№172 мектеп-гимназия
Тақырыбы: «Дәруменді сусын дайындау»
Сынып: 8 «Б»
Технология пән мұғалімі: Бейсенова А.Т.
2016 жыл
Сабақтың тақырыбы: Дәруменді сусын дайындау.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға дәруменді сусын дайындауды, еңбек рыногы туралы түсінік беру;
Дамытушылық: қызығушылығын, іскерлігін арттыру, эстетикалық талғамын дамыту;
Тәрбиелік: оқушыларды әдемілікті сезіне білуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі: плакат
Пәнаралық байланыс: биология
Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу, сабаққа дайындықтарын тексеру, оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Салат дегеніміз не?
2. Салатты қандай көкөністерден жасауға болады?
3. Денсаулық салаты қалай жасалады?
ІІІ. Жаңа сабақ.
Компот. Компотты кептірілген, консервіленген және жаңа жиналған жеміс пен жидектен әзірлеуге болады.
Жаңа жиналған алма мен алмұрттан жасалған компот. Тазартылған алманың әрқайсысын 6-8 бөлікке бөліп, өзегін алып тастау керек. Алма қарайып кетпеуі үшін қайнатқанға дейін аздап лимон қышқылы қосылған салқын суға салып қойған жөн. Ішінде құмшекері бар кастрюльге 2 стакан ыстық су құяды да, оған туралған алманы салып, жұмсарғанша 10-15 минут (алма сортына қарай) қайнатады. Егер компот піскен антоновка алмасынан дайындалса, оны қайнауына жеткізсе болады. 500 г алмаға: ¾ стакан құмшекер қажет.
Жаңа жиналған алмұрттан жасалатын компот та осы әдіспен дайындалады, бірақ құмшекерді (алмұрттың тәттілігіне қарай) азайтуға болады.
Жаңа жиналған өріктен жасалған компот. Өрікті салқын сумен жуып, сүйегінен ажыратады. Кастрюльге құмшекер салып, 2 стакан ыстық су құйып араластырып, үстіне өрікті салып, қайнату керек.
500 г өрікке: ¾ стакан құмшекер қажет.
Жаңа жиналған алма мен шиеден жасалған компот. Шиені салқын сумен жуып, сүйегінен ажыратып, табақшаға салады. Шиенің сүйегінен су құйып қайнатып, елекпен немесе дәкемен сүзеді. Алынған шырынға құмшекер сеуіп араластырып, үстіне тазартылып кесілген алма салады. Алма жұмсарғанша 10 минут баяу қайнатады да, үстіне шиені қосып, қайта қыздырады.
300 г алма мен 200 г шиеге: ¾ стакан құмшекер қажет.
Жеміс қағынан жасалған компот. Қақты жуып, ұзақ қайнатуды керек ететін неғұрлым қатты алма мен алмұртты іріктеп алып, үстіне салқын су құйып, 15-20 минут баяу қайнатады. Сонан соң құмшекер, ваниль немесе лимон ұнтағын, қалған жемісті қосып, тағы да 5-6 минут қайнатады. 200-300 г кептірілген жеміске: 1 стакан құмшекер, 4 стакан су, ваниль мен лимон қабығының үгіндісі дәміне қарай қосылады.
Қара өріктен жасалған компот. Қара өрікті жуып, үстіне ыстық су құйып, құмшекер салып, 10-15 минут қайнатады.
200-300 г қара өрікке: ¾ стакан құмшекер, 3 стакан су керек.
Адамдар еңбексіз тек оттегі мен күн сәулесін тұтынады. Тіпті өзеннен су ішу үшін де еңбектену керек. Еңбек – адамның өмір сүруінің алғашқы де негізгі шарты. Бірақ еңбек тек қана қажеттіліктерді қанағаттандыру құралы емес. Онсыз адам денсаулығы, шыдамдылық, батылдық, интеллект пен адамгершіліктің дамуы мүмкін емес. Еңбек адамды жасады. Жалпы еңбектен тыс қоғам болмайды.
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.
1. Дәруменді сусынды неден жасайды?
2. Жаңа жиналған алма мен алмұрттан жасалған компотты қалай жасайды?
3. Өріктен компотты қалай жасайды?
4. Еңбек рыногы дегеніміз не?
5. Жалақы дегеніміз не?
6. Жалақы мөлшерлемесі дегеніміз не?
7. Еңбек рыногында сұраныс пен ұсыныс заңы дегеніміз не?
Ү. Сабақты қорыту. Міне, қыздар бүгін дәруменді сусын дайындауды, еңбек рыногы туралы білдік.Осымен бүгінгі сабағымыз аяқталды.
ҮІ. Үйге тапсырма. Сусын дайындау.
ҮІІ. Жұмыс орнын ретке келтіру.
[pic]
[pic]