі Әнуар Иманғалидің өлең шумақтарына кезек береміз
Боздақтарым ауылдан тірі аттанған
Сүйегің туған жерден жырақ қалған
Құран оқып ас беріп жатыр елің
Алладан амандығын сұрап қалған
Боздақтарым олімге басын иген
Келмейді, -деген екен кебін киген
Кебенек киген келді деген қайда бәрінен осы болды жанға тиген дей келе ереулі еңбегімен даналығымен ақылдылығы мен елге танылған Әсен Құлымбетов атларымыздың өткен өмірінен үзіндіге кезек берейік. Баяндама Мұсахан Ұлжан.
. Құлымбетов Әсен атамыздың немересі Әсен Айғанымның
Батылдықты пен адалдығы қатар жүрген үлы отан соғысының ардагері,
Боранов Әбдіқожа атамыздың омірінен баяндама Бегжан Манарбек
Боранов Әбдіқожа атамыздың немересі Сәдуақас Ләиләнің орындауында Туған жер әніне кезек береміз
Жау жеңіліп ел аман ұрпақ өсті
Жанға жан, малға малын және қосты осындағы батыр аталарымыздың немерелерінің әнімен өлең шумақтарына кезек берейік.
Ел мерейін асырдың , деп табысқа тасымадың.
Туған халқың қоғамды қуантып көп жақтарың.
Болған соң істі табанды,
Сен медаль орден таққаның.
Деп осында біздің аталарымыздың ұлдары мен келіндері келіп отыр осы кісілерге осы қиын қыстау соғыс кезеңдерінен бір есте қалған естеліктерді айтқан болса еске түсіріп кетсеңіздер .
2.Соғыстан кайтып келгеннен кейін қандай қызметтер атқарды .
3. Аталарымыздың бір есте калдырған қызықты сәттерін айтып өтсеңіздер.
Міне, Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына 71 жыл өтті. Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды. Бұл мейрамды өздерінің тылдағы қажырлы еңбегімен жеңісті шыңдаған, станоктың қасынан, егін даласында, күні-түні мал бағып, тынымсыз жұмыс істеген жұмысшылар, ауыл адамдары тойлайды. тойлайды. Бұл мейрамды өздерінің әкелері мен ағалары қанын төгіп, жанын қиып бақытты өмірін қамтамасыз еткен Ұлы жеңістің құрдастары тойлайды. Ұлы Жеңіс күні елі мен жері үшін жанын пида еткен, туған-туысқандарына, жақын-жарандарына, туған жеріне, ауылына оралмай қалған қаһарман ерлерді бүкіл елі болып еске түсіреді.мәңгі есте сақтайды.
Үнсіздік
Жау жеңілді ел аман ұрпақ өсті
Жанға-жан , малға- малын және қосты
Соғыстан оралмаған боздақтарым
Көп шаңырақ сан жылдар сені тосты.
Мінекей құрметті қонақтар ұстаздар Ата аналар ел аман ұрпақ өсті сұм соғысты жеңіп көк туымыз желбіреп бейбіт күнге жеттік. Ендеше ортаға мәнерлеп оқуға оқушыларымызды шақырайық.
Би три танкиста
Убайдулла Нұрбанудың орындауында салдаттар әні
Құрметті қонақтар ата аналар ұстаздар бүгінгі біздің тарбие сағатымызға келіп қатысып ойларыңызды бізбен бірге бөліскендеріңізге көптен- көп рахмет айта отырып Болашақ жастарымыз мұндай қиын кезеңді ешқашан басынан өткермесін еліміз аман жұртымыз тыныш болсын деген ізгі ниетпен қош сау болыңыздар дегім келеді.