Технология пәнінен Тәуліктік дастархан мәзірі тақырыбында сабақ жоспары. (10 сынып)

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сабақтың тақырыбы: Дастарқан мәзірі. Тәуліктік дастарқан мәзірін құру қағидасы
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға тәуліктік дастарқан мәзірін құруды үйрету. Әр тағамның калориясын есептеп әр түрлі дастарқанға ас мәзірін құру әдетін дамыту. Әдемілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ, сарамандық жұмыс.Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
Оқушыларды түгендеу. Құрал-жабдықтарын тексеру. Өткен сабақты қайталау.
ІІ. Жаңа сабақ
Дастарқан мәзірі француздың «menu» сөзінен шыққан.Дастарқан мәзірін дұрыс құрастыру үшін тағамның негізгі ерекшеліктерін, олардың дәмдік сәйкестігін білу керек. Дастарқан мәзірін жасағанда осылардың барлығын ескеріп, белгілі ретпен жазады.
Дастарқан мәзірінде бір түрге жататын тағамдар қайталанбау керек. Мысалы, балықтан жасалған тағамнан соң балық тағамы жазылмайды.
Мерекелік дастарқанға мынадай ас мәзірін ұсынған дұрыс:
1.Салқын тағамдар мен бірасарлар
2.Бірінші тамақ
3.Ыстық тағамдар
4.Десерт
5.Сусындар
Дастарқан мәзірі –татымды, жағымды әсер қалдыратын тамақтар жиынтығы, әртүрлі тағам түрлерінен тұруы мүмкін. Бірақ оның әрқайсысы жеке алғанда көлемі, құнарлылығы жағынан асқазанға жүктеме күш түсірмейтіндей болуы керек.
ІІІ. Сармандық жұмыс. Дастарқан мәзірін құру
Қажетті құрал –жабдықтар: қалам, дәптер, өшіргіш.
Тапсырма: тәуліктік немесе апталық дастарқан мәзірін құру,
* маусымға байланысты азық-түліктер: қыста- жаңа тоңдатылған,табиғи дұрыс сақталған көкөністер, консервіленген өнімдер; көктемде-аскөк және көкөністер; жазда- жидектер; күзде- жемістер мен көкөністер,
* азық-түлектер витаминдер көзі;
* түсі, иісі, тамақтың дәмі( безендіргіш заттар, хош-иістендіргіштер, тұз, қант,т.б.)
Жұмыс барысы
1. Тәуліктік немесе апталық дастарқан мәзірін құру.
2. Азық-түліктерді категорияларға бөлу: негізгі тамақ, гарнирлер, салаттар, десерттер; қажет болса негізгі тамақтың өзін мынадай категорияларға бөлуге болады: тауық, сиыр және қой еті, ал гарнирлер категориясын: көкөністер, жармалар, кеспелер.
3. Пісірме және сусындармен толықтыруларына болады.
4. Дастарқан мәзірін дәптерлеріңе жазыңдар.
Дастарқан мәзіріне күнделікті енетін азық-түліктерге: сүт немесе сүт өнімдері, макарон өнімдері немесе жармалар, сары май, өсімдік майы, көкөністер, ет(балық), жұмыртқа, жемістер жатады.
ІV. Қортынды
Жаңа сабақты бекіту:
- Дастарқан мәзірі дегеніміз не?
- Дастарқан мәзіріне тағамдарды ретімен қойғанда нені негізге алу керек?
- Жыл мезгілдері дастарқан мәзірін құруға әсер ете ме?
Оқушылардың жұмыстарын тексеріп, бағалау. Үйге тапсырма беру