Сабақтың тақырыбы: Бисерден сәнді түйреуіш жасау

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Тульмаганбетова А.М. 9 СЫНЫП

Сабақтың тақырыбы: Бисерден сәнді түйреуіш жасау

Сабақтың мақсат-міндеттері:

А) білімділік:

Сәндік қолданбалы өнер түрлерімен таныстырып, сәндік бұйымдар жасауда түрліше композициялық шешім жасауды және әсем сәндік жұмыстарды жобалауды үйрету

Ә) дамытушылық:

Әсемдікті өз қолымен жасауға деген ықыласын, сәндік қолөнерге қызығушылығын арттыру, эстетикалық талғамын дамыту.

Б) тәрбиелік:

Өз бетімен жұмыс жасауға, өнерді бағалауға, ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке,шыдамдылыққа тәрбиелеу.

Сабақта қолданылатын педагогикалық технология:



Сабақтың типі:

Аралас

Сабақтың түрі:

Дәстүрлі

Сабақтың әдістері:

Түсіндірмелі –иллюстративті, сарамандық

Сабақтың оқыту құралдары және көрнекілігі:

Интерактивті тақта, слайдтар, дайын бұйымдар

Сабақтың пәнаралық байланысы:

Тарих,әдебиет, математика

Сабақ барысы:

Мұғалімнің қызметі

Оқушының қызметі

І. Ұйымдастыру бөлімі

-амандасу;

-түгелдеу;

-оқушының назарын сабақ қа аудару;

-оқу құралдарының дайын дығын тексеру

-амандасу;

-кезекшілік міндетте рін атқару;

-сабаққа дайындалу;



ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Ұяшықтарда сұрақтарды жасыру арқылы тексеремін.

1.Бисер сөзінің шығу тарихы?

2. Тұңғыш рет бисер қандай өндіріспен байланысты болды?

3.Қазіргі күнде нағыз үлкен су моншақ шығаратын жер ?

4.Құрамына және өңделуіне бисер қалай бөлінеді?

5.Бисерден қандай бұйымдар жасалынады?

6.Бисер мен стеклярустың айырмашылығы?

7.Бисермен кестелеу әдістері?





Оқушылар жауап береді

1.Ең алғашқы «Бисер» атауы Египет елімен байланысты. Оның атауы арабтың «Бусра» немесе «Бусер» деген сөзінен шыққан, мағынасы «жалған маржан».

2. Бисердің шығу тарихы әйнектің пайда болуымен тікелей байланысты.

3. Жапония, Тайвань, Чехия

4.Құрамына қарай: шыныдан және металлдан жасалған,өңделуіне қарай:тұтас боялған немесе күңгірт,құбылмалы түсті болып бөлінеді.

5.Моншақ,алқа,сырға,білезік,кулон,белдік,т.б.

6.Бисер-кішкентай ортасында тесігі бар түрлі түсті шариктер,ал стеклярус- қырлы немесе цилиндр пішінді шыны түтікше.

7.Жалғыз моншақты бекіту,сырып тігу,өсімдік сабағы тәрізді тігіс, «арка» тігісі, «вприкреп» тігісі, «монастырь» тігісі,торлау тігісі.



ІІІ. Жаңа материалды қабылдауға дайындық

Сәндік қолданбалы өнер деп тек қана тәжірибелік жағы нан емес, эстетикалық мәні жағы нан да маңызы көркем жасалған өндірістік немесе қолөнер арқылы өмірге келген көркем туындыны айтады. 
Сәндік – қолданбалы өнерге: алаша, тоқыма бұйымдар, ағаштан жасалған бұйымдар, темірден түйілген бұйымдар, барлық адам қолынан шыққан қолөнер бұйымдарын жатқыза мыз.(слайд көрсету )Әр істің өз шебері болады: кестеші , тігінші, тері илеуші, бояушы, музыка аспаптарын жасаушы,зергер т. б. (слайд) Осы сәндік қолданбалы өнер ішіндегі зергерлік өнеріне тоқ талсақ.
 Зергерлік – өте ерте заманнан келе жатқан өнер. Алтын-күміс әшекейлі бұйым дарды жасаумен әуестенуші лерді зергер деп атайды. Әшекей - киімді, тұрмыстық бұйымдарды безендіруге пайдаланылатын, сәндік үшін жасалынатын бұйымдар және зат, бұйымның бетіне салына тын ою-өрнек, түрлі нақыш тарды атаймыз. Қазақ шебер лері технологиялық тәсілдері нің жеңілдігі мен құралдары ның қарапайымдылығына қарамастан, зергерлік әшекей бұйымдарының үздік үлгілеріне жататын өнер туындыларын жасаған.(слайд) Әшекей тағылатын түрлеріне қарай бірнеше топтарға бөлінеді.

1.Басқа тағатын әшекей түрлері: шеке, самай, маңдай, құлақ, мұрын, бұрымға тағыла тын әшекейлік заттар.

2.Шекеге тағылатын әшекей түрлері: шекелік.

3.Самайға тағылатын түрлері: сырғалық, айшық, жақ моншақ, сырға.

4.Маңдайға тағылатын әшекей түрлері: күміс теңгелер, шырмауық.

5.Құлаққа тағылатын әшекей түрлері: сырға, бет моншақ.

6.Бұрымға тағылатын әшекей түрлері: шашбау, шашқап, шолпы, шашқа тағатын түйреуіштер, шашмоншақ.

7.Мойынға тағылатын әшекей түрлері: алқа, бойтұмар, моншақ, тұмарша, ділда алқа, тұмар.

8.Кеудеге тағылатын әшекей түрлері: өңіржиек, түйреуіш.

9.Қолға тағылатын әшекей түрлері: білезік, мөр, сақина, балдақ, жүзік.

10.Киімге тағылатын әшекей түрлері: түймелер, қапсырмалар, жапсырмалар, белдік, белбеу, тана, танакөз, тал моншақ.

Осындай әшекей түрінің бірі түйреуіш.(слайд)

Түйреуіштің тарихына үңілер болсақ, ол – қола дәуірде аңның терісінен енді босап, эстетикалық жағынан киімнің жеңіл әрі сәл сәндірек түрлері жасала бастағанда ойлап табылған зат. Киімнің айқасқан жерін енді бұрынғыдай жіппен байлай салмай, түйреуішпен түйреп қойып жүрген.Бұл заттың тарихымен қоса түрлері де өте көп. Венгр фибуласы әртүрлі, көбінесе домалақ формада болып келсе, кельттердің әшекейлері жан-жануар түрінде, Рим мен гректерден бетінде бедері бар санқырлы формада болған. Ал Еуропаның кейінгі дәуірлерінде тіпті адам фигуркалары бар түйреуіштер де шығыпты. Дәл қазір де түрлі формадағы, алмаз тастарымен, алтыннан немесе қарапайым тастардан жасалған әшекей түйреуіштерді қолданады.Түйреуішті бисерден,моншақтан,стеклярус және декордың кейбір элементтері әшекейлік тастардан жасайды.Бүгін біз осы әшекей тастарды,бисерлерді қолдана отырып,түйреуіш түрін жасаймыз.









ІV.

Сарамандық

бөлім

 Қажетті құралдар: мата,желім, әшекейлік тас, 3 түрлі бисерлер, түйреуіш, ине,жіп, қайшы,картон қағаз,

Қауіпсіздік ережесі (слайд көрсету)

  1. Жұмыс орнын ұйымдастыру

  2. Арнайы алжапқышты тағу

  3. Ине,қайшыны арнайы қорапта сақтау

  4. Желімді пайдаланғанда ұқыпты болу

  5. Жұмыс соңында құралдарды түгелдеп, жұмыс онын жинастыру

Жұмыстың орындалу реті: (Слайд көрсету)

  1. Матаға әшекейлік тасты желімдеу

  2. Әшекейлік тастың жиегін бисермен 1 қатар айналдыра көмкеру

  3. Басқа түсті бисермен алдыңғы қатардың үстінен айналдыра тігу

  4. Тағы басқа түсті бисермен 2-ші қатардың үстінен айналдыра тігу

  5. Артық матаны қиып тастау

  6. Картон қағазды сәнді түйреуіштің диаметріне сәйкестеп белгілеп, қиып алу

  7. Оны жапсыру

  8. Екінші матаға сол диаметрде қиып алып,оң бетін сыртқа қарата желімдеу

  9. Түйрегішті тігу

  10. Енді жиектерін әсемдеп, көмкеру

  11. Жұмысты аяқтау.



V. Жаңа білімді бекіту

Сәндік қолданбалы өнер дегенді қалай түсінесіңдер?

Сәндік қолданбалы өнерге нелер жатады?

Зергерлік сөзіне анықтама беріңіз.

Әшекейлер дегеніміз не?

Әшекей тағылатын түрлеріне қарай қалай жіктеледі?

Түйреуіш қай дәуірде пайда болды?

Түйреуіш жасарда қандай бұйымдар пайдаланады?





ҮІ. Үйге тапсырма

Әшекей бұйымдар:шекелік, сырғалық, айшық, жақ моншақ, шырмауық, шашқап, мөр, балдақ терминдерін зерттеу.

Жеңіс күніне орай бисермен кестелеу жұмысына эскиз таңдау.



VІІ.Бағалау

Сабақта белсенділік көрсетіп,жұмыстарына қарай бағалаймын.