Тақырыбы: « Жас аспазшы - 2016» байқауы
Мақсаты: оқушылардың еңбекке пәнімен тағаммен жұмыс бөлігіндегі тақырыптарды меңгеру
пысықтау, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.
Ару қыздарымызды инабаттылыққа өнерге, шеберлікке тәрбиелей отырып,
көпшілік алдында шығып, ойын еркін айтуға, сақынада өзін-өзі еркін
ұстай білуге үйрету.
Көрнекілігі: тағамға байланысты мақал-мәтелдер. Әртүрлі суреттер,
түрлі -түсті шарлар.
Байқаудың барысы:
1-жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар
2-жүргізуші: Бүгінгі өткелі отырған «Жас аспазшы 2016»байқауына қош келіпсіздер.
1-жүргізуші: Көрсетсін өздерінің өнерлерін,
Табындырып өнерге көрерменін.
Таныстырып өтейік,
Сайысқа қатысушы өрендерін–дегендей, бүгінгі сайысқа түскелі отырған
Жас аспазшыларымызды сахна төріне шақырайық.
6-сынып оқушылары
Тұрсын Ақкенже, Ахмет Ұлбазар
7-сынып
Нақып Ажар, Икрам Ақниет
8а-сынып
Ахмет Набат , Әубәкір Бақтыгүл
8б-сынып
Мұсахан Ұлжан, Мұхамеджан Сымбат
9а-сынып
Жүсіпбек Ақнұр, Мамрайым Бахыт
9б-сынып
Атымтай Аружан ,
2-жүргізуші: «Жас аспазшы - 2016»байқауын өткізудегі басты мақсаты:
-Шығармашыл және талантты тұлғаны анықтау.
-Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру.
-Ару қыздарымызды имандалыққа, инабаттылыққа, өнерге шеберлікке тәрбиелеу
-Еңбек пәнінен мектепшілік оқушылар арасындағы өзара тәжірбие алмасуды
дамыту , оқушылардың көпшілік алдында шығып, ойын еркінайтуға, сахнада
өзін-өзі еркін ұстауға үйрету.
Мектепшілік «Жас аспазшы -2016» байқауының жеңізпаздарын жариялау.
1.жүргізуші: Қазір сахына төріне , ең тапқыр, ең батыл, ең білімді, ең дарынды,
Жас аспазшымыз шығып отыр, олар алдымызда өздерінің таланттары мен шеберліктерін, білімдері мен біліктерін ортаға салады.Ал енді сайысқа қатысушы аруларымыздың реттік санын жеребе тастау арқылы анықтайық.
Аспазшыларымызды сахна төріне шақырайық.
2-жүргізуші: Әділдікпен баға берер баршаңа,
Әділдікпен қара қылды жаруға
Әділ-қазы алқаларын сайлайық
Үздіктерді таңдап бүгін алуға - деп, бүгінгі байқауымыздың әділ
Бағасын беретін
Әділ-қазылар алқасымен таныс болыңыздар.
1.
2.
3
4.
1.-жүргізуші Ал енді ару қыздарымызды сахна төрінен
сайысқа дайындалуға
шығарып салайық, олай болса «Жасаспазшы -2016»
байқауының шарттарымен таныс болыңыздар.
1.Сәлемдесу (өзін-өзі таныстыру , регламенті 2-мин)
2.Тест тапсырмаларын орындау (10- сұрақ регламенті -3 мин)
3.Ас мәзірін дайындау (шикізат өнімен өзімен бірге алып келу,
регламенті -15)
4. Жемістерден салат жасап, өз шеберліктерін көрсету .
5.Дайын пирогты безендіру.
6. Технология пәні бойынша , жасалған бұйымдарды таныстыру
2- жүргізуші. Осындай тапқыр достар кез–келгенде,
Жетсін–ау , жарыстарға жеңгенге не.
Қарсылас болған менен, құрбысындар,
Тілейміз, ізгі тілек сендергеде- деп, сайысқа қатысушы
Аруларымызға қошемет көрсетіп , сайыстың
Бірінші шарты бойынша «сәлемдесу» бөліміне кезек
береміз. Олай болса ортаға шақырайық
№1 аруымыз
1.-жүргізуші «оқу білім азығы, білім ырыс қазығы» дегендей,
Сайыстың екінші шарты тест тапсырмаларына жауап беру болмақ. Ендеше
Тест тапсырмалары таратылып беріледі, және олар жауап бергенше
әділ–қазылар алқасы тесттің дұрыс жауаптарын анықтап, нәтижесін
шығарғанша әнге кезек берейік.
Ән орындайтын.
Табылар бойларынан кемер білім,
Арқалап келіп тұрған өнер жүгін.
Бүгінгі дәмді тағам салаттардан,
Көреміз сайыскерлер шеберлігін- дегендей, сайыстың үшінші
шарты бойынша
«Асмәзіріндайындау» бөліміне кезек береміз.
Ендеше іске сәт сайыскер арулар!
2-жүргізуші
Құлақтан кіріп бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ойсалар,
Әнді сүйсең менше сүй- деп , Абай атамыз жырлағандай,
сайыскерлеріміз салқын тағамдарын дайындап болғанша, жақсы
өлең шумағына кезек берейік.
Орындайтын Сметулла Гулназ.
1.-жүргізуші Сайысымыздың шарты бойынша бұл кезеңде
аруларымызға 15 минут уақыт берілген . Аруларымыз салатты
дайындап болса, дайындаған салаттарына атқойып ,
жасалу жолдарын қазылар алқасына түсіндіріп өтсін.
2-жүргізуші Сәт сапар тілеп бәріңе,
Өнер сайысын бастайық.
Көрсетіңдер өнерді,
Қалмаңыздар жасқанып- деп , төртінші кезең, аруларымыздың
«жемістерден салаттар жасап» шеберлігін таныту кезеңіне кезек берейік.
Қыздарымыз салаттарын жасап болғанша
Әнге кезек берейік.
Орындайтын
1.-жүргізуші Гулназ , біздің қыздарымыз қандай өнерлі десеңізші, бірінен–бірі қалар емес.
2-жүргізуші Ия , дұрыс айтасыз апай ендеше, оларды тағы басқа
қырынан сынап көрсек қайтеді?
1.-жүргізуші Сынасақ , сынайық! Бірақ , қалай сынаймыз?
2-жүргізуші Былай болсын, жас аспазшы қыздарымыз қарапайым пирогты мерекелік тортқа айналдырсын.
1.-жүргізуші Жарайды, олай болса , іске сәт арулар! Ал қыздарымыздың торты дайын болғанша биге кезек берейік.
Ортада 6- сынып оқушылары.
2-жүргізуші Көрсетті өнер әр салада сайысып,
Қимылдары жүргендей бір жай ұшып.
Мерекелік ас мәзірін жасапты, сайыскерлерде арада майысып-
дегендей, ару қыздарымыздың дайын өнімін әділқазы
алқаларына бағалауға жіберейік.
1.-жүргізуші Сайысымыздың соңғы кезеңі қолөнер бұйымдарына
кезек берейік. Бұнда ару қыздарымыз бұйым түрлерін жасалу жолдары мен таныстырып өтеді.
Әділқазылар алқасы , «Жас аспазшы -2016 » байқауының барлық кезеңі
қорытынды, бағасын есептеп шығарғанша ән тыңдайық.
Орындайтын
1.-жүргізуші Ал енді «жүзден жүйрік- мыңнан тұлпар» болып шыққан
аруларымыздың
Бүгінгі нәтижелерін білу үшін, сөзкезегін әділқазы алқасына береміз.
2-жүргізуші Құрметті сайысқа қатысушы арулар, жеңістеріңіз құтты болсын дей отырып осы мен бүгінгі «Жас аспазшы -2016 »
Байқауын жабық деп жариялаймыз. Қош сау болыңыздар