Технология сабағына қатысты мақала Сүт өнімдері

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...






[pic]

Сүт және оның өнімдері тамаша тамақ болып табылады, себебі оның құрамында жеңіл сіңетін құраушылар бар. Олар бізге кальцийді, дәрумендерді (A, B2, B1, E, D, C), сондай-ақ көптеген басқа қоректік құндылықтарды жеткізеді.

Сүт өнімдерінің қоректік құндылығы


Сүт күнделікті емдәмнің айырбасталмайтын және аса құнды компоненті, ең жақсы және ең арзан кальций көзі болып табылады. Кальций сүйек құрылымын қалыптастыруға және тістердің минералсыздануын болдырмауға қатысып қана қоймай, сонымен бірге жүректің дұрыс жұмысын (дұрыс ырғақты және қысқару күшін қамтамасыз етеді), қанның дұрыс ұюын, сондай-ақ бұлшық еттер мен нерв жүйесінің жұмысын қамтамасыз етіп, көптеген физиологиялық процестердегі қажетті элемент болып табылады. Сондай-ақ сүт сүт емдәмімен болатын жағдайдағыдай, арықтауға арналған емдәмнің негізі болуы мүмкін. Сырлар мен ірімшіктер клеткаларды қалпына келтіру үшін керекті жоғары сапалы белок көзі болып табылады. Сүттен жасалатын өнімдер болып табылып, олардың құрамында көп мөлшерде кальций, A, D және В тобының дәрумендері болады. Сондай-ақ олардың құрамында жеңіл сіңетін майлар болады. Балаларды ақ сыр жеуге үйрету маңызды, олардың құрамында май мен натрийдің мөлшері аз. Бұл тамақтанудың дұрыс дағдыларын қалыптастырудың маңызды элементі. Холестерин деңгейі жоғары адамдар сырларды қолдануды шектеуі немесе майсыздандырылған сырларды таңдауы тиіс.



Салауатты тамақтануға арналған сүт өнімдері


Күніне кем дегенде 2 толық стакан сүтті немесе сонша айран немесе йогурты, сондай-ақ 1-2 тілім сырды қолдануға кеңес беріледі. Сүтті тек таңғы аста ішуге ғана емес, сонымен бірге оны шөлді қандыру үшін, күні бойы қолдануға кеңес беріледі. Сүт өте жақсы қабылданады және адамдардың көпшілігінің организмімен сіңіріледі. Сүтке аллергия көбінесе балаларда болады, алайда көптеген жағдайларда (95% жуығы) ересек жастағы адамдарға келеді.







Сүттен дайындалатын сұйық тағамдар



Сүт қатылған күріш көже. Күріш жуылып, 3-5 минут суға пісіріледі. Содан соң кепсермен сүзіп алынып, қайнап жатқан сүтке салынады. Сөйтіп, 30 минут пісіріледі. Пісіп бола бергенде тұз салынып, қант қосылады. Дастарқанға қойылар алдында сары май салынады.


Құрамы: 2 ас қасық күріш 2 стакан сүт, 80 г жас саңырауқұлақ, 2 г пияз, 3 шай қасық сары май, шай қасықтың ½ бөлігіндей қант, тұз әркімнің қалауынша.


Сүт қатылған макарон көже. Макарон қайнап жатқан суға салынып, 5-8 минут пісіріледі. Содан соң кепсермен сүзіп алынып, қайнап жатқан сүтке салынады да әбден пісіріледі. Пісіп бола бергенде тұз, қант, сары май қосылады.


Құрамы: 40 г макарон, 1,5 стакан сүт, ас қасықтың ½ бөлігіндей сары май, тұз әркімнің қалауынша.


Көкөніс қосылған сүт көже. Қырыққабат төрт бұрышталып, ал қабығы аршылған картоп қиықшаланып туралады, сәбіз үккішпен үгіледі. Көкөністер аздаған тұзды суға шала пісіріледі. Содан соң қайнап тұрған сүт пен сары май қосылып, әбден пісіріледі. Бірақ қатты қайнатуға болмайды.


Құрамы: 100 г картоп, 1 сәбіз, 70 г қырыққабат, 1,5 стакан сүт, ас қасықтың ½ бөлігіндей сары май, тұз әркімнің қалауы бойынша.


Сабақтың тақырыбы: ҰЛТТЫҚ ТАҒАМДАР

Сабақтың мақсаты: Жаңа сабақты меңгерту.

Біліктілік: Оқушылардың елтану туралы білімдерін кеңейту, алған білімін тексеру, өз ойларын тиянақты жеткізе білуге дағдыландыру.

Дамытушылық.. Қазақтың асыл мұрасына жататын ұлттық тағамдармен терендете таныстыру.

Тәрбиелік. Қазақ ұлттының тұрмыстық мәдениетінің ізгілікті рухын сезіндіру.


Сабақтың түрі: дәстүрлі емес. «Дөңгелек үстел сабағы» ( Театрланған сабақ).

Сабақтың типі: аралас.

Көрнекілігі: ұлттық ыдыстар, тағамдар, суреттер, плакат.


Сабақтын әдістері: сұрақ- жауап, жатқа айту, әңгімелеу, заттардың көмегіне сүйену.


Сабақтың барысы: дөңгелек үстел үстінде ұлттық тағамдар. Дөңгелек үстел басына оқушылар жиналады. Дастарханға ұлттық тағамдар қойылған.



Ақ тағамдар – қазақ халқы ежелден сүт тағамдарын жоғары бағалаған. Кез келген қазақ отырысы сүт тағамдарынан – шұбат, айран, қымыз ішуден басталады. Ақты төгу, оны аяқпен басу күнә болып саналатын, өйткені қазақ халқы ақпен үйдің ырысы мен бағы келеді деп жориды.


Қымыз – қазақ халқының бірнеше ғасырлар бойы үздіксіз пайдаланып келе жатқан ұлттық тағамы. Ол тек тағам емес, сонымен қатар халықтың қасиетін, дәулетін, салтанатын, байлығын, мырзалығын, дастарқан берекесін білдіретін ырыс белгісі. Жыл маусымына қарай қымыз – уыз қымыз, жазғы қымыз, сары қымыз (күзгі), қысқы қымыз (қысыр) деп аталады. Ашу уақытына қарай – саумал, құнан (2-3 күн), дөнен (4 күн), бесті (5 күн.), асау қымыз (әбден ашыған) деп бөлінеді. Арнайы шараларға, ғұрыптарға байланысты ішілетін қымыз да сол атымен аталады. Сондай-ақ сірге жияр қымызы сияқты салттық мәнді қымыздар да бар. Саба түбіндегі сарқыттың ауылдас, ағайынның өз несібесіне бұйыруын ырымдаған да астары бар. Біреудің үйінде соңғы дәмін сарқып ішпеу салты осындай ұстанымдардан қалыптасқан. Қымыздың қалдығын төгу күнә саналады.


Шұбат – сүт тағамдарының ішінде қымыздан кейінгі бағалы сусын. Ол түйе сүтінен жасалады. Шұбат ашытылып, тері, ағаш, қыш ыдыстарға құйылып сақталады, пісіледі. Қымызға қарағанда, жұмсақ, майлы, әрі қоюлау болады. Оның қуаты мен дарулық қасиеті бар. 2-3 күндік шұбат ең жақсы, сапалы шұбат деп есептеледі. Қазақтар түйе сүтіне сиыр, қой сүтін қосып қатық, сүзбе, құрт, ежігей дайындайды.


Қатық – ұйытылған айранды кенепке салып сүзіп, сары суынан ажыратып алып тұздап, қарыпндап сақтайтын сорпаға, көжеге қататын қоспа тағамы.


Құрт – сөзінің мағынасы да құрғатылған, кептірілген сүт деген мағынаны береді. Пісіліп майы алынған айранды қайнатып кенеп дорбада сүзіп алып тұздап өреде кептіріп сақтайтын тағам түрі. Жасалу тәсілдеріне қарай құрт сықпа құрт, ақ құрт, қара құрт, майлы құрт деген түрлерге бөлінеді.Қазақ ырымы бойынша кеппеген құртты жеуге, алуға болмайды. Егер өреден құрт алып жесе, жауын жауады деген ырым бар.

Ірімшік - Іріте қайнатып, кептіру әдісі арқылы ақ ірімшік, қызыл ірімшік, айнымай сияқты ұлттық тағамдар әзірленеді. Бұл тағамдар көп сақтауға болатын, жол жүргенде азыққа пайдаланатын қолайлы тағам саналады


[pic]

«Дәмді- дәмді тағамдарды жинайды,

Қонақтарды көңілдене сыйлайды».

/Дастархан/.

«Дос үйіне түстің бе,

Түгел соның үстінде».

/Дастархан/.

Мұғалім: -Ал, енді, өздерің жұмбақ білесіндер ме?

Оқушылар: /Қонақтар/.

«Асты тас, үсті тас,

Ортасында піскен ас »

/Таба нан/.

«Арқасында азығы,

Бауырында қазығы».

/Үстел/.

«Онсыз астың дәмі жоқ,

Ассыз оның мәні жоқ».

/Тұз/.

«Бір сусын бар жұртымда,

Ішсең уыз ұртымда.

Бәрі содан шығады

Ірімшік, май, құртың да».


/Сүт/.


«Бір үйім бар ақ тас,

Есігін ешкім ашпас».

/Жұмыртқа/.

«Бір дария қайнайды еке көбік,

Ішінде жайын да жур михнат атып, тартып,

Өткелі бар дарияның аралы жоқ,

Келе ме білсе жайын оған қайтып».

/Қазанда асқан ет/.

«Сары ағаштан сарайым,

Ішіне жаққан қалайым,

От пенен су бір жерде,

Табылып тұр әрдайым». /самаурын/.